Тарих пәнінен ашық сабақ тақырыбы "Оғыз мемлекеті" (7 сынып)

Предпросмотр материала:

7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §5.  Оғыз мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

? Оқушыларды 1Х ғасырдың соңы –Х1 ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария өзенінің бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихы,қоғамдық құрылысы,мемлекеттің күшеюіне негіз болған саяси жағдайларына сипаттама бере отырып, шаруашылығы және қолөнерінің дамуымен таныстыру;

? Оғыз мемлекетінің өзіне тән ерекшіліктері туралы мәліметтерін өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту;

? Оқушылардан қазақ жеріндегі өркенниетті мемлекеттер туралы мағлұмат алып, өз елінің тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Сабақтың түрі:аралас

Әдісі:интерактивті

Көрнекілігі: Түрік қағанатының картасы, хронологиялық кесте, «Оғызнама» дастаны, қалалар, қолөнер бұйымдарының суреттері

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі

& Оқу құралын тексеріп түгелдеу

& Әнұран орындау, «Хабар».

& Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.      Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?

2. Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?

3.Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейтуде кімдермен күрес жүргізді?

4.Қағанат билігі неліктен Қарахан  мемлекетінің қолын көшті?

5.Қарлұқ қағанаты кезінен өз атауын сақтап қалған қандай қалаларды білесің?

6.Қарлұқтың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды.

7.Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:

  1. Оғыз мемлекетінің құрылуы жер аумағы.
  2.  Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы.
  3. Саяси жағдайы.
  4. Шаруашылығы
  5. Кәсібі мен қолөнері.

Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін оқушыларға жаңа сабақ бойынша мәтінмен жұмыс істеу тапсырылады. Ол үшін мәтінмен тереңірек танысып,оқып шығу қажет.Содан кейін өзіндік жұмыстарды орындау үшін тапсырмалар беріледі.Әрбір тақырпшаның мазмұнын ашу үшін картамен жұмыс асау, кесте толтыру,сөйлемдерді толықтыру ұсынылады.

   Өзіндің жұмыстың алғашқы тапсырмасы- сынып болып оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, ортлығы әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша № 1 кестенің қажетті бөлімін толтыру. Сабақ барысында картаны пайдаланып,Оғыз мемлекетінің жер аумағын,орталығын көрсету тапсырылады.Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанына көңіл бөлген жөн.

Енді сыныпты 3 топқа бөліп тапсырмалар беріледі.

1-      тапсырма. Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін сипаттама беру.

        а)  Жабғу_______________________________________________________

             Инал_______________________________________________________

             Атабек______________________________________________________

             Сюбашы_____________________________________________________

             Күл-еркін___________________________________________________

      ә)    Халық  жиналысы_____________________________________________

                қаңқаш   __________________________________________________

              Ұлы және кіші құрылтай ______________________________________

Бұл тапсырманы орындаған топқа оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшіліктерін түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып, жауап беруіне көңіл аудару керек.

2-      тапсырма. Картаны пайдалана отырып сұраққа жауап беру ұсынылады.

Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және кімдерге қарсы күресті?

Сұрақтарға нақты жауаптар жазу арқылы оқушылар Оғызмемлекетінің сыртқы саясаттағы мақсатына жету жолындағы күресі туралы мәлімет ала отырып, оғыз мемлекетінің саяси жағдайымен танысады.

3-тапсырма Оғыз және қарлұқ мемлекетінің қалаларына салыстырмалы талдау жасау тапсырылады.   

                                                                                                   Оғыз                             Қарлұқ

                                                                                                 мемлекеті                    қағанаты

 

1.Қалаларыдң пайда болуына шаруашылықтың әсері.      ______________         _________

2.Қалалар туралы тарихи деректер.                                     ______________         __________

3.Қалалардың орналасқан жері                                            ______________         __________

4.Бүгінгі күнге дейін аты сақталып келген қалалар       _______________           __________

Мұғалім бірнеше варианттағы тапсырмалар беру арқылы оқушылардың сабақты жеңіл түсінуіне жол көрсете отырып, оқушының ойлау қабілетін,тапқырлық,айқағыштық, зеректік, сияқты қасиеттеріне барлау жасай алады.

 

ІҮ. Сабақтың бекіту:

1.      Оғыздың Сырдария өзенінің орта ағысында қоныстануына не себептер болды?

2.Оғыз тайпалық одағының құрылып, дамуына қандай жағдай әсер етті?

3.Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?

4.Оғыз мемлекеті жаңа жердерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?

5.Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды.?

6.Оғыз мемлекетінің шаруашылығ, кәсібінің дамуы туралы не білесің?

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: 5-параграфты оқу, №1 кестені толықтыру.

Оқушыларға Оғызнама деректері бойынша сол кездегі дала тұрғындарына қойылатын моральдық талаптарға сәйкестендіріп бүгінгі жас ұрпақтың моральдық талаптары қандай болуы керектігін жазып келуді тапсырамын.

 

Краткое описание материала

Тарих пәнінен ашық сабақ тақырыбы "Оғыз мемлекеті" (7 сынып)

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Дуйсенов Артур Серикбаевич

директор

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 15648
  • Подписчики: 0
  • Всего материалов: 6
  • 15648
    просмотров
  • 6
    материалов
  • 0
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Дуйсенов Артур Серикбаевич.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~280

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: