Инфоурок Другое Другие методич. материалы«Табиғат – адам -қоғам» пікірталас

«Табиғат – адам -қоғам» пікірталас

Скачать материал



Жақсыбайкөл негізгі мектебі













Тақырыбы:

«Табиғат – адам - қоғам»

(пікір талас)











Жауапты: Қалниязова Н.А.





















2015-2016оқу жылы



Күні:23.01.2016ж

Сыныбы:6-9

Тақырыбы: «Табиғат –адам -қоғам»

Сыныптан тыс шара

Мақсаты:I.білімділік; оқушылардың ой-өрісін кеңейту, ынталарын көтеру, білімдерін шыңдау.

II.дамытушылық; Сөйлеу  шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, білім сайысына ойланып жауап берулеріне, жан-жақты ой өрісінің артуына дамыту

III.тәрбиелік;Табиғатты аялауға,көркейтуге үлес қосуға және де,жылдамдыққа,шапшандыққа  тәрбиелеу.

Пікір талас барысы:

Қарастырылатын мәселелер:

1. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.

2.Ғылыми-техника

Даттаушы:

Қазақстандағы экологиялық проблемалар

Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.

Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.

Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л.Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өиір сүрудің шарты” деген. Ал Ш.Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді” – деп жазады.

Жақтаушы:2-әрекет. Адам-табиғат перзенті. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт – мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.

Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.

Табиғат қорықтары, парктер өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы өте үлкен. Ол үшін көгалдандару, бау-бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі – оны өсіруде.

Табиғатты қорғау саласының бірі – экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика блйынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.

Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.

Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш-жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ-ның ұсынған “Жер біреу ғана!” деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс-әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру

Даттаушы:

1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО – ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатра терісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері – теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.

Алпысыншы жылдардан бастап, екі өзеннің суын егістікке пайдалану өлшеусіз, шамадан тыс қарқын алып, соның салдарынан теңіз суы тартыла бастады. Қазіргі уақытта олардың суы теңізге құймайды.

Теңіз суының сапасы нашарлап, көлемінің күрт кемуі өсімдік әлеміне кері әсерін тигізді. Бағалы ормандар, мал жайылымдары мен көгалды аймақтар жоғала бастады. Олардың орнын зиянды тұзды сорлар басты. Өңірді мекендеген 57 жабайы аңдардың 13-ақ түрі қалды. Арал теңізінен балық мүлде ауланбайтын болды. Жер тұзданып, оның өнім беруі тоқтады.

Бүкіл Арал аумағында іш ауруы етек алды. Балалардың өлімі Жапониядан 20 есе асып түсті. Қарын, бүйрек, бауыр аурулары адамдарды өмірлік мүгедекке айналдырды. Балалар ауруы болып тууда. Чернобыль апаты 8 миллиардтан астам шығынға түсті, ал Арал – “үнсіз Чернобыль” зардабының шығыны одан әлдеқайда асып түседі.Жақтаушы:Ғылыми-техниканың ғарыштап дамуы табиғатты тиімді пайдалану ісін ұйымдастыруда адамзаттың алдына бірқатар жаңа міндеттер қойып, табиғатты қорғаудық көптеген мәселелерін шиеленістіріп жіберді. Ғылыми-техникалық дамудың барысында негізгі бағыттық әрқайсысы оларды шешудің өзіне ғана тән жолдарын іздестіруді талап ететін табиғатты қорғаудың өзіндік мәселелерін алға тартып отыр. Табиғат ресурстарын пайдалану көлемінің артуы, тұрған ортаның өндіріс және тұтыну қалдықтарымен ластануынын, өсуі, адамзаттың энергиямен қарулануының артуы жаңа заттар жасап өндірістің жаңа салаларының пайда болуы, ауыл шаруашылығын интенсивтендіру, халқы көп ірі қалалардың көбеюі негізгі шешімін тезірек табатын мәселелердің қатарына жатады.Соңғы ондаған жылдар ішінде табиғат ресурстарын пайдаланудың артуына байланысты адамзаттың табиғатқа тигізетін әсері өте күшейді. Адамзат өндірістік қызмет процесіне барған сайын табиғатты елеулі өзгерістерге ұшыратушы, табиғаттағы геологиялық жүйенін зат алмасуының тепе-теңдік құрылымын бұзушы қуатты фактор ретінде көрінеді.Даттаушы:Ғылыми-техникалық революция экологиялық ортаның ластануына қарсы күрестің міндеттерін қиындатып жіберді. Ластану дегеніміз ауаның, жер мен судың біз қаламайтын қолайсыз өзгерістерге ұшырауы, ол қазір немесе болашақта өсімдіктердің, жануарлардың, адамның өміріне, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы өндіріс процестеріне, табиғат ресурстарының жай-күйіне қолайсыз ықпалын тигізуі мүмкін.Еліміздің көптеген аймақтарында кемтек мүгедек сәбілердің өмірге келуіне экологиялық жағдайлар әсер етуде.Ресми деректер бойынша:Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері 30млрд. т-ға жеткен. Жан басына бөлгенде орта есеппен 2мың т қалдықтан келеді.Осы қалдықтардың ішінде: 6,7млрд т-сы улы қалдықтар. Республикамызда жалпы радиоактивті қалдықтардың мөлшері 237 млн т-ға жетті. Ал түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар 20 млрд т-ны құрайды. Мұндай улы қалдықтардың еліміздің табиғаттына және адам денсаулығына қаншалықты зиянды екендігі айтпаса да түсінікті. Осындай экологиялық қолайсыз жағдайлардан еліміздегі адамның өмір сүруінің орта жасы ер адамдар үшін -60,5, ал әйелдер -65,5 жасты құрайды. Ал жапондардың бізден 20жыл артық өмір сүретінін мысал ретінде айтуға болады.Белгілі мәліметтер бойынша (Вронский,1996ж) антропогенді затар есебінен қоршаған ортаға қорғасының 94-97%, кадмийдің -84-89%-ы, мыстың 56-87%-ы, никельдің 66-75%, сынаптың 60% шығарылады.Металл Не бөледі Ауруларға келтіреді. Қорғасын. Қоршаған ортада қорғасының артуы, әсіресе өнеркәсіптік революцияның басталуымен тығыз байланысты. ХХ ғасырдың қала тұрғындарының қаңқасындағы қорғасының мөлшері 1600 жыл бұрын өмір сүрген адамдармен салыстырғанда 700-1200 есе артық Автокөлік жанармайыЖақтаушы: Ғылым мен техниканың дамуын адам мүддесіне сай бағыттау біздің өркениетімізге қауіпі бар жалпы планетарлық сипаттағы шиеленісулерді шешуге деген ұмтылыстың ізгіліктік векторын анықтайды және олардың тиімді шешімінің әдіснамалық бағдары болып есептеледі. Ғаламдық мәселелерді шешу міндетті түрде адамзат дамуының тұрақты әрі тиімді жолын іздеп табуға байланысты, ал бұл Қазақстан үшін де өте маңызды. Осы орайда Қазақстан Республикасының бірінші Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен құрастырылған, футурологиялық мәні бар «Қазақстан – 2030» стратегиясын ерекше атап кеткен орынды. Мұнда адамзат болашағына байланысты жүргізіліп жатқан философиялық, социологиялық, саясаттанулық, экономикалық, ғылымтанушылық және т.с.с. кешенді зерттеулер тәжіриебесі ескеріліп, еліміз дамуының отыз жылдан астам мерзімдік бағдарламасының негізі қамтылып, басты-басты жеті ұзақ мерзімді басымдылықтары анықталып, соларды іске асырудың жолдары көрсетілген. Президент өзінің жыл сайынғы жолдауларында осы стратегияның іске асуын қадағалап, оны нақтыландырып, еліміздің алға басуының әр кезіне сай мәселелерді көтеріп, нақты мақсаттар мен міндеттерді атап, оларды шешудің озық амалдарын, соның ішінде, әсіресе ғылым мен білімнің, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игерудің, халқымыздың интеллектуалдық ұлт болып өсуінің, елу ең дамыған бәсекеге қабілетті елдер қатарына енудің, жедел индустриалды-инновациялық дамудың қажеттіліктерін негіздеп дабыл қағуда. Қазақстанның тәуелсіздік жағдайындағы 20 жылдық дамуы осы стратегияның дұрыстығын, Президентінің көреген саясатының арқасында еліміздің гүлденіп, қарыштап алға басуының, ең өркениетті дамыған елдердің қатарына еркін қосылуымыздың айғағы болып отырғаны шындық. Әманда осылай жүзіміз ашық болып, бейбітшілік пен келісімді өмір салты нығайып, халқымыздың бірлігі артып, рухани жетілу жолында еліміздің биіктен көріне беретіндігіне сенім мол.
Даттаушы:Мемлекетіміздің бүкіл әлемдік кеңістікке абыройы мен мақсаты үшін мүмкін керек те болар. Бір қорқынышы сол, сынақтардың кейбір жағдайда сәтсіз аяқталып, өз жерімізге, оны қоныстанып отырған аймаққа жарылып құлауы, өте қолайсыз моралдық нұсқан. Қазір Республикамызда халық арасында аурулар, өлім көбейіп кетті. Баланың іштен кемістікпен, ақыл-есінен кем, қабілетсіз, басқа аурулармен ауырып тууының басты себептерінің бірі-қоршаған ортаның бұзылуы.Халықтың 40% дем алу мүшелерімен ауырады, екінші орында тері аурулары 8%, 3-ші орында –зәр шығару мүшелері мен улану жатады. Қазіргі таңда Қазақстан дүние жүзіндегі экологиялық зардаптарды көбірек көріп отырған мемлекеттің бірі. Еліміз аумағының 60%-дан астам алқабы экологиялық апатты аймақтарға жатады. Қазақстанның шығысы тау-кен металлургия өнеркәсіптерінен шыққан түрлі улы заттармен ластануда. Еліміздің батыс аймағы мұнай, газ өнімдерінен және Азғыр, Тайсоған, Нарын полигондарында жүргізілген сынақ зардаптарынан ластанған. Арал өңірі мен Орталық Қазақстан аймағында Арал теңізінің тартылуы, Байқоңыр ғарыш айлағының ластау әсері айқын байқалуда. Оңтүстік өңірі фосфор, қорғасын, цемент өнеркәсіп орындарынан, және уран кен орындарынан шыққан радиациялық сәулелердің әсерінен зардап шегуде.Жақтаушы; 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Қазақстан табиғатын қорғау» туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар.Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы» Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде «Қызыл кітап»1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері «Қызыл кітаптан» алынған.Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. «Құстар күнін», «Орман мен бақ айлығын», «Сабан той» өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде «Жас орманшы», «Су сакшыларының»штабтары құрылды, республикада «мектептік орман шаруашылықтары» жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады

Жүргізуші: Сонымен адамның табиғатқа тигізіп жатқан пайдасы да ,зияныда барын біліп,ой елегінен өткіздік олай болса осы айтылған пікірлерге бір ауыз сөзбен түйін жасасаңыздар.

Жақтаушы: Түйін сөз.Жалпы табиғат пен адам затпен тікелей байланысты.Табиғат ол қоршаған орта сондықтан оны сақтап қалу үшін әр түрлі жағдайлар жасалып жатыр.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Даттаушы;Түйін сөз.Бізда сіздердің айтып отқандарына келісе отырып,яғни табиғат адам бір тұтас дүние деуге болады.Табиғат пен адам тікелей байланысты.Бірақ адам табиғатта тигізен зиянын және өзінің жасаған іс-әрекеттерін саралай білу керек.Сонда ғана табиғи апаттар мен экологиялық проблемалардың алдын алуға болады.

Қорытынды:Сонымен түйін сөз,табиғатты қорғау,оның байлықтарын тиімді пайдалану,ормандар мен шалғындар, жануарлар мен өсмдіктер ,су,күн,жел энергиясы,жауын-шашын ылғалдары, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыру үшін табиғат заңдылықтарын білу қажет.Адамдар осы заңдылықты дұрыс пайдаланса,табиғат ресурстарын қалпына келтіріп қорын молайтып,қорғап тиімді пайдалануды білу керек.Заңда экалогиялық тәрбие мен экологиялық білім беру бірінші кезекке қойылған.Табиғатты бүлдірмей сақтап келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық жұмыс істеген абзал.Себебі табиғат тағдыры-адам тағдыры.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Табиғат – адам -қоғам» пікірталас"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Садовод

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 8659
    • DOCX 27.6 кбайт
    • 105 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калниязова Нургул Алпыскызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калниязова Нургул Алпыскызы
    Калниязова Нургул Алпыскызы
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14644
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Влияние внешних факторов на психологическое развитие личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе