Инфоурок Другое СтатьиСтатья по казахскому языку на тему "М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» " (8 сынып)

Статья по казахскому языку на тему "М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» " (8 сынып)

Скачать материал

 

                         

Тақырыбы.М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда».   Аққу-Ана-Бала(2-сағат)

Мақсаты:1.Білімділік. Оқуылардың поэма жайында игерген материалдарын

нақтылау, шығармашылық жұмысқа үйрету.

                  2.ДамытушылықШығармаға жан-жақты талдау жасау арқылы

оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту.

                   3.ТәрбиелікОқушыларды ізгілікке, адамгершілікке, қоршаған ортаны

                   қорғай білуге тәрбиелеу.

Түрі: Білімді бекіту сабағыӘдіс-тәсілдерСТО әдістері

Көрнекілігі: слайд материалдарыПәнаралық байланыс Музыка, биология.

Сабақтың құрылысы: СТО стратегияларын қолдану

1.     Қызығушылықты ояту сатысы: 1) Ассоциациялау

                                                             2) Категориялық топтастыру

 2.  Мағынаны тану сатысы: 1) ББҮ кестесі

                                                     2) Семантикалық карта

3. Толғаныс сатысы: 1) Эссе

                                       2) Бес жолды өлең   

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру жұмыстары. 1)Оқушылармен амандасу

2)Сыныптың сабаққа дайындығын пысықтау.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Кіріспе сөз: Әр ғасырдың біртуар адамы болады.Зымыран уақыттың пешенесіне жарық жұлдыз боп қадалған Абай, Мағжан, Қасым, ...Мұқағали болар?Мұқағали «Абай жаққансәулені» сөндірмей, кейінгі ұрпағына қалдырды.Сол жыр сәулені лаулатарақын келеріне сенді.

Туады, туады әлі нағыз ақын,

 Нағыз ақын бал мен у тамызатын- деген болатын.

Әр ақынның өнер-болмысында бір қасиет өзгелерінен басымырақ болады. Мысалы: Абайда –ой, Мағжанда – махаббат, Қасымда – от, Мұқағалида қасиет басымырақ.Табиғат -Ананың бір бөлшегі болған Мұқағали былай дейді:

       Табиғат, жанымды алсаң алшы менің,

       Бір түйір жерге түскен тамшы едім,

       Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,

       Артымда қалсын жерім, қалсын елім,-деп ақын таусыла жырлайды.

Ақынның өзін тыңдап көрелік.

Поэзия.

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе, неге іздедім.

Қарауытқан таңдардан сені іздедім... Әрі қарай оқушылардың үйден дайындалып, жаттап келген«Менің Мұқағалиым» тақырыбында ақынның өзіңе ұнаған өлеңін жатқа айту және сенің Мұқағалиің екенін дәлелдеу тапсырмасы сұралады.Сұрақ: «Сенің Мұқағалиің қандай?»

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Слайдтағы Мұқағали сөзімен үй тапсырмасын қорытындылау.

 

 

 

 

«Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар,онда мен не жазсам,соның бәрін түгел оқып шығуды  ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем.Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес.Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті.Басы және аяғы бар.Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай...»

М.Мақатаев

Оқушыларды топқа бөлу. (Молекула, атом4)

ІІІ.СТО стратегияларын пайдалана отырып жаңа сабақты бастау.

Біз Мұқағали ақынды –поэзия патшасы десек, ендеше,поэзия патшалығыа сапар шегіп көрейік.Міне,патшалықтың алтын қақпасы ашылды. «Аққулар ұйықтағанда» сарайының кілті өз қолдарыңда.Қазіргі сәттен бастап осы сарайдың  сырына үңіліп көрейікші.Іске сәт!

«Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тыңдау

1.     Қызығушылықты ояту сатысы.Оқушылар екі топқа бөлінген болатын.

1)    Ассоцияциялау

Сұрақ. Поэма не туралы жазылған? Кейіпкерлері кімдер?

Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.

Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.

Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендер тақтаға жазылады.

Мыс: аққу,ана,бала,жылқышы,сәуегей қарт,әке...

2)    Категориялық топтастыру

Сұрақ. Басты кейіпкерлерге сипаттама бер.Ана-Аққу-Бала

Оқушылар әр кейіпкердің өзіне тән ерекшеліктерін алғашқы тапысрмаға қосыптолықтырады.

Жеке жұмыс.Оқушылар жеке ойланып, өз білетіндерін дәптерге жазады.

Жұппен жұмыс. Бірін-бірі тексеріп, алып қосарларын қосады.

Топпен жұмыс.Барлығы бірігіп қажет дегендерді тақтаға жазады.

 

Овал: АққуОвал: АнаОвал: Аққулар ұйықтағандаа

 

 

 


Овал: Бала

 

 


2.     Мағынаны тану сатысы. Оқушылар, «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы туралы не білеміз?

1)ББҮ кестесімен жұмыс

Білемін

 

Білгім келеді

Үйрендім

Оқушылар поэма туралы не білетіндіктерін жазады.Жоспар түрінде көрсетуге болады.

 

Поэма мазмұнынан басқа не білгің келеді?

(оқушылар сұрақтар жазады)

Сабақтан қандай жаңа ақпараттар алдың?

(оқушылар мәтінен алған жауаптарын толықтырады)

 

  Еске түсіріп жіберу.Поэма қалай басталып еді?

                                        Поэма қалай аяқталды?    

«Аққу»мәтінін беру.Оқушылар мәтінмен танысып, өздері білмейтін жаңа мәліметтерді, жаңа ақпараттарды  дәптерлерінің «Үйрендім» бөліміне толтырады.

Аққу

      Аққулар (лат.Cygnus) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасының жеке туысына жататын өте сымбатты құстар. Қазақстанда аққудың (Cugnus) үш түрі: сұңқылдақ аққу, сыбырлақ аққу, кіші аққу кездеседі. Мойны мен денесінің ұзындығы тең әрі иіліп келген.

     Денесі созылыңқы, басы онша үлкен емес, тұмсығы тік әрі жалпақтау келеді. Қысқа сирағы денесінің арт жағында орналасқан. Қауырсыны тығыз әрі үлпілдек мамықты шымқай ақ түсті (тек Австралия мен Тасманияда кездесетін бір түрі ғана шымқай қара). Салмағы 5 – 10 кг, ең ірісі 13 кг-ға жетеді. Қанатының ұзындығы 150 – 180 см.

    Тіршілігінің көп уақытын суда өткізеді, жақсы жүзеді, бірақ сүңги алмайды, құрлыққа сирек шығады. Аққу – жұп құрып тіршілік етеді. Олардың  мойындары 20—25 омыртқадан тұрады.  Аққулар адамдар бара алмайтын, су жағалауларының түк-пірін көбірек мекендейді. Олар қосарланып жүреді. Әрбір ұрғашысы жылына 3—5 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын 30—40 күн басады, оларға жұптасып қамқорлық жасайды. Жылына бір рет түлейді. Ересектері су өсімдіктерімен, кейде судағы омыртқасыз жәндіктермен, ал балапандары су жәндіктерімен қоректенеді. Аққулар судың тайыз жерлершен қоректерін аулайды. Олар су өсімдіктерінің тамырын және жұмсақ түйіндерімен қоректенеді. Түлеу кезінде бірнешеуі бір жерге жиналады. Ол кезде олар ұша алмайды.

     Аққу – жыл құсы. Қыс жылы кезде аққудың біраз тобы Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында – Ақтау қаласының маңында қыстап шығады.

     Аққуды қазақ халқы ежелден  қастерлеп, бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, пәктіктің, сұлулықтың белгісі деп есептейді әрі киелі құс төресі санап, оған еш уақытта оқ атпайды. Аққудың аталығын «сапар», балапанын «көгілдір», мойнын «сұңғақ» деп дәріптейді. Сәкен Сейфуллиннің «Аққудың айырылысуы», Мұқағали Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда», Қорқыт бабаның, Қожеке Назарұлының, Тоқа Шоңмаңұлының, Ықылас Дүкенұлының, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйлері, Болат Аюхановтың «Аққу биі» халқымыздың аққуға деген сүйіспеншілігінің белгісі болып есептелінеді. Аспан әлеміндегі шоқжұлдыздың бірі «Аққу жұлдызы» деп аталады. Халқымыздың ауыз әдебиетінде аққуға байланысты даналық ұғымдар, аңыз-әңгімелер, мақал-мәтелдер, теңеулер жиі кездеседі: «Аққу – құстың төресі, жалғыз жатып оттамас», «Сүйріктей аққу мойын», «Аққудай ару», т.б. Аққудың қауырсыны әсемдік үшін пайдаланылады.

Аққудың алты-жеті түрі бар, оның бесеуі Солтүстік жартышарды мекендесе, біреуі экватордың оңтүстік бетін қоныс етеді. Қазақстандымекендейтінекеуі – сыбырлақжәнесұңқылдақаққулар. Кіші   аққу тундрадан  қыстайтын жерлеріне ұшқан кезде Қазақстанда кездеседі.

Қазақтар аққуды киелі құс деген:

 

 

  • Аққуқұсыәдеміқұсболғандықтан, жалпыақтүстіболыпкеледі - сұлулыққатеңеген. Қазақтыңәдеміқыздарынаққуғатеңеген.
  • Құстардыңішіненжұптасыпөмірсүретінбірден-бірқұс.
  • ЕгерЖұбынанайырылыпқалса, не біреуіқазаболса, екіншісіадамшақайғырып,ауырыпөлугебарған. Осы жағдайданкейінекіншіаққуғақосылмайтынболған.

Осыданқазақхалқы "Аққудыатуғаболмайды", "Махаббаттарыңайдындажүзгенқосаққудайболсын" -деген дана сөздерқалдырған.

Аққу үш-төрт жасқа дейін аққа емес, сұр қу (егер осылай айту мүмкін болса) боп өседі. Түсі көктен, көгілдірден гөрі күлге не шаңға аунатып алғандай сұрғылттанып тұрады. “Бесік баласы бес тү­лейді” деген мақалға сай ол да үш-төрт түлеп барып, шын аққуға айналады.

2)Семантикалық карта

 

Кейіпкерлер сөзі

Ана

Әке

Жылқышы

Тәуіп шал

......

 

 

 

 

......

 

 

 

 

.....

 

 

 

 

.....

 

 

 

 

 

Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы кейіпкерлерге сәйкесті сөздерді мәтіннен алып толтырады.

3.     Толғаныс сатысы. Балалар, поэма мазмұнымен, аққулардың тіршілігімен толық таныстық. Қалай ойлайсыздар, поэмадағы бақытсыз жан кім?

(оқушылардың жауаптарын тыңдау)

1)    Эссе.        «Поэмадағы ең бақытсыз жан кім?»

Ендеше өздеріңді сол рөлге қойып көріп, себебін 5 минут уақыт аралығында жазып беріңіздер. Мұғалім өзі де бірге орындау.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

 

2)    Бес жолды өлең. Балалар, бүгін біз сабағымызда аққу, ана, бала туралы сөз қозғадық.Ой бөлістік. Енді « Аққу-Ана-Бала»тақырыбын негізге ала отырыпмына сызбаны пайдалана отырып сызбаға сәйкесті мәліметтерді толтыра қояйық.

 

1-жол 1 зат есім (кім?)                                 Аққу            Ана         Бала

2-жол 2 сын есім (қандай?)

3-жол 3 етістік (не істеді?)

4-жол 4 сөзден тұратын мағыналы сөйлем

5-жол тақырыптың синонимі

Сабақты қорыту. Қазақтың қара өлеңі құдіреттім,

                             Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген, -депті ақиық ақын.

Т.Молдағалиев: «Мұқағали поэмаларының ең асылы,ең биігі деп мен «Моцарт», «Жан азасы», мен «Аққулар ұйықтағанда» деген дүниесін айтамын.Бұлар-алтын ішіндегі меруерттей сәуле шашатын ұлы дүниелер. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы  1973жылы «Жалын» альманағында жарияланды.Мұқағалимен кездескенде поэмасын көп мақтадым.»

 

Тұмаш осы поэманы Ғабит ағаға апарып оқыдым.Разы болып,мына алтын қаламды сыйлады»-деді Мұқағали.Мен: «Өте дұрыс еткен екенсің,Мұқа» Ғабең  ұнатса бүкіл халық ұнатады деген сөз»-дедім тебіреніп.Мұқағали бір ойға шомып үнсіз қалды.Бұл-Мұқағалидің өзінің аққу әні еді. Мұқағали –жыр жазудың шебері.Осы поэмада басы артық дүние жоқ.Абай айтқандай,  «теп-тегіс,жұмыр келсін айналасы»деген өлшемге компазициясы да  сыйып тұрған поэма.

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу

Қаңқылдап қанатымен сабалап су,

Таранып қаранады жан-жағына,

Сұлуды тасалама ,көк торғын құс!

Құрметті шәкірттерім, ақын Ф.Оңғарсынова “Мұқағалидай ақыны бар халық-бақытты халық” деген екен. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан сендер сол бақытты халықтың бақытты ұрпағысыңдар!

 

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағы бойынша бірін -бірі бағалайды

 

Үйге тапсырма. Поэмадан өздеріне ұнаған жерлерінен үзінді жаттау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Статья по казахскому языку на тему "М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» " (8 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2018 488
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қойбағарова Сымбат Жауынбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5808
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Ключевые игроки и современные тенденции в развитии гостиничных сетей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека