Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Разработка урока по казахской литературе «Бүркіт пен оның балапандары» (5 класс)

Разработка урока по казахской литературе «Бүркіт пен оның балапандары» (5 класс)



  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Жоба жұмысының тақырыбы:
Аңыз әңгімелерді оқытуда СТО технологиясы арқылы оқыту
«Бүркіт пен оның балапандары»
/аңызы/

/Қазақ әдебиеті, 5 –сынып, «Арман ПВ«баспасы/




Алматы, 2015 жыл

Жобаны дайындаған оқытушы :

Алматы облысы, Текелі қаласы,№1 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Бақадырова Жанна Жеңісбайқызы













Мақсаты:

Аңыз әңгімелерді оқытуда сыни тұрғыдан оқыту технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өзіндік сыни пікірін қалыптастыру,аңыздың мазмұнын тыңдау арқылы түсінуге,мәтінді  түсініп оқи білуге  үйрету.



Міндеттері:

  • Мәтінді оқып мазмұны мен идеясын анықтау;

  • Қатысушыларды сындарлы сөйлеуге ынталандыру;

  • Білімге қызығушылығын дамытыу және зерттеуге ынталандыру;

  • Сыни тұрғыдан ойлауына ықпал ету;

  • Өзара ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;

  • Қатысушылардың бір – бірін құрметтеуіне, бағалауына

ықпал ету;

  • Сабақ барысындағы қиындықтар мен түсінбестіктерді анықтау, жою.

Күтілетін нәтиже:1.Оқыту мен оқу үдерісінде жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалануға дағдыланады. 
2.Мұғалім сыни ойлау дағдыларын оқушы бойына қалай қалыптастыруды үйренеді. 
3. Мұғалімдер оқушыларды сыни ойлантуға дағдыланады.





Негізгі идеялар

Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекеттің жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге бейілділік пен басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер:

Болжау кестесі,ДЖИГСО, «Буриме»әдісі,

«Өрмекші торы», Қатысымдық тапсырмалар,«Фрейер» моделі

Психологиялық дайындық /сабақтың ұраны/

Әрбір адам -туысым, досым, жұрағат

Әрбір сабақ-түсіну,ұғу,ұлағат

Әрбір ісім-тірлік,тірек,адамдық

Әрбір сөзім-шындық, адалдық

Сабақтың ережесі:

  • Белсенді қатысу

  • Тыныштық сақтау

  • Бірін-бірі тыңдау

  • Ойын ашық айту

  • Бір-бірін сынамау

  • Ынтымақтылық



Болжау кестесі/топтық/

Не болады деп ойлайсыз?

Сізде оған қандай дәлел бар?


Не болды?






Не болады деп ойлайсыз?

Сізде оған қандай дәлел бар?


Не болды?

Қарт бүркіт балапандарына сауал қояды

Балапандары

ның жауаптарына қанағаттанбай,

теңізге тастайды.


Үшінші балапанның жауабына риза болады.




Мәтінді меңгерту /мәтінді меңгерту//

Алдымен ұжым 5 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4,5 -ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4,5 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң ,осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтінді әр топтың «2»-не беріп ,оқу тапсырылады,әр топтың 2-сі әр топтың 5-не айтады . 5- адам мазмұнын айтып береді.

Аңыз мәтінінің 1- бөлігі

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір ерекше қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы өмірінде бірінші рет үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өзіндік өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты: -Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, мәпелеп бағып-қаққанымды жақсы білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Аңыз мәтінінің 2- бөлігі

Біріншісі айтыпты: -Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүрем. Дүниенің төрт бұрышын түгел аралатам, таңғажайып тамашаларды көзіңмен көретін боласың.
Бүркіт басын шайқап, уысындағы балапанын теңізге тастап жіберіпті. Бірінші балапан теңіз тұңғиығына батып кете барыпты. Сосын екіншісіне бұрылып: -Ал сен не айтасың,-депті.

Аңыз мәтінінің 3- бөлігі

Екіншісі айтыпты: -Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады.
Бүркіт тағы да басын шайқап, уысын жазып жібергенде, екінші балапан да біріншінің соңынан кете барыпты. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып, жарықшақ толы дауыспен былай депті: -Ал, сен мені қалай жарылқамақсың?



Аңыз мәтінінің 4- бөлігі

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты:
-Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты ақтармасқа амалым жоқ. Маған жасаған жақсылықтарыңның шеті де, шегі жоқ екенін, оны өтеуге менің барлық ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, сан түрлі ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.
Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.

«Өрмекші торы» әдісі /топтық/



  • Тақырыбы қалай аталады?

  • Қарт бүркіт балапандарына не дейді?

  • Бірінші балапаны не дейді?

  • Екінші балапаны не дейді?

  • Үшінші балапаны не дейді?

  • Аңыз бойынша не айтар едің?

  • Қыранша өмір сүруді қалай ойлайсың?



hello_html_260f5811.gifhello_html_3c75f3ad.gif

«Буриме» әдісі /әр топтың мүшесі жеке орындайды/

... ... ... сүріпті,

... ... ... ... болыпты.

... ... ... қойыпты,

... ... ... болыпты.

« Буриме» әдісі

  • Ертеде қарт бүркіт өмір сүріпті,

  • Бүркіттің үш балапаны болыпты.

  • Балапандарына сауал қойыпты,

  • Үшінші балапанға риза болыпты

«Сенемін, сенбеймін» әдісі

Сөйлемдер

сенемін

сенбеймін

Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты.




Бірінші балапан : Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады



Кәрі бүркіт балапандарын ұшуға үйретіп, аман-есен үйіне алып қайтты.




Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.






Сөйлемдер

сенемін

сенбеймін

Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты.






+


Бірінші балапан : Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп берем, ішкенің алдыңда, ішпегенің артыңда болады




+

Кәрі бүркіт балапандарын ұшуға үйретіп, аман-есен үйіне алып қайтты.





+

Кәрі бүркіт сонда ғана көкірек кере терең дем алып: -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті,- деген екен.








+


Бағалау /шапалақпен бағалау/

Бір рет шапалақтау- «қанағаттанарлық»
Екі рет шапалақтау « жақсы»
Үш рет шапалақтау «өте жақсы»

Үйге тапсырма: «Бүркіт» сөзіне мәтін бойынша сөзжұмбақ құрастыру


Автор
Дата добавления 17.12.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров228
Номер материала ДВ-265570
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх