Тіл мерекесі "Тапқырлар бекеті"

Предпросмотр материала:

Тіл мерекесінің тақырыбы: «Тапқырлар бекеті»
Мақсаты  : Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз елін туған жеріне, мемлекеттік тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Түрі: Викторина
 Әдісі: ойын, сұрақ - жауап, көрнекіліктер
Көрнекіліктері: кеспелер, суреттер, слайдтар, шар, плакат
Барысы:
Жүргізуші: Білім сайысының парызы
- Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!
- Құрметті оқушылар сендер бізде қандай апталық болып жатқанын білесіңдер ме?
- Дұрыс, қазір бізде «Тіл апталығы» өтіп жатыр
Қазақ тілі өте бай, әрі көркем тілдердің бірі.
Мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының азаматтық парызы. Қазіргі қазақ тілі - дамыған тіл.
- Балалар, сендер байқайсыңдар ма бүгін бізге қонақ келіп отыр
Қонақпен амандасайық!
- Сәлеметсіз бе! (Балалар амандасады)
Ал енді сіздердің алдарыңызға «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларын шақырамыз.
Қарсы алыңыздар!

Сайыс 4 аялдамадан тұрады:
I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
II аялдама - « Кім жылдам?»
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Ендеше бірінші аялдамамызға көшейік

I аялдама - «Сәлем - сөздің басы»
Әр топ өзінің тобын, топ басшысын, топ мүшелерімен таныстырады.
Бұл аялдамаға 5 мин уақыт беріледі. Бұл аялдамада тобын жақсы таныстырып шыққан топқа 2 жұлдызша таратылады.
II аялдама - « Кім жылдам?»
Бұл аялдамада берілген әріптерден тез сөздер құру. Қай топ жылдам сөзді құрап шықса сол топқа жұлдызша таратылады.
Құрылатын сөздер:
М Ө С Л Й Е - СӨЙЛЕМ
У Ғ А Л Ж А - ЖАЛҒАУ
З С Ө - СӨЗ
Л Т І - ТІЛ
Қ А Б А С – САБАҚ
III аялдама - «Тапқыр болсаң - тауып көр»
Бұл аялдамада әр топтың топ басшылары сыналады. Әр топтың топ басшысына 10 сұрақтан қойылады. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 жұлдызшамен бағаланады.
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар:
1. Мектеп қай көшеде орналасқан?
2. Күз айларын ата?
3. Неше рәміз бар?
4. Туда не орналасқан?
5. Қазақстан қандай мемлекет?
6. Көктемде не болады?
7. Қандай азық - түліктерді білесің?
8. Қазақ тілінде неше тән дыбыс бар?
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі?
10. Аптаның төртінші күні қалай аталады?

Екінші топтың топ басшысына қойылатын сұрақтар:
1. Апта күндерін ата?
2. Жазда не болады?
3. Әнұранның авторларын ата?
4. Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
5. Біздің мектеп қандай?
6. Қандай мерекелер бар?
7. Қазақ тілінде неше жалғау бар және оны ата
8. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
9. Қыс айларын ата?
10. Елтаңбада не орналасқан?

IV аялдама - «Сиқырлы сөз»
Бұл аялдамада екі топқа бір сөзден беріледі. Әр топ өзінің сөзін сөйлемге дейін күрделі өрбітуі керек. Сөзі жақсы өрбітілген топқа 2 жұлдызша беріледі.

I топ Күз
II топ Жапырақ
- Ал, балалар бүгінгі «
Тапқырлар бекеті» викторинамыз аяғына жақындап келеді. Сайысымыз өте қызықты болды. Қазақ тілін жақсы біледі екенсіңдер.
Ойынды бекіту: Әділқазылар алқасы сендердің берген жауаптарыңды бағалап, жеңімпазды анықтады.
Қорытынды: Балалар біздің викторинамыз соңына жетті.
Жеңген топты әділқазы мүшесі марапаттайды.

Краткое описание материала

Тіл мерекесі "Тапқырлар бекеті"

    DOCX

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Краткое описание материала

Автор материала

Жумабекова Куаныш Багитжановна

Учитель казахского языка и литературы

  • На сайте: 11 лет и 1 месяц
  • Всего просмотров: 28525
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 10
  • 28525
    просмотров
  • 10
    материалов
  • 1
    подписчиков

Настоящий материал опубликован пользователем Жумабекова Куаныш Багитжановна.
Инфоурок является информационным посредником. Всю ответственность за опубликованные материалы несут пользователи, загрузившие материал на сайт. Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете на материал.

ИИ для создания материалов

Создавайте материалы с ИИ

Если готовые материалы не подошли — помогут нейросети

Конспекты, тесты, презентации, рабочие листы и другие материалы по ФГОС — под ваш урок, класс и цели занятия за пару минут.

Попробовать бесплатно

Выберите инструмент

~250

Нейросети могут ошибаться. Обязательно проверяйте ответы.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: