Инфоурок Начальные классы Презентации"Сынып үздігі" интеллектуалды сайысы

"Сынып үздігі" интеллектуалды сайысы

Скачать материал
Скачать материал ""Сынып үздігі" интеллектуалды сайысы"

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор десткого сада

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • 4 “Б” сыныбы

    1 слайд

    4 “Б” сыныбы

  • Қош келдіңіздер!

    2 слайд

    Қош келдіңіздер!

  • “Сынып үздігі” 
(танымдық сайыс)

    3 слайд

    “Сынып үздігі”
    (танымдық сайыс)

  • Н.Ә.Назарбаев“Білімді, интеллектуалды адамдарсы...

    4 слайд

    Н.Ә.Назарбаев
    “Білімді, интеллектуалды адамдарсыз, озық ғылымсыз Қазақстанның перспективасы жоқ. Қазір адамдардың бәсекелестігі, білімнің бәсекелестігі, ғылымның бәсекелестігі жүруде. Бұған дайындалу қажет”

  • Сайыс кезеңдері
І.Таныстыру
ІІ. «Құпия сандық»  кезеңі
ІІІ. «Мақал сөздің мәй...

    5 слайд

    Сайыс кезеңдері
    І.Таныстыру
    ІІ. «Құпия сандық» кезеңі
    ІІІ. «Мақал сөздің мәйегі» кезеңі
    ІҮ.«Ойна да, ойла» кезеңі
    Ү. «Айшықты сөздер» кезеңі
    ҮІ. «Тұлғаны танимысың?» кезеңі
    YII. “Білгенге маржан” кезеңі


  • І.Таныстыру.

    6 слайд

    І.Таныстыру.

  • ІІ. «Құпия сандық»  кезеңі

    7 слайд

    ІІ. «Құпия сандық» кезеңі

  • Жұмбақтар1. Қолы менен қаламы жоқ, Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз-fros...

    8 слайд

    Жұмбақтар
    1. Қолы менен қаламы жоқ,
    Бірақ сурет салады көп.
    (аяз – мороз-frost)
    2.Қоймасын қыс ақтарып,
    Жерді жапты ақ мамық
    (қар – снег-snow)
    3.Бірін-бірі қоштаған,
    Бір үйден көрдім,
    Қырық екі дос-жаран.
    (әріп – буква-letter)
    4.Жұқа тақтай бөлшегі,
    Ұзындықтың өлшемі.
    (сызғыш – линейка-ruler)
    5.Қалқиып екі құлағы,
    Елеңдеп, қорқып тұрады.
    (қоян – заяц-hare)
    6.Жолбарыстан аумайды,
    Тышқандарды аулайды.
    (мысық – кошка-cat)

  • 7.Жеп көріп ем өзім мен, Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук-onion)  8.Бұлаңда...

    9 слайд

    7.Жеп көріп ем өзім мен,
    Жас шығарды көзімнен.
    (пияз – лук-onion)
    8.Бұлаңдаған құйрығы,
    Бір алдарлық қулығы.
    (түлкі – лиса-fox)
    9.Әттең, даусым, тілім жоқ,
    Құшағымда білім көп.
    (кітап – книга-book)
    10.Суға батпайды, отқа жанбайды,
    Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан.
    (мұз-лед-ice)
    11.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады.
    (күн-солнце-sun)
    12. Зыр жүгіре береді
    Ол тынымсыз домалап .
    (доп-мяч-ball)
    13.1 санға өсірді.
    Өзі қалып орнында,
    Бізді алға көшірді.
    (сынып-класс-grade)
    14.Сақталады алты ай жаз,
    Сандығымда сары аяз.
    (тоңазытқыш-холодилник-fridge)

  • 

III.Мақал сөздің мәйегі

    10 слайд



    III.Мақал сөздің мәйегі


  • 1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?(Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)...

    11 слайд

    1. Жыланды қалай інінен шығарамыз?

    (Жылы - жылы сөйлесе, жылан інінен шығады)
    2. Инемен құдық қазуға бола ма?
    (Білім инемен құдық қазғандай)
    3.Аппақ қарға бола ма?
    (Қарға баласын аппағым дейді)
    4.Ең тәтті не?
    (Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)
    5.Қар жана ма?
    (Қалауын тапса, қар жанады)
    6.Не оттан да ыстық?
    (Отан оттан да ыстық)
    7.Тауық түс көре ме?
    (Тауықтың түсіне тары кіреді)
    8.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?
    (Шашу оңай, жинау қиын)

  • 9.Білгенің қанша, білмегенің қанша?(Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғ...

    12 слайд

    9.Білгенің қанша, білмегенің қанша?
    (Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз)
    10. Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
    (Көз қорқақ, қол батыр)
    11.Отқа түсіп күймеуге бола ма?
    (Отан үшін отқа түс, күймейсің)
    12.Ер қаруы неше?
    (Ер қаруы бес қару)

  • 

IY. “Ойна да, ойла”

    13 слайд



    IY. “Ойна да, ойла”

  • 
            Сандар сыры
  
1,7,8,9,12,16,22

    14 слайд


    Сандар сыры

    1,7,8,9,12,16,22

  • 1 қырқүйек Білім күні
1 мамыр  Бейбітшілік күні
1 қаңтар Жап Жаңа жыл
7 мамыр...

    15 слайд

    1 қырқүйек Білім күні
    1 мамыр Бейбітшілік күні
    1 қаңтар Жап Жаңа жыл
    7 мамыр Отан қорғаушылар күні
    8 наурыз Халықаралық әйелдер қыздар
    мерекесі
    9 мамыр Жеңіс күні
    12 сәуір Ғарышкерлер күні
    16 желтоқсан Тәуелсіздік күні
    22 наурыз Қазақтың жаңа жылы наурыз
    мерекесі
    1 маусым Балаларды қорғау күні
    1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні

  • Сөзден сөз құра
“Қазақстан”

    16 слайд


    Сөзден сөз құра

    “Қазақстан”

  • Y. “Айшықты сөздер”1.Төбесі көкке жетті Қуанды 2.Ине шаншар жер жоқБос орын ж...

    17 слайд

    Y. “Айшықты сөздер”
    1.Төбесі көкке жетті
    Қуанды
    2.Ине шаншар жер жоқ
    Бос орын жоқ
    3.Қой аузынан шөп алмас
    Жуас
    4.Қабағынан қар жауды
    Ашуланды
    5.Бетінен оты шықты
    Ұялу
    6.Ит өлген жер
    Алыс
    7.Төбе шашы тік тұрды
    Қорықты

  • 8.Көзді ашып-жұмғанша Тез,лезде9.Таяқ тастам жер Жақын10.Жүрегі тас төбесіне...

    18 слайд

    8.Көзді ашып-жұмғанша
    Тез,лезде
    9.Таяқ тастам жер
    Жақын
    10.Жүрегі тас төбесіне шықты
    Қорықты
    11.Қас пен көздің арасында
    Жылдам
    12.Ат құлағында ойнайды
    Шабандоз

  • 19 слайд

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • 23 слайд

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • 26 слайд

  • 27 слайд

  • 28 слайд

  • 29 слайд

  • 30 слайд

  • 31 слайд

  • 32 слайд

  • 




YII. Білгенге маржан

    33 слайд






    YII. Білгенге маржан

  • 203040506010

 Ұяшық ашу

    34 слайд

    20
    30
    40
    50
    60
    10


    Ұяшық ашу

  • 1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы...

    35 слайд

    1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?
    3 кг

  • Ауаның ластану себептерін ата:Қоқыс қалдықтары

    36 слайд

    Ауаның ластану себептерін ата:
    Қоқыс қалдықтары

  • Қазақ тілінде неше септік бар?7 септік бар.

    37 слайд

    Қазақ тілінде неше септік бар?
    7 септік бар.

  • Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалад...

    38 слайд

    Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады?
    5 бұрыш

  • «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс ес...

    39 слайд

    «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»
    Қай романнан үзінді? Авторы кім?
    “Қазақ солдаты” романынан үзінді.
    Авторы Ғ.Мүсірепов

  • 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?Тең

    40 слайд

    1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?
    Тең

  • Қош сау болыңыздар!

    41 слайд

    Қош сау болыңыздар!

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты:

1. Оқушылардың білімдерін жинақтап, тереңдету.

2. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру.

3. Тапқырлыққа, ұтқырлыққа баулып тәрбиелеу.Жылдамдық пен алғырлыққа үйрету.

Көрнекілік: жұмбақтар, өлең жолдары, үзінділер, презентация.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс

Ойын барысы:

І. Ұйымдастыру.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, ортаға салыңдар.

Ойынға 9 оқушы қатысады. Ойын V айналымнан тұрады.

1.Ұшқыр ой

2.Құпия сандық

3.Ойлан тап

4.Айшықты сөздер

5.Білгенге маржан

Ойын ережесімен таныстыру.

Ойынды бастамас бұрын, әр оқушы өзін таныстырып кетсін.Болашақтағы ұстанымын, өзіне ұнайтын, сүйіп оқитын пәндерін айтып кетсін.

Енді ойынымыздың І- айналымын бастаймыз.

І -айналым «Ұшқыр ой»

Әр оқушыға ғылым салалары бойынша сұрақтар қойылады. Тез, жылдам, нақты жауап беру керек. Әр оқушы ұяшықтарды таңдай отырып, сұрақтарға жауап береді және әр жауапқа 2 ұпайдан алады.

ІІ айналым «Құпия сандық»

Бұл айналымда жұмбақ жасырамын, сендер жұмбақтың шешуін 2 тілде (қазақша, орысша) айтуларың керек. Әр оқушыға кезекпен жасырылады.Әр жауапқа 2 ұпайдан қойылады.Егер қазақшасын немесе орысшасын ғана айтатын болса 1 ұпай беріледі.

Осы айналымнан кейін 3 оқушымен қоштасамыз

1-о: Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (аяз – мороз)

2-о: Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (қар – снег)

3-о: Бірін-бірі қоштаған,

Бір үйден көрдім,

Қырық екі дос-жаран. (әріп – буква)

4-о: Жұқа тақтай бөлшегі,

Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш – линейка)

5-о: Қалқиып екі құлағы,

Елеңдеп, қорқып тұрады. (қоян - заяц)

6-о: Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды.(мысық – кошка)

7-о: Жеп көріп ем өзім мен,

Жас шығарды көзімнен. (пияз – лук)

8-о: Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі – лиса)

9-о: Әттең, даусым, тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап – книга)

1-о:Суға батпайды, отқа жанбайды,

Айнымайды шыныдан, қорғады тек жылыдан. (мұз-лед)

2-о: Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (күн-солнце)

3-о: Тігіп алып көк шатыр,

Қызыл күрең доп жатыр. (қызылша-свекла)

4-о: 1 санға өсірді.

Өзі қалып орнында,

Бізді алға көшірді. (сынып-класс)

5-о: Сақталады алты ай жаз,

Сандығымда сары аяз. (тоңазытқыш-холодилник)

6-о: Екі аяқпен кезек-кезек тебеді,

Зыр жүгіре береді

Ол тынымсыз домалап .(доп-мяч)

7-о: Ағайынды бес туыс

Жамылатын тоны бар.

Бесеуінде бес қуыс,

Сырттан кірер жолы бар. (қолғап-перчатки)

8-о:Бір қораға қамалғандар,

Жану үшін жаралғандар. (сіріңке-спички)

9-о:Қара ала тоны бар,

Аңдардың ол ұзыны,

Оны сенде танып ал (керік-жираф)

ІІІ айналым «Ойлан, тап»

Бұл кезеңде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер беріледі. Әр оқушыға 1 шығармадан үзінді (өлең, әңгіме) беріледі. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын табу қажет.Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан .Егер шығарманы тауып, авторын таба алмаса 1 ұпай береміз.

1.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды.

(«Қыс». А.Құнанбаев)

2. Өнер, білім бар жұрттар,

Тастан сарай салғызды.

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды.

(«Өнер, білім бар жұрттар». Ы.Алтынсарин)

3. «Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің...-деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естіледі.Осы төрт-бес сөз өзің ес білгелі ана дегенді танытатын қандай мейірім, қандай сезім болса, соның бәрін бір-ақ көшіріп әкеп, ып-ыстық етіп жүрегіме құйып жібергендей болды.»

(«Ана құшағында» Ғабит Мүсірепов)

4.Кейде күнмен теңесем,

Таласып күнмен мен өсем,

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған елімнен

Өсіп келе жатырмын.! («Өсіп келе жатырмын» Төлеген Айбергенов)

5. «Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты.Жұрт асырауға көнеді десті.Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды.Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды.»

( «Көксерек» М.Әуезов)

6. «Кадет корпусында оқитын балалар да түс ауа осы Ертіс бойына келеді.Омбы қаласына келіп, оқуға түскен кішкентай Шоқан қаланың қамау көше, тар үйлерін тосырқап, көпке дейін үйрене алмай жүрді.»

(«Қырдың жас түлегі» Сапарғали Бегалин)

Мұғалім:

Білген сайын келеді біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Белден ассаң, алдыңда бел көрінсе,

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің.

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің,- дей отырып,

IV айналымды бастаймыз «Айшықты сөздер»

Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Бұл сөздермен біз ана тілі пәнінен шығармаларды оқығанда танысқанбыз. Әр оқушыға 2 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын айтуларың керек. Әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан қойылады. Осы айналымнан кейін тағыда ұпай саны аз 3 оқушымен қоштасамыз.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)

2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)

1. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

2. Қабағынан қар жауды (ашуланды)

1. Бетінен оты шықты (ұялу)

2. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)

2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)

1.Таяқ тастам жер (жақын)

2.Жүрегі тас төбесіне шықты (қорықты

1.Қас пен көздің арасында (тез, жылдам, лезде)

2.Ат құлағында ойнайды (шабандоз)

Ойынымыздың соңғы айналымы «Білгенге маржан» деп аталады

Бұл айналымда 3 пән беріледі.Оқушылар сол пәндердің біреуін таңдап сұрақтарға жауап береді.

1. Мен бір сан ойладым, оған 30-ды қосқанда 80 шықты. Мен қандай сан ойладым?(50)

2. 1дм - де неше см бар?(10)

3. Бір бала қалаға бара жатыр еді, жолда 3 танысы шықты. Қанша адам қалаға бара жатыр? (1)

4. 5 ондық пен 7 ондықтың арасындағы толық ондық?(60)

5. Туристер 3 адамнан 3 қайыққа отырып, жорыққа аттанды. Барлығы неше адам жорыққа аттанды?(9)

6. Ұзындығы 2см және 4см тік төртбұрыштың периметрін тап?(12)

7. Екі адам тоғызқұмалақты 2 сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?(2)

8. 2 жылда неше ай бар?(24)

9. Екі шеті тұйықталған түзу сызық не деп аталады? (кесінді)

10. Үстелдің 4 бұрышы бар, бір бұрышын кесіп тастағанда оның неше бұрышы болады?(5)

Дүниетану пәнінен

1. Қай құс өз атын қайталай береді? (көкек)

2. Құлағы үлкен жануар (піл)

3. Сезім мүшелерін ата (көз, тері, мұрын)

4. Топырақты неден қорғау керек? ()

5. Киелі құс (Аққу)

6. Ұша алмайтын құс (түйеқұс)

7. Өсімдік мүшелерін ата (тамыр, сабақ, жапырақ)

8. Ауаның ластану себептері (қоқыс қалдықтары)

9. Дәрілік өсімдіктерді ата (меңдуана, адыраспан)

10. Шөлге шыдамды жануар (түйе)

6 - кезең Ана тілі және қазақ тілі пәндерінен сұрақтар қойылады.

1. Үш биді ата.

2. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

3. Мәтін түрлерін ата

4. Ы. Алтынсарин не ашқан?

5. Қазақ тілінде неше сөйлем мүшесі бар

6. "Ғылым таппай мақтанба " өлеңінің авторы кім?

7. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

8. Сөз таптарын ата

9. Ертегілердің қандай түрлері бар?

10. Ахмет Байтұрсынов кім?

 

Қорытынды: Құрметті оқушылар осымен біздің «Ең ақылды оқушы» интеллектуалды сайысымыз аяқталды.Қатысып, өз бақтарыңызды сыныағандарыңызға көп рахмет.Алдағы уақытты осындай сайыстардан қалыс қалмай қатысып жүріңіздер.Еліміздің болашағы білімді ұрпағында демекші білімді азамат болып өсіңіздер.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 849 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2015 3638
    • PPTX 717.5 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жайылханова Гульсая Базарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17892
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Русский язык и литературное чтение: теория и методика преподавания в сфере начального общего образования

Учитель начальных классов русского языка и литературного чтения

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 222 человека

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1471 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 800 человек

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2B маркетинга: от анализа до продаж

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе