Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Рабочие программы / Сабақ жоспар дүниетану пәні 4 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Сабақ жоспар дүниетану пәні 4 сынып

библиотека
материалов



І санатқа біліктілікті көтеру барысында өткізілген ашық сабақ жоспары







Өтілген күн:11.02.2013

Пән: дүниетану

Тақырыбы: «Отбасы берекесі»

Орны: №2 жалпы білім беру мектебі

Сыныбы: 3 «а»

Сынып жетекшісі:

Наурызбаева Әлия Ертаевна

Сабақ өткізген №1 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Аққожина Әсемгүл Бақытқызы



















Сабақтың тақырыбы: Отбасы берекесі.

Сабақтың мақсаты: Отбасының адам өмірінде алатын орны. Ондағы татулық. Баланың осы отбасындағы қарым-қатынасы туралы ұғымдарын көбейту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

  • Өз бетінше жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.Сөздік қорларын,ойлау қабілеттерін дамыту

  • Әке, шеше, ата, әже, тегі туралы ұғымдарын кеңейту -отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым- қатынасқа үйрету -туыстарына , жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,суреттер,санды сөзжұмбақ,бағалау жұлдызшалары,ребус.

Сабақтың әдісі: Ойындар, сұрақ-жауап, топтастыру, Венн диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі, қазақ тілі, математика.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру:

«Шаттық шеңбер» балалар бір-біріне жүрекшені бере отырып жақсы тілектер тілейді.

-Балалар, қазір біз бір-бірімізге мына жүрекшені бере отыырып жақсы тілектер тілеп алайық.

2. Үй тапсырмасын сұрау

- Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы бекітемін.

«Сиқырлы ұяшықтар» 9-ұяшық болады. Ұяшықтарда сұрақтар жазылады,балалар өздері таңдаған сандағы сұрақтарға жауап береді.

-Балалар, бүгінгі сабақта саяхатқа шыққыларын келеме? Олай болса Астана қаласына қыдырып,тамаша жерлеріне саяхат жасап,өз туған жерімізге қайтып оралайық.Астана қаласың аралау үшін Қазақстан темір жолына барып,тапсырмаларын орындай отырып,қаланың сызбасымен танысайық.

1слайд 42 қабатты «Қазақстар темір жолы»

10-Өрмекшілер қандай болады?

20-Қарақұрт қайда болады?Адамға несімен қауіпті?

30-Орман кенесі немен қауіпті?

40-Жауынқұрт қалай тіршілік етеді?

50-Ұлу жайлы не білесің?

60-Қорек тізбесі деген не?

70-Неге жануарлар жер бетінен жойылып кетеді?

80-Улы жәндіктер туралы не айтар едіндер?

90-«Қызыл кітап» жайлы не білесің?

10

60

40

90

20

80

50

70

30

Жаңа сабақ.

2слайд «Думан» ойын-саулық орталығы

Ребус шешу:

-Балалар, бүгінгі сабақта «Отбасы берекесі» деген тақырыппен танысамыз.

-Балалар,дәптерімізді ашып ай,күнді,бүгінгі тақырыпты жазайық.

-Балалар,қалай «отбасы берекесі»-деген сөзді қалай түсінесіңдер?

-Өте жақсы.Отбасы берекесі дегеніміз бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру.

hello_html_m67c49307.png

Негізгі бөлім:

3слайд «Қазірет Сұлтан» мешіті

-Балалар бұл мешіт мұсалман елдеріндегі ең үлкен мешіттердің бірі. Бұл мешітке сыйымдылығы он мың адам.

-Балалар, сендер мешітке барып көрдіндер ме?

Мұсылман халқы қай күні мешітке барады?

-Жұма күні,дұрыс айтасыңдар.

-Мешітке қалай киініп бару керек?

Мешітке бара алдында адам жуынып тазаланып,жақсы ниетпен,тілекпен баруы керек.

Отбасын ер адам мен әйел адам бір-бірінің келісімі арқылы отбасын құрады. Олар тең құқықтары негізінде мешітке барып некелерін қияды.Сол күннен бастап бір отбасы болады.Сендер сияқты кішкентай балалар отбасында өмірге келеді. Оларды ата-ана бірге өсіріп,тәрбиелейді.

Сергіту сәті:

4слайд «Ақ орда» оқулықпен жұмыс.

-Балалар,сендердің оқулықтарында Ата Заңымызда айтылған отбасы туралы айтқан баб жазылып көрсетілген,сол жерді кім тауып оқып береді?

-Өте жақсы,балалар.

-Қазақстан Республикасы Конституциясының 27-бабында: «Неке мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында болады» деп айтылған. Балалар,кәне шаршаған шығарсындар,демалып алайық.

«Санды сөзжұмбақ».

-Балалар кәне санды сөзжұмбақ шешіп көрейік.

hello_html_7025af42.png

Жауабы: «қоғам»

- Балалар қандай сөз шықты?

-Қоғам деген сөз шықты. Қоғам дегенде көз алдарыңа нелер келеді?

-Еліміз, жеріміз, халқымыз, және сол елдің басшысы болады. Ол өз халқына өмір сүру үшін жағдай жасайды. Сол сияқты отбасын да шағын қоғам дейді.

5слайд «Хан шатыр» ойын-саулық орталығы

-Балалар қарап отырсақ ойын - саулық орталығы болғандықтан адамдар демалыс уақытында отбасымен келіп демалатын орындардың бірі. Жоғарыда айтқандай халық көп жиналғандықтан қоғам деп те айтуға болады.

Вен диаграммасы: Салыстыру.

-Балалар қоғам дегеніміз «Отан және отбасы».Ал сендер қалай ойлайсындар Отан мен отбасының айырмашылығы неде?

(балалар өз ойларын айтады)


hello_html_m16de2528.gifhello_html_356ba0c4.gifhello_html_m3ef13d0.gif






-Балалар, ата-анаға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге мемлекет жәрдемдеседі.Мемлекет тарапынан әр балаға жәрдем ақша төленеді. Мысалы сендер балабақшаға,мектепке, мектепті аяқтағаннан соң колледжге немесе институтқа оқуға түсесіңдер.Мұнын бәрі мемлекет тарапынан қарастырылған. Сендер жоғары оқу орнын бітіріп,мамандық иесі атанасыңдар.Сол кезде сендерде қоғамға қызмет етулерін керек.

Сергіту сәті:

Шығармашылық тапсырма:

«Аға болсаң ақыл айт!» Бір үйде әкесі баласымен және атасы немересімен отыр.Осы үйде неше жан отыр?

Жауабы: 3 жан әкесі- баласы –немересі.

6слайд «Алау» спорт кешені

  • Алау спорт кешені Астана қаласындағы керемет жерлердің бірі. Бұл жерде еліміздің әлемге әйгілі еткен спортшы ағаларымыз,сол сияқты әліде атын шығарамыз деген спортшы азаматтарымыз дайындалады.

Балалар,мен сендерге мақал-мәтелдердің басын бастаймын, ал сендер қол көтеріп мақал-мәтелдің жалғасын айтуларын керек.

Жалғасын тап ойыны: (мақал-мәтелді аяқтауларын керек)

1. Ата - бәйтерек,

.............. . (Бала - жапырақ)

2. Ағаны көріп іні өсер,

.............. . (Апаны көріп сіңілі өсер)

3. Аталы бала ақылды,

............ .............. . (Әжелі бала еркетай)

  1. Әке көрген оқ жонар,

............ .................. .............. . (Шеше көрген тон пішер)

  1. Отан - елдің анасы,

............ .................. .............. . (Ел - ердің анасы)

7слайд «Бәйтерек»

-Балалар,сонымен бүгінгі сабақтың биік шыңына да жеттік.

Астана қаласының жеті керемет жерлерін аралап шықтық.Ал,балалар айтындаршы отбасында жеті санына сай нені атауға болады?

-Жеті ата.

-Балалар, жеті атаны атап шығайықшы.

Ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене.

-Өте жақсы.Ал кім өзінің жеті атасын атап бере алады?

-Тамаша.Қазақ халқында «Жеті атасын білмеген-жетімдіктің белгісі»-деген мақал-мәтел текке айтылмаған.Әр азамат өз жеті атасын білген жөн.Ал егер араларында білмейтін оқушы болса,келесі сабаққа ата-аналарынан сұрастырып келіндер.

Дәптермен жұмыс:(плакат)

Жеке дара жұмыс

5 жол өлең құрастыру:

1 Зат есім: отбасы.

2 Етістік: көмектеседі,сыйлайды,тәрбиелейді.

3 Сын есім: тату-тәтті,үлкен.

4 Сөз тіркесінен сөйлем құрау: Ата-ана,бала бір отбасы.

5 Синоним:қоғам

Қорытынды. Кім тапқыр? (карточкамен жұмыс).

4


1

6



2

7

Кім

тапқыр?




3

5

8





-Карточкалардың көрінбейтін жағында тақырыпқа байланысты бекіту сұрақтары болады. Балалар карточканы ашып жауап береді.

- Отбасы мүшелерін ата

- Отбасы қандай болу керек?

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының нешінші бабында отбасы жайында айтылға?

  • Отбасында қандай мерекелер аталады?

  • «Үлкенге қамқоршы бол» дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Отбасы мүшелері бір – бірімен қандай қарым – қатынас жасайды?

  • Озінің отбасына қандай көмек бересін?

Үйге тапсырма: Эссе жазу.(карточкалар)

-Балалар сендерге үйге 5 тапсырма бергелі отырмын.

*Егер сол тапсырмалардың түгелін орындап келсендер 5 деген баға аласындар.

*Егер сол тапсырманын 50 пайызын орындап келсендер жәнеде мазмұнына қараймын.Бұл жағдайда 4 немесе 3 бағасын аласындар.

*Ал,1 дайындаған жағдайда әрине 3 бағасын аласындар.

1 тапсырма: «Болашақ мамандығы» эссе жазу.

2 тапсырма: «Менің отбасым» әңгіме жазу.

3тапсырма: «Менің сыныбым» шағын шығарма жазу.

4 тапсырма: Жеті атаны жазып және жатттау.

5 тапсырма: Отбасы жайында мақал-мәтелдер жаттау.

Бағалау:Балалар алдарындағы алған жұлдызшаларды,тік бұрыштарды,үшбұрыштарды әр қайсысын бөлек қойып санап шығандар.Қай математикалық фигураны көп жинадыңдар,сол фигура бүгінгі сабақта алған жетістіктерін. Ал баға алмаған оқушылар сендер үйге берілген тапсырмаларды орындап келесі сабақта баға алуға тырысындар.

Краткое описание документа:

Отбасының адам өмірінде алатын орны. Ондағы татулық. Баланың осы отбасындағы қарым-қатынасы туралы ұғымдарын көбейту. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін арттыру.

-         Өз бетінше жұмыс істеуге бағыт-бағдар беру.Сөздік қорларын,ойлау қабілеттерін дамыту

 

-         Әке, шеше, ата, әже, тегі туралы ұғымдарын кеңейту -отбасындағы сыйластық, ынтымақ, бірлік сияқты қарым- қатынасқа үйрету -туыстарына , жақындарына сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. Сабақта Астана қаласының жеті керемет жерлеріне саяхат жасалды.Отбасы туралы мақал-мәтелдер айтылды. Балаларлың жеті аталары сұрастырылды.

Автор
Дата добавления 31.01.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Рабочие программы
Просмотров642
Номер материала 353030
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх