Инфоурок Другое СтатьиСабақтың тақырыбы: Тіл дамыту, Кім болғым келеді?

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту, Кім болғым келеді?

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту, Кім болғым келеді?

 

 

Дәйексөз:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

                                       (Абай)

Педагогикалық ұстанымым:

«Әр сабақ өмірге сабақ болсын»

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Мамандыққа байланысты мәтін арқылы оқушылардың лексикалық қорын байыту. Әңгімелеу арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізу. Грамматикадан алған білімдерін тексеру.

2.     Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.

3.     Тәрбиелік: Әр түрлі мамандық иелеріне деген құрмет сезімдерін ояту.

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу, салыстыру, талдау.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе сөз

     Балалар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы; «Кім болғым келед?». Сендер үш айдан кейін мектеп табалдырығынан аттап, жаңа өмірге есік ашасыңдар. Қай жоғарғы оқу орнын таңдайсыңдар? Қай мамандықты ұнатасыңдар? Бүгінгі таңда мамандық таңдау – осы бір қарапайым ғана сөз тіркесі қаншама адамның тағдырын шешеді, болашағын бағдарлайды. Сендер қателеспей мыңдаған мамандықтың лайықтысын таңдайсыңдар деп сенемін.

Негізгі бөлім:

«Ми шабуылы» - ой қозғау: Мамандық дегеніміз не?

(Топтастыру әдісі арқылы)

Топтастыру.

Дәптермен жұмыс.

«Мамандық» сөзіне анықтама беру.

Профессия – латын сөзінен шыққан, анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.

Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мәтінмен жұмыс.

1.     Мәтінді түсініп оқыңыз.

2.     Мамандық атауларына қызметтерді жазыңыз

3.     Мәтіндегі сөйлемді синтакситік талдау жасау.

Мамандығым – мақтанышым

         Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Өйткені, әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына тікелей байланысты. Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана бақытты болады. Ал жүрегі қаламаған мамандық иелері көп қиындықтарға кездеседі. Менің мамандығым – оқытушы. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым. Адам баласына көмектесу – игілікті істердің бастамасы. Мен қазақ тілін оқыту арқылы көптеген адамдармен танысып, оларға қолымнан келген көмегімді көрсетіп жатырмын. Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі. Сондықтан мамандығымды мақтаныш тұтамын.

4.     Мәтіндегі асты сызылған сөздерді аудар.

5.     Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

·        Қандай мамандық түрлерін білесіз?

·        Дәрігер не істейді?

·        Құрылысшы не жұмыс атқарады?

·        Тігінші не істейді?

·        Мамандықты қалай таңдау керек?

Сәйкестендір.

Сөздерді мағынасына қарай жұптастырыңыз.

Жүрегімнің қалауы бойынша                                      армандадым

Жауапкершілікпен                                                      ән айтады

Мен бала күнімнен                                                      бала оқытады

Дәрігер                                                                        үй салады

Оқытушы                                                                     адам емдейді

Құрылысшы                                                                 атқарады

Әнші                                                                            таңдайды

 

Қазіргі заманда керек мамандықтар:

(Құрылысшы, дәнекерлеуші, ағаш шебері, жүгіруші, ұста, электші)

Тест сұрақтары. (Өтілген тақырыптар бойынша)

1.     Жуан дауысты дыбыстарды табыңыз.

А) ө, у

В) ы, и

С) а, о

Д) е, ұ

2.     Буын үндестігіне бағынбаған сөзді табыңыз.

А) етікші, балықшы

В) атаммен, өнерпаз

С) үйді, ұшқыш

Д) таулар, қалалар

3.     Тура мағыналы сөзді табыңыз

А) күміс көмей

В) күміс алқа

С) күміс күлкі

Д) күміс той

4.     Тәуелдік жалғаулы сөзді табыңыз

А) бөлменің

В) менің мектебім

С)кілемдер

Д) айтамын

5.     Зат есім тұлғасына қарай қалай бөлінеді?

А) сапалық, қатыстық

В) жалпы, жалқы

С) негізгі, туынды

Д) деректі, дерексіз

6.     Етістіктен жасалған сын есімді табыңыз

А) жазғы кеш

В) тапқыр бала

С) кекшіл адам

Д) тарихи қалалар

7.     Өздік есімдігі қай түбірден тарайды?

А) өз

В) өзің

С) ө

Д) өзі

8.     Оқшау сөздердің  белгісін табыңыз

А) сөйлем мүшесі бола алмайды

В) тұрлаулы мүшесі қызметінде жұмсалады

С)  сөйлем мүшесі бола алмайды

Д)  қиыса байланысады

9.     Қимыл – сын пысықтауышты табыңыз

А) Қарттың аты - Амантай

В)  Бес жердегі бес – жиырма бес

С)  Біз оны мұқият тыңдадық

Д)  Оның арманы ауылға бару

10. Абай, Шәкәрім, Мұхтар сынды ұлы тұлғалар қайда дүниеге келді?

А) Жетісу

В) Жамбыл тауы

С)   Сарыарқа

Д)  Шыңғыстау

 

Оқулықпен жұмыс

4 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.     Сен қандай жоғарғы оқу орнын таңдадың?

2.     Қандай мамандық саған ұнайды?

3.     Таңдаған оқу орнына түсу үшін қалай оқуын керек?

4.     Қазір дайындығың қандай?

5.     Мектепті қандай бағамен аяқтаймын деп ойлайсың?

 

Диалог құру.

Бір мамандық бойынша диалог құрып өзара сөйлесіңдер.

Тақтамен жұмыс.

Мамандық сөзін тәуелде.

Психологиялық тренинг.

Мамандық таңдаудың формуласы.

«Білгім келеді» - (қызығушылық, бейімділік)

Қызығушылық – қандай да бір саланы, құбылысты танып білуге, оны зерттеуге деген құмарлық.

Бейімділік – қандай да бір қызметпен айналысудағы икемділік.

«Қолымнан келеді» - (қабілет, денсаулық жағдайы)

Қабілет – адамның қандай да бір қызметті орындауындағы жеке – дара қабілеті, шығармашылық мүмкіндігі.

«Маған керек» - (қажеттілік, сұраныс)

Қоғамға әр түрлі саланың мамандық иелері қажет. Мамандық таңдауда өзінің мамандығының еңбек рыногындағы сұраныс, болашаққа өзінің еңбекке араласу мүмкіндігін білу.

Ой қорыту.

Бүгін сабақта не туралы білдік?

Мамандық дегеніміз не?

Мамандықтың қандай түрлері қазіргі заманға қажет?

Қандай мамандық саған ұнайды?

Несімен ұнайды?

Үй жұмысы:

Дидактикалық ойындар – оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыратын, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын ойын әдісінің бір тәсілі. Дидактикалық ойындар арқылы қазақ тілін меңгерту барысында оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, тілдік қарым – қатынасқа еркін түсуін дамытуға басты назар аударылды. Мұның себебі, оқушыларға тілдің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық заңдылықтары мен ережелерін үйретумен қатар, олардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында туындап отыр. Сондықтан 5 – сыныпта қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгеру барысында мынадай негізгі талаптар ескерілуі қажет:

1.     Оқу жоспарына сай оқыту процесінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары;

2.     Дидактикалық ойындардың оқушыларға дамытушылық әсерінің себептері;

3.     Оқушылардың мұғаліммен және өзара қарым – қатынасқа түсу формалары;

4.     Дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға тілдік материалдарды игерту әдіс – тәсілдері;

5.     Дидактикалық ойындарды оқушылардың танымдық, білімділік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру дәрежесіне қарай таңдай білу жолдары;

6.     Оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру жолдары;

7.     Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын туғызу жолдары;

8.     Қазақ тілі заңдылықтары мен ережелері дидактикалық ойындар арқылы меңгерту оқушылардың білімін тереңдетуге, тіл мәдениетін жетілдіруге септігін тигізетіндігі.

5 – сыныптағы қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы игерту жұмыстарын деңгейлік дәрежеде жүзеге асырудың маңызы зор. Деңгейлік тапсырмалар – оқушылардың білімі мен қабілетін жетілдіруге арналған сатылатып дамитын жұмыстар жүйесі. Бұл жұмыстарда мұғалім әрбір оқушыға жеке – жеке тапсырма беріп, оның жеке тұлғалық қабілетін арттыру процесін барлық уақытта өзінің назарынан тыс қалдырмайды.

         В.П. Беспалько оқушылардың мүмкіндік деңгейлерін төртке бөліп іөрсетеді: Бірінші деңгей – міндетті; Екінші деңгейі – алгоритмдік; Үшінші деңгейі – эвристикалық; Төртінші деңгейі – шығармашылық

5 – сынып қазақ тілінің лексикасын деңгейлік тапсырмалар арқылы меңгерту мәселесін ғылыми тұрғыдан қарастырған Н. Шадиева әрбір деңгейдің өзіндік ерекшелігін былайша көрсетеді:

І деңгейде (оқушылық деңгей) оқушы жаңа материалдың тақырыбын түсінуге арналған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар жаңа материалды оқушы есінде ұзақ сақтау мақсатында жасалады.

ІІ деңгейде (алгоритмдік деңгей) алғашқы деңгейдегі білім мазмұны тереңірек қамтылуы көзделіп, тапсырмалардың құрылысы мен мазмұны күрделене түседі. Оны орындаудық әрбір қадамы алгоритмдік түрде беріледі, яғни тапсырмалар бір – бірімен тығыз байланыста бола келіп, жүйелі түрде, алғашқысынан кейінгісі дамытылған түрде, кейінгісінен соңғысы тереңдетілген түрде ұсынылады.

ІІІ деңгей (ізденімдік деңгей) оқушы өзіндік ізденісі арқылы жаңа материалдардың қыр – сырын тануға арналған тапсырмаларды орындайды. Мұнда ол жаңа материал бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп, оны тереңдете отырып, өз ізденісінің нәтижесінде жаңа білім алады.

ІҮ деңгей (шығармашылық деңгей) оқушы ІҮ деңгейдегі тапсырмаларды орындау барысында жаңа тақырыпты еркін меңгеріп, өз пікірі, өз айтар ойы бар жеке тұлға дәрежесіне көтеріледі.

         Ғалымдардың пікірлерін негізге ала отырып, 5 – сыныпта қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту жұмыстары үш кезеңде жүргізілді.

         Бірінші кезеңде қазақ тілінің ережелері мен заңдылықтарын, сөздің тура және ауыспалы мағыналарын меңгертуге назар аударылды. Бұл кезеңде оқушылар қазақ тілінен жинақтаған білімдерін еске түсіруге, негізгі білімдерін жүйелеуге, оқушылардың жады мен зейінін жетілдіруге арналған ойындар жүргізілді. Дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар тілдік заңдылықтардың өзіндік ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын танып білу дағдыларын игерді.

         Екінші кезеңде оқушылар өздігінен ізденуге, тапсырмаларды түрлі әдіс – тәсіддер арқылы шешуге үйренеді. Тілдік қатынаста сөздерді орынды қолдану дағдыларын игерді. Осы кезеңде 2 берілген дидактикалық ойындар оқушылардың іздемпаздық қабілетін жетілдіруге, сөздердің мағыналыө реңктерін айыра білуге, проблемалық жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдауға үйренеді.

         Бұл кезеңде оқушылар жаңа тақырыпты өздігінен игеруге, анықтама мен ережелерді өздері шығарып дәлелдеуге, сыныптас достарының пікірін тыңдауға, басқа адамның сөзін құрметтеуге дағдыланды.

         Үшінші кезеңде оқушылар өз ойын анық, дәлелді және сенімді жеткізуге үйренді. Игерген білімдерін тілдік қарым – қатынаста орынды қолдану, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттері жетілді.

         Сонымен қатар оқушылар шығармашылық деңгейде мәтіндегі ойды жалғастырды, өзіндік айтар ойын жоспарлай алды, өзінің пікірін анық жеткізді. Мысалы, тапқырлық ойындар арқылы дыбыс жүйесін меңгеру.

         Жаңа тақырып меңгерту барысында тапқырлық ойындарды қолданудың маңызы зор. Оқушылар алгоритмдік ойындар арқылы тапқырлыққа, дұрыс жауап беруге дағдыланады. Интеллектуалдық ойын барысында оқушылар зейінін жинақтап, сабақты көңіл қоя тыңдап, берілген білім мен дағдыны меңгертеді. Мысалы, «Кім тапқыр» алгоритмдік ойыны.

 

Ойынның мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгерту.

Ойын ережесі: Мұғалім алдын – ала сұрақтар дайындайды. Оқушылар тақтаға шығып, сұрақтарға иә не жоқ деп жауап береді. Сұраққа дұрыс жауап берсе, бір ұпай қосылады, соңына қарай ұпай саны көп оқушы жеңіп шығады. Оқушылардың алдына кеспе қағаз 2 түрінде беріледі.

Ойын ұзақтығы: 10 минут

Ойын кезеңдері: Ойын екі кезеңнен тұрады

Ойынның қатысымдық қызметі:

Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беруді үйренеді.

Ойынның тиімділігі: Оқушылар тез ойлауға, тапқыр болуға дағдыланады. Дауыссыз дыбыстар жөнінде булумдері жетіледі.

Ойын барысы: Оқушыларға 20 сұрақ жызлған  әр түрлі вариантты кеспе қағаздары таратылады. Дауыссыз дыбыстардың түрлері үн мен салдырдың байланысынан жасалатыны ұғындырылды. Үн мен салдырдың қатысында үн басым болса, олар үнді дауыссыздар, екеуі бірдей болса, ұяң дауыссыздар деп аталатыны түсіндірілді. Бұл – оқушыларды ойынға дайындау кезеңі.

Мұғалім: Балалар, сендердің алдарында 20 сұрақ тұр. Бұл сұрақтарға иә не жоқ деп жауап бересіңдер. Дұрыс емес жауапты сызып тастаңдар.

1.      Өкпеден шыққан кедергімен шығуынан дауыссыз жасала ма?

Иә \ жоқ

2.     Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай төртке бөліне ме?

Иә \ жоқ

3.     Үшке бөліне ме?

Иә \ жоқ

4.     Б,в,г,ғ дыбыстары үнді дауыссыз дыбысқа жата ма?

Иә \ жоқ

5.     Ұяң дауыссыз дыбыстарға жата ма?

Иә \ жоқ

6.     «Темірқазық» сөзінде 3 қатаң, 2 үнді, 2 ұяң дыбыс бар ма?

Иә \ жоқ

7.     Үнді дауыссыздар деп – үн мен салдырдың қатысынан жасалған бірақ үн басым дыбыстарды айтамыз ба?

Иә \ жоқ

8.     «Кітапқұмар Қаһарман» сөз тіркесінде тоғыз дауыссыз дыбыс бар ма?

Иә \ жоқ

9.     Р,л,н,м дыбыстары ұяң дауыссыз дыбысқа жата ма?

Иә \ жоқ

10. Т, с, қ дыбыстары қатаң дауыссыз дыбысқа жата ма?

Иә \ жоқ

Ойынға дұрыс жауап берген оқушының күрделі сұрақтар алуына болады. Бірінші деңгейге – 10 сұрақ, екінші деңгейге – 15 сұрақ, үшінші деңгейге  - 20 сұрақ дайындалып беріледі. Бірінші деңгейде 10 сұрақ жауапқа  - 5; 8 дұрыс жауапқа – 4; 6 - дұрыс жауапқа – 3 қойылады. Екінші деңгейде – 15 сұрақ жауап – 5; 12 – 4; 9 – 3 қойылады, үшінші деңгейде – 18 – 5; 15 – 4; 12 – 3 қойылады.

Ойыннан кейін оқушыларды мынадай бірліктер қалыптасты:

-         Сұраққа дұрыс жауап берді;

-         Дауыссыз дыбыстардың түрлерін меңгерді.

 

 

 

 

                «Михайловская ЖОББМ» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларын ауызекі тілін дамыту

        /әдістемелік-көмекші құрал/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           

                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     Апузова Қ.Ш.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту, Кім болғым келеді?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 325 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2018 1598
    • DOCX 24 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Апузова Корлан Шаймуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Апузова Корлан Шаймуратовна
    Апузова Корлан Шаймуратовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9115
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 493 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 330 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Стратегия продаж и продуктовая линейка: успех в современном бизнесе

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Налогообложение и компенсация потерь: предотвращение ошибок и снижение рисков

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 120 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек