Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘскерге бару таңдау ма? Талап па?

Әскерге бару таңдау ма? Талап па?

Скачать материал

Күні: 02.02.16

Сынып: 8 «Б»

Тақырыбы: Әскерге бару таңдау ма? Талап па?

Мақсаты:

Дамытушылық: Қазақстанның Қарулы күштері жайлы білімді қалыптастырып, білімі мен біліктілігі жоғары, талап – талғамы терең, өз Отанын қорғай білуге, мемлекет басқару құқығын дұрыс пайдалануына үйрету.

Тәрбиелік: Оқушылардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, парасатты тұлғаны тәрбиелеу.

Білімділік:  Оқушылардың ойлау, таңдау, сөйлеу мәдениетін дамыту, қабілеттерін шыңдау, сөздік қорларын молайту.

Сабақтың әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндама

Көрнекілігі: тапсырмалар жазылған қиықшалар, видеоролик, сабақтың эпиграфы жазылған плакат.

Сабақ барысы:

Қазір кейбір жігіттер әскерге бару десе, ат-тонын ала қашады. Қорқа ма, әлде қауіпсіздігін ойлай ма?! Телмірткен теледидар жаңалықтары түрлі жайтты жеткізеді. Ұрып-соғу, ақыр аяғы ақ матаға оранып табытпен оралған азаматтар төңірегінде естігенде есеңгіреп қаласың. Үрейің ұшады. Осыдан келіп, алыпқашпа әңгіме тарайды. Бұны көрген ата-ана баласын жанынан алысқа ұзатқысы келмейді. Неге? Қорқады. Көз алдында аман-есен жүрген баласы әскерге барса, бір пәлеге душар болатындай көрінеді. Десе де, қазаққа көлеңкесінен қорқатындар емес, сол қорқынышпен бетпе-бет келетін еркек кіндіктілер ауадай қажет.

Жігері құм боп жасыған жігіттер арқылы қай дұшпаныңа сес көрсетесің?! Еліміз өзіне әлем назарын аударып тұр десек, артық айтқанымыз болмас. Көз алартып, аяқтан шалғысы келетін мемлекеттердің жоқтығына толыққанды сенім білдіре алмаймыз. Сол себепті біздің саптағы әскеріміз қандай жағдайға болмасын, сақадай сай болуы шарт. Кең төскейде аз қазақтың орын тебуін көре алмайтындардың көкесін ішкі күштердің көмегімен ғана көрсете аламыз. Бір данышпан: «Бейбіт ел болғың келсе, соғысқа дайындал», - деген  екен.

Елімізде жыл сайын дәстүрлі түрде күзгі және көктемгі мерзімде әскерге шақыру науқаны жүреді. Сәуір айының бірінен бастап көктемгі әскерге шақыру үрдісі басталып кетті. Биыл ҚР-ның Қарулы күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына 11 мыңнан астам адам шақырылады. Оның үш мыңға жуығы Қарулы күштер қатарына, қалғаны Ішкі әскерлер мен Шекара қызметі, Республикалық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі әскери бөлімдеріне жөнелтіледі.

- Осы жылдан бастап әскери бөлімдерді жасақтау тек аумақтан тыс қағидат бойынша жүзеге асырылады. Іріктеу және әскери бөлімдерге бөлу кезінде әскерге шақырылушылардың әскерге шақыруға дейінгі алынған қолда бар мамандығы ескерілетін болады, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны 27 маусымда аяқталады.

Өңірімізге ойыссақ. Қызылордада әскерден қашып жүргендердің санынан адам жаңылысады. Өткен жылдың қараша айындағы аппарат мәжілісінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қашқындардың аты-жөндерін жергілікті газет-журналдарға жариялауды тапсырды. Әскерге баруға қолды бір-ақ сілтеп жүргендер Жалағаш, Қармақшы, Арал және Қазалы аудандарында жиі ұшырасады.

- Бұл жігіттердің әскери қызметтен, яғни Отан алдындағы борышын өтеуден жалтарып жүргенін жұрт естіп, білсін. Мемлекеттен көмек сұрауды біледі. Ал міндетін орындауға келгенде тырп етпейді, - деді аймақ басшысы.

Олар алимент төлемеген әкелер сияқты басылым беттерінен бір-ақ шығады.

Жылқы жылындағы жалпы әскерге шақыруға дайындық жұмысы қалай? Қалай  жүргізіліп  жатыр? Бұл сұрақтарға Қызылорда облысы бойынша Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру басқармасының бастығы, майор Арал Есмамбетовтен жауап алдық.

- ҚР-ның әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңының  27-31-баптарына сәйкес, Қызылорда облысы әкімдігінің 31 наурызда «2014 жылғы сәуір-маусымда және қазан-желтоқсанда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды  ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы»  №527 қаулысы шықты. 1 сәуір мен 30 маусым аралығында ҚР-ның Қарулы күштері және басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарына, мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары ұйымдастырылып жүргізілуде. Облыс бойынша көктемгі мерзімді әскери қызметке денсаулығы жақсы, моральды-психологиялық деңгейі жоғары, әскери қызметке жарамды 18-27 жас аралығындағы азаматтар шақырылады. Бес жүзден аса азаматтар шақырылады, өткен жылы бес жүзге жуық болатын. Осы көктемгі шақыруға алдын ала зерделеу, іріктеу жұмыстары ҚР ҚМ-нің №96 бұйрығына сәйкес 2014 жылдың 10 қаңтарынан бастап жүргізілді. Алдыңғы жылға қарағанда әскерге шақырылушылардың әскери қызметке баруға ынталары жоғары. Медициналық тексерістен өткен кезде осы уақытқа дейін варикоцеле, қан қысымы, неврологиялық аурулар жиі ұшырасты. Балалардың  оқу деңгейі төмен. Әскерге аттанатын жігіттің бойы мен дене салмағы тұп-тура болуы шарт. Жергілікті атқарушы органдар облыстық жиын пунктін қолданысқа берді. Ол жиын пункті медициналық құралдармен және мүліктермен жүз пайыз қамтамасыз етілген. Кәсіби тұрғыдағы әскери қызметке көшу басталып кетті. Сәуір айының аяғына таман ҰҚК-не қарасты шекара әскери бөлімшелерінің алғашқы легі жөнелтіледі, - деді ол.

Әскери мiндеттілiк мазмұны:

      1. Әскери мiндеттілік азаматтарды әскери мамандықтар бойынша даярлау және бейбiт кезде және соғыс уақытында Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгіленедi.

      2. Әскери мiндеттілік:

      1) азаматтарды әскери қызметке даярлауды;

      2) азаматтарды әскери есепке алу мен шақыру учаскелеріне тiркеудi;

      3) әскери қызметке шақыруды;

      4) әскери қызметті өткерудi; P060777

      5) запаста болуды;

      6) запаста болған кезеңiнде әскери жиындардан өтудi;

      7) соғыс жағдайын енгiзу кезеңiнде азаматтарды жалпы әскери оқытуды қамтиды.

      3. Әскери мiндеттiлiктi атқару тегiне, әлеуметтiк, қызметтік және мүлiктік жағдайына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, саяси және өзге де сенiм-нанымына, қоғамдық бiрлестiктерге тиiстiлігіне, тұрғылықты жеріне байланысты болмайды.

      4. Азаматтар осы Заңда көзделген негiздер бойынша әскери міндеттіліктен босатылады.

      5. Әскери мiндеттілiкке қатысы бойынша азаматтар әскер жасына дейiнгілер, әскерге шақырылушылар, әскери қызметшілер, әскери міндеттiлер және әскери мiндеттi еместер санаттарына бөлінедi.

Әскери қызмет мазмұны

      1. Әскери қызмет Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн Қарулы Күштерде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда белгiленедi.

      2. Әскери қызмет:

      1) шақыру бойынша әскери қызметтi;

      2) келiсiм-шарт бойынша әскери қызметтi қамтиды.

      Шақыру бойынша әскери қызметке:

      1) сарбаздар (матростар), сержанттар (старшиналар) құрамының мерзiмдi әскери қызметi;

      2) осы Заңның 24-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметi;

      3) жұмылдыру, соғыс жағдайы, соғыс уақыты және әскери жиындардан өту кезiндегi әскери қызмет жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Хакимжанова

атындағы №20 орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

Тақырыбы:

«Әскерге бару таңдау ма?

Талап па?»

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: 8 «Б» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2016 жыл.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әскерге бару таңдау ма? Талап па?"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 296 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 969
    • DOCX 39.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Купеев Ермек Сексенбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Купеев Ермек Сексенбекович
    Купеев Ермек Сексенбекович
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 30970
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой