Инфоурок Другое Рабочие программыҰстаздар ұлы тұлғалар планирование

Ұстаздар ұлы тұлғалар планирование

Скачать материал

«Ұстаздар - ұлы тұлғалар»  

 Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара

  1. Сахна сыртынан Ұстаз  туралы өлең оқылады  (әуен жүріп тұрады)

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
“Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

     2.  Жүргізушілер шығады:

1- жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар,   Қош келдіңіздер,  Құрметті де аяулы  ұстаздар!

2-жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
                        Ұстаз деген – анасы ол адамның.
                        Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
                        Сен де одан адам болып жаралдың.
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
                        Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,
                         Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.
                        Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,
                        Ол өзіңнің орындалған арманың.
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиеті бас иелік мәңгілік!

 


         1- жүргізуші:  Дархан,  Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

 

 

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

1-жүргізуші:  Шәкірттер санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан ұстаздар қауымына ақ лебіз, жылы тілегін білдіру үшін ортамызға  колледжіміздің басшысы Гүлжан Ұзаққалиқызын  шақырамыз.

2-жүргізуші: Денсаулықтарыңыз  мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа  толсын, біздей  шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ:  Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

            Гаухардың орындауында Ән: «Ұстазым» 

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, Дархан? Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

2-жүргізуші: Айгүл, мен  осы сөзің дәлелді бола түсу  үшін мына жыр шумақтарын қосайын.                            

 Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің колледжімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 

 1-жүргізуші:   Ендеше,

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

 

Аяулы ұстаздар, сіздерге арналған мерекелік бейнеролик шашуымызды қабыл алыңыздар!    (видеоролик жіберу)         

 

1- жүргізуші:   Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

                           Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

                           Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

                           Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

      2-жүргізуші:  Айгүл, екеуміз ұстаздар туралы нақыл сөздер айтып жарысып көрсек қайтеді?

      1-жүргізуші: Ал ендеше баста.

      2-жүргізуші: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау»,

      1-жүргізуші: «Ұстазға қарап шәкірт өседі»

      2-жүргізуші: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр»

      1-жүргізуші: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла»

      2-жүргізуші: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы»

 

 

Ән: «Ұстаз-әнім» Дамир

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.  (қонақтарды таныстырады)

1. Қуатбаева Назима Райханқызы

2. Қабдығалиева Құрбанбике Шілдебайқызы

3. Мұхтарова Шолпан Вахитқызы

 

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар,  сіздер салып кеткен сара жол-ұстаз жолы – ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер.

1 қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма?

2 қонаққа сұрақ: «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз?

3 қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен колледжіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Колледжіңізге айтар тілегіңіз?

 «Ана туралы» әнімен ортаға Ғаділбек ағайды шақырамыз.

 

 2-жүргізуші: Ұстаз-шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау-адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық,, білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші:     

  Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, - дей келе алдарыңызға колледжіміздің бишілерін ортаға шақырамыз.

 

«Қара жорға»  биімен ортада бишілер тобы

2-  жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен  аздап әзілге орын берсек.  (әуен жүріп турады.)

Гаухар – 5топ, Жандос – 30топ:

     Әзіл – қалжың отауы:      ҰСТАЗДАР ӨМІРІНЕН

Мұғалімдер кім болуды армандайды?

Мұғалімдер әсте әртіс, жазушы, сот, бастық, сылақшы, майлаушы, немесе еден сыпырушы болуды армандамайды. Өйткені:

-Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 30-40 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе? Ашса алақанында, жұмса жұдырығында, – дегендей ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады.

-Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады.

-Бір тыным жоқ. Кабинет тазалығы да өз мойнында. Демек, майлаушы да өзі,  сылаушы да өзі. Безендіруші де өзі.

-Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас.

-Соңғы кезде бухгалтер мен кассир де өздері.

Ұстаздарымыз сан алуан қосымша мамандықтар меңгеруде. Ендеше қай мекемеге қандай мамандық иесі өте зәру болса, 2-3 айлық жазғы демалыс кезінде біздің ұстаздарды шақыруларыңызға болады.

                                         Неге бармайсың?

Баласы шешесіне айтады:

-           Мен енді мектепке бармаймын!

-           Неге бармайсың?       

-           Сол … Асанов таспамен оқ атады, Сотқаров оқулықпен басымнан ұрады, тағы біреуі аяғымен шалады…     Бармаймын!

-           Жоқ, балам, сен қайткенде де баруың керек. Біріншіден, жасың қырықтағы адамсың, екіншіден, мектеп директорысың.

                                              “Суретші”

Мұғалима Асанның әкесіне шағым айтады:

-           Кеше сабақта сіздің ұлыңыз партаға шыбынның суретін салып қойыпты. Мен оны шын екен деп қолымды ұрып алдым.

-           Сіз оны айтасыз, – дейді әкесі. -Бірде ол ваннаға крокодилдің суретін салыпты. Зәрем ұшқаны сондай, тұра қашамын деп қабырғадағы есіктің суретіне соғылдым.

 

                              ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК     (слайдтан көрсету)

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.                     

 

1-  жүргізуші: Дархан, Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2- жүргізуші: Сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің  кеп тұр ма?

1жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

2-жүргізуші: Ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз.   /Мұғалімдерге шарлар үлестіріледі. Әр шардың ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер шарды жарып, сұрақтарға жауап беруі керек./

 

 

Сұрақтар:

 

1.         Домбырада – жетеу, сырнайда – алтау, қобызда бесеу. Бұл не? /әріп/

2.         Бұл санда қанша әріп бар болса, сонша сан бар. Ол қай сан? /Жүз/

3.         Жел соққанда тау ық бола ма? /Ық болады/

4.         Теңізде қандай тас болмайды? /Құрғақ/

5.         Ертістің ортасында не бар? /Т әріпі/

6.         Өзі судан шығады, бірақ судан қорқады. Бұл не? /Тұз/

 

1-жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

 

 

№1 билет. Топта сіз үшін ең сүйікті студент болу керек пе?

№2 билет. Сабақта ұйықтап қалған студентті оятасыз ба?

№3 билет. Сабаққа жиі кешігіп келесіз бе?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабақта анекдот айтқан кезіңіз болды ма?

6 билет. Сіз ренжіген кезіңізде не істейсіз?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер. Келесі кезекті әсем әнге берейік:

 

 

Самғаттың орындауында Ән: «Ұстазым менің»

 

2-жүргізуші:                 Жақсы жандар жанымызда әрқашан

                                        Ұлағатты сөзін биік ұстаған                   

                                        Ардақты ұстаз асыл анаң секілді                                                   

                                        Тәрбиелейді балапандай жасыңнан

1-жүргізуші: Ұстаз мейірі-Ана мейірімі пара-пар,

                        Тұла бойға қуат болып таралар

                        Көп жасаңдар бұл өмірде шуақ боп,

                        Айналайын білім берген ұстаздар.

2-жүргізуші:  Ұстаз мектепте ұстаз болса, отбасында ол - аяулы ана.

                         Ана туралы ән сіздерге арналады, аяулы  ұстаз - аналар! 

 

«Ана туралы ән» Орындайтын Дулат

1- жүргізуші: «Ұстаз» деген ардақты, киелі, үлкен құрметпен айтылатын сөз, ол әр адамның жастайынан сауатын ашатын, өнеге үйретіп, тәрбие беретін «Білім» атты кемеге отырғызып, болашаққа жол көрсететін, анаңдай әлпештеп, маңдайынан сипайтын адам.

Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,

Ұстаздың алып жүрген атын еркін

Біз сізге өлеңнен өріп ұсынамыз,

Жүректің алғысы мен рақметін.      

2- жүргізуші: 

             Қадіріңді кезінде

             Білмепті ғой ұланың.

             Қазір әрбір сөзіңе,

             Елеңдейді құлағым.

                     Бірдей етіп ұстадың.

                     Демей бізге бөтенсің.

                     Кейде акылын ұстаздың,

                     Сағынады екенсің.

              Сол ұстазға жаны нұр,

              Демек үлкен адаммын.

              Есейсек де бәрі бір,

              Баяғы шәкірт, балаңмын - деп қанша есейіп кетсек те біз  сіздерді  ешқашан  ұмытпаймыз.

1-жүргізуші: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

/Көңілді күй, сахнаға студенттер шығады, олар ұстаздарға біркелкі бас иеді./

 

 

 

 

                         Атырау көлік және коммуникация колледжі

 

 

 

 

 

«Ұстаздар - ұлы тұлғалар»  

 Ұстаздар мейрамына арналған  мерекелік шара

 

 

Өткізген: Дакпиртова Ақтолқын Анесқызы

Шет тілі пәні оқытушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атырау қаласы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұстаздар ұлы тұлғалар планирование"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по управлению персоналом

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

4 қазан халықаралық "Ұстаздар күні" мерекесіне арнап  топ студенттерінің ұйымдастырған мерекелік құттықтау - сазды бағдарламасы. Бұл бағдарламада құттықтау сөздер, пародиялар, әртүрлі ойындар, музыкалық сәлемдемелер,  қарастырылған. Ұстаздар ұлы тұлғалар тақырыбында өткізген тәрбиелік шараның студентке берер тәрбиелік мәні зор. Жалпы Ғаділбектің өткізген тәрбие сағаттары студенттерді отан сүйгіштікке, ата - анасын сыйлауға, үлкенді құрметтеуге өте зор ықпалын тигізеді. Гаділбектің өткізген сабақтарынан да , тәрбиелік шараларынан да жаксы әсер аласыз 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.01.2015 1030
    • DOCX 1.5 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Имашев Гадилбек Нуржанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Имашев Гадилбек Нуржанович
    Имашев Гадилбек Нуржанович
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22899
    • Всего материалов: 24

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе