Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты "Ана тілің – арың бұл"

Тәрбие сағаты "Ана тілің – арың бұл"

Скачать материал

Тақырыбы: Ана тілің – арың бұл

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру.
Оқушылардың ой-өрісін, дүние танымын кеңейту, , сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу
Өтілу түрі: аралас

Көрнекілігі:Слайдтар, тақырып бойынша плакаттар
Кіріспе бөлім:
Мұғалімнің сөзі: Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл. Ендеше ана тіліміз қазақ тілінің мерейін көтеру болашақ ұрпақ сіздердің еншілеріңізде. Тәрбие сағатымыз оқушылардың ана тіліне деген құрметін, қазақ тілінің меңгеруін байқап, тіліне деген патриоттық сезімін арттыру мақсатында екі топтың жарысы түрінде өтеді.

- Ана тілім, дана тілім бақытым
Қазақ тілін білу менің парызым
Тілім менің ұмытылмас тірлігім
Кім біледі тіліміздің тағдырын.
Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде
Сен болмасаң болар ертең күнім не

Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен
Қазақ болып қалу үшін түбінде.
Қазақ тілім бас иемін мен саған
Тілге деген болу керек кең талғам, 
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ, 
Қазақ тілі біздер үшін жаралған
Тіліміздің тарихы бар қол жетпес
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес, - демекші Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі өте бай, әрі көркем.
Ана тілін құрметтеген адам отанында сүйеді.
Сыныпты 2 топқа бөлемін.

1.      «Мақал –сөздің мәйегі»

Бірінші топ мақалдың басын айтса жалғасын екінші топ айту керек.

1. Тіл тас жарады, тас жармаса...бас жарады.
2. Дәлелсіз сөз...желмен тең
3. Ине көзінен сынады...шешен сөзінен сынады
4. Піл көтермегенді...тіл көтереді
5Сөз тьапқанға ...қолқа жоқ
6. Жеті жұрттың тілін біл...жеті түрлі ілім біл
7. Шебердің қолы ортақ...шешеннің қолы ортақ
8.
Қақарлы сөз.... қамал бұзар
9. бас кеспек болса да.... . тіл кеспек жоқ
10. Айтылған сөз ...атылған оқпен тең

2-топ
1. бал тамған. тілден ...у тамған
2. Тауды, тасты жел бұзар.... адамзатты сөз бұзар
3. Жақсы сөз.... жарым ырыс
4. Жақсы байқап сөйлер.... жаман шайқап сөйлер
5. Тіл қылыштан...өткір
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі...бой өсіреді
7. жыланның уы тісінде.... адамның уы тілінде
8. Көре-көре көсем боларсың.... сөйлей-сөйлей шешен боларсың
9. Тілден артық...қазын жоқ
10 Сүңгі жарасы бітер...тіл жарасы бітпес

2. «Өлең-сөздің патшасы». Әр топтың оқушысы Ана тілі жайында жазылған өлеңді жатқа айту керек
1. С. Торайғыров
Сүйемін туған тілді –анам тілін, 
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім
Ең бірінші сол тілімен сыртқа шықты
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім

2. Туған тілім-бабам тілі-өз тілім
Туған тілім-анам тілі –өз тілім
Туған тілім-далам тілі –өз тілім
Туған тілім –адам тілі -өз тілім
Туған тілде сыры терең жаным бар
Туған тілде әнім менен сәнім бар
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар Д. Әбілов

3. Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға
Әр адамда өз анасынан басқа да
Ғұмырына етер мәңгі астана
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана
Туған жері-түп қазығы айбыны
Туған тілі –мәңгі өнеге айдыны
Жан байлығы, салт-дәстүрі-тірегі
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және туған тарихы М. Шаханов

4. Тілім менің
Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің
Тұнығым, Рухани жан азығым
Ол бүлінсе, менің де бүлінгенім
Ана тілім, туған тілім бал тілім
Сен арқылы дүние танып талпындым
Сен арқылы әлемге аян бар ісім
Сен өмірде таусылмайтын алтыным Ш. Айтматов

3.«Бәйге»

Сұрақ-жауап сайысы
1. ҚР қашан тәуелсіздік алды 1991 ж16 желтоқсан
2. Күй атасы кім
3. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады
4. Абайдың әжесі
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің
6. балаларды оқуға шақырған Ыбырай атамыздың өлеңі қалай басталады
7. қазақтың тұңғыш ғарышкері кім
8. Тіл туралы заң қашан қабылданды
9. Тұрақты сөз тіркесінің мәнін аш (Жарғақ құлағы жастыққа тимеу - мазасыздану)
10. Төбе шашы тік тұрды - шошыды

2-топ
1. қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды 1989
2. Абайдың туған жылы 1845
3. ақылды сөзінің түбірі
4. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім
5. Ұлттық киімдер ата
6. Беташар қай кезде айтылады
7. Қазақша «Кітап» орысша .... ағылшынша...
8. Қас пен көздің арасы - лезде
9. қара қылды қақ жару - әділ
10.
Күн тигізбей өсірген - мәпелеп

4.«Дарын»

 1-топ өлең шумағының жалғасын аяқтай керек. 2-топ «Ана тілі»
Тақырыбына эссе жазу керек
1. Мен ұйықтарды айтады
Ертегісін, әндерін
............
2. Жауды жаңбыр топ –топ
Шелек-шелек көп-көп
.........
3. Ана тілді сүйіп өтем, 
Барлық тілден биік екен
.............
4. Неткен сұлу неткен көркем
Осы менің туған өлкем
..........
2-топ. Эссе жазу «Ана тілі дегеніміз .......

Қорытынды
Жарыс заңы ежелден
Жеңімпазды анықтау
Жеңімпаз болу шарты сол
Еңбектену жалықпау

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ана тілің – арың бұл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 176 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 8075
    • DOCX 18.9 кбайт
    • 134 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикпаева Акмарал Тлеулеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикпаева Акмарал Тлеулеевна
    Серикпаева Акмарал Тлеулеевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18986
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой