0 Іс - шара "Астана - арман қала"
Инфоурок Музыка КонспектыІс - шара "Астана - арман қала"

Іс - шара "Астана - арман қала"

Скачать материал

                                                      БҚО Ақжайық ауданының білім бөлімінің

                                                         «Балдәурен» МДҰ МКҚК 

                                                         музыка жетекшісі  Ж.Ш.Жакенова

 

Астана – арман қала

Музыка залы әсем безендірілген, теледидарда Астана туралы видеоролик жүріп тұрады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті балалар, қонақтар, әріптестер. Астана күніне 16 жыл
толды. Сендер осы тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бүлдіршіндерсіңдер. Ал бүгін біз Қазақстан Республикасының елордасы – Астананың туған күнің тойлаудамыз.
Астана қаласы бұрын Ақмола деп аталған, оның туған жылы 1830 жыл. Астана қаласы Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 жылы жаңа елордасы атауы Астана болып өзгертілді.
Қазір қаланың аумағы 200 шаршы километрді алып жатыр. 1998 жылы ЮНЕСКО -ның шешімі бойынша Астана қаласы «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана қаласы шапшаң қарқынмен дамып келеді және де келешегі өте зор.

Көшелері құлпырған сала-сала
Алаңдары кең құшақ сайран дала.
Көргендері арлы арудан айнымайтын
Ақ көңілді кең пейіл қайран қала – деп ортаға бүлдіршіндеріміздің Астанаға арналған өлең шумақтарын тарту етуге шақырамыз.
 Елшат: Аз-ақ жылда салынып,
            Әйгілі болған жас қала
             Алуан гүлге малынып
            Құлпыруда Астана

Мұрагер:   Сарыарқа төсінде
                  Сән беріп есілге
                   Жас қала – Бас қала

                    Астана өсуде
 Али: Астана –бас қала

                    Жаңа қала, жас қала

                    Зәулім сәнді үйлері

                    Үлгі болған басқаға       

Рамазан: Астанамыз –әдемі

                Жарқырайды жұлдыздай

Аян:Есілдің бойы бас қала                                                                                                                                                                               

        Мақтанышым - Астанам

Саят: Өсіп міне келемін

           Бәйтеректей болып мен

Ұлан:  Көз тартады –Астана

           Биік Бәйтерегім

Ақниет: Күн болып қарайды

              Шуақ боп, тарайды

Досжан: Әлемге нұр шашқан

             Астанам арайлы


Жүргізуші: Ән көңілмен құйылды
Қайғы бұлты шегілді
Балалармен дүние
Көрікті де көңілді
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін» (3тілде)


Жүргізуші: Қазір балалар менің сендерге жасыратын жұмбағым бар, шешімің таба аласыңдар ма?
(балалардың жауабы)
Жұмбақ: Жүз мүйізі бар,
Үстінде киізі бар (Киіз үй)
Бұл не балалар?

Жүргізуші: Біз ойнайтын дөңгелек
Өзгелерден тым бөлек
Шаңырақ  ойының ойнайық
Қызығына тоймайық
Кәнекей балалар шеңбер жасап тұрайық  шаңырақ ойының бастайық
Ойын: «Шаңырақ»

Жүргізуші: Барлық елдің бөбегі
Бір – бірімен туысқан
Бәрімізге төгеді
Өз шуағын күміс таң – дей отырып қазір «Астана» әнің жырлайық
Ән: «Астана»

Орындайтын:Елшат Қуанышкерейқызы
Жүргізуші: Бейбітшілік әніміз
Бауырласпыз бәріміз
Қазақстан даласында
арасады сәніміз – дейді «Жауқазын» ІІ кіші тобының бөбектері. Ду қол шапалақпен оларды ортаға шақырып, Астанаға арналған тақпақтарын тамашалайық.

Жүргізуші: Жан қалмасын жай тұрған
Мәз болсын жас-кәріміз
Қайта оралған халқымызға
Биленсін «Қара жорғамыз»

Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қара жорға» биімен аяқтайық
Би: «Қара жорға»

 

 

                        «Астана-арман қала»

 

Мақсаты: Елдік  мерекеге өзіндік үн қосу.Көңілді орта қалыптастыру.Бас қала-Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету,сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру.Туған ел тарихымен таныстыру.

 

                                    Анықтама

 

     «Балапан» және  «Еркем-ай» тобын біріктіріп Астана күніне орай  «Астана-арман қала» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл ертеңгілік  балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді. Балаларға Астана қаласы туралы әңгімелеп, слайд көрсетіліп,қаламыз шапшаң қарқында дамып келе жатқаны туралы айтылды. Балаларда өз ықыластарын танытып,Астанаға арнаған өлең шумақтарын тарту етти.

«Балапан» тобында: Мұрагер,Елшат,Ұлан,Әли,Аян өлең шумақтарын айтса, «Еркем-ай» тобында Досжан,Ақниет  өз өлең шумақтарын арнады.Барлығы бірге көңілді «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады.Қойылған жұмбақтың жауабын шешіп, «Шаңырақ»ойынына қатысып белсенділік танытты. Ертеңгілік арасында  Елшат Қуанышкерейқызы «Астана» әнін шырқады.Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталды. Осы шараны жүргізген мен Жүмагүл Шүкірғалиқызы тәрбиешілердің ойынан шығып, мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

  Анықтама беруші:                                Ж.Ш.Жакенова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Астана
Қазақстан Республикасының астанасы-Арқаның төрінде орналасқан Астана қаласы.1997 жылы астана Ақмола қаласына көшірілді.1998жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана деп өзгертілді. Астананың рәмізі - Бәйтерек. Бәйтерек- әсем,биік ғимарат, сол жағалаудың көркі. Қазіргі кезде Астана ең сұлу жас қала.Астанада ғажап зәулім ғимараттар салынып жатыр. Астананың сол жағалауында Елбасының Резиденциясы, Ақорда, Парламент, Қорғаныс министрлігі, Ішкіістер министрлігі,т.б .ұйымдар мен мекемелер орналасқан. Астанада 9 шағын аудан және «Орбита», «Шұбар» , «Жастар», «Целинный» шағын аудандары бар. Астанада көптеген білім ошақтары: 50-ден астам орта білім беретін,арнаулы орта білім беретін мектептержәне жоғары оқу орындары, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттықуниверситет, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университет ,медициналық академия, Ресей-Қазақстан университеті, т.б. оқу орындары бар.Астанада театрлар, Президент мұражайы, цирк , «Думан», «Конгресс Холл,»Жастар» орталығы, т.б. ойын-сауық орындары көптеп саналады. Бас қалада біздің еліміздің атақты, ұлы адамдарының-Абайдың, С. Сейфуллиннің, Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ескерткіштері бар. Астана күннен-күнге гүлденуде.Астананың болашағы зор.

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: Астана қаласы.
Сабақтың мақсаты: «Менің қалам» тақырыбы бойынша
Білімділік: білімдері мен түсініктерін кеңейту, көмекші есімдерді
практикалық жолмен меңгерту.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру; оқушылардың
дүниетанымын кеңейту; ауызша ойлау мен сөйлеу
қабілетін дамыту; сөз тіркестерін және сөйлем құрау
дағдысын қалыптастыру;
Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілігін, туған қаламызға
патриоттық мақтаныш сезімін туғызу, бір-біріне
көмек беруге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Сәлемдесу.
б) Оқушыларды түгендеу.
в) Сабақтың тақырыбын және мақсатын қою. (Презентация)
Тілдік ортаға кіру.
Біз қай Республикада тұрамыз?
Біздің ауылға жақын қай қала?
Бүгін аптаның қай күні?
Сәрсенбі қандай күн?

Мұғалім сөзі: Балалар, бүгін бізге қонақтар келіп отыр, сондықтан өз білімдеріңді «Қала» модулі бойынша жақсылап көрсетуге тырысыңдар.
Бүгінгі сабақ өзіміз туып өскен жеріміз, туған қаламыз туралы әңгімелесіп, жаңа сабақты бастаймыз.
Сабақ бастамас бұрын өздерің дайындап келген қала туралы шығармашылық жұмыстарыңнан бастаймыз.
Балалар өздері алдын – ала дайындап келген көрнекіліктерін пайдаланып, Астана қаласы туралы сөз қозғайды.
Өте жақсы. Бүгін біз Астана қаласы туралы қаншама деректерді білдік.
Сонымен, біздің ҚР-ның астанасы қай қала?
ҚР-ның Президенті кім?
Ақ Орда қай жерде орналасқан?
Астана қаласында тағы қандай ескерткіштер бар?

II. Ал енді балалар, бүгін біз сабағымызды жас қала, әсем қала, бейбітшілік қаласы Астана қаласымен танысамыз. (72 бет, 2-тапсырма)
Мәтінді оқымас бұрын сөздіктермен танысайық.
Тұрғын – житель
Орталық – центр
Ғимарат – здание
Бой көтерді – выстроились
Қасиетті – священный
Сөз тіркестерінің мағыналарын түсіндіріп, аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
Сөз тіркестерін құру.
Сөйлем құру.

Мәтінмен жұмыс.
Әр оқушы кезекпен оқып, аударту. (Презентация)
Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Астана.
Ол Есіл өзенінің бойында Сарыарқа жерінде орналасқан .
Аз уақыттың ішінде қала танымастай өзгерді. Есіл өзенінің бойында Елбасы Резиденциясы,Парламент үйі, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Жастар сарайы,
көп қабатты тұрғын үйлер бой көтерді. Парламент үйінің алдында Төле би,
Қазыбек би, Әйтеке бидің ескерткіштері қойылған.
Қаланың ортасында бес жұлдызды “Алатау” қонақ үйі салынды.
Астана қаласында 100-ден астам ұлт өкілдері тұрады.
Қала тұрғындарының саны 518 мың адам.
Астана – болашағы үлкен қала.
III. Грамматикалық бөлім.
4-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар.
Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген.
IV. Физминутка.
1. Әрі ыдыс, әрі ай аты.
2. Екі жағынан да бірдей оқылатын ұлт атауы.
3. Мечта – арман,
Лес - …
4. Оқу құралы. Ол қызыл, көк, жасыл жазулармен жазылады.
5. Оқу жылы қай айда аяқталады?
3-тапсырма. Берілген сөздерді тіркестіріп, сөйлемдер құраңдар.


Есіл өзенінің
Парламент
Жастар
тұрғын
Паламент үйінің
қаланың
ұлт
болашағы

бойында
үлкен қала
өкілдері
ортасында
алдында
үйі
сарай
үйлер



Мысалы: Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан.

5-тапсырма. Сөз құрамына қарай талдау.
Арттарынан, өкілдерінің, ескерткіштерді, тұрғындарының.
Үлгерімі нашар балаларға арнай карточкалар беріледі. (Бабин А., Шурмина Н., Мажиев Р.)
Ауызша жұмыс. Сызбалар бойынша сөз тіркестерін құраңдар.
СЫН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
САН ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ
ЗАТ ЕСІМ + ЗАТ ЕСІМ

V. Сөзжұмбақ арқылы сабақты бекіту.

1. Қаланың ортасында қандай бес жұлдызды конақ үйі салынған? (Алатау)
2. Ақорда қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
3. Астана сиволы. (Бәйтерек)
4. Астана қаласы кандай далада орналасқан? (Сарыарқа)
5. Сен қай ауылда тұрасың? (Родина)
6. Сен бүгін қалай жауап бердің? (Жақсы)

VI. Балалар білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Қ.Мырзалиевтің «Астана» өлеңін жаттап келу.

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Гульбану (2013-03-16) | Автор: Усенова Гульбану E

Просмотров: 4109 | Рейтинг: 0.0/0

Добавлять комментарии могут только зарегистри

 

 

 

 

 

 

 

Астанам - мақтанышым!

Жарияланды 1-06-2014, 04:21 Категориясы: Тәрбие сағаты 

(Ересектер тобы үшін мерекелік ертеңгілік)

Мақсаты:
 Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Көңілді орта қалыптастыру.
Бас қала – Астана туралы әндер мен өлеңдер үйрету, сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Туған ел тарихымен таныстыру.
Алдын ала атқарылатын жұмыстар:
 Астананың сұлу келбеті топтастырылған слайд дайындау, Астана күніне арналған көпшіліктің жүрекжарды лебіздері, құттықтаулары түсірілген бейнежазба әзірлеу, балалардың өз шығармашылықтарынан дайындаған суреттері көрмесін ұйымдастыру.

Барысы:
Экранда «Жаңалықтар қызметінің заставкасы» көрініп, әуені ойналады. Ортаға тәрбиеші тележүргізуші болып шығады:
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер! Эфирде «Апта КZ»
жаңалықтар топтамасы. Сіздермен бірге мен – Индира Қосымова
Бүгінгі шығарылымда көретіндеріңіз:
-«Астана - балалар көзімен!»
Мереке аясында балабақша бүлдіршіндерінің арасында өткен сурет көрмесінің нәтижесін анықтау.
-«Тәуелсіз елдің жүрегі сенсің - Астана!»
 
Астана қаласының сұлу келбеті әлемді таң қалдырды.
-«Астана - татулық пен бірліктің ордасы»
Сүйікті бас қала – Астананың туған күніне арналған республика жұртшылығының жүрекжарды лебіздері
- Осы және тағы басқа да жаңалықтар легімен таныс боласыздар, арнаны ауыстырмаңыздар!......
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Бас қаламыз - Астана қаласының 16 жылдық мерейтойына орай республика бойынша барлық балабақшалар арасында «Астана - балалар көзімен!» атты балалар қолымен салынған суреттердің көрмесі ұйымдастырылған болатын. Сурет көрмесі кеше Астана қаласы тұрғындары мен қала қонақтарының назарына ұсынылды. Көрмені тамашалаушылар бас жүлдеге
лайықты деп таныған балабақшасы мен өз пікірлерін «www. Astana - 16» сайтына жолдап, дауыс берулері керек. Қазір біз сіздермен 5 - тен кері бағытта санау арқылы дауыс беруді тоқтатамыз. Қане, бастайық:
5,- 4,- 3,- 2,- 1! Дауыстар санын есептеу - тоқтатылды.
Қай балабақша суырылып алға шықты екен, назар аударайық:
(Экранда аты жазылмай нөмірленген балабақшалардың диаграммасы көрінеді)
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Нәтиже әділ болуы үшін балабақшалардың аты аталмай, тек рет сандарымен ғана белгіленген болатын. Ал мына диаграмма бойынша қасиетті 7 санымен белгіленген балабақша айқын басымдықпен жеңіп отыр екен. Енді бұл нөмірге қай балабақша жасырылғанын білейік, сәл сабыр сақтаңыздар.....
(Экранда: «....................» балабақшасы, Қызылорда қаласы!» - деген жазу шығады)
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Міне, нәтиже де белгілі болды! Қызылорда қаласындағы
«.....................» балабақшасының бүлдіршіндері мен ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!
(Тележүргізуші құлағындағы микрофонды тыңдағандай болады да:)
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Жаңа ғана маған хабар келді, біздің Қызылордалық кішкентай жеңімпаздармен жүздесуге мүмкіндігіміз бар екен. Олар қазір біздің студиямызға келеді, қошеметтеп қарсы алайық!
(Көңілді музыкамен қуанышты кейіпте, бір тобы қолдарына өздері салған суреттерін ұстаған, бір тобы гимнастшыларша киініп ленталар ұстаған, әр түрлі мерекелік костюмдерін киген балалар студияға қонаққа келгендей болып жарты шеңберге тұра қалады)
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Студиямызға қош келдіңдер, ботақандар! Жеңістерің құтты болсын!
1 - бала: Көп рахмет, біз аса қуаныштымыз.
2 - бала: Бізге дауыс берген барлық Астаналықтарға үлкен рахмет айтамыз!
3 - бала: Барлығымызға ортақ мереке бас қаламыз - Астананың 16 жылдық мерекесі құтты болсын!
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Айтсын, айтсын! Расында да бүкіл Қазақстандықтарды біз де өз атымыздан Астананың туған күнімен құттықтаймыз!
Ал балалар сендердің Астана қаласына тартуларың керемет болды. Байқауда жеңетіндеріңді білдіңдер ме?
4 - бала: Жеңетінімізді білген жоқпыз, бірақ үміттендік. Бізді осында алып келген, сурет салуға, барлық өнерге үйреткен балабақшамыздағы тәрбиеші апайларымызға алғыс айтамыз.
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Бәрекелді! Ал мына қолдарыңдағы қандай суреттер?
5 - бала: Бұл - біздің Астанадағы мерекеден алған әсерлерімізден туындаған суреттер, сіздердің телеарналарыңызға сыйлаймыз.
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Көп рахмет! Шынында да нағыз суретшілер екенсіңдер, суреттерің маған ұнады. Теле-арнамыздың мұражайына қойып қоятын боламыз. Ал сендердің тағы қандай өнерлерің
бар?
6 - бала: Біз Астана қаласының туған күніне арнап әндер үйрендік, тақпақтар жаттадық.
Тележүргізуші
тәрбиеші:
 Қане, онда өнерлеріңді тамашалап көрейік.....
Ән «Ел жүрегі - Астана» Муз: Қ. Қайым
7 - бала: Киелі менің Ақордам
Арудай сұлу таранған
Береке, бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
8 - бала: Жайнай бер жаңа Астанам
Ертегідей ғажап бас қалам
Ынтымақтың тербеп бесігін
Тәуелсіз ел көшін бастаған
9 - бала: Сәулеңді шаш еліңе
Нұрыңды төк жеріңе
Киелі менің Елордам
Бақ болып қонған төріме!

 

 

 

 

Мектеп жасына дейінгі балаларды әртүрлі спорттық ойын түрлерімен, тәсілдерімен таныстыру, ойын барысында өзін-өзі бақылау арқылы, белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, спортты сүю, салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза, саналы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында Аралтоғай селолық округінде 16 қараша күні мектепке дейінгі «Балапан» балалар бақшасында балабақша тәрбиешілерінің ұйымдастыруымен «Біз спортты сүйеміз» атты спорттық жарыс өтті. Бұл шараға 2-ші кіші «Балдырған» тобы 3-тен 5 жасқа дейінгі балалар қатысты.

Жарыста балалар «Мергендер» және «Жүйріктер» болып екі топқа бөлініп, 6 түрлі шарттан тұратын спорттық ойын түрлерімен сайысқа түсті. Сайыс барысында әділ қазылар алқасы құрамында ата-аналар белсенділік танытты. Әділ қазылар алқасы әділ бағалай отырып І орын «Мергендер» тобына ІІ орын «Жүйріктер» тобына берілді.

 

 

 

 

 

Менің сүйікті ойыншықтарым

Жарияланды 25-06-2014, 03:14 Категориясы: Бала-бақша 

Білім саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің сүйікті ойыншықтарым.
Мақсаты: Балаларды ойыншықтардың түрімен, түсімен таныстыру, тақпақтар айтқызу, сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту, қабылдау есте сақтау қабілетін жетілдіру, ойын арқылы қызығушылығын артыру мақсатында өткізілетін сабақ түрлі түсті ойыншықтар, көрнекілікке алынып көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ - жауап, ойын, көркем сөз пайдалану.
Көрнекіліктері: Резеңкеден жасалған, темірден жасалған, ағаштан жасалған, матадан жасалған ойыншықтар және суреттері, ойынға байланысты маскалар, аңдар киімдері, көбелек.
Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы бүгін бізге көптеген қонақтар келіпті. Қане қонақтармен жақсылап амандасып алайық.
Шаттық шеңбері.
Кішіге де сіз,
Үлкенге де сіз
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Сәлем күн - анамыз,
Бүгін бәріміз қуанамыз.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Күліп шыққан бүгін Күн!
«Көбелек гүлге қонады» ойыны
Ойынның шарты: Сендер гүлдерсіңдер, сол гүлге көбелек ұшып келіп қонады.
Көбелек қонған бала менің сұрағыма жауап береді.
1 Қазір жылдың қай мезгілі?
2 Қыс мезгілінде неше ай бар?
3 Ауа - райы қандай болады?
4 Сүйікті ойыншығың қандай?
Тәрбиеші: Балалар енді «Ненің суреті жасырылған?» ойын ойнап алайық. Ойын шарты бойынша өздеріңе ұнаған пішіндерді таңдап алыңдар, олардың артында аяқталмай қалған суреттер бар сол ненің суреті екен табыңдар.
Жасырылған суреттер: доп, қуыршақ, машина, ит т. б
- Балалар, сонда бұлар ненің суреттері?
- Ойыншықтардың
- Жарайсыңдар, дұрыс. Осы ойыншықтарымыз қандай пішіндердің артына жасырылған?
Балалар сендер үйде, балабақшада не істейсіңдер? Немен ойнайсыңдар? Иә, балалар бүгін біз сіздермен сүйікті ойыншықтарымыз туралы айтамыз!
Ойыншықтармен қалай ойнау керек екенін білеміз бе? (балалардың жауабы)
Мына керемет ойыншықтар барлығы балалар үшін жасалған. Олар үлкендердің еңбегінің арқасында жасалады.
Күнделікті ойыншықтарымыздың неден жасалатынын білеміз бе? Иә, онда мына ойыншықтарымызға мұқият қарайықшы. Ойыншықтардың мынадай түрлері бар екен. Ойыншықтардың түрлерімен таныстырып кетейін.
1. пластмассалы
2. резиналы
3. матадан
4. ағаштан
5. темірден
Балалар сендер енді өздеріңнің ойыншықтарыңды неден жасалатынын білдіңдер ме?
Балалар енді сендер өздерінің сүйікті ойыншықтарың туралы тақпақ білесіңдер ме?
Нұрхан
Үлкенмін ғой міне мен,
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинаға мінер ем,
Кабинаға сыймаймын.
Меруерт
Добым менің домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің,
Тәрелкені сындырдың.
Қобылан
Рельстің жолы ұзын,
Мынау менің пойызым.
Тақ - тұқ жолға шықтық,
Тақ - тұқ шамды жақтық.
Нұрасыл
Кесе - шыны пияла,
Оларсыз шәй құя ма.
Қасықсыз тамақ жемейміз,
Бәрінің атын не дейміз.
Дидактикалық ойын: «Кім жылдам?»
Балалар мен енді жұмбақ жасырамын егер жауабын дұрыс тапсаңдар сандық ішінен сол ойыншық шығады.
Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.(түйе)
Үрлесең жеп - жеңіл,
Елпілдеп кетеді.
Ұшырсаң, Көк – теңбіл.
Бұлтқа да жетеді. (Шар)
Тиіп кетсе жылаған,
Дауысы көпке ұнаған.(домбыра)
Қане балалар сендерге ойыншықтар туралы тақпақ айтып берейін.
Бізде де бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Ақыл айтсақ бұйырсақ.

Сергіту сәті
Тікірейіп екі құлағы,
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті қолын жуады.
Секірем деп үстелден,
Құлап жүрме мысығым.
(Осы кезде есік қағылады, Сайқымазақ өзінің достарын ертіп келеді.)
Балалар мені таныдыңдар ма?
Менің достарым сендерге өз ойларын айтқысы келеді, оны есту үшін менің сыйқырлы сөздерімді қайталаңдар «Рэкс, Пэкс, Фукс» Ойыншықтарға тіл бітеді
Аю: Мен бал құмар аюмын, қорбаңдаймын ол рас ойнауды мен ұнатамын, тек өтінемін құлағымнан тартпаңдар.
Күшік: Мен күшікпін «аф - аф» мен сендерді қорғаймын, тек құйрығымнан тартпаңдар.
Қуыршақ: Мен әдемі қуыршақпын қыздарды жақсы көремін, тек шашымнан тартпаңдар.
Балалар ойыншықтарына ұқыпты қарауға, бәрімен дос болуға уәде береді.
Сайқымазақ ойыны: Балалар мен сендермен бірге ойын ойнағым келеді Ойнайсыңдар ма?«Ойыншықты сипатта» ойынның шарты бойынша ортаға шыққан баланың көзін байлап қолына ойыншық ұстату, оның қандай ойыншық екенін қолымен сипап көру арқылы атау.
Балалар мен де өзіммен бірге сүйікті ойыншығымды алып келдім. Мен де сендер сияқты кішкентай кезімде осы ойыншықпен ойнағанмын. Мен де ойыншығымды ұқыпты, таза, кірлетпей ойнадым. Қараңдаршы әлі де жап - жаңа, тап - таза. Сендер де ойыншықтарыңды таза, ұқыпты ұстаңдар. Осы менің ойыншығымды қазір бәріңе беремін, қолдарыңа алғанда осы ойыншыққа жақсы тілектерімізді айтайықшы.
Тілектер тізбегі
- Нанымыз көп болсын!
- Еліміз аман болсын!
- Досымыз көп болсын!
- Деніміз сау болсын!
- Әке - анамыз аман болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Бақытты ел болайық!
Сайқымазақ: Мына шарларды сыйға тартамын.
Балаларды мадақтау
Орнымыздан тұрайық,
Түзу сызық құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық

 

 

 

 

Гимнастика саптық жаттығулар

Жарияланды 1-10-2013, 20:48 Категориясы: Дене шынықтыру 

Сыныбы 5
Өткізілетін орны: Спортзал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б)
алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.

Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт тапсыртқызу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Секіріп бұрылу.
Жүру:
Аяқтың ұшымен, өкшемен,
Аяқтың ішкі, сыртқы жағымен.
Отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
- жүріс
- жүгіріс
- 360 градусқа айналып жүру
Спорт жүрісі
Жүгіру:
- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан – жаққа лақтырып жүгіру.
- Он жағымен жүгіру
- Сол жағымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.

Жалпы дамыту жаттығуларын жүрісте жасау:
- Ж. Б: Қол құлыпта.
1 - 4 қолды оң жаққа айналдыру
1 - 4 қолды сол жаққа айналдыру
- Ж. Б: Қол құлыпта.
13. құлыпта ашпай алға жіберу.
14. Ж. Б.
15. – 1
16. Ж. Б.
- Ж. Б: Қол иықта.
1 - 4 алға айналдыру.
1 - 4 артқа айналдыру.
- Ж. Б: Оң қолды көтеру.
1, 2 қолды артқа сермеу
3, 4: қолды ауыстырып артқа сермеу.
- Ж. Б: Қолды жан – жаққа жіберу.
1, 2: қолдың ұшін айналдыру.
3, 4: шынтақты айналдыру
5, 6: қолды алға айналдыру
7 - 8 қолды артқа айналдыру
- Ж. Б: Қолды бүгіп кеуденің алдында ұстау.
1, 2: қолды артка жіберу.
3, 4: қолды түзетіп артка жіберу. Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 - оң аяққа еңкею.
2 - ортаға еңкею.
3 – сол аяққа еңкею.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Аяқты ашып матта отыру.
1 – қолмен оң аяқтың бақайын тигізу.
2 – қолды алға жіберу.
3 - қолмен сол аяқтың бақайын тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Арқада жатып, қолдар жан – жақта.
1 – сол аяқпен оң қолды тигізу.
2 – Ж. Б:
3 – оң аяқпен сол қолды тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Ет бетінен жатып, қолдар жан – жақта.
1 – сол аяқпен оң қолды тигізу.
2 – Ж. Б:
3 – оң аяқпен сол қолды тигізу.
4 – Ж. Б.
- Ж. Б: Н. Т.
1 - 4: оң аяқта секіру.
1 - 4: сол аяқта секіру.
1 - 4: екі аяқта секіру.

2. Негізгі бөлім
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау (Б): Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
- Бір қатардан үш қатарға тұрып, қайта бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір – колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру.
Келтіру жаттығуларды жасау:
- Басқа тіреніп, оңға және солға айналдыру.
- Қолмен аяқты жинап, арқаны дөңгелетіп «лодочка» жаттығуды жасау.
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
Секіртпемен ойындар.

3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.
3. Ұйымдастырып қайтару.

 

 

 

 

 

Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »

2013-05-23, 3:35 PM

г.Семей Ясли - сад№7 "Ақ бота"
Нысанбаева Анар Темирболатовна
Спорттық ойын-сауық.
Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.

Барысы:
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
Байскакова Д.С.- балабақшаның меңгерушісі;
Қошанова А.Д.- әдіскер;
Ташенова З.Ғ.- балабақшаның мейірбикесі.

Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру»
2 бөлім – «Жарыс түрлері»
3 бөлім – «Қимылды ойын»

«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.

«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.

2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»

3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.

4 ойын: «Орамал тастамақ»

5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.

6.«Сиқырлы доптар»

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 команда «Жұлдызша»

2 команда «Жалауша»

«Жұлдызша» ұраны; «Бәріміз біріміз үшін біріміз бәріміз үшін»

«Жалауша» ұраны; «Команда үшін күрес,саған тиген үлес»

Шаттық шеңбер:

Қайырлы таң Алтын күн!

Қайырлы таң Жер анна!

Сәлеметсіздерме достарым,

Сәлеметсіздерме қонақтар


Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.

Төсегінен тұра сап,

Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол Анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
алады өзі таранып

 

Допты беру, қабылдау

Жарияланды 19-06-2013, 20:03 Категориясы: Дене шынықтыру 

Допты беру, қабылдау
Мақсаты: допты қағып алуды және беруді үйрету. Допты алып жүруді жетілдіру. Шапшаңдық, жылдамдық сапаларын дамыту.
Сабақтың міндеті: сабақтағы барлық жүктемені дұрыс орындау.
Қолданылған спорт құралдары: баскетбол доптары, уақыт өлшегіш, ысқырғыш.
№ Сабақтың мазмұны уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу.
Мәлімет қабылдау, сәлемдесу.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
- Оңға, солға, кері бұрылу.
- Секіріп бұрылу.
Жүру: аяқтың ұшымен, өкшемен, аяқтың ішкі жағымен, сыртқы жағымен.
Спорттық жүріс. 10 мин
Спорттық киіміне назар аудару.

Бір адамдай істеу.
Денені түзу ұстау.
Саптан шықпай бір қалыпты жүгіру.
Жүгіру бағытындағы орындалатын жаттығулар:
- Тізені жоғары көтеріп жүгіру;
- Өкшені жамбасқа лақтыра жүгіру;
- Аяқтың басын алға сілтей жүгіру;
- Оң, сол жақ пен қолды айналдыра жүгіру;
- Артпен жүгіру;
- Жай жүгіру;
- Спорттық жүріс;
- Тыныс алу жаттығулары. 2 рет Арақашықтықты сақтау.
Алақанға тізені тигізу,
кеудені тік ұстау, қол бел тұста. Қол белде, аяқты бүкпеу, денені тік ұстау.

Алаңды толық пайдалану.
Арақашықтықты сақтау, тепе - теңдік сақтау, көзді жұмбау, толық айналдыру.
Жалпы дамытатын жаттығулар:
a) б. қ. аяқ алшақ, қол белде. 1 - 4 оңға солға, 5 - 8 солға басты айналдыру;
ә) б. қ. қол иықта 1 - 2 алға, 3 - 4 артқа айналдыру;
б) б. қ. оң қол жоғары, сол қол төменде, 1 - 2 оң қолды, 3 - 4 сол қолды көтеру;
в) б. қ. қол бүгулі кеуде тұста, 1 - 2 оң бүгулі, 3 - 4 түзу күйінде артқа көтеру;
г) б. қ. қол кеуде алдында, 1 - 2 қолды бүгіп артқа 3 - 4 оңға/солға/бұрылып сілтеу;
д) б. қ. қол белде. Белді оңға - солға айналдыру.
е) б. қ. аяқ бірге, қол алда. 1 - оң аяқты сол қолдың ұшына, 2 - сол аяқты оң қолдың ұшына тигізу;
ж) б. қ. қол белде, 1 - отыру қол алда, 2 - тұру қол белде;
з) б. қ. н. т 1 - 4 рет саны бойынша оңға, солға секіріп бұрылып.

Денені тік ұстау, толық айналдыру. Қолды бүкпеу, барынша артқа керу жылдам орындау. Барынша артқа керу шынтақты бүкпей йық көлемінде ұстау.
Қолды түзу ұстау, толық айналдыру.

ІІ Негізгі бөлім
Доппен арнайы жаттығулар.
Доп беру әдістері:
1. Допты екі қолмен кеуде тұсына беру
- Алақан мен саусақтарды допқа тигізіп беру;
- Кеуде тұстан қолды жаза сілтеп лақтырады;
- Допты екі қолмен кеудеден беру.

2. Допты екі қолмен төменнен беру
Доп берудің бұл түрін бір - біріне жақын тұрған аласа бойлы оқушылар ұзын бойлы қарсыластарына қолданады.

3. Допты бір қолмен беру
Доп берудің едәуір күрделі түрі. Допты бір қолмен иықтан беру. Оқушыларға қолдың білезігі мен саусақтардың қалай дұрыс істеуге болатынын үйрету.

4. Допты ұстау
- Допты ұсынған бетте тез әріптесіне беру;
- Допты ұстау кезінде орнықты тепе - теңдікті сақтаған қалыпта және кез - келген еркін қозғалатындай ыңғайда болуы керек;
- Допты екі қолмен ұстау кезінде қолды алға созып, алақанда ұшып келе жатқан допты қарсы бағыттау керек.

5. Үйретілген әдістер бойынша жаттығу ойыны.
Баскетбол ойыны 5*5

Сапқа тұрғызу. Денені қалыпқа келтіретін саптағы ойындар. 27 - 30 мин
Допты бір орында тұрып ұстап беру, кеудеден беру қашықтығын арттыру үшін алға қосымша қадам жасау керек.

Шеңбер немесе екі қатарда әр оқушыға кезекпен доп лақтыру.

Білезікті бос ұста, допты шеңгелдей ұстаған саусақтар оның ұшу бағытын және жылдамдығын өзгертуге көмек береді.
Кеуде аздап алға қарай еңкейген күйде болады.

Ереже бойынша ойын
Қорытынды бөлім
Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма. Спортзал ішінен саппен шығып кету. 5 мин

Кері қайту

Материал рейтингісі:

 

Спорттық сайыс-дода. 376182

Жарияланды 20-02-2013, 10:27 Категориясы: Дене шынықтыру 

Сайыстың тақырыбы: Спорттық сайыс - дода.
Сайыстың мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Керекті спорттық құрал - жабдықтар: доп, секіргіш, тығыз доп, барьер, шеңбер, арқан, қап т. б.
Сайыстың салтанатты түрде ашылуы.
Ән ұранның орындалуы.
Сайыс түрін хабарлау: 9 кезеңнен тұрады

Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің таныстыруы кәміл шықты.
Спорт пен жылдамдықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
(Әділ қазылар алқасымен таныстыру

І - кезең. Құрамалардың таныстыруы.
Қайталама жүгіріс (жүкпен). Бұйрық бойынша жүкпен жүгіріп отырып белгіленген жерге жетіп қайтып отыру.

ІІ - кезең. Допты алып жүгіру.
Әрбір құрама топтары бойынша допты еденге соғып, алып жүреді, белгіленген жерге жетіп, қайта допты алып келіп келесі топ мүшесіне береді.

ІІІ - кезең. Секіртпемен жүгіру.
Белгіленген жерден айналып, секіріп келіп екінші топ мүшесіне береді. Осылайша бәрі секіркп болғанша жалғастырады.
Алғашқы 3 сайыс қорытындысы, әділ - қазылар алқасында; хабарлау.
Шағын би көрінісі (қыздар тобы).

IV - кезең. Кенгуру.
Допты аяқтың қылтасына қысып алып, екі аяқпен алдыға секіріп, белгіленген жерді айнала, қайтарда допты қолға ұстап жүгіру.
V - кезең. Кедергілерден өтіп жүгіру.
Кедергіден жүгіріп өтіп, алға қарай сатыда домалап тұрып, жердегі шеңберді үстіден кигізіп жерге қою, қайтарда тура жүгіріп бару.

VI - кезең. Жұптасып шеңбермен жүгіру.
Әрбір топ мүшелері екіден (жұптасып) шеңбер ішінде адымдап жанымен жүгіреді келесі жұпқа шеңберді береді, олар ары қарай осылайша жүгіреді.
Сөз әділқазылар арқасында.
Құрамалардың ұпай сандарын 6 кезең бойынша айтып өту.

VII - кезең. Капитандар сайысы
Сурет салу гантель көтеру. Сұраққа жауап.
1. ХХХ жазғы олимпиада ойыны қай қалада өтті?
Лондон
2. Ең алғашқы Қазақстан қоржынына алтын медаль алып келген кім?
А. Винокуров
3. ХХХ жазғы олимпиада ойындарында Қазақстан қанша медаль алды?
13 медаль

VIII - кезең. Қаппен секіру.
Екі аяққа қапты киіп алып алға секіру.

IX - кезең. Арқан тартыс.
Екі құрама шығып ортадан арқан тартысады кім ұтады, келесі құрамамен шығады. Сайыс аяқталып ұпай сандары есептеледі. Спорттық биден көрініс.
Марапаттау рәсімі.

 

 

 

Спортты – біз сүйеміз

Жарияланды 3-05-2013, 09:37 Категориясы: Бала-бақша 

"Спортты – біз сүйеміз" Отбасылық жарыс.

Мақсаты: Балалар ата – аналарды спорттық ойындарды орындата отырып спортқа деген қызығушылықтарын арттыру – Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Ι Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті қонақтар ата – аналар, балалар бүгінгі "спортты біз сүйеміз" атты
Отбасылық жарысқа хош келдіңіздер.
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Денсаулығың мықты боларсың.

Назым: Денсаулық ол – күлдің,
Көңіл – күйің жадырай.
Денсаулық ол – жүруің,
Ешбір жерің ауырмай.

Нұрсұлтан: Денсаулық ол – шыныққан,
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол – тыныққан,
Жүйке тамыр жүйесі.

Асылым: Басты байлық – денсаулық,
Бабаң айтқан даналық.
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан, балақай.

Еркемай: Жақсы бала құлақ сап,
Айтқаныңды ұғады.
Төсегінен тұра сап,
Таза ауаға шығады.
Жақсы бала ол Анық,
Істемейді шалалық.
Тап – таза боп жуынып,
алады өзі таранып.

Асыланбек: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Ендеше жарысқа қатысатын балалармен ата – аналарды шақырамыз.
(әр отбасы орындарына келіп тұрады).

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!
Жарысымызды бастамас бұрын, әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. № 13 "бөбек" бала – бақшасының меңгерушісі-------
2. № 13 "бөбек" бала - бақшасының әдіскері-----------
3.
Спорттың жарысымыз 5 болдың жүйемен бағаланады. Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.

Ал енді құрметті сайыскерлер!
Сіздерге сәт сапар!
Жарысымызды бастаймыз.
1. "Барыс" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін".
2. "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан".
3. "Қайсар" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз шымыр сергек денеміз,
Өнер сүйер өренбіз".
4. "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Спорт деген өнерге,
Ат саламыз бәріміз".

1 – ші Жарысымыз "допты" мәреге жеткізу.
(ойынның шартымен таныстырып, көрсету).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

2 – ші Жарысымыз "баулинг" деп аталынады.
(ойынның шартымен таныстырып, көрсету).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

3 – ші Жарысымыз "кенгуру" деп аталады.
(ойынның шартын түсіндіру, доп екі аяқтың ортасына қысып секіріп келу).
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

4 – ші Жарысымыз "өрмелеу" деп аталады.
(ойынның шартын түсіндіру)
(әзіл қазылардың ұпайларын тыңдау).

5 – ші Жарысымыз "вилосипед" деп аталады.
(әр отбасы баласын велосипедке отырғызып кедергілерден мүдірмей өту).
(әділ қазылардың ұпайлары).

6 – ші Жарысымыз "кім жылдам" деп аталады. Әрбір топ өз баласымен құрсау ішінде кедергілерден жылдам өтіп келу.

ІІІ Қорытынды бөлім.
Жарысымыз мәре келіп жетті. Енді жеңімпаздарды анықтап марапаттау.
Сөз кезегі әділ қазыларға беріледі. Сонымен қатар жарысқа қатысқан балалармен ата – аналарына алғыс хат сыйлықтар табыс етіледі.
Құрметті қонақтар! келгендеріңізге көп – көп рахмет.

 

 

 

Табиғатты аялайық!

Жарияланды 25-06-2013, 18:30 Категориясы: Бала-бақша 

Мақсаты: Қоршаған орта, табиғат пен тіршілік арасындағы байланыс жайлы түсініктерін қалыптастыру, дүниетанымын кеңейту. Ойлау есте сақтау және зерделеуін дамыту, сөздерді анық айтуға машықтау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың әрбір заты мен мүшесін құрметтеуге, қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға үйрету. Сүйіспеншілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
Көрнекілік: бөлме гүлдері, гүл қопсытқыш, табиғаттың суреті.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ – жауап, әңгімелеу
Шаттық шеңбер:
Армысың қайырымды Жер - Ана,
Армысың, мөлдір таза су
Армысың шұғылалы Алтын - Күн
Армысың мейірімді Аспан - Ата
Т:- Біз қазір неге ұқсап тұрмыз?
Б: - Күнге
Т:- Иә балалар жер бетіндегі тіршілік атауының қайнар көзі – күн.
Ол бізге не үшін керек?
Б: Күн бізге жарық, жылу береді
Т: Бәріміз күнге қолымызды созайық!
Күннен не алдық?
Б: Жылу алдық
Т: Осы күннен алған жылуымызды бір - бірімізге таратайық
- Балалар жылдың қай мезгілі?
Б: Қыс
Т: Қыс айының соңғы күні, ертең көктем айының алғашқы күні басталады
Қыс айларында күн қандай болды?
Б: Қыс айында күн суық, аяз, боран және қар жауды
Т: Табиғат дегеніміз не?
Табиғат дегеніміз - бізді қоршаған орта, оған (аспан, су, ағаш, гүлдер, өсімдіктер, күн) жатады. Табиғат өздігінен, адамның қатысуынсыз жаралған табиғи заңдылық. Ол тірі және өлі табиғат болып екіге бөлінеді. Тірі табиғатқа – ағаш, гүл, шөп, т. б олар өздігінен өседі. Өлі табиғатқа су, тас, құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.
Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Біз оған ұқыптылықпен қарауымыз керек. Бау - бақшада және өсіп тұрған ағаштар мен гүлдерге қомқорлық жасау керек.
Күн, су, ауа, гүл, адам айтысы
Күн: Айша
Мен шуақты күнмін! Мен бәріне жылуымды, нұрымды, беремін. Егер мен болмасам табиғатта болмас еді. Сондықтан табиғатқа көрік беріп тұрған менмін!
Су: Арайлым:
Мен мөп - мөлдір, тап - таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам осындай сұлу табиғат болар ма еді? Табиғатқа көрік беріп тұрған менмін
Гүл: Данара
Мен әсем гүлмін! Егер мен болмасам жер үсті жайнайтын ба еді? Менің арқамда табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.
Ауа: Әділет
Мен таза ауамын! Табиғаттағы барлығы мен арқылы демалады Егер мен болмасам ешкім тіршілік ете алмас еді. Табиғатқа ең керекті менмін.
Адам: Темірлан
Мен дүниедегі ең күшті, ақылды адаммын. Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан да бұл өмірдің иесі де киесі де менмін.
- Дұрыс айтасыңдар!
Күн болмаса жарық жылуды қайдан аламыз.
Су болмаса өсімдіктерді, қалай суарамыз
Ауа болмаса қалай тыныс аламыз
Гүл болмаса табиғатымыз әдемі болмайды
Адам осы қоршаған ортадағы талдарға өсімдіктерге пайдасын тигізеді, күтіп баптайды.
Т: Қысқы гүлдер бағына саяхатқа шығамыз.
«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі»
Т: Балалар, бізге гүлдер не үшін керек?
Б: Бөлменің ауасын тазартады, біздердің көңіл - күйлерімізді көтеру үшін, біз гүлдерге қарап қуанамыз, әдемілік үшін қажет.
Т: Кейбір жәндіктердің де өмір сүруі гүлдерге байланысты. Гүлдер көп жақсылықтар сыйлайды. Егер де гүлдер жоқ болса не болар еді?
Б: Көңіл – күйіміз төмендейді адамдар қатал болады, жәндіктер жайылып кетуі мүмкін.
Топтық жұмыс:
- Қане балалар, гүлдерді аялау және қамқорлық көрсету мақсатында мына гүлді алайық. Бұл гүл шегір гүл (фиалка) деп аталады. Оның гүлінің түсі күлгін, жапырағы дөңгелек, түкті болып келеді. Жапырағы түкті болғандықтан біз оны сүрте алмаймыз. Біз оның жапырағын тазалау үшін суды бүркіп себеміз.
Т: Гүлдер өте нәзік, мейірімділікпен күтіп, баптау керек
Гүлдердің жылылығын, нәзіктігін, әдемілігін неге теңеуге болады?
Б: Анаға, күнге, әнге, қыздарға теңейді
Т; Гүлдің тамыры, сабағы, жапырағы, күлтесі болады.
Балалар енді біз енді мына гүлге қарайық?
Бұл гүлдің аты - фикус
Кәне бәріміз қосылып бірге атайықшы? Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Т: Гүлдің түсі қандай?
Б: Жасыл
Т: Ал, айта қойыңдаршы, жапырағы қандай?
Б; Гүлдің жапырағы үлкен, әрі жалпақ.
Т: Гүлдің түбін қалай қопсытып, қалай су құю керектігін түсіндіреді
Балалар гүлге су құяды. Балалар гүлдің топырағын қопсытуға, су құюға, жапырағының шаңын сүртуге қатыстырып көрсету.
Су ішпесе, шаңы сүртіліп, тазаланбаса гүліміз қурап қалады
Сендердің аналарың өздеріңді қалай баптап қараса, гүлді де солай күтіп қарау керек
Көрдіңдер ме, балалар, гүлді баптап күтсек, олардың жапырақтары көбейіп, үлкен болып өседі. Гүлдерге ауа, су. Күн қаншалықты қажет болса, күтім де соншалықты қажет.
Т; Енді гүлді қалай отырғызу керектігін үйренеміз. Барлығымыз мұқият қарап отырыңдар. Бөлме гүлін отырғызамыз
Құнарлы қара топырақ толтырылған гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің құтысын алып, ортасын кішкене тереңірек етіп қазып гүлдің көшетін тамырын үзіп алмай кішкене шұңқырға саламыз
Түбіне су құямыз
Түбін жақсылап топырақпен нығыздап басамыз, үстіне тағы су құямыз
Міне, гүлімізді отырғыздық гүліміз әдемі болып өсу үшін тағы су құямыз
«Табиғатты аялайық» ойыны
Әр бала табиғат түрлерін плакатқа жапсырып, табиғат көрінісін бейнелейтін тиым сөздер айту
Гүлді жұлуға болмайды, гүлді аялау керек.
Ағашты кесуге болмайды, ол бізге таза ауа береді
Суды ластауға болмайды, сусыз өмір жоқ
Күнімізді бұлт баспасын
Көбелекті өлтірмеңдер, ол - әдемілік белгісі
Құсты атуға болмайды, құс адамның досы
Жасыл шөпті жұлуға болмайды, ол жерімізге көрік беріп тұрады
Аңдарды қорғауымыз керек, ол біздің байлығымыз
Асқар тауларымыз биік болсын

Т: Адамдардың табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ.
- Кәне, балалар барлығымыз қонақтармен қоштасайық.
Кәне барлығымыз тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Көріскенше күн жақсы,
Сау - саламат болайық
Сау болыңыздар!

 

 

 

Су - тіршілік көзі

Жарияланды 14-02-2014, 20:24 Категориясы: Бала-бақша 

Тақырыбы: Су - тіршілік көзі
Мақсаты: судың табиғат пен адам өмірінде алатын орнымен таныстыру. Тірі табиғат пен әлі табмғат арасындағы байланысты түсіндіру. Табиғаттағы суды қалай қорғау керек екеніне көз жеткізе отырып, ой - өрісін, дүние танымын кеңейту. Табиғатқа деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын арттыра отырып, табиғаттың әдемі сұлулығын көре білуге және оған қамқор болуға тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Тәжірибе жасау, көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ - жауап, шаттық шеңбер, жұмбақ шешу.

Шаттық шеңбері: Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті боламыз.
Армысың алтын күн!
Армысың Жер - Ана!

Тәрбиеші: - Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырайын.
«Жиып - теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?»
Балалар: - Күз мезгілі.
Тәрбиеші: - Иә, қазір күз мезгілі, күзде табиғат қандай болады?
Балалар: Күн салқындап, айнала сары түске еніп, егін, жеміс - жидек, көкөністер піседі. Табиғат ерекше күйде болады.
Тәрбиеші: - Табиғат дегеніміз не?
Балалар:- Табиғат дегеніміз бізді қоршаған орта.
Тәрбиеші: - Табиғат қандай болады?
Балалар: - Тірі табиғат және өлі табиғат.
Тәрбиеші: - Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?
Балалар: Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер, ал өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.
Тәрбиеші: - Балалар жақсылап ойланып тыңдаңдар.

1. «Еш тесікте тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайды.»
2. «Ойдым жерде жатады
Күн суытса қатады.
Аспанға да ұшады
Жерге де сіңіп батады»

 

 

 

 

Шынықсан шымыр боласын (эстафеталық жарыс)

Жарияланды 10-04-2014, 02:14 Категориясы: Бала-бақша 

Эстафеталық жарыс Шынықсаң шымыр боласын
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Шынықсаң шымыр боласын» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.

Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады: 1 - этап «Кім жылдам?»
Шарты: Доппен секіріп, жылдам келу.
2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу
3 - этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шеңбер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып кел
еді5 - этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз

 

 

 

 

 

Шынығамыз, шыңдаламыз!

Жарияланды 24-04-2014, 16:24 Категориясы: Бала-бақша 

Мақсаты: Бірінің артынан бірі сап түзеп жүріп келе жатып жүру, секіру, жүгіру түрлерін орындай білуге үйретуді жалғастыру. Жаттығулардың жасалу техникасын түсіндіре отырып, берілген жан - жақты дамытатын жаттығуларды, негізгі қимылды сапалы, дәлме - дәл орындай білуге, орындау кезінде денені әрқашанда түзу ұстап, сергек те жинақы, белсенді бола білуге үйрету.

Дене бітімінің дұрыс дамып қалыптасуына назар аудара отырып, жаттығуларды дұрыс орындау дағдысын қалыптастыру, қимыл үйлесімділігін сезіне білуін дамыту, жаттығу кезінде денені түзу, тік ұстай білуге дағдыландыру. Қол, иық, аяқ, табан, бұлшық еттерін жетілдіру.
Берілген тапсырманы ынтамен тыңдай білуге тәрбиелеу, тиянақтылыққа, жинақылыққа, шыдамдылық, ұстамдылық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Қажетті құрал - жабдықтар: Доп, екі түсті жалаушалар, арқандар, құрсаулар
Әдіс - тәсілі: көрсете отырып түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мадақтау
Ойындар: Қимылды ойын: «Өз жұбыңды тап», Аз қимылды ойын: «Жер, су, ауа.
Балалар сап түзеп әуен ырғағымен залды айнала жүреді, түзу қолды жанынан жоғары көтеріп жүру; шапалақтау, түсіру; қолды артқа сермеу, алға, артқа айналдыру; қолды белге қойып аяқ ұшымен жүру; қолды желкеге қойып өкшемен жүру; қолды белге қойып тізені бүгіп жүру; теріс қарап жүру;

Секіру: қолды белге қойып бір жанымен секіру; оң және сол аяқты кезек көтеріп билеп секіру;
Жүгіру: қолды кеуде тұсқа ұстап жәй жүгіру; аяқты артқа лақтырып жүгіру; тізені көтеріп жүгіру; жәй жүгіру; жүру; жүріп келе жатып арқанды алу;
Бір қатардан 4 қатарға бөлініп тұру, жан - жақты дамытатын жаттығулар:
1. Қалыпты жағдай, аяқ бірге арқан төменде
1 - басты оңға ию, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға ию, 4 - қалыпты жағдай;
1 - басты оңға бұру, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға бұру, 4 - қалыпты жағдай;
1 - жоғарыға қарау, 2 - қалыпты жағдай, 3 - төменге қарау, 4 - қалыпты жағдай;
2 рет қайталау

2. Қалыпты жағдай, аяқ бірге, арқан төменде
1 - арқанды алға ұстау, 2 - жоғарыға көтеру, 3 - алға, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

3. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ, арқан жоғарыда
1 - оң жаққа иілу, 2 - қалыпты жағдай, 3 - сол жаққа иілу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

4. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ арқанды алға ұстау
1 - арқанмен бірге оңға бұрылу, 2 - қалыпты жағдай, 3 - солға бұрылу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

5. Қалыпты жағдай, аяқ алшақ, арқан жоғарыда
1 - тізені бүкпей арқанды жерге қою, 2 - қол белде, аяқ алшақ тұру, 3 - тізені бүкпей арқанды алу, 4 - қалыпты жағдай
4 рет қайталау

6. Қалыпты жағдай, арқанды жерге дөңгелек формасында орналастыру, оң жағына қарай жүрелей отыру, тізені қолмен ұстау
Дөңгелек формадағы арқанды тізені ұстаған күйі жүрелей жүріп 2 - рет айналу, 2 - рет арқанды айналып жүру
2 рет қайталау
7. Қалыпты жағдай, арқан төменде, аяқ бірге 1, 3 - арқанды жоғары көтеріп, бір мезгілді аяқты алшақ қою, 2, 4 - қалыпты жағдай
Жүрумен алмастыра 8 - 10 рет секіру
4 қатардан 1 қатарға түсіп жүру, арқанды тапсыру
Тізбектеле тұрып, 1 - 2 саналып екі топқа бөліну
Екі топ кезектесіп, екі негізгі қимылды орындайды
Негізгі қимылдар: Басына құм салынған қалташаны қойып, арқан үстімен табанды түгел тигізе отырып тепе - теңдік сақтап жүру
Доға астымен жерді ұстамай бір қырындап өту
Ойындар:
1. «Өз жұбыңды тап»
Ойын шарты: Балаларға екі түсті жалауша таратылады, әр бала бір жалаушадан, музыка ойналады, балалар алаңда жүгіреді, музыка тоқтап қалғанда бір түсті жалаушалары бар балалар жұптасып тұра қалады, жеке жұпсыз қалған балаға қарап ойыншылар:
Перизат, Перизат
Аузыңды ашып құр қалма
Серігіңді тез таңда, - дейді
Ескерту: Жүгірген кезде балалар жалаушаларды жоғары ұстауы тиіс. Бірінші жұп қайталанбауы керек.

2. «Жер, су, ауа»
Ойын шарты: Дөңгелене тұрған балаларға бастаушы допты лақтырып жіберіп,»жер» десе жануардың, жәндіктердің атын атауы керек, «су» десе балық, «ауа» десе құс атын атауы керек. Жауаптан шатасқан бала айыбын өтейді.
Ескерту: допты ұстап кідіртуге болмайды, жауабын айтып қайта тез лақтыруы шарт.
Қорытынды.
Ойыннан соң балалар сап түзеп залдан шығад

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Денсаулық-басты байлық” ( Отбасылық спорттық мереке ) Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, дені сау, рухы таза ұрпақ тәрбилеу. Қажетті құралдар: Ат, доға, су, тырна бейнесі, шығыршық, қаптар, жіптер, жіпке ілінген балықтар, себеттер, бас киім, шәркей, доптар. Жүргізуші: Қадірменді ата-аналар, балалар, балабақша қызметкерлері! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай,“Салауатты өмір салтын” үстау қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, парасатты, мәдениетті,дені сау азамат өсіру отбасының,балабақшаның жалпы халықтың қасиетті борышы екені баршамызға аян. Балабақшамыздың да негізі мақсаты болашақта жас ұрпақты халқына қалаулы, ата-ананың мақтанышы, дені сау,сымбатты, шыныққан адамгершілігі мол азамат етіп өсіріп тәрбиелеу. Соның бір шарасы “Денсаулық-басты байлық” атты отбасылық сауықтыру сайысына кош келдініздер. Бүгінгі сайысқа “Балбөбек”,”Айгөлек” тобы ата-аналары қатысқалы отыр. Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қол шапалақтап,ортаға шақыралық. “Балбөбек” тобы : Ұраны: Біріміз бәріміз үшін, Бәріміз біріміз үшін, “Айгөлек” тобы: Ұраны:Намысты қолдан бермейміз, бермейміз. Жүргізуші: Бала өсірген ата-ана, Бала болып ойнайды, Бала тәрбиелеген тәрбиеші, Бала болып ойлайды- деп сайысмызды бастауға рұқсат етіңіздер. Жүргізуші: Ат өнері білінбес, Бәйгеге түсіп жарыспай. Ер өнері білінбес, Қоян-қолтық алыспай. “Ат жарысқа” кезек берелік. Шарты: Әр топтан әкесі атқа мініп шауып өзеннен жүзіп өтіп,тау басында тұрған ананы үңгір астынан өткізіп, алып шығып,өзеннен бірге жүзіп кері мінгесіп келеді. Жүргізуші: Қалма жүрттың соңында, Қажет болса мың атта. Аздық етер оныңда, Жету үшін мұратқа. “Тез адымда” сайысы. Шарты: Бас пен аяқ киім киіп , (ыңғайсыз) себеттен - себеттке доптар тасу. Жүргізуші: Кімдер жүйрік,өнерпаз білеиікші. Ептісі деп сайыстың жүрейікші. “Кім епті” сайысы . Шарты: А) Үңгір астынан өту. Ә) Жіппен секіру. Б) Қап киіп, қос аяқпен секіру. Жүргізуші: Топ болып біз жүрейік, Ойнайықта күлейік. Достық деген тамаша, Міне тұрмыз жараса! “Балық аулау” сайысы. Шарты: Бастарына тырна бейнесі бар бас киім киіп,шығыршыққа ілінген балықтарды жылдам себетке тасып салу. Жүргізуші: Жарқын,шаттық заман болсын, Отбасымыз аман болсын. Сыйластық пен бірлік болып, Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).
Источник: http://asyl-bilim.kz/load/balaba_sha/balaba_shada_y_ojyndar/densauly_basty_bajly/63-1-0-869

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Іс - шара "Астана - арман қала""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

     «Балапан» және  «Еркем-ай» тобын біріктіріп Астана күніне орай  «Астана-арман қала» атты ертеңгілік өткізілді. Бұл ертеңгілік  балабақша тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді. Балаларға Астана қаласы туралы әңгімелеп, слайд көрсетіліп,қаламыз шапшаң қарқында дамып келе жатқаны туралы айтылды. Балаларда өз ықыластарын танытып,Астанаға арнаған өлең шумақтарын тарту етти.

«Балапан» тобында: Мұрагер,Елшат,Ұлан,Әли,Аян өлең шумақтарын айтса, «Еркем-ай» тобында Досжан,Ақниет  өз өлең шумақтарын арнады.Барлығы бірге көңілді «Әрқашан күн сөнбесін» әнін шырқады.Қойылған жұмбақтың жауабын шешіп, «Шаңырақ»ойынына қатысып белсенділік танытты. Ертеңгілік арасында  Елшат Қуанышкерейқызы «Астана» әнін шырқады.Астананың туған күніне арналған іс-шара «Қара жорға» биімен аяқталды. Осы шараны жүргізген мен Жүмагүл Шүкірғалиқызы тәрбиешілердің ойынан шығып, мақсатыма жеттім деп ойлаймын.

  Анықтама беруші:                                

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 367 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.05.2015 12004
    • DOCX 386.5 кбайт
    • 48 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенова Жумагуль Шукиргалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 38299
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении академическому вокалу

Преподаватель академического вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания музыки в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 907 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на фортепиано

Преподаватель игры на фортепиано

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 297 человек

Мини-курс

Современные инструменты инвестирования и управления затратами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая зрелость и стрессоустойчивость: основы развития личности и поддержки

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 217 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 68 человек