Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Отбасы-аялы алақан мекені" отбасылық сайыс

"Отбасы-аялы алақан мекені" отбасылық сайыс

Скачать материал

                                                            

 

                                          Қармақшы аудандық оқушылар үйі

 

                  

 

    «Отбасы – аялы алақан мекені»

                                        

“Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогикалық қолдау көрсету” тақырыбындағы облыстық семинар аясында

ұйымдастырылған отбасылық сайыс

 

 

 

             Ұйымдастырушы:

                   «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

                                                         Сматова Мархабат Қанибекқызы

 

 

                                        

                                                        Жосалы кенті

                                                           2015 жыл

                                                               «Бекітемін »

                                                                  «___»__________ 2015 ж

                                                                   Аудандық оқушылар үйінің

                                                                   басшысы:__________Н.Наурызбаева

 

 

Аудандық оқушылар үйіндегі «Жас натуралист» үйірмесінің ұйымдастыруымен өтетін «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбындағы отбасылық сайыстың

 

                                                            ЖОСПАРЫ

 

Мақсаты:   Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне деген сезімді  

                     нығайту,бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отбасындағы

                     ата-ана тәрбиесі, өнегесі және  баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру,

                     ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін сайыс

                     арқылы көрсету және бала мен ата-ана арасында жылылық орнату.

 

Өтілетін орны: Аудандық оқушылар үйі

Өтілетін уақыты: 20.02.2015 жыл, сағат 11.00 - де

Көрнекілігі: тақырып, шарлар

 

І.Кіріспе бөлім

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Қонақтармен таныстыру

 ІІ.Негізгі бөлім

 

                                      Отбасылық сайыстың  кезеңдері:

1)     «Таныстыру» кезеңі (әр отбасы өздерін таныстырып өтеді)

2)     «Болашақ –білімді жастар қолында» кезеңі (барлық  отбасына сұрақтар қойылады)

3)    «Үлгілі отбасы» кезеңі (плакатқа отбасы моделін жасау)

4)    «Сіз балаңызды білесіз бе?» кезеңі (сұрақтар арқылы ана мен баланың жауаптары  салыстырылады)

5)    «Міндеттемелер таразысы» кезеңі (парақшаларға өз міндеттерін жазып шығады)

6)    «Тығырықтан шығу» кезеңі(отбасыларға жағдаяттық,яғни ситуациялық сұрақтар қойылады)

7)     Өлең шумағын құрастыру (әр отбасына сөздер таратылады,сол сөздерден өлең шумақтарын құрастыру керек)

 

ІІІ. Қорытынды бөлім

1.Қорытынды сөз

2. Жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттау.

3.Қонақтарға естелік сыйлықтар ұсыну

 

 

 

       

             «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі:                    М.Сматова

 

 

 «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы отбасылық сайыстың жүргізілу сценарийі

 

       Армысыздар құрметті ата-аналар ,қадірменді қонақтар,бүлдіршіндер! Бүгінгі “Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогикалық қолдау көрсету” тақырыбындағы облыстық семинар аясында «Жас натуралист» үйірмесінің  ұйымдастыруымен өткізілгелі отырған «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

      Мақсаты:  Ата-ана мен бала арасындағы сенімді сыйластықты, бір-біріне   деген сезімді нығайту, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы  туған ұясы, өз отбасындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі және баланың бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру, ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін сайыс арқылы көрсету және бала мен ата-ана арасында жылылық орнату.

        «Отан отбасынан басталады» демекші, ата-аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату кезек күттірмейтін мәселе.Осы мәселеге ата-аналар мен ұстаздар боп атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары сөзсіз.

       «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы, еліміздің болашағы бүгінгі балалардың дұрыс азамат болып қалыптасуы отбасындағы тәрбиеге байланысты.

         Отбасы - мемлекеттің негізгі буыны.Тәрбие – отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен,тәрбие бесігі отбасынан бастау алады. Отбасының екі тірегі – әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға, үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу - біздің борышымыз. Отбасы - адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық - суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді. Отбасы мүшелерінің  жауапкершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі. Баланы өсіріп тәрбиелеу – әйел ананың тікелей міндеті.

            Олай болса, бүгінгі сайысқа келген отбасылармен таныс болыңыздар:

1.____________________________ ___________________   жанұясы

2._______________________________________________    жанұясы

3._______________________________________________    жанұясы

4._______________________________________________    жанұясы

5._______________________________________________    жанұясы

6._______________________________________________    жанұясы

7._______________________________________________     жанұясы

           Ендеше, әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар!
1.Аудандық оқушылар үйінің басшысы – Н.Наурызбаева

2. Аудандық оқушылар үйінің басшысының орынбасары – И.Әбдібекова

3. Аудандық оқушылар үйінің әдіскері – А.Әбдіреева

           Ал олай болса , іске сәт дей отырып бүгінгі өткелі отырған «Отбасы-аялы алақан мекені» тақырыбындағы отбасылық сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін:

1)  «Таныстыру»кезеңі (әр отбасы өздерін таныстырып өтеді)

2)   «Болашақ –білімді жастар қолында» кезеңі (барлық  отбасына сұрақтар қойылады)

3)   «Үлгілі отбасы» кезеңі (плакатқа отбасы моделін жасау)

4)      «Сіз балаңызды білесіз бе?» кезеңі (сұрақтар арқылы ана мен баланың жауаптары  салыстырылады)

5)      «Міндеттемелер таразысы» кезеңі (парақшаларға өз міндеттерін жазып шығады)

6)      «Тығырықтан шығу» кезеңі(отбасыларға жағдаяттық,яғни ситуациялық сұрақтар қойылады)

7)       Өлең шумағын құрастыру (әр отбасына сөздер таратылады,сол сөздерден өлең шумақтарын құрастыру керек)

«Таныстыру»кезеңі бойынша  әр отбасы өздерін таныстырып өтеді.

«Болашақ –білімді жастар қолында» кезеңінде барлық отбасына ортақ сұрақтар қойылады:

1. Балдан тәтті не? (бала)
2. Шаңырақ иесі кім? (кенже ұл)
3. Балаға кім сыншы? (ата-ана)
4. Әкеден балаға беріледі (мұра)
5. Үйде кім, елде кім қадірлі (үйде қонақ, қарт, бала қадірлі; елде әкім, ұстаз
қадірлі)
6. Үйдегі алтын қазық кім? (ана)
7. Бес дұшпанды атаңдар? (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
8. «Ұл атадан көрмейінше сапар шекпес» кімнің нақыл сөзі? (Қорқыт ата)
9. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (2002 ж 8-тамыз)
10. Қаз да емес, үйрек те емес,Дастарханда болмайды
Бірақ барлық адам дәм татқан (ана сүті)
11. «Басы тасқа тиді» сөзінің мағынасы (өкінді)
12. 18 жасқа толмаған адам (бала)
13. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы кім? (С.Назарбаева)
14. Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
15. Қазақстанда қандай білім алу міндетті?  (орта білім)
16. Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат, ракым)

17. Айда қыс, жаз мезгілі бола ма? (болмайды)

18. «Көзі ашық, көкірегі ояу» сөзінің мағынасы ? (оқыған)

19. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты)

20. Қазақ халқының ұлттық ойындарын ата? (бәйге, көкпар, теңге алу, қыз қуу)

«Үлгілі отбасы» кезеңінде балалар идеалды отбасын қалай елестетеді?Онда ата-аналар қандай қызмет атқарады?Балаларды дұрыс тәрбиелеу, «жақсы» балалар  жайлы түсініктері қандай?Ата-аналардың олардан не күтетінін қалай түсінеді?Бұл тақырыптарды талқылау үшін сурет түрінде бейнелеу керек.(отбасыларға плакат таратылады, идеалды отбасы моделін бейнелеу керек )

«Сіз балаңызды білесіз бе?» кезеңінде ата-аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі.Сұрақтар қойылады.Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал ата-аналары баласы туралы  жауап жазады.Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, ата-анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады. Сұрақтар тізімі:

1)      Балаңыздың ең жақын досы...

2)      Сүйікті пәні...

3)      Сүйіп тыңдайтын әні...

4)      Сүйікті тағамы...

5)      Жақсы көретін түсі...

6)      Көзінің түсі...

7)      Аяқ киімінің өлшемі...

8)      Шаршағанда не ашуланғанда демалатын орны...

9)      Жақсы көретін мұғалімі...

«Міндеттемелер таразысы» кезеңінде тақтаға әр отбасын  шақырып, міндеттемелер таразысының бір жағында «Менің балаға қатысты міндеттерім», екінші жағында «Менің ата-анаға қатысты міндеттерім» деген парақшалар ілулі тұрады. Қатысушылар өздерінің міндеттерін жазып шығады.

«Тығырықтан шығу» кезеңінде отбасыларға жағдаяттық, яғни ситуациялық сұрақтар қойылады:

Ата-анаға: Балаңыз телеарнадан мультфильм көріп отыр, осы сәтте келесі арнадан сіздің сүйікті телехикаяңыз басталды.Сіз не істейсіз?

Балаға:Бүгін сабаққа кеш қалып келдің.Қоңырау соғылғанына 5минуттай уақыт болыпты.Не істейсің?

Ата-анаға: Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз.Балаңыз «Мен сурет салып отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?

Балаға:Кешке дейін ойнадың.Сабақ дайындауға шамаң келмей кешке ұйықтап қалдың.Сабақ таңғы 8.30-да басталады.Азанда асығыс шыға салдың. Мектепке келіп сөмкеңді ашсаң кітап,дәптер орнына ойыншық тұр.Не істер едің?

Ата-анаға:Мектептен келген қызы мамасына: «Мама сізге бір қызық нәрсе айтайын ба?Бүгін мектепте... » деп әңгімесін бастап жатыр еді,анасы: «Сенің осы әңгімең бітпейді екен, өзім басым ауырып тұр, мазамды алмашы»-деді.Егер сіз болсаңыз не істер едіңіз?

Балаға: Мектепке келер алдында асығып көйлегіңді теріс киіп алыпсың.Сырт киіміңді шешіп, сыныптың алдына келген кезде көйлегіңнің теріс екенін байқадың? Не істер едің?

Ата-анаға:Мектептен келген балаңыз: «Мен ертең мектепке бармаймын, апай маған ұрысты» деді.Сіздің әрекетіңіз қандай?

Балаға: Сенің адал досың бар. Оның көңіл-күйі болмай бір жағдаятқа өте алаңдауда. Сен досыңа көмектесіп көңілін көтергің келеді. Сенің әрекетің, не істейсің?

Өлең шумағын құрастыруда  әр отбасына сөздер беріледі ,сол сөздерден өлең шумақтарын құрастырамыз.

Бас иеді барлық адам АНАҒА,

Жақсылықты ол тілейді –БАЛАҒА,

Мақсатына жеткізуге АСЫҒЫП,

Өз баласын теңейді ол ДАНАҒА.

 

      «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да  ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу  үшін әркімнің өз тәжірибесі  жетпейді.Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек» деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтпақшы бүгінгі сайысымызға алтындай уақыттарыңызды бөліп, ата-ана міндетін орындап ой бөліскендеріңізге рахмет. Әрбір отбасына бақыт, қуаныш, табыс тілейміз. Үміт еткен балаларыңыз үміттеріңізді ақтап тек биіктен көрініп, жемісін берсін.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Отбасы-аялы алақан мекені" отбасылық сайыс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий хозяйством

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 1064
    • DOCX 109.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сматова Мархабат Қанибекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сматова Мархабат Қанибекқызы
    Сматова Мархабат Қанибекқызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11176
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой