Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақтан тыс мерекелік шара «Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»

Сабақтан тыс мерекелік шара «Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»

Скачать материал

Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі

Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі

 

логотип 000005

                                              

«Бекітемін»

                                                                     Тәрбие ісі жұмысы бойынша

                                                           директордың орынбасары:

                                                            ___________Сабирова Қ.М

 

 

 

МЕРЕКЕЛІК ШАРА

«Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»

 

 

 

 

 

 

                                                Өткізген құқықтық пәндер оқытушылары:

Айтқалиева Ж.А., Төлеуғалиева З.Б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қ.-2015

«Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»

атты мерекелік шара

 

Мерекелік шараның мақсаты:Студенттерді «Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!» атты мерекелік шара арқылы білектің күшімен, найзаның ұшымен келген тәуелсіздігімізді қадірлеп, арқашан есте сақтау және бағалау. Әрбір студенттің елге деген патриоттық сезімін ояту.Мерекелік кеш арқылы құқықтық және әлеуметтік пәндер бірлестігі апталығын қорытындылау.

 

Мерекелік шараның көрнекілігі:  Ұлттық киімдер, видео-ролик, слайдтар.

 

Кіріспе:«Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!» аттымерекелік шара жүргізушілердің сөзімен басталды:

1жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер!Егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!Бүгінгі «Тәуелсіздік-қазағымның арманы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2жүргізуші:Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.

Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

         Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

         Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан

         Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

 

Негізгі бөлім:

1.     Әнұран.

2.     Жүргізушілердің сөздері.

3.     Видеоролик.

4.     Күй.

5.     Гитараның сүйемелімен ән «Отан-ана!»

6.     Сән үлгісі (қолөнер туындысы).

7.     Билер:вальс, ұлттық билер, флешмоб..

8.     Монолог (төл туынды).

9.     КВТ

10. Патриоттық әндер.

 

Қорытынды:

Мерекелік кеш қонақтарына сөз берілді.

 

 

 

 

 

1жүргізуші:Армысыздар құрметті ұстаздар мен студенттер!Егемен еліміздің еңұлық, ең қастерлі мерекесі – Тәуелсіздік күні. Тәуелсіздіктің тал бесігінде тербелген ардақты ағайындар, мереке құтты болсын!Бүгінгі « Тәуелсіздік-қазағымның арманы »атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!

2жүргізуші:Биыл  еліміздің сан мың жылдар бойы армандаған тәуелсіздік алғанымызға 24 жыл толып отыр.

Қалса да қайда көлің, қайда жерің,

            Қасқайып хақ жолынан таймап едің.

            Айрылып күндіз – күлкі,түнде – ұйқыдан

            Күткенің осы еді ғой, қайран елім!

Видеоролик

1жүргізуші:Еліміздің тәуелсіздік шежіресіне бір тоқталып өтсек:.

 -1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады.

 -1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Жоғарғы кеңесі мемлекеттік рәміздері қабылданды.Қазан айында тұңғыш ғарышкер Т.Әубәкіров ғарышқа самғады.

 -1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді, ол өмірдегі елеулі жаңалық, айтулы оқиға болды.

 - 1995 жылы 30 - тамызда Ата заң қабылданды. Заң 2001 жылдың 5 қыркүйегінде күшіне енді. Сөйтіп, жаңа Конституциямен еліміздің жаңа тарихы бастау алды.

 - Ия, достар, алғаш рет 1 - желтоқсан Президент күні деп жарияланды.

2-жүргізуші:Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті..

Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Вальс

2 жүргізуші:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар

Таныды тепе - тең деп тереземді.

Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

Бүгін атырау мен алтай арасындағы бүкіл қазақ  даласы күй тартып  жатыр.Ендеше халқымызыдың осы бір асыл да қымбатты мұрасына кезек берсек.

Күй:Мұса Дәулет

2жүргізуші:Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 12 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.Бүгінгі мерекелік кешімізді әнмен жалғастырсақ.

Ән гитараның сүйемелдеуімен: Ғизат пен Алкен.

1-жүргізуші:Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі,  қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. 

Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады.

2-жүргізуші:

Арайланып тәуелсіздік таңы атқан,

Шаттан халқым,жігерлен де, қанаттан.

Егеменді елдігімнің ертеңін,

Шын ғұмырлы ете көргей жаратқан!!!

Жасасын Тәуелсіздік,

Жасасын Қазақстан!

Монолог:Райхангүл(өз шығармасы)

1-жүргізуші:Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді.Тәуелсіз ел тарихы – отаншылдықтың, ерліктің, елдіктің не екенін дәлелдейтін тамыры терең тарих. Ежелден қазақтың ең асыл мұраты еңселі ел болу еді. Елім деп еңіреген ақындарымыз « Егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деп жырлайтын еді.

2 жүргізуші:Арғы замандарды айтпағанның өзінде, тек кейінгі екі ғасырдың ішінде халқымыздың өз бостандығы жолында екі жүзден астам ұлт-азаттық көтерілістерге шыққаны – осының дәлелі. Мұнан 20 жыл бұрын қазақ жерінде атқан тәуелсіздік таңы – Алтай мен Атыраудың арасын алып жатқан даланың мына дарқан төсін қанымен, терімен суарған ата-бабаларымыздың қасиетті күресінің заңды жемісі, нақты нәтижесі дейміз. ХХІ ғасырға тәуелсіз мемлекет болып аяқ басты. Біздің Отанымыз Егемен және Тәуелсіз Қазақстан.

КВН: 9ю22

2-жүргізуші:Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті мойындады. Иран — Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мұсылман мемлекеті болатын.

1-жүргізуші:1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.

2-жүргізуші:Иә, бұл мереке – ұлық мереке, шын мәніндегі ұлы мереке.      Бабалардың талай ғасыр аңсаған арманына біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұдан артық қуаныш бар ма! Адамның ең басты бақыты – Тәуелсіздік. Ұлттың да басты бақыты – осы. Ендеше, барша қазақ бақыты үшін   десек те қателеспейміз. Біз биыл бұл мерекені 24-шы рет тойлағалы отырмыз.Азаттық ұраннын ұрпағына ұлағат еткен бабалар үрдісінің жалғасы, тарих атты қарт шежіренің қойнауына алтын әріптермен жазылған күн, егемен еліміздің ең ұлық, ең қастерлі мерекесі- Тәуелсіздік құтты болсын!

Сән үлгісі:9ю22,11ю12 (өз туындылары)

1-жүргізуші: Биылғы жыл мерекеге толы жыл болып есептеледі.2015 жылдың тағы бір айтулы оқиғаларының бірі-Ассамблеяның 20 жылдығы.1995 жылы ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблиясы құрылды. Бұл – ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көргенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көп ұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.

2-жүргізуші:Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа Тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын да алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын. Тарих қойнауында алтын әріптермен таңбаланған аталмыш форум жұмысында Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. Осыған орай, 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан

- Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын.

Ассамблея-ұлт өкілдерінің билері

1жүргізуші:20 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді. Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-біріне төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады.

2 жүргізуші:Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Осыған байланысты бұл ұйым мемлекетімізді мекендейтін этнос өкілдерін бірлікке шақырып, елдегі демократияның қалыптасуына да тікелей атсалысуда. Ел Президентінің бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады.

Флешмоб: 9ю-32 тобы

1-жүргізуші: Елбасының сол жылдары жасаған қадамы өз жемісін беріп, жұртшылықты жетістікке бастады, ең бастысы - Ассамблея татулық пен тыныштықтың тірегіне айналды. Осындай киелі құбылысты нығайта түсу мақсатында биылғы 2015 жыл - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған болатын. Сондықтан да, табалдырықтан аттағаннан бастап Қой жылында елдің түкпір-түкпірінде осынау мерейтойға арналған шаралар бастау алса, бүгін ресми түрде Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ашылып отыр. 

2 жүргізуші:Осындай айтулы шараға орай өз құттықтауын жолдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ассамблея Жылы - барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі, барлық 17 млн қазақстандықтың iсi» екенін алға тартады. «Ассамблея Жылы бiздiң орасан нақты iстер мен жаңа жетiстiктердiң жылы болады. Ассамблея жылы Конституциямыздың 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңiстiң 70 жылдығы секiлдi маңызды оқиғаларға бай. Биылғы жыл тарихи тағдыры ортақ халық бiрлiгiнiң жарқын көрiнiсiне айналуы тиіс. Қазақстан - бiр ел, бiр халық, бiр болашақ. Сондықтан Ассамблея Жылының басты идеясы - «Менiң елiм - мәңгiлiк ел!», - дейді Мемлекет басшысы Н. Назарбаев өз құттықтауында.

Испан биі: 9ю22

1-жүргізуші:Еліміздің тұрақтылығы мен татулығына, бейбітшілігі мен бірлігіне қызмет ететін Ассамблея сияқты айрықша институтқа бір жылымызды арнау құптарлық қана емес, қуанарлық та іс. Тіпті бұл жыл дәл осы тұрғыдан алғанда тарихи жылға айналуы да әбден кәдік. Өйткені, қанша дегенмен табыстың, тұтастықтың кілті - бірлікте. Сондықтан да, Ассамблея жылының - Ел бірлігі жылы ретінде есте қалатындай өткізуге жұмыла алсақ игі.

2 жүргізуші:Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!

Ән:Душакаева Көркем,Бақытжанова Малика

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»

аттымерекелік шараның

ФОТОСУРЕТТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтан тыс мерекелік шара «Тәуелсіздік-қазағымның сан ғасырлық арманы!»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер по платежным услугам

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 581 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2017 822
    • DOCX 3.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айткалиева Жаннур Алтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айткалиева Жаннур Алтаевна
    Айткалиева Жаннур Алтаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58222
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой