Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат» Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат»
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат» Ойын-сауық «Шеберлер еліне саяхат»

библиотека
материалов



Сыздықова Айсұлу Қайроллақызы



Ойын-сауық

«Шеберлер еліне саяхат»

(ересектер тобында өткізілген кеш)


Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуына және бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік рухани сапасын қалыптастыру. Коммунактивті – тілдік басқа балалармен, ересектермен қатынасты құра білуінің қалыптасуына жағдай жасау.

Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, ұлттық ою - өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т.б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.

Ою - өрнектер туралы тақпақ, жұмбақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.


Көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық бас киімдері үлгісі, әзір ою - өрнектер, аяқ киімдер үлгісі, фольга, біздер, шаблондар (ою - өрнектің), тақтайшалар, стандарттық емес жабдықтар, екі есікті үйдің макеті.

Кейіпкерлер: Айсұлу, Дәу, қоян, қасқыр, (ата – аналардың қатысуымен)

Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, бүгінгі «Шеберлер еліне саяхат» атты сауық кешімізге қош келдіңіздер.

Енді осы қызықты кешімізге қатысушы «Бәйшешек» тобының балаларын ортаға шақырайық. (қол шапалақтау)

(Балалар сазбен кіріп 2-ге бөлініп тұрады)

Балалар, біз бүгін қызықты ертегілер еліне саяхатқа шығамыз, онда бізді әртүрлі қызықтар күтіп тұр. Жолымызда біз ертегі кейіпкерлерін кездестіреміз. Олардың бізге беретін тапсырмалары болуы мүмкін. Сапарға шыққыларың, қызықты нәрселер көргілерің келе ме? (иә) Онда басталық.

(Балалар сазбен айналып келіп, үйдің алдына тоқтайды). Есікті қағамыз (Ару қыз Айсұлу шығады)

Айсұлу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, сендер кімсіңдер?

Балалар: – Біз №27 «Жігер» балабақшасының «Бәйшешек» тобының балаларымыз, ал, сіз кім боласыз?

Айсұлу: - Менің атым - Айсұлу. Мен қазақтың айдай сұлу қызымын. Балалар, мені патша сарайға қонаққа шақырған еді, бірақ үстіме киетін әдемі, ұлттық киімім, асыл бұйымдарым жоқ, мен сондай көңілсізбін. Не істеймін?

Балалар: – Сіз мұңаймаңыз, үйіңізге барып, өз ісіңізбен айналыса беріңіз, біз сізге көмектесеміз.

(Айсұлу үйіне қайтады)

Балалар жүрулерін жалғастыра, алдарында даяр үстел, отырғыштары үстінде «Зергерлік шеберхана», «Киімдер», «Етік шеберханасы», «Бас киімдер» шеберханасы деген таблицалары бар.Үстелдерде жапсыру, сурет, қолөнеріне арналған құрал-жабдықтар бар.

Тәрбиеші: - Балалар, біз жаңа ғана Айсұлуға уәде бердік, енді сол уәдемізді орындауымыз қажет. Қараңдаршы, бүгін бізде 3 шеберхана жұмыс жасайды. Әр шеберхананың өз шеберлері болады. Шеберлер сендерге қалай жұмыс жасау керектігін үйретеді. Кәне, балалар, өз қалауларыңмен бөліне қойыңдар.

(балалар шеберханаларға бөлінеді, тәрбиеші әр шеберхананың жұмыс міндетін түсіндіреді)

1.Зергерлік шеберханасы

«Білезік, алқа, сырға, шашбау жасау»

Барысы: Балалар алдын-ала әзірленген, қиылған (фольгадан) үлгі бетіне шаблон арқылы ою-өрнек түсіріп, ( фольга бетіне қойылған ою - өрнегі бар слюданы қарындашпен жүргізу) айналасын біз немесе ұшталған қылқалам таяқшасымен жиі-жиі басып өтеді.

2.Етік шеберханасы

«Етік, кебіс, мәсі т.б. аяқ киімдерге ою-өрнек жапсыру»

Барысы: Үлгілерге ортасы, жиегіне ою - өрнек жапсыру. Желімді дұрыс пайдалану, ою - өрнекті дұрыс орналастыра білу.

3.Киімдер шеберханасы

«Бешпет, көйлек, жеңсіз, шапанды әшекейлеу»

Түрлі-түсті қарындаштармен балалардың өздеріне белгілі қызғалдақ, қошқармүйіз, құсқанаты ою - өрнектерін киімнің етегіне, жиектеріне салу.

4.Бас киімдер шеберханасы

«Сәукеле, тақия, жаулық, орамалды әшекейлеу»

Әзір үлгілерге губкамен басу әдісі, трафаретті басып, оюдың бедерін қарындашпен жүргізіп алады да, желімді жағып үстіне түрлі-түсті ұнтақ себу, бармақпен басу әдісімен де жұмыс жасайды.

(Балалар жұмыс жасап жатқанда, ересек топ балалары «Киіз басу» биін билеп береді)

Тәрбиеші жұмыстары орындалған үстелге жақындап, балаларға сұрақ қояды, өнер туралы мақал-мәтелдер айтылады, тақпақтар оқылады.

Мақал – мәтелдер

Өнерлі өрге жүзеді.

Өнерді үйрен де жирен.

Өнерлі бала сүйкімді.

Кедеймін деп қысылма, өнерің болса қолыңда.

Өсер халықтың қанаты - оның өнері.

Өнер - бұлақ, білім – шырақ.

Ою ойғанның ойы ұшқыр.

Ою - өрнек туралы тақпақтар

1. Аңыз болған жоғалмай сан ғасырға

Салт-дәстүрі халқымның жалғасуда.

Сынық мүйіз оюы сәндікпенен

Көз тартып ұрпақтарға жалғасуда.


2. Қол таңбасын әжемнің анық көріп,

Бұл кестенің сырына қанық болып,

Өнерімен өзгелерді тамсандырған

Қошқармүйіз өрнегін салып беріп.


3. Ою - өрнек дегенде ою - өрнек

Көріп жүрміз күнде біз.

Алашада, кілемде, киізде ою - өрнек

Бүгінгі күн жоғалмай ұрпақтарға

Жалғасуда ою-өрнек.

Тәрбиеші: - Балалар , енді осы әдемі бұйымдарды Айсұлуға қалай жеткізсек екен, кімнен беріп жіберсек екен? (ойланады) А –а –а, Желаяқ бар ғой, балалар, Желаяқты шақырайық (тыныс алу жаттығуы - мұрынмен ауаны тартып, ауызбен жай, орташа, қатты «Желаяқ» деп шақырамыз)

Желаяқ келеді, Айсұлуға апарып жеткіземін деп уәде беріп, кетеді.

Балалар одан әрі жүреді, алдарынан Дәу кездеседі.

Дәу: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен мұнда өнерлі, қолдары шебер, мейірімді балалар жиналды деп естідім. Көмек бергенді ұнатады дейді, сендер сол балалар емессіңдер ме?

Балалар: - Иә , сол балалар біз боламыз.

Дәу: - Балалар, мен өзім үлкен, қорқынышты болып көрінгенмен, жүрегім кең, балаларды жақсы көремін. Мен өзімнің қолапайсыздығымның кесірінен көрпемді жыртып алдым. Соны жинастырып, құрастырып беруге көмектесе аласыңдар ма?

Балалар көмектесуге уәде береді.

Ойын «Бөліктерден тұтас бейне құрастыр»

Барысы: Әртүрлі бейнелер ұсақ бөліктерге бөлінген, соны құрастырып жинау. Балалар екі топқа бөлінеді, бөліктер жерге шашылады, белгі бойынша балалар жинауы тиіс. Қай команда бірінші жинайды, сол жеңіске жетеді.

Ойын аяқталғасын риза болып, алғысын жаудырған Дәу қоштасып кетеді.

Тәрбиеші есіктегі хабарламаны оқиды.

- Назар аударыңдар! Назар аударыңдар! Егер де осы есікті ашсаңдар, сендерді бұрын болмаған, көрмеген қызықты нәрсе күтіп тұр. Бұл не болды екен деп оқып, есікті ашады. Есік артында: бірінде қоян, бірінде қасқыр тұрады. Есікті ашқан сайын олар алмасып тұрады.

Ойын «Қасқыр мен қоян»

Тәртібі: Балалар бірінен соң бірі тұрады, жүгірген бойы екі есіктің біреуін ашуы керек. Есіктің артында не қасқыр, не қоян тұрады. Қоян тап болса сәбіз алады, қасқыр тап болса, қуады. Қай топ сәбізді көп жинаса, сол топ жеңіске жетеді. Ойынға ата-аналарды қатыстыруға болады.

Қорытынды

- Балалар, сіздерге бүгінгі саяхатымыз ұнады ма?

- Ертегілер елінде кімдерді кездестірдік?

  • Қандай көмек бердік?

(сұрақтар қойылады)

Есік қағылып, әдемі, ұлттық киімде Айсұлу кіреді.

  • Балалар, мен сендерге ризамын. Сендердің қолдарыңнан шыққан киімдер, зергерлік бұйымдар, етік барлығы да өте әдемі ұлттық ою-өрнекпен безендірілген екен. Әдемі емес пе? (айналады) Мен сондай қуаныштымын. Сендерге көп рахмет. Қуанғаннан билегім келіп тұр.

Би «Қазақ биі» (ол би қимылдарын көрсетеді, қыздар қайталай отырып, қосылып билейді)

Ән «Достық»



















Тақырыбы: компьютерлер әлемінде

Мақсаты: Компьютер туралы ұғым беру.

Үстелдік компьютерлердің негізгі құрылғыларын бір-бірінен ажырата білуге

үйрету

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Компьютер арқылы слайдттан компьютерлердің

құрылғыларын көрсетеді.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,әңгімелеу,көрнекілік,сұрақ-жауап,ойын.

Қажет көрнекі құралдары:Плакаттар,үлестірме қағаздар,

Қостілдік компонент: Мышка-тышқан,пернетақта-клавиатура

(билингвизм)

Іс-әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық

қозғаушы

-Амандасу;

Шаттық шеңберінде тұрып амандасады.


Амансыңба алтын күн!

Амансыңба Жер ана

Амансыңба достарым!

Достарды көрсем қуанам!


Балалар біз бүгін ақпарат әлеміне енеміз.

hello_html_m65ea0fd6.png


Өз орындарына отыру.

балалардың назарын аудару.

Балаларға компьютердің құрылғыларының суреттері арқылы корсетеді.

-Амандасу

Балалар шаттық шеңберінде тұрып амандасады




-Өз орындарын тауып отырады

Балалар бар нгазарын оқу іс-әректеін аударады.


Берілген сурет бойынша мұғалімнің айтқанын қайталап отырады



Ұйымдастырушылық –ізденіс кезеңі

hello_html_m3c82313b.jpg

Ақпарттаты басқарушы ,енгізуші құрылғы

-тышқан


hello_html_c8bc735.jpg

Ақпаратты енгізуші құрылғы-пернетақта

hello_html_4353bb72.jpg

Ақпартты ң ең негізгі құрылғысы-жүйелік қорап


hello_html_6764be91.jpg

Ақпаратты бейнелейтін құрылығ-монитор

Дыбыстық жаттығулар.

Ан-ан-ан –бұл тышқан

Та-та-та- бұл пернетақта

Ап-ап-ап –бұл жүйелік пернетақта

Ор-ор-ор –бұл монитор

Көз жаттығуын жасайды.

Көзді ашып жұмамын

Жұмып қатты қысамын

Көзді ашып,жыпылық қағып

Қабақты түйіп тұрамын

Оң құлағым қайдасың

Сол құлағым қайдасың

Көре алмай сендерді

Қараймын алға мен енді

Мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдап,бар зейінін аударады.





Мұғалімнің айтқанын қайталап отырады










Дыбыстық жаттығулар жасайды




Балалар қимыл арқылы көз жаттығуларын орындайды.

Іс-әрекетті бағалау кезеңі

  • Балалалар компьютер арқылы не істеуге болады?

- Негізгі құрылғысын ата?

- сурет салуға,ойнауға,

суретті бояуға т.б.

-тышқан,пернетақта,жүйелік қорап,монитор



Нені біледі:Компьютердің атқаратын қызметтерін біледі

Қолданады және игереді: Компьютер туралы ұғымды игерді

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қауіпсіздік техникалық ережелерді сақтайды.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Мақсаты: Жеке тұлғаның өздігінен жүзеге асуына және бейімделуіне ықпал ететін әлеуметтік рухани сапасын қалыптастыру. Коммунактивті – тілдік басқа балалармен, ересектермен қатынасты құра білуінің қалыптасуына жағдай жасау.

         Туған халқының мәдени мұрасымен, сәндік қолданбалы өнерінің түрлерімен таныстыру, әсемдікті сезіну, ою - өрнекті үйлесімді құрылым жасай орналастыру арқылы кеңістікті бағдарлау дағдыларын қалыптастыру. Балалардың ой - қиялының, шығармашылық белсенділігінің және эстетикалық талғамының артуына мүмкіндік жасау, ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру, киімдердің ерекшеліктеріне назар аударту, ұлттық ою - өрнек элементтерінің (ботагөз, қызғалдақ, қошқармүйіз т.б.) қолданылуы туралы ұғымдарын жетілдіру, бөліктерді жинақтауда үйлестіре білуге үйрету.     

         Ою - өрнектер туралы тақпақ, жұмбақ, өнер туралы мақал - мәтелдер айтқызып, тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ою - өрнектің мағынасына қарай бөлінуі жайында қарапайым түсінік беру. Қызықты ойындар арқылы сурет салуға деген қызығушылықтарын, шығармашылық мүмкіндіктерін арттыру және мерекелік көңіл - күй туғызу.

 

Көрнекі құралдар: қазақтың ұлттық бас киімдері үлгісі, әзір ою - өрнектер, аяқ киімдер үлгісі, фольга, біздер, шаблондар (ою - өрнектің), тақтайшалар, стандарттық емес жабдықтар, екі есікті үйдің макеті.

Кейіпкерлер: Айсұлу, Дәу, қоян, қасқыр, (ата – аналардың қатысуымен)

Тәрбиеші: Құрметті  қонақтар,  бүгінгі   «Шеберлер елінесаяхат»  атты  сауық    кешімізге  қош  келдіңіздер.

Енді  осы  қызықты  кешімізге  қатысушы  «Бәйшешек»  тобының  балаларын  ортаға  шақырайық.   (қол  шапалақтау)

(Балалар  сазбен  кіріп  2-ге  бөлініп тұрады)

              Балалар, біз  бүгін  қызықты  ертегілер  еліне  саяхатқа  шығамыз,  онда  бізді  әртүрлі  қызықтар  күтіп  тұр. Жолымызда  біз  ертегі  кейіпкерлерін  кездестіреміз. Олардың  бізге  беретін  тапсырмалары  болуы  мүмкін. Сапарға  шыққыларың, қызықты  нәрселер  көргілерің  келе  ме?  (иә)  Онда  басталық.

Автор
Дата добавления 21.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров534
Номер материала 324039
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх