Инфоурок ОБЖ Научные работыҮсік шалған кездегі алғашқы медициналық көмек

Үсік шалған кездегі алғашқы медициналық көмек

Скачать материал

Үсік шалған кездегі алғашқы медициналық көмек

 

Үсікке шалдығу төмен температураның әсерінен дене мүшесінің кей бөлігінің зақымдануы (тіпті жаны кетуге дейін) болып табылады. Көбінесе үсінуге шалдығу қыстың суық мезгілінде қоршаған орта температурасы  –10oС - –20o С төмен кезде болады. Көктемде және күзде ауа температурасы нөлден төмен кезінде далада көп уақыт, әсіресе ауа өте ылғалды және күшті жел болғанда да үсінуге шалдығуға болады.

Аязда тар және дымқыл киім мен аяқ киім кию, қатты шаршау, ашығу, ұзақ уақыт қозғалыссыз және ыңғайсыз болу, алдыңғы суықтан алған жарақаттың болуы, аурудың нәтижесінде болған ағзаның әлсіреуі, аяқтың тершеңдігі, аяқ-қол буындарының және жүрек-тамыр жүйесінің созбалы аурулары, қан жоғалтумен болған ауыр механикалық зақымданулар, темекі шегу үсуге шалдығуға әкеп соқтырады.

Статистика бойынша адамдардың қаза болуына және аяқ-қолын кесуге әкеп соқтыратын барлық ауыр үсінуге шалдығулар күшті алкогольдік мас болу салдарынан болатындығы көрінеді.

Үсінудің төрт дәрежесі болады. Үсінудің І дәрежесі (аса жеңілі) аз уақыт суық әсер етуінен болады. Терінің жаны кетпейді. Ондай үсінуге шалдығудың бірінші белгісі – зақымданған жерлердің жансыздануына әкеп соқтыратын күюді, шаншуды сезіну. Содан соң тері қышиды және ауырады, олар аса мәнді және аса көрнекті болмауы мүмкін.

ІІ дәрежелі үсіну ұзақ уақыт суық әсер етуінен болады. Оған аса тән белгі – зақымданудан кейінгі бірінші күні түссіз сұйықтық толған көпіршіктің пайда болуы. ІІ дәрежелі үсінуден соң ауруды І дәрежелі үсінуге қарағанда ұзағырақ және тереңірек сезінеді, тері қышиды және ауырады.

ІІІ дәрежелі үсіну кезінде температураның төмендеуі және ұлпаға суық әсерінің ұзақтығы артады. Бастапқы кезде пайда болған көпіршіктердің іші қанға аралас, түбі қоңыр-көк болады және тітіркендіргіштерді сезбейді. Терінің барлық элементтері өледі де соңында бітеледі және тыртықтар өрістейді. Түсіп қалған тырнақтар қайтадан өспейді немесе  пішіні бұзылып өседі. Өлген ұлпалардың түсуі 2,3-аптада аяқталады, одан кейін тыртықтанады, ол 1 айға дейін созылады.

Ауруды сезінудің қарқыны мен ұзақтығы ІІ дәрежелі үсінуден жоғарырақ.

IV дәрежелі үсіну температураның аса төмендеуінен және ұлпаға ұзақ уақыт суық әсерінен туады. Ол көбінесе ІІІ және ІІ дәрежелі үсікке шалдығумен үйлеседі. Жұмсақ ұлпаның барлық қабаттары өледі, жиі сүйек пен буын зақымданады.

Зақымданған участок көпкөңгек, тіпті кейде мәрмәр түсті болады, жылыған кезде ісік пісіп ұлғая бастайды. Терінің температурасы оны қоршаған үсікке шалдыққан ұлпа участогінен біраз төмен. Көпіршіктер үсікке төмендеу шалдыққан учаскелерде, ІІІ – ІІ дәрежелі үсінген жерелерде дамиды. Ісік біраз ұлғайған жерінде көпіршіктің болмауы, сезімталдығының жоғалтуы IV дәрежелі үсуге шалдығудың куәсі болып табылады.

Үсуге шалдығу кезінде алғашқы көмек.

Алғашқы көмек тоңуды тоқтатудан, аяқ-қолды жылытудан, суыққа шалдыққан ұлпаларда қан айналымын қалпына келтіру мен инфекцияның алдын алудан тұрады. Үсуге шалдығу белгілерін байқаған кезде бірінші – зардап шегушіні жақын маңайдағы жылы жерге апару, қатып қалған аяқ киімді, шұлықты, қолғапты шешу керек. Алғашқы көмек іс-шараларын өткізумен бір уақытта дәрігерлік көмек көрсету үшін тез дәрігерді, жедел жәрдемді шақыру қажет.

І дәрежелі үсікке шалдығу кезінде тоңған жерлерді қызарғанға дейін жылы қолмен, жеңіл уқалаумен, жүн матамен ысқылаумен, деммен жылыту керек, содан кейін мақта-дәкемен орау керек.

ІІ - IV дәрежелі үсікке шалдығуда тез жылыту, уқалау мен ысқылаудың қажеті жоқ. Зақымданған жерді жылу өткізбейтін таңғышпен ораңыз (дәке қабатын, қалың мақта қабатын, тағы дәке қабатын, үстіне клеенка немесе су жібермейтін мата). Зақымданған аяқ-қолдар қол асты құралдарының көмегімен бекітіледі (тақтайша, фанера сынығы, тығыз картон), оларды таңғыштың үстіне салып дәкемен орайды.

Зардап шегушіге ыстық сусын, ыстық тамақ, аз мөлшерде алкоголь,  1 таблеткадан аспирин, анальгин,  2 таблетка «Но-шпа» және папаверин береді.

Ауруды қармен ысқылауға кеңес берілмейді, өйткені саусақтар мен табандардың қан тамырлары өте нәзік болады, сондықтан оларға зақым келуі, теріде пайда болған кішкентай жарықшақтар инфекция түсуіне жол береді. Үсінген аяқ-қолды отқа жылдам жылытуға, бақылаусыз жылытқыштар мен сол сияқты жылу көздерін қолдануға болмайды, өйткені үсіну барысын қиындатады. Алғашқы көмектің тиімсіз және қабылданбайтын жолы – май, жануар майын жағу, терең үсіну кезінде ұлпаны спиртпен ысқылау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Үсік шалған кездегі алғашқы медициналық көмек"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 006 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.09.2016 12605
    • DOCX 17.9 кбайт
    • 41 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мыскенов Серик Калибекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мыскенов Серик Калибекович
    Мыскенов Серик Калибекович
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22807
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель основ безопасности жизнедеятельности

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 889 человек из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 996 человек

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания безопасности жизнедеятельности в профессиональном образовании

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 375 человек

Курс профессиональной переподготовки

Экология и основы безопасности жизнедеятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель, преподаватель экологии и основ безопасности жизнедеятельности

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 112 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 350 человек

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Нейропсихология в школе: путь к успеху и благополучию детей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Мини-курс

Развитие и воспитание дошкольника: ключевые аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе