Инфоурок Физика Презентации"Тербелмелі қозғалыс" физика 9 сынып

"Тербелмелі қозғалыс" физика 9 сынып

Скачать материал

Пән аты:   Физика                                                                                                    9.12.2014ж

 

Сыныбы:  9                    

 

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі  қозғалыс. Тербелмелі  қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушы білімін,іскерлігін,дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру, қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

3.Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың жаңа теориялық материалдарды оқу барысында белгілі бір нәтиже көрсетуі.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ жауап, кітаппен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,биология, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы:   І.Ұйымдастыру

Тренинг. «Оқушылар серті»

«Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз»

«Тақырып айналасында ғана сөйлейміз»

«Өз ойымызды ортаға саламыз»

«Өз пікірімізді қысылмай айтамыз»

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау

1) Денелердің қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.

2) Дененің импульсі деп дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең шаманы айтады. Оның векторы қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.

3) Күш импульсі деп күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. Оның векторы кушпен бағыттас.

4) Энергияның сақталу заңы: Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, не жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

5) Денелердің өзара әрекеттесу энергиясы потенциалдық энергия деп аталады.

6) Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Ә) Сәйкестендіру

Кинетикалық энергия

Дененің импульсі

Толық энергия

Потенциалдық энергия

Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

 

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

 «Сөйлемді толықтыр» жеке орындау

1)      Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі  ----------- деп аталады.

2)      Кг* м/с ---------------                өлшем бірлігі.

3)      Өлшем бірлігі Дж (джоуль) физикалық шамалар:

4)      Е= mgh --------- энергия формуласы.

5)      Импульстің сақталу заңы ----------------- жүйеде орындалады.

 

ІV. Жаңа сабақ

Компьютер арқылы сурет көрсету. Оқушылардың ойын білу

(тербелістер)

Тербеліске анықтама беріп көріңдерші, балалар қалай болады екен?

Тербеліс дегеніміз не?

«Еділ – жайық».

(Ж. Молдағалиевтікі)

Құлпырады дала, гүлдейді орман.

Емізеді егіз, Еділ мен Жайық

Ақ Шағала айдын, ақталған арман

Тербеледі кеме, ойнайды қайық.

Тербеліске мысал:ағаш бұтақтары,әткеншек,бесік,домбыра шегі,таразы сілтемесі,қабырға сағатының маятнигі.Бұл қозғалыстардың ұқсастығы:барлығы қайталанып отырады,уақыт өткен соң тербеліп тұрады.

Тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мәселен, планеталардың, Жердің жасанды серіктерінің орбита бойымен қозғалысы, сағат тілі ұшының, үнтаспа дискілерінің қозғалысы  периодты болып табылады.

Осылайша процесс периодты түрде қайталанады. Серпінділік күші дененің тепе-теңдік күйден ауытқу шамасына тәуелді.

  

 Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуы ығысу деп аталады.Ығысуды х-әрпімен белгілейді.

     

F= -kX                      F-серпімділік күші

                                  k-серіппе қатаңдығы

                                  Х-серіппе ұзаруы,ығысуы

Ығысуға пропорционал және оған бағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.

 

Қорытынды:сөйтіп тербелмелі қозғалыс үшін мына шарттар орындалуы қажет

1))Бастапқы күйге қайтаратын күш болуы керек,яғни серпімділік күш.

2)Үйкеліс мейлінше аз болу керек,себебі үйкеліс тербелістің өшуіне      себепші болады.

   

Тербелісті сипаттайтын негізгі шамаларға тоқталайық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға кесте беріледі, олар кітаппен жұмыс жасай отырып, оны толтырып қорғайды.

1.	Анықтамасы: Тербеліс жиілігі деп – бір уақыт ішіндегі тербелістер саны
Белгіленуі:  
Өлшем бірлігі: [1Гц]
Формуласы:   =
Анықтамасы: Тербеліс амплитудасы деп –дененің тепе – теңдік күйінің ең үлкен ығысуы
Белгіленуі: А
Өлшем бірлігі: [1м]
Формуласы  А=хмах
2.	Анықтамасы: Тербеліс периоды деп – бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт.
Белгіленуі: Т
Өлшем бірлігі: [1c]
Формуласы: T=
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Г.Герц туралы қосымша мәлімет.

Енді осы тербелмелі қозғалыстағы негізгі шамаларды график түрінде көрсетейік.


Xm=3 м

 Т= 4 с      
=  =  =0,25 Гц

 

 

 

ІҮ.Оқу материалын бекіту, есептер шығару.
21 жаттығу (1)

80 (а) суретте Т=4c

21 жаттығу (2)

80 (а) суретте === 0,25 Гц

21 жаттығу (3)

80 (ә) суретте Т=20c,   = =0,05 Гц,  Xm=6 м

21 жаттығу (4
Берілгені:                                             
Шешуі:
торғай=10 Гц                                           =à  n=. T
маса=450 Гц                                          nтор=10*60=600                                     
шыбын=300  Гц                                      nшыбын=300*60=18000
t=1мин=60 с                                          nмаса=450*60=27000   
N=?                                                          

 

 

Сергіту сәті. Оқушыларға мәлімет үлестіріліп беріледі.

«Магнит тілі неге тербеледі»

Егер сезгіш магнит тілше бір сәт зер салып қарап тұрса, оның тыныш тұрмай үнемі бір жағына немесе екінші жаққа қарай ауытқып тұратынын байқау оңай.Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен-күнге 15- 20 ауытқып тұрады. Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады» кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан-соң жан-жаққа бұрылып тыпыршиды. Тілдің тербелісі бірнеше градусқа жетеді. Осылайша бірнеше сағатқа, кейде күннен күнге созылады. Магнитологтар ондай күндерді ұйыту немесе дауылды күндер деп атайды.  Ғалымдардың пайымдауынша, магнит тілінің тынымсыз тербелісі ауа райының өзгерісін ,яғни дауылдың , катты желдің соғатынын білдіреді деген.

«Әткеншектің тербелісі»

Екі ағаштың арасына орнатылған әткеншекті байқасақ, ол лезде арадан өтіп, қайта оралады, қайта көтеріледі, қайта түседі. Әткеншекті алғашқысында бір шайқап жіберсең, өзінен-өзі көпке дейін тербеледі. Ал оның тербелісі жиі, өте тез өтеді. Сол екі ағаштан ұзап кетпей, оның екі аралығында қозғалады. Тоқтаған кезде сол екі ағашпен қатар сап тізіп тұра қалады.

«Домбыра шегінің тербелісі»

Ішек тербелгенде оны қоршаған ауаның бөлшектері де сондай жиілікпен тербеліп, бір жерде тұрған тербеліс ауаның екінші қабатына берілелі, сөйтіп, бастапқы тербеліс жан-жаққа тарай бастайды. Әрине, мұнда да ауаның бөлшектері тербеліске түседі де, қайтадан орнына келеді.            

« Жәндік қанаттарының тербелісі»

Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал, сары масаның қанаты секундына 500-600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады.

 Тербелістің зияны: қатты тербелістен (дірілден) машина бөлшектері шыдамай «сөгіле» бастайды. Мысалы, машинаның моторы қатты айналған кезде, бүкіл автобусты солқылдатып, терезесі мен есіктер әндетіп, ызыңдай бастайды. Осы тербелістің өзі еденді, терезені, қабырғаларды бекіткен шегелерді, винттерді босатып жібереді.

Тербелістің пайдасы: ұсақ тербелістер сом темірді жерге қазықтай қаға алады. Оның көмегімен кез- келген затты бір орнынан екінші орынға көшіруге болады. Жуан бағанды, не трубаны жер қойнауына батыру үшін оның жоғарғы жағына дірілдеткішті орнатып, жерге қадаса болғаны, труба жерді солқылдата босатып инедей ене бастайды.

 

Сабақты бекіту

Сонымен, балалар, дүниеде тербеліссіз өмір жоқ сияқты. Ағаштың, ішектің, жапырақтың тербелуі көзге көрінетін қарапайым тербеліс болса, электр тогының , ауаның,жүректің, атомдардың тербелуі көзге көрінбейтін күрделі тербелістер. Сондықтан олардың бәріне ортақ заңдар бар. Өздерің көргендей, біздер ірі тербелістер туралы әңгімеледік. Бірақ техникада көп кездесетін аса қауіпті ұсақ тербелістер болады. Мысалы, дірілдеген судың бетінен қандай қауіп төнеді дейміз, ал осы көптеген құбылыстың жауы. Ұсақ тербелістердің жиілігі сан алуан. Оның пайда болуына көптеген себептер бар.

Қорыта келгенде , С.Сейфулиннің «Тау ішінде» деген өлеңінде келтірілген мына бір жолдардан:

«Тербелер даусым ауада

Даңылдап қалқып баяулай

Ақбоз атым қояндай

Еркелеп басар аяңдай», — деп айтқан ауаның тербелісі, міне осыдан байқалып тұр.

Ежелгі гректің атақты оқымыстысы Аристотель былай деген: «Барлық ауа шағыла отырып,тербелмелі қозғалысқа келу үшін соққы жасайтын бет бітімінің тегіс болуы қажет». Ал аспап шегінің тербеліс заңдарын 1636 жылы Мерсеин деген ғалым ашты.

Әл-Фарабидің өзінің « Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде шын мағынасында музыкалық дыбыстарды периодты тербелістерге сәйкестендіреміз, яғни период дегеніміз белгілі уақыт аралығындағы қайталанып отыратын тербелістер. Музыкалық дыбыс периодты тербеліс арқылы пайда болатындықтан, оны математикалық теңдеулер арқылы сипаттауға болады. Мысалы, шектің ұзындығы мен амплитудасының арасындағы математикалық байланысты бірінші рет Эйлер ашқан болатын.

Әл – Фараби мысал ретінде шектің тербелісін қарастыра отырып, шектің тербелмелі қозғалыстары оған жанасқан ауа қабатының бөлшектерін дірілдетеді деген. Аспаптағы қуыс бөліктер мен тесіктердің болуына байланысты аспаптың корпусы керексіз тербеліске ұшырайды. Осының салдарынан шектің тербелмелі қозғалыстары ауаны итереді, соның нәтижесінде ол ауаны қоршай отырып, онда тербелмелі қозғалысты тудырады. Соның нәтижесінде ауа аспап корпусының тесіктері арқылы өтеді де, онда қысыла отырып шуылға ауысады.

Әл- Фараби үшін жемісті болған мәселе – аспап шегінің үн шығаруын қарастырады. «Өте баяу тербелетін ұзын шекте ең төмен дыбыс, ал өте қысқа шекте ең жоғарғы дыбыс пайда болады, өйткені қысқа шектің тербелісі үдемелі» деді.

 

V.Бағалау.

VІІ.  Оқушы білімін бағалау. Диагностикалық карта

 

Аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың алдына таратылып берілген беттер бойынша қорытындылау

1)      Тербеліс амплитудасы

2)      Тербеліс периоды

3)      Тербеліс жиілігі

4)      Физикалық диктант

1. Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы

а) тербеліс       б) қозғалыс           с) жиілік

2. тербеліс жиілігінің  өлшем бірлігі

а) секунд           б)  Гц                     с) Н

3.Толық бір тербеліске кеткен уақыт тербеліс  ....   деп аталады.

а) жиілігі            б) периоды               с) амплитудасы

4.   =    тербеліс ...  формуласы.

а)энергиясының    б) периодының     с) жиілігінің

5.Ығысуды .... әрпімен белгілейді

а) Т                           б) х                  с)ν

 

 

 

VІІІҮйге тапсырма беру: §24,25 оқып түсінгенін айту, дидактикалық материалдан есеп

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тербелмелі қозғалыс" физика 9 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Научный руководитель

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Пән аты: Физика 9.12.2014ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушы білімін,іскерлігін,дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру,қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

3.Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың жаңа теориялық материалдарды оқу барысында белгілі бір нәтиже көрсетуі.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ жауап, кітаппен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,биология, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

Тренинг. «Оқушылар серті»

«Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз»

«Тақырып айналасында ғана сөйлейміз»

«Өз ойымызды ортаға саламыз»

«Өз пікірімізді қысылмай айтамыз»

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау

1) Денелердің қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.

2) Дененің импульсі деп дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең шаманы айтады. Оның векторы қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.

3) Күш импульсі деп күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. Оның векторы кушпен бағыттас.

4) Энергияның сақталу заңы: Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, не жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

5) Денелердің өзара әрекеттесу энергиясы потенциалдық энергия деп аталады.

6) Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Ә) Сәйкестендіру

Кинетикалық энергия

Дененің импульсі

Толық энергия

Потенциалдық энергия

Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.12.2014 14076
    • DOCX 106.8 кбайт
    • 290 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маулешева Гулия Айтжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маулешева Гулия Айтжановна
    Маулешева Гулия Айтжановна
    • На сайте: 9 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50615
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 142 человека из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов физики в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 660 человек

Мини-курс

Мастерство PowerPoint: систематизация, интерактивность и эффективность

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1713 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Технологии и анализ в медиакоммуникациях

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек