Инфоурок Другое Другие методич. материалыРазработка внеклассного мероприятия для девочек

Разработка внеклассного мероприятия для девочек

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

25 предметов базового гардероба. - YouTube (360p).mp4 A`Studio — Fashion girl - YouTube (360p).mp4 История моды за 100 лет. - YouTube (360p).mp4 Как менялась женская красота_ 100 лет истории за одну минуту - YouTube (360p).mp4 Фэшн герл конкурс.docx

Выбранный для просмотра документ Фэшн герл конкурс.docx

Ақмола облысы Бурабай ауданы Бурабай кенті

ҚР ДС ӘДМ ««Бурабай» республикалық оңалту орталығы» РМҚК

Педагог-психолог Султанова Гулжазира Алимхановна

 

Әдістемелік әзірлеме (сыныптан-тыс) тақырыбы: «Fashion girl».

Сабақ түрі: сайыс

Мақсаты:

-         Қыздардың ойлау шеңберін кеңейту, сән туралы түсінігін молайту.

-         «Адам-көркемдік бейне» мамандықтар типіне қызығушылықтарын арттыру.

-         Эстетикалық тәрбиелеу.

-         Өзін-өзі бағалауын арттыру.

Қажетті заттар:

-         Плазмалы теледидар немесе проектор.

-         А4 қағазы 4 дана және 4 қалам.

-         100 жылда сәннің өзгеру тарихы mp4 форматта. (ғаламтордан жүктеу).

-         А-студио тобының «фэшн герл» атты өлеңінің mp4 форматы.

-         Сұрақ-жауап карточкалары

Қатысушылардың жас ерекшелігі: 12-16 жас аралығындағы қыз балалар.

 

 «Fashion girl»  атты қыздар арасындағы сайыс.

 

Құрметті қыздар! Сіздерді ең әдемі, ең сұлу және талғамы жақсы қыздар арасында өткізіліп отырған  «Fashion girl»  атты сайысқа қатысуға келгендеріңіз үшін қуаныштымыз. Бұл жай ғана қарапайым сайыс емес, ол тұлға бойындағы жасырын қабілеттерді ашуға көмектесіп, сән әлеміне саяхат жасаудың бірден бір жолы деп білесіздер.

Сән (фр.mode, лат. modus- өлшем,бейне, әдіс, ереже дегенді білдіреді) - өмірде немесе мәдениетте қандай да бір уақыт аралығында уақытша басымдық көрсететін стилі. Сән киімге, этикетке, өмірлік ұстанымға, кітаптарға, сауық көтеру түрлеріне, тіпті адамның дене пішіміне де болады екен. Мысалы, орта ғасырларда толықтық сәнді болса, келе-келе 21 ғасырдың басынан бастап  арықтық сәнге айнала бастады. Сан ғасырлар бойы киім киюдегі сәнді әртүрлі елдер шығарып отырды. Қазіргі уақытта «ең сәнді» қала болып Париж есептелсе, бұрындары оны Италия, Испания, одан да ерте Англия болатын. Ал, бүгінгі күні Бурабайдағы «ең сәнді» орын, ол біздің оңалту орталығымыз болатынына еш күмәнданбаймын. Солай емес пе, қыздар?!

Олай болса қыздар ортаға бүгінгі фэшн-эксперттерді шақыруға рұқсат етіңіздер.

«Сымбат» сән үйінің директоры _____________________________________

«Космополитен КЗ» журналының бас сарапшысы _____________________

Тележүргізуші, актриса, модель _____________________________________

Стилист, имиджмэйкер, Қазақстан сән апталығының бас сарапшысы________

Ал, ендеше, қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырайық.

Бірінші қатысушымыз –

Екінші қатысушымыз –

Үшінші қатысушымыз-

Төртінші қатысушымыз-

Бесінші қатысушымыз-

Алтыншы қатысушымыз-

Қатысушыларымыздың мақсаты - біздің фэшн-эксперттерге және де

 қарсыластарына өзінің талғамы бар екенін және  стильді сезіне алатындығын дәлелдеу. Сәйкесінше, біздің эксперттеріміз 5 балдық жүйе бойынша  қатысушыларымызды бағалайтын болады. Бағалау әр кезеңнің соңында жүргізіледі.

 

Сайысымызды бастасақ!

 

1 кезең. Таныстыру. Бұл жерде қатысушыларымыздың ерекше бола білу қабілеті мен шығармашылығы бағаланады.

2 кезең.   Дефиле немесе «сән көрсету». Сәнді қыз тек сәнді киініп ғана қоймай, ол әдемі де жүре білу керек. Ендеше, біздің қатысушыларымыздан сәнді болу үшін қалай жүру керек екенін үйренейік.

3 кезең. Фэшн-эксперттерден тапсырма. Қазір сіздер эксперттерден дайындалған тапсырмаларды орындауларыңыз қажет. Ситуацияға байланысты киіну үлгісін көрсетесіздер.(Тапсырмаларды сахнада тұрып оқып болғаннан соң, киініп келуге уақыт беріледі.) Сіздерге 7 минут уақыт беріледі. Уақыт кетті. (құрбыларыңмен театрға, достарыңмен серуендеуге, сән апталығына, достарыңмен саяхатқа, туылған күн кешіне мейрамханаға, сыныптастарыңмен би алаңына, ата-анаңмен қоңаққа, саябаққа кездесуге барғанда киіну үлгісін көрсет және т.б тапсырмалар)

Қатысушылар дайындаламын дегенше сәннің тарихына көз жүгіртейік. Экранға назар аударыңыздар. (видео ролик 7 мин)

«Fashion girl»  A-studio өлеңін бірге шырқайық. (караоке нұсқа)

4 кезең. Өз стиліңді қалай табуға болады? Осы сұрақтың жауабын қатысушылардан сұрап білейік. Ортаға барлық қыздарды шақырамыз. (өз ойын айту)

Кезекті фэшн-эксперттерге берсек.Олар өздерінің көрген-білгендерімен бөліскісі келіп отыр. (Модные советы от Э.Хромченко // 25 предметов базового гардероба)

5 кезең. Менің гардеробымнан мода. Қатысушыларымыз өз гардеробынан қандай да бір стильде киінуі тиіс. Өз киімін әшекейлермен немесе аксессуарлармен безендіре білсе, тіптен жақсы. Сіздерге 7 минут уақыт беріледі.

Көрермендер, енді сіздерге де кезек келді. (сұрақ-жауап)

-         Сіздер киінуде қандай стильдерді білесіздер? (Жаздық стиль, ретро, смарт-кэжуал, экзотикалық, хиппи, вестерн, париждік шик және т.б.)

6 кезең. Сұрақ-жауап. Әрбір сәнқой білуге тиіс сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз. Әрбір қатысушыға 3 сұрақ қойылады. Қатысушыларға сұрақтарды эксперттер дайындайды. Мысалы;

 

-         Әлемге әйгілі брендтерді ата

-         Модель дегеніміз кім?

-         Имидж дегеніміз не?

Қорытындылау. Ұпайлар санын санау, марапаттау.

«Ең креативті», «Ең сәнді», «Ең талғамды», «Ең тапқыр ойлы» номинациялары бойынша марапаттау жүргізіледі.

Сән уақыт сияқты бір орында тұрып қалмайды. Оны қуып жету үшін тек қана қаражат ғана емес, сонымен қатар жақсы, өзіне сай талғам болуы да керек. Сондықтан да әсемдік пен сымбаттылыққа талпынбастан бұрын осыны ұмытпағандарыңызды естеріңізге сала кеткіміз келеді. Осымен бүгінгі сайысымыз аяқталды, сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка внеклассного мероприятия для девочек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.04.2016 462
    • ZIP 48.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Султанова Гулжазира Алимхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4705
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой