Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Ұшырса ұямыз , қалайша қиямыз» мектеп бітіру кеші

«Ұшырса ұямыз , қалайша қиямыз» мектеп бітіру кеші

Скачать материал

                     «Ұшырса  ұямыз , қалайша  қиямыз»

 

Фанфары

1        жүр :Алтын  ұя  мектебім  аялаған ,

Жас  жаным  жапырағын  саялаған .

Қарлығаш  ұландарың  қанат  қақты ,

Сыйлауын  сені  мәңгі  қоя  ма адам .

 

2 жүр :Сен  - бұлақ  өзге  қуат  келмегенде ,

Шарапат сусын  болған  шөлдегенде.

Ғалым  да , диқан  дағы  сенен  ұшты ,

Сенен  ұшпақ  біз  сияқты  түлектер  де .

 

1  жүр : Иә , мектеп – сіз  бен  біздің  біліммен  сусындаған , тәлім  алған  алтын  ордамыз .

2  жүр : Мектеп – қасиетті  шаңырақ , киелі  мекен , ендеше  білімнің  қара  шаңырағына  қош  келдіңіздер , қадірлі  қонақтар !

1 жүр : Армысыздар  жиналған  ата – ана ,  ұстаз ,

Той , жиынсыз  өмірдің  мәні  болмас .

Арамызда  талпынып  ,  қақты  қанат  ,

Он  бір  жылда  оң , солын  таныған  жас .

 

2  жүр : Келешек  қой  осылар  барға  шүкір ,

Алдарыңда  ақ  қанат  арманы  тұр .

Жүректері  лүпілдеп , тебіреніп ,

Қолдарына  аттестат  алғалы  тұр .

 

1 жүр : Құрметті  қонақтар , ата – аналар , ұстаздар ! Міне , көптен  күткен  салтанатты  сәт  те  келіп  жеткен  сияқты . Кеше  ғана  тұлымдары  желбіреп , жүректері  лүпілдеп , мектеп  қабырғасын  аттаған  ұл – қыздарыңыз ,  ойы  толып , білім  нәрімен  сусындап , кәмелеттік  аттестат  алуға , алтын  ұя  мектебімен  қоштасуға  келіп  отыр . Қарлығаштарымызды   қанаттарың  талмай  самғай  беріңдер  деп  қарсы  алайық !

 

2  жүр : Бүгінгі  кеш , бүгінгі  соңғы  тілек , арнау  мен  аманатымыз  соларға  арналады .

 

1 жүр : Сезіледі  жүректердің  лүпілі ,

Жиі – жиі  соғатындай  бір  түрлі .

Бозбала  мен  бойжеткендер  сендерге ,

Еркелік  те  жарасады  бұл  күні .

 

2  жүр :Бал  - балалық  балауса  өткенімен ,

Қанат  қағар  самғар  сәт  жеткенімен .

Қоштасудың  қиыны – ай  ұстаздармен ,

Қоштасудың  қиыны – ай  мектебіңмен.

 

1  жүр :Осы  бір  сәт уақыттың  сыйы ма  екен ,

Өмірге  аттау  күрделі  түйін  екен .

Мектеп  деген  балалық  шағың  болса ,

Балалықпен  қоштасу  қиын  екен .

 

2  жүр : Алдарында  сан  тарау  жолдары  тұр ,

Бәрі  ертеңгі  азамат  болғалы  тұр .

Үлкен  өмір  есігін  ашпақ  міне ,

Келген  қауым  қол  соғып  қолдай  отыр  -  деп ,  бүгінгі  кештің  себепкерлері  - бітіруші  түлектерімізді    қошеметпен    қарсы   алайық !

 

1  жүр : Әлі  есімде  мектепке  алғаш  барғаным ,

Өз  қолыммен «Әліппені»  алғаным .

Санай  ашып «Әліппенің»  парағын ,

Әріптерге  үнсіз  ұзақ  қарадым . 

11 «а»  сыныбының  алғашқы  ұстазы  Қадырханова  Баян    Қазыбекқызы   және

2  жүр :Бүгін  мен  ғалым , яки  болсам  ақын,

Өзіңсің  елден  бұрын  қол  соғатын.

Ұрпаққа  арнаса  ғой  жұрттың  бәрі ,

Дәл  сендей  бар  өмірін, бар  сағатын.

Өзінің  бітіруші  түлектерімен  11  «а»  сынып  жетекшісі   , математика  пәнінің  мұғалімі   Наралиева   Жанар  Тілеуқабылқызы  келе  жатыр.

 

1  жүр : Әліппемен  ашып  өмір  есігін

Тербетті  сені  «Білім»   деген  бесігің

Өмір  деген  өрлі  өзенге  шомылып

Жаттап  өстік  алғашқы  ұстаз  есімін .

11 «ә»   сыныбының  алғашқы  ұстазы  Есенова  Ақкүміс  Оңғарбайқызы    және

 

2  жүр :Сен  менің  анамдайсың , ағамдайсың.

Мен  үшін  армандайсың , алаңдайсың.

Дүниеде  сенен  артық  ақылшым  жоқ,

Ұстаз  боп  тумысыңнан  жаралғансың.

 өзінің  бітіруші  түлектерімен   11  «ә»  сыныбының  жетекшісі  ,  ардақты  ұстаз , технология  пәнінің  мұғалімі   Бекешова  Құралай  Оралбайқызы келе  жатыр.

 

1  жүр :Сипадың  да  басымнан,

«Әліппені»  ұсындың.

Бақытымның  осыдан,

Басталғанын  түсіндім.

11  «б»  сыныбының  алғашқы  ұстазы  Ахметова  Шолпанай  Теберікқызы    және

 

2  жүр :Сенсің  мінсіз  мұрагері  ілімнің,

Ақылшы , дос  бал – балалық  күнімнің.

Сен – дәулеті , жаңалығы  ертеңнің ,

Сен  компасы  жөн  сілтейтін  бүгіннің .

11  «б»  бітіруші  түлектерімен  бірге  сынып  жетекшісі   қазақ тілі және әдебиеті   пәнінің  мұғалімі  Темірбаева  Гаухар  Қуатбекқызы  келе  жатыр.

 

1  жүр : Жүрегімен  түсінген  бала  сырын ,

Білімнің  арнаған  бар  асылын .

Аянбастан  ұрпаққа  еткен  еңбек,

Алғашқы  ұстаз  ізетіміз  құрметпен.

11  «в»  сыныбының  алғашқы  ұстазы     Досанова    Жазира    Асылханқызы  және

 

2  жүр :  Амал  не  арман  етіп  серкелікті,

Аңқау  кезмезгілінен  ертелепті.

Өмір  де  мектеп  дейді , өмір  бірақ ,

Мектептей  көтермейді  еркелікті.

 өзінің  бітіруші  ерке  түлектерімен   11  «в»  сыныбының  жетекшісі  ,  қазақ  тілі және  әдебиеті   пәнінің  мұғалімі   Утепова  Марал  Сейілханқызы   келе  жатыр .

 

1  жүр :Бұлақты  іздерсіңдер , шөлдерсіңдер ,

Шырақты  жағарсыңдар  , емдерсіңдер .

Тұрақты  тұтқасы  жоқ  дүниенің ,

Мұратты  үміттері  - сендерсіңдер .

 

2  жүр : Қарлығаштай  ұшқалы  тұр  шәкірт  те  бір ,

Көктемдей  сағынышқа  батыпты  өңір ...

Шектелмей  бәріңе  де , бәріңе  де ,

Тілейміз  сұлу  ғұмыр , бақытты  өмір !  - дей  отырып , № 5  Михаил  Ломоносов  атындағы   орта  мектебін  бітіруші  түлектерге  кәмелеттік  аттестат  беру  салтанатынаарналған              «Ұшырса  ұямыз, қалайша  қиямыз»  атты   кешімізді  ашық  деп  жариялаймыз .

1  жүр :Мектептегі  өмір  енді  өткеніміз ,

Алаңсыз  шақ , балалық  көктеміміз .

Қуантады , біресе  қорқытады ,

Бір – ақ  күнде  есейіп  кеткеніміз .

2 жүр :Үзілмесін  тіршілік  тынбас  әні ,

Үлкен  өмір  есігін  кімге  ашады .

Алыстағы  армандар  шақырғанмен ,

Қоштасарда  көңілді  мұң  басады .

 

1 жүр : Әуезі  ән , жаны  раушан , күн  жүрегі,

Жел  басқан  сезімді  де   идіреді.

Бүгінгі  қыз – бозбала  түлектері,

Еліміздің  алтын  қазық  тіректері.

 

2  жүр : Қонақ  деген  ырысың  мен  мерейің

Енді  аяңдап  оларға  да  келейін

Уақыт  бөліп , бізге  тілек  білдірер                                                                                              Қонақтарды  таныстырып  өтейін – дей  келе  бүгінгі  кешімізге  келген  қонақтарды  таныстырып  өтуге  рұқсат  етіңіздер .

 

1 жүр :Бәрі  сын  араласаң  өмір  ауылың,

Бәрі  шын  ,  қоштасарда  қоңырау  мұң .

Мәнісін  ұғарсыңдар  мектептегі ,

Дауысын  сағынғанда  қоңыраудың !

 

2  жүр :Қарлығаштай  ұшқалы  тұр  шәкіртте  бір,

Көктемдей  сағынышқа  батыпты  өңір.

Шектелмей  бәріңе  де , бәріңе  де,

Тілеймін  сұлу  ғұмыр , бақытты өмір!  -  деп   бүгінгі  бітіруші  түлектерге  жүрек  жарды  тілегін  жеткізу  үшін  алғашқы  сөзді  мектебіміздің  директоры  Умарбекова   Гүлсара   Жарылқасынқызына   береміз .

 

1 жүр :Арта  берсін  мерейің  мен  беделің,

Төбесіне   көтереді  сені  елің.

Соғып  тұрған  жүрегі  сен  мектептің,

Лүпіліңнің  пәктігіне  сенемін!

_________________________________________________________әнін  өзіңізге  арнаймыз  құрметті  Гүлсара  Жарылқасынқызы !

 

2 жүр : Бәрінің  шуағы  мол , нұры  басым

Бәрінен  сыр  ұғасың  ,  жыр  ұғасың

Қалайша  тебіренбессің  ғажайып  үн

Жүректе  құйып  жатса  шұғыласын – деп  ауданымыздан  келген  қонағымыз

 ------------------------------------------------------  береміз.

Келесі  құттықтау  сөзді   Нұрлыкент  ауылдық  округінің  әкімі  Мешелов  Қуаныш                     Орынбасарұлына    береміз.

 

1жүр : Бүгін  керек  қазағымның  бірлігі

Бірлік  болса  арта  берер  тірлігі

Осыларды  басқаратын  даналар

Аман  болсын  ауылдағы  ағалар!

Құрметті  қонақтар !         ___________________________________

 қабыл  алыңыздар !

 

2 жүр :Абзал  жан , биік  тұлға  байсалды,

Құшақ  жая  шәкірттерін  қарсы  алды.

Қимастықпен  салтанатты  шақта  бұл,

Құттықтауға  сөз  алады  баршаңды - дей  отырып ,  бұйрық  оқуға  метеп  директорының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары  Ержанова  Ажар  Абатниязқызына  сөз  кезегін  береміз . (Аттестат  тапсыру )

1жүр :Қиындықтар  мойытпасын  сендерді,

Батылдықпен  асыңдар  сан  белдерді.

Біліміңмен  қуанттыңдар  мектепті,

Жақсыіспен  қуантыңдар  елді  енді .

 ________________ қыздарыңыздың  орындауындағы  __________________ қабыл  алыңыз   Ажар  Абатниязқызы !

 

1жүр : Қолда  барда  аттестатың  құжатың

Шақырады  алдан  асыл  мұратың

Егемендік  алып  біздің  мектептен

Аяғыңды  еркін  басып  тұрасың

Құрметті  ұстаздар , ата – аналар !  Бітіруші  түлектерге  аттестат  ұсыну  сәті  де  келіп  жетті . Осы  рәсімді  кешімізге    келген  қонақтарға  тапсырсақ .

 

1жүр :11 « а»  сыныбының  бітіруші  түлектеріне  аттестатты  тапсыру  салтанатын  атқару  үшін  -----------------------------------------  ортаға  шақырамыз .

 

2 жүр :    11 « ә»  сыныбының  бітіруші  түлектеріне  аттестатты  тапсыру  салтанатын  атқару  үшін  -----------------------------------------  ортаға  шақырамыз .  

1 жүр :    11 « б»  сыныбының  бітіруші  түлектеріне  аттестатты  тапсыру  салтанатын  атқару  үшін  -----------------------------------------  ортаға  шақырамыз .  

 

2  жүр :  11 « в»  сыныбының  бітіруші  түлектеріне  аттестатты  тапсыру  салтанатын  атқару  үшін  -----------------------------------------  ортаға  шақырамыз .  

 

1  жүр :Бүгін  дербес  есеюге  қол  жеткендей,

Алыстағы  арманға  ой  кеткендей.

Бір – ақ  күнде  ұл  біткен  бозбала  боп,

Бір – ақ  күнде  қыз  біткен  бойжеткендей.

Құрметті  мектеп  бітіруші  түлектер  кәмелеттік  аттестаттарыңыз  құтты  болсын !

«  _________ »

 

2  жүр :Бүршік  жарып  бір  сезім  төсімізде,

Алғаш  қалам  ұстадық  есімізде .

«Әліппені»  ұстатқан  ұзтаздарға,

Тілек  берсек  құрметпен  кешімізде  - деп  алғашқы  рет  әліппені  ұстатып ,  әріп  танытып , білім  нәрін  берген   алғашқы  ұстаздарға  сөз  береміз

11 «А» сыныбының алғашқы ұстазы    Қадырханова    Баян    Қазыбекқызына

 

1 жүр :11 «Ә» сыныбының алғашқы ұстазы    Есенова   Ақкүміс    Оңғарбайқызына

 

2 жүр : 11 «Б» сыныбының алғашқы ұстазы    Ахметова  Шолпанай  Теберікқызына

 

1 жүр :11 «В» сыныбының алғашқы ұстазы    Досанова  Жазира  Асылханқызына   беріледі

 

2  жүр : Мұраның  байыбына  барып  терең

Мұғалім  бастап  еді  «Әліппеден»

Ұраның , тұмарың  боп  көкірегіңде

Шынайы  ұғым тұрсын  «ұстаз»  деген

Құрметті  алғашқы  ұстаздар  өздеріңізге  арналған  _____________________________

қабыл  алыңыздар!

 

1  жүр :Алдымызда  қол  бұлғап  асқақ  арман

Үлкен  өмір  -  ендігі  басталар  ән

Осы  күнге  жеткізген  жетекшілер

Жанымызға  жақындау  басқалардан – деп , түлектердің   қанаттарын  қатайтып , бірге  жүріп , қызықтарын  бірге  бөліскен , ақылшы  болған  сынып  жетекшілеріне  сөз  кезегін  береміз .

2  жүр : 11 «А» сыныбының  сынып жетекшісі     Наралиева  Жанар  Тілеуқабылқызын

 

1  жүр : 11 «Ә» сыныбының  сынып жетекшісі     Бекешова  Құралай     Оралбайқызын

 

2  жүр :11 «Б» сыныбының   сынып жетекшісі    Темірбаева    Гаухар    Қуатбекқызын

 

1  жүр :11 «В» сыныбының   сынып жетекшісі    Утепова   Марал  Сейілханқызын  шақырамыз

 

2  жүр : Биік  сенің  ұстаздық  қасиетің

Мінезің  жоқ  қиынға  бас  иетін

Өмірге  тәрбиелеп  құлшындырған

Жүрегімде  әр кез  айтқан  қасиетің .

Құрметті  сынып  жетекшілер  өздеріңіз  ұшырғалы  отырған  түлектеріңіздің   орындауындағы   

____________________________________________  қабыл  алыңыздар!

 

1  жүр : Сөз  таба  алмай  қалайша  қысыламыз ,

Жырдан  кептер  мұндайда  ұшырамыз.

Белгі  болып  біздерден  қалу  үшін

Азғана  сый  ескерткіш  ұсынамыз.

Түлектердің   он  бір  жыл  білім  берген  алтын  ұя  мектебіне  арналған  сыйлықтарын                     табыс  етуге  рұқсат  етіңіздер.

 

2  жүр : Көрмеген  артық  сөйлеп , артық  күліп,

Шәкірттерін  баулыды  тәртіпті  қып.

Қоштасамыз  біз  бүгін  ұстаздармен,

Өздеріңе  алғыс  хатын  табыс  қылып.

 

1  жүр: Әділдіктің  қақ  жарып  қара  қылын ,

Білігімен  ұқтырған  даналығын .

Гүлсара  әпкей  сіз  бүгін  капитансыз ,

Шығырып  салған  теңізге  сан   кемесін .

Құрметті   Гүлсара  Жарылқасынқызы   бітіруші   түлектеріңіздің  арнауын  қабыл  алыңыз!

 

2  жүр : Тұла  бойы  тұнған  асыл  қасиет,

Айтатыны  - ақыл – білім , өсиет.

Ұстаз  атты  ұлылықтың  алдында,

Патша, ғалым , шешен  бәрі  бас  иед,

Дирек. оқу және ғылыми  әдістеме  ісі  жөніндегі  орынбасарлары  Ажар апай  мен  Медет , Досжан ағайларға

 

 

 

1  жүр :Қатаңдау  жанар , қатқылдау  тәртіп , қаттылық,

Шәкірттер  ылғикөрсетпес  мүлде  жат  қылық,

Ұйымдастырып  концерттер  мен  кештерді

Тәрбие  мен   тәртіпті  мінген  ат  қылып .

Директордың  тәрбие  ісі    жөніндегі  орынбасарлары   Клара , Пернегүл  апайларға

 

2  жүр :Шығаратын  бүлдіршінді  адам  ғып,

Психология – мәртебелі  мамандық.

Қоғамға  сай  бағыт – бағдар  ұстанып ,

Болашаққа  басатұғын  қадам  нық.

Мектеп  психологтары   Дәметкен  , Жансая   апайларға

 

1  жүр :Мектепке  алғаш  қадам  басқанымда,

Тәрбие , мейірім  төгіп  жас  жаныма.

Ұстазым  арманыма  ақ  жол  бастап,

Жұлдыз  боп  күліп  тұрдың  аспанымда.

Алғашқы  ұстаздар  Амина , Анар , Айгүл   апайларға

 

2  жүр :Талай  елдер айналған  аты  аңызға,

Жадымызда  көрсеткен  картаңыз  да.

Жердің  бетін  армансыз  танып , білдік

Айтас  ағай  өзіңіздің  арқаңызда

География  пәнінен  білім  берген  Айтас  ағайға

 

1  жүр :Шәкіртін  сүйген  жұдырықтай  жүрегі ,

Тым  еңбекқор  жаны  да  тәні  әдемі .

Шет  тілімен  , аудармамен   қашанда ,

Шәкірттерін сусындатып  жүреді .

Шет  тілі  пәнінен білім  берген Гүлдараш , Шамшат  , Гүлжамал , Шынарай  апай ларға

 

2  жүр :Бір  қалыпта  тұрасыздар  неше  көрсек,

Нағыз  маман  өз  ісін  кеседі  өлшеп.

Өмірдің  де  шытырман  есептерін,

Есептей  қып  сіз  берген  шеше  берсек.

Математика  пәнінінен  білім  берген  Раушан , Гүлнар , Гүлназ , Нұрсұлу  апайларға.

 

1  жүр :Өнеге  қып  қазақ  тілдің  өсиетін.

Шәкірттерің  алдында  бас  иетін,

Туған  тілім  қашан  да  зор  ұғым  ғой,

Жоғалтпайтын  қадірін,   қасиетін.

Қазақ  тілі  пәнінен  білім  берген    Рәдбек   ағай   және   Қарлыға , Райхан  апайларға  

 

2  жүр :Бұл  далаға  хан  орда  орнаған  ба,

Батырлары    даласын  қорғаған  ба?

Көз  жіберсең  таң  қаларсың  картаға да,

Тереңінен  тарихты  толғағанда.

Тарих  пәнінен  білім  берген  Жанат , Қалдыгүл  , Гуля , Гауһар  апайларға

 

1  жүр :Физиканың  заңдары анық  аңыз,

Сол  заңдарды  өмірде   сан  ұғамыз.

Ом  мен  Ампер , Фарадей , Ньютондарды

Арқаңызда  сіздердің  танығанбыз.

Физика  пәнінен  білім  берген  Шолпан , Гүлмира  апайларға

 

2  жүр :Еңбексүйгіш  тындырымды  әр  ісі,

Мол   үйрету  шеберлікті  -  жұмысы.

Кесте  тігу   , ұстахана болмаса ,

Тоқтағандай  технология   тынысы.

Технология   пәнінен   білім   берген  Досжан  ағай  және  Александра ,  Күнсұлу  апайларға

 

1  жүр :Атауы  үшін  әр  таңның  нұр  шығып  күн ,

Солмауы  үшін  мезгілсіз  бір  шыбықтың ,

Сіздер  терең  оқытқан  биология

Көзіндей  боп  көрінер  тіршіліктің .

Биология  пәнінен  білім   берген  Нұргүл , Дариға  апайларға

 

2  жүр :Бұл  тілдің  сан  қырларын  бағындырған,

Сабақтары  біздерді  сағындырған.

Орыс  тілде    ұстаздар  сөйлеп  кетсе ,

Орысыңның  өзін  де  жаңылдырған.

Орыс  тіті  пәнінен  білім  берген    Шолпан , Нұрсұлу , Айхан  , Гүлдана  апайларға

 

1  жүр :Сөздері  кесек , жүзінде  сабыр  ізі  бар ,

Көргеніндей  асуды , қырды  көзі  дәл .

Тілектес  әпкей  керемет  химик  теңдессіз ,

Әр  сөзінде  ұлағатты  ойдың  нәрі  бар .

Химия  пәнінен  білім  берген  Тілектес   апайға.

 

2  жүр :Спортқа  тартқан  мектептің  барша   баласын ,

Жүлделерге  толтырған  «Жеңіс  қамбасын»

Волейболдың  қыр – сырын  терең  меңгерген ,

Берік   ағай мен  медальдарымыз   молайсын .

Дене  шынықтырудың  қыр-сырын  үйреткен  Берік  ағайға

 

1  жүр :Мына  ғасыр  ғаламтордың  заманы,

Заманына  ыңғайланды  адамы.

Айшылық  алыс  жерлерден  хабар  алып

Ғаламторға  бейімдеуде  баланы.

Информатика  пәніннен  білім  берген  Жанат  ағай , Феруза , Шопан  апайларға.

 

2  жүр :Өнер   деген - қазына   шығар   өрге,

Тұтабілсе,  ақыл – ойберерелге.

Жігеріңдіарттырарқамыққанда,

Жарықсәуле,  ізгіліккелершаққа.

Өнерге  баулып  жүрген  Наталья  Викторовна  және  Өнер  пәнінен  білім  берген  Асылбек ағ-а

 

1  жүр :Мерген  ұл , ширақ  қызды  шынықтырған,

АӘД   әлемінен  сыр  ұқтырған.

Жандарбеков   Бағдат  ағай  арқасында,

Отан  қорғап,  қорықпауды  қыраттардан.

АӘД  пәнінен  білім  берген  Бағдат  ағайға

 

2жүр :Жаны  асыл  ұстаздарды  еске  алыңдар,

Жаңа  сыр  ашатұғын  жас  дарындар.

Баласы  жаман  екен  дегізбеңдер,

Санасы  биік , адал  дос  табылар.

 

1  жүр :Он  бір  жыл  бойы  оқытып  тәлім – тәрбие  берген  барлық  ұстаз  қауымға  алғысымыз  шексіз. Сіздердің  жанұяларыңызға  шаттық , дендеріңізге  саулық , отбасыларыңызға  амандық, еңбектеріңізге  шығармашылық  табыстар  тілейміз.

 

2  жүр : Ата – ана  деген  ата  мекен,

Әр  адам  ата – анамен  адам  екен.

Бір  өзіңе  көрсеткен  жақсылығым,

Бір  күнгі  тәтті  ұйқыңнан  садаға  екен – дей  келе , ұл – қыздарымызды  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  мәпелеп  өсірген  , Ұлттық  Біріңғай  Тестілеуден     жоғары  бал  алған   түлектеріміздің   ата – аналарына  сөз  береміз .

11  «а»  сынып  оқушысы Сатбаева  Айгерімнің  ата – анасыСатбаев  Құралбай  ағай

                                                                                                         Жаңбырова    Гүлсара  апай

1  жүр :11 «ә»  сынып  оқушысы    Виктор Салтанаттың   ата – анасы  Замбаев   Мұхтар   ағай

                                                                                                           Замбаева   Жанар  апай

2  жүр :11 «б» сынып  оқушысы  Мүсан  Ақеркенің     ата – анасы   Егембердиев  Нұрмахан  ағай

                                                                                                            Егембердиева   Фарида  апай

            1 жүр : 11«в» сынып  оқушысы    ата – анасы  

 

2  жүр : Қыз  өсірген  аяулы  ару  етіп ,

Нәзіктікті  ұстатты  қару  етіп.

Ұл  өсірді  әкеміз  ұлағатты,

Естіді  ме  ұлынан  жаман  атты ?

Осындай  ата – аналарға  балаларына  сапалы  білім , саналы  тәрбие  бергені  үшін

№5  Михаил  Ломоносов  атындағы  орта  мектеп  ұжымының  атынан  алғыс  жариялау  үшін мектеп  директоры  Умарбекова  Гүлсара  Жарылқасынқызын  ортаға  шақырамыз .

Құрметті  ата – аналар   ________________________________________

 

 

1  жүр :Мектеппен  бүгін  қоштаспақ,

Қоштаспақ  бүгін  сан  түлек.

Айтылар  бүгін  сан  тілек,

Егілер  бүгін сан  жүрек .

Енді  қолдарына  өмір  белестерінің  жолдамасын  алып , жүректері  лүпілдеп , сезімге  толы  жанарлары  мөлдіреп  мектеппен  қимай   қоштасқалы  тұрған    түлектердің  де  айтар  алғысы  аз  емес  шығар .  Сөз  кезегін  2013  жылғы  бітіруші  түлектерге  берейік .

11 «а»  сынып  оқушысы    ҰБТ -  тен    115  бал    алған       Айтуғанқызы  Айша

 

1  жүр :11 «ә»  сынып  оқушысы    ҰБТ -  тен     97  бал    алған       Оразбай    Айдана

2  жүр :11 «б»  сынып  оқушысы    ҰБТ -  тен    111  бал    алған       Дербісалы    Бауыржан

1  жүр :11 «г»  сынып  оқушысы    ҰБТ -  тен     83   бал    алған       Кожевникова     Виктория

 

2  жүр : Бәрі  сын , араласаң , өмір - ауылың

Бәрі  шын , қоштасарда  қоңырау  мұң

Мәнісін  ұғарсыңдар  өткен  күннің

Дауысын  сағынғанда  «Қоңыраудың»

Құрметті  бітіруші  түлектер   сыныптастарыңыз ____________________________

қабыл  алыңыздар !

 

1  жүр : Жағатұғын  әр  балаға  бақ   шамын

Төрдегі  оның  тот  баспайды  ақ  тағын !

Шәкірт  қауым , барлығың  да  әрқашан

Ұстаздардың  үміттерін  ақтағын !

 

2  жүр : Пәк  сезімді  көкірегіне  түйгендер

Бір – біріңнің  көңіліңе  тимеңдер

Балалықтың  базарына  қол  бұлғап

Қоштасудың  соңғы  биін  билеңдер

 

«Қоштасу»  вальсі

 

1  жүр : Үлкен  өмір – тым  қатал  сынақтардай

Біздерге  әлі  беймәлім  сұрақтардай

Өз  жолыңды  өмірде  табу  үшін

Жармасайық  жолына  құлап  қалмай

 

2  жүр : Қош  бол  енді , мектебім – думанды  өмір ,

Шарықтайды  сан  арман  қуған  көңіл

Сан  тарауға  кеткенмен  сапар  шегіп

Түбі  бізді  күтеді  туған  өңір

 

1  жүр : Еліктіріп  алдағы  өмір  әні  бізді

Тулатады  бойдағы  қанымызды

Санамызға  сіңіріп  білім  берген

Қош  бол  енді , ұстаздар , жаны  ізгі !

 

2  жүр : Басталғал  тұр  менде  саналы  күн

Қош , мектебім , сыныбым – ана  жырым

Қалып  барады  өзіңнің  құшағыңда

Екі  көзі  мөлдіреп  балалалығым

 

1 – 2  жүр : Бетке  аламын  енді  өмір  бұлты , желін

Сыныбымды  қия  алмай  іркілемін

Қош  кешегі  күндерім , қош  мәңгіге

Менің  қамсыз  сәбилік  күлкілерім !

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ұшырса ұямыз , қалайша қиямыз» мектеп бітіру кеші"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Фанфары

1        жүр :Алтын  ұя  мектебім  аялаған ,

Жас  жаным  жапырағын  саялаған .

Қарлығаш  ұландарың  қанат  қақты ,

Сыйлауын  сені  мәңгі  қоя  ма адам .

 

2 жүр :Сен  - бұлақ  өзге  қуат  келмегенде ,

Шарапат сусын  болған  шөлдегенде.

Ғалым  да , диқан  дағы  сенен  ұшты ,

Сенен  ұшпақ  біз  сияқты  түлектер  де .

 

1  жүр : Иә , мектеп – сіз  бен  біздің  біліммен  сусындаған , тәлім  алған  алтын  ордамыз .

2  жүр : Мектеп – қасиетті  шаңырақ , киелі  мекен , ендеше  білімнің  қара  шаңырағына  қош  келдіңіздер , қадірлі  қонақтар !

1 жүр : Армысыздар  жиналған  ата – ана ,  ұстаз ,

Той , жиынсыз  өмірдің  мәні  болмас .

Арамызда  талпынып  ,  қақты  қанат  ,

Он  бір  жылда  оң , солын  таныған  жас .

 

2  жүр : Келешек  қой  осылар  барға  шүкір ,

Алдарыңда  ақ  қанат  арманы  тұр .

Жүректері  лүпілдеп , тебіреніп ,

 

Қолдарына  аттестат  алғалы  тұр . 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 638 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.02.2015 24048
    • DOCX 42 кбайт
    • 220 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әбдіқадыр Пернегүл Шымтемировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 63826
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 406 человек из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 252 человека

Мини-курс

Введение в искусственный интеллект

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Цифровые компетенции и навыки: работа с презентациями

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 170 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 46 человек

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе