Инфоурок Другое ПрезентацииТізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

Скачать материал

 

Тізбектелген сабақтар топтамасына  Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалогтік оқытудың маңызы

         Мен осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде оқып танысқан модульдерді, мектептегі іс-тәжірибе барысында тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап, өзімнің негізгі жұмыс жүргізу бағытым деп таңдағаным, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалог арқылы оқу деп алдым, мұндағы маған ұнағаны және ең маңызды орын алатыны деп тапқаным дей отырып бұл модулді таңдау себептерім:      (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 39-бет) Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достық бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылғандай мұғалімдер мен оқушылардың арасында диалогтің өзектілігі мен тиімділігі болып отыр. Мұндағы оқушылардың нәтижеге жету үшін бірлесіп жұмыс жасауы: бірлесіп талдау, ойлау, салыстыру, бірін-бірі оқыту, мақсат қою, іс-әрекетін жоспарлауы, бір-біріне сенім артып, қолдау көрсетуі, ситуация тудыруы, одан бірлесіп шығуы сияқты әрекеттері.     Сондай-ақ, (Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылғандай, 39-бет) Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып,  оқыту барысында диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

·        оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

·        басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

·        оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

·        мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

         Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.  Яғни, бұл сабақтардың ұтымды жағы бұрынғы дәстүрлі әдісіндегідей емес, оқушылардан сабақтың оқылуын талап ету арқылы емес, талаптандыруда, ынталандыруда, олармен бірлесе жұмыс жасауда, қарым-қатынсата болып отыр.

20140305_112600.jpg         Және бір себебім, өзім қызмет ететін мектебімде, осы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша кембридждік оқыту курсына келместен бұрын да, мен осы бағдарламаның мазмұнынмен біршама танысып, осы бағдарламаға негізделген сабақтар өтіп, әсіресе диалогтік оқыту бағытында жұмыстар жасаған болатынмын. Оны маған осы бағдарламаның І (ілгері) деңгейі бойынша курстан өткен мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісінің коучингтер өткізіп, таныстырған болатын. Мен өз тарапымнан қызығушылық танытып, ІІ (негізгі) деңгейлік курсты оқуға дайындалған болатынмын.

20140305_112622.jpg         Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалог арқылы оқудың пайдасына келер болсам, жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларыма қоса диалогтік оқыту арқылы тақырыпты және оқушылардың қабілеттерін (Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылғандай, 40-бет) танып, зерттеп, дамытуға болатындығында және басқа модулдермен тығыз байланыстылығында болып отыр.

          Диалог арқылы оқыту – мұғалімдер мен оқушылар үшін де білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты ой. Бұл модуль мұғалімнің мен оқушының қарым-қатынасын, ойлау қабілетін, ортақ шешімге келу, сын тұрғысынан ойлау, таланты мен дарынын, көшбасшылық қабілетін дамыта отырып, іс-оқиғаны саналы түрде және оймен қабылдауын көздейді.

         Мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда өтуге, тәжірибе жасауға бекітілген бірінші сабағымда сынып төрт топқа бөлінді: а. Тәж, ә. Қалқан, б. Садақ, в. Найза. Осы жоғарыда аталған топтарға бөліну үшін стикерлерге тәж, қалқан, садақ және найзаның суретін бойынша топқа бөлдім. Сол суреттер арқылы жаңа сабақ кезінде оқуы тиіс тақырыпшаларды анықтады. Бірінші сабақта "крестиктер-нөлдіктер" ойыны барысында, ойынның шарты түсіндіріліп: 1 мен 3 топтар және 2 мен 4 топтар жұптасқан топ болып, жауап берген топ кестеге өз таңбасын "Х" таңбасын, жауап бере алмаса, келесі топ жауап беріп, "0" таңбасын белгілейтінін, және келесі сандағы сұрақты таңдау құқын түсіндірдім. Жеребе бойынша қай топ бірінші жауап беретіні анықталып, 1 мен 9 санның біреуін таңдауды тапсырдым. Бастаушы топқа 1 сұрақ қойылды: "Шыңғыс ханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек екеуінің де таққа отыруға құқы болды. Бірақ таққа неге Керей отырды?" Оқушылар топ болып шешімін тапты: "Сол кездегі тәртіп бойынша, мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген". Олардың білімін тиянақтау мақсатымен "Сонда қайсысы үлкен?" деген қосымша сыншыл сұрақтар да қойып отырдым. Осы ойын барысында мынандай сұрақтар қойылды: "Керей мен Жәнібек бір-біріне кім болған? (Жәнібек кімнің ұлы?, Керей кімнің ұлы?)", "ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс тепкен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы нені қажет етті? (Кең өріс-қоныс деген не?)", "Дешті Қыпшақ даласында қай өзен бойындағы қалалардың стратегиялық маңызы болды? (Не себепті?, Ол жерлерде қандай сала жақсы дамыды?)", "Қазақ хандары Сырдария мен Қаратау өңірін қай уақытта басып алды? (Неге осы кезде басып алды?)", "Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты? (Мұхаммед Шайбани қай ел билеушісі?)",-деген т.б. сұрақтар қойылды. Оқушылар қызығушылық танытып, сабаққа белсене қатысып, ойланып, бір-біріне көмектесіп отырды.

         Бұл ойын барысында диалогтік оқытуда сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау техникалары қолданылды. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы бойынша, оқушылар: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырды; оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтады; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті; сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті; оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектесті; оқушылардың сабаққа және білімге құштарлығын оятып, қызығушылығын оятты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 42-бет) Рэгг және Браун (2001) көрсеткендей, оқушылардың жауабын елемей жауап беруге тиіс 20140310_124902.jpgтоптағы басқа оқушылардың жауап беруіне назарымды басқаға аударған кезімде болды, жауапты мойындап, оны келесі қосымша сұхбатқа негіз ете алдым, жауапты мадақтап отырдым. Бұл ойын оқушылардың қызығушылығын арттырғанымен, оқушылар алдында өтілген тақырыпқа дайын емес екендіктерін байқадым.

         Одан соң сол сабақта "сұрақ-жауап" әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындыладым, оқушылар өз топтарымен бірлесе отырып, басқа топтарға арнап 6 сұрақтан дайындайды, өзге топтармен сұрақ-жауап  алмасу барысында, әр топтан келген 2 сұрақа жауап беру арқылы, әр топ 6 сұраққа жауап береді. Оқушылар топ болып сұрақтар жазып, тапсырманы орындауда әр түрлі сұрақтар дайындау барысында, олардың маңыздылығына және күрделілігіне назарын аудару арқылы бірін-бірі оқыту, жақын арада даму аймағында жұмыс жасады. Сұрақтарын дайындап болған соң, топтар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, топ болып ойлану арқылы топтық диалог байқалды.

         Келесі кезекте "джигсо" әдісін қолдандым. Жаңа сабаққа қалай оқу керектігін үйрету бойынша дереккөздерде келтірілген мәліметтер бойынша көрсетілім оқушылардың есте сақтау қабілеті 30 пайызға артады деп көрсеткендей, Қасым хан туралы бейне роликті пайдаланып, көру сезім мүшелеріне әсер ете отырып, ақпарат алмасуда, талдауларды диалогтық қарым-қатынасқа негіздеп отырдым. Оқушылар бейне роликтен көргендерін джигсо арқылы оқулықтың тақырыпшаларын жоғарыда көрсетілгендей келтірілген мәліметтерді салыстыра отырып, топтық таңбаларға сәйкес "тәж" - Қасым ханның билікке келу мен тарихи тұлғасы туралы, "садақ" - Қасым ханның қасқа жолы заңдары туралы, "қалқан" - Қасым ханның ішкі саясаты туралы, "найза" - Қасым ханның сырты саясаты туралы оқып танысу арқылы талқылады, сабақты бірлесіп оқу және бірін-бірі оқыту арқылы меңгереді.

         Бұл әдіс барысында диалогтық оқытуда "жақын арада даму аймағында" жұмыс істей отырып, бірін-бірі оқыту нәтижесінде диалогтық қарым-қатынас жасап үйренді, пікірін дәлелдеді, өзгенің көз-қарасын бағалады, сын түрғысынан ойлау қабілеті қалыптасты, ұстанымы қалыптасады, шешім шығарды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті; сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті; оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектесті; оқушылардың сабаққа және білімге құштарлығын оятып, қызығушылығын оятты, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модулімен ықпалдасты.

20140310_130609.jpg         Мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда өтуге, тәжірибе жасауға бекітілген екінші сабағымда "топта жұмыс" жасау үшін флипчартта үй тапсырмасын орындады. Осы тапсырма арқылы диалогтік оқыту модулін жүргізе отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыру мақсатында флипчартарға қосымша тарихи тұлғалардың суреттерін беріп, оларды қалай қолдануға болатынын ойластыруы арқылы үй тапсырмасын толық түсіндіру керектігін тапсырдым. Оқушылар суреттерді пайдалана отырып, бір-бірімен бұл суреттерде кімдердің бейнеленгеніне назарларын аударып, суреттердің өткен сабаққа қатысты екенін анықтады, суреттерде бейнеленген Ә.Х. Марғұлан, Қ. Жалайыр, М.Х. Дулати және ҚР Конституциясына қатысты не білетіндіктерін ортаға салып, оларды үй тапсырмасына қатысты қалай үйлестіруге болатындықтыры туралы пікір алмаса отырып, бір-бірінің көзқарастарымен таныса отырып, өз идеяларын толықтыра,  дамыта отырып ортаға тастау арқылы туындаған ортақ идеяларды флипчарта орындап шықты. Оқушылар постер қорғауда кімнің, қалай қорғайтыны туралы келісе отырып, тапсырма тақырыбын аша білді. Постер арқылы топтар арасында диалог қалыптасып, өзге топтардың көзқарастарымен өз тобының ортақ көзқарасын, өзіндік көзқарастарын салыстыра білді. Осы әдіс арқылы өткен сабақтағы түсінбеген сұрақтарын қорытындылай алды деп ойлаймын. Бұл сабағым сыни тұрғыдан ойлауды үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерімен басым ықпалдастырылды, қалған модульдер жанамалай енгізілді.

20140310_125632.jpg         Мозайка әдісін қолдану арқылы берілген тапсырмада топтар Айша бибі, Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Қарахан кесенелерінің суреттерін құрастыру арқылы жаңа сабақты қорытындылады. Кесенелердің суреттерін құрастыру барысында топтарға арналған тапсырмалар: "Хақназар ханның Моғол хандығымен жасаған қатынастары қандай жағдайда болды?", "Хақназар хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен және Баба сұлтанмен екі жақты "достық одақ" құруда не мақсатты көздеді?", "Ноғай Ордасымен және Орыс патшасымен жасаған қарым-қатынастары туралы айтып беріңдер",  "Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қалай күшейді?" - деген сұрақтарға жауап алынды. Бұл тапсырманы орындауда және сұрақтарға жауап беруде  оқушылар топ болып қызығушылықпен белсене атсалысты. Топ болып бірлесіп суреті сәйкестендіріріп, шыққан сұраққа топ болып кезектесіп айтып орындады. Бұл әдісте оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер модулі топтық диалог қалыптастыру мақсатымен толығымен айқындалды, сонымен қатар басымдық танытқан модульдер оқытуды басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

         Үшінші сабағымда осы диалогтік басымдық танытқан үй тапсырмасын қорытындылау үшін алынған жұптық "шатасқан оқиғалар" тесті. Бұл жерде оқушыларды жұпқа бөліп, оларға шатасып орналасқан тарихи оқиғалар жазылған парақшалар бердім. Оқушылар бір-екіге санап жұпқа бөлініп, берілген парақшалардағы тарихи оқиғаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланды, талдады, талқылады, нәтижесінде болған оқиғалардың тұсына реттік санын ретімен қойып шығып  және олай жасау себебін түсіндірді. Мен оқушыларды мейілінше жас ерекшелігіне және жақсы оқитын оқушымен нашар оқытын оқушыларды бірлесіп жұмыс жасату үшін оларды жұптастыру арқылы орындатуға тырыстым. Оқушылар сабақта өз жұбын ұятқа қалдырмау үшін тырысып, сабаққа белсене қатысуының арқасында оқытуды басқару және көшбасшылық модулі байқалды. Бұл жерде жақын арадығы даму аймағы жақсы оқитын оқушымен нашар оқитын оқушының бірге жұмыс жасауы арқылы көрініс тапты. Сондай-ақ, жұптардың бірін-бірі оқытуы нәтижесінде жұптық диалог айқын көрініс тапты.

         Келесі кезекте үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың арасында оқушылардың шаршағанын басып, сабаққа деген ынтасын арттыру, және топтық диалогті қалыптастырып, бір-біріне сенімділік қалыптастыру мақсатында "сергіту сәтін" ұйымдастырдым. Топтарға бес стикерден таратып, оған кез-келген үй жануарының атын жазуды сұрадым, жазып болған соң стикерлерін алмастырып, мимика арқылы топ болып стикерде жазылған жануарды іс-қимылы арқылы сомдау керектігін түсіндірдім. Оқушылар бейнелеп көрсетуі керек жануардың іс-қимылын, іс-әрекетін топ бойынша ақылдаса отырып, ортаға шығып өзідеріне тиесілі жануарды бейнелеп көрсетті. Сергіту сәтінде топтық диалог қалыптасып, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы, сенімі нығая түсті деп ойлаймын. Бұл әдісімнің нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, талантты және дарынды балаларды  оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модульі басымдырақ айқындалды.

20140315_121106.jpg         Осы сабағымды бекіту мақсатында және оқушылардың бір-бірін оқытуын ұйымдастыру мақсатында және жаңа сабақты меңгергендігін анықтау мақсатында, әр топқа "хронологиялық кесте" таратып, топ бойынша орындауға бердім. Оқушыларға интерактивті тақтадағы кестеде келтірілген даталарға сәйкесінше тарихи оқиғаларды жазып шығу керектігін түсіндіріп, әр топқа үлестірмелі кестелер тараттым. Оқушылар бірлесіп жұмыс істеу арқылы және жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір-бірімен әрекеттесу арқасында сабақты жақсы меңгереді. Бұл тапсырма топтық диалогқа негізделгендіктен оқушылар берілген кестені бірлесе отырып, талдап, талқылай отырып, салыстыра келіп кестені толтырып шықты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет) Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ. Кестеде өздері келтірілген мәліметтерге күмән келтіре отырып, топаралық талдау ұйымдастырдым. Оқушылар талдау барысында сабақты жақсы меңгерді. Сабақты бекіту барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен қатар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері кіріктірілді.

20140318_105339.jpg         Төртінші және соңғы сабағым мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде өтілген тақырыбымды қорытындылау мақсатында "Қайталау сабағы" тақырыбында өттім. Бұл сабағымды оқушылардың қызығушылығын арттыру және үй тапсырмасын сұрау мақсатымен ұйымдастыру кезеңінен кейін, бірінші ойыннан бастауды жөн көріп, карта ойнаттым. Карта ойыны қарапайым алтылық ойыны ретінде ойналатынын, әр жүріс сайын қарсы топқа бір сұрақтан қою керектігін түсіндірдім. Топ басшысы және топ болып мұқият стретегия жасау керектігін ескерттім. Ойынға қатысушы бірінші мен үшінші және екінші мен төртінші топтар жұп болады. Оқушылар ойын барысын басқаратын топ басшысын сайлап алады. Ойынды козер алтылығы бар топ бастайды. Әр топ 6 картадан алады, әр картаны жүрген сайын 1 сұрақтан қарсы топқа қояды. Қарсы топағы картаны баса алатын оқушы сұраққа жауап береді, бере алмаса топ болып шешімін табады, онда да таппаса жұптасқан тобы жауап беруге көмектесе алады. Баса алмаса картаны көтереді. Ойынды бастаған және оған жауап берген топтар қолында 6 карта болғанша алтылық ойынының шарты бойынша жерден жаңа карта алады.

         Бұл ойынның барысында топтық диалог қалыптасып, айқын көрінгендері сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері.

         (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет) "Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъект ретінде суреттейді"-дегеніндей оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, әсіресе диалог арқылы оқыту оқушының оқушымен қарым-қатынас жасауы арқылы оқуы анағұрлым жемісті болмақ деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық - "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012

2.     Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (оқулық өңделген 2-басылымы) - "Атамұра" Алматы, 2012

3.     Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (Оқыту әдістемесі) - "Атамұра" Алматы 2012

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалогтік оқытудың маңызы

         Мен осы курстың бірінші бетпе-бет кезеңінде оқып танысқан модульдерді, мектептегі іс-тәжірибе барысында тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлап, өзімнің негізгі жұмыс жүргізу бағытым деп таңдағаным, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалог арқылы оқу деп алдым, мұндағы маған ұнағаны және ең маңызды орын алатыны деп тапқаным дей отырып бұл модулді таңдау себептерім:          (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 39-бет) Мерсер мен Литлон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достық бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылғандай мұғалімдер мен оқушылардың арасында диалогтің өзектілігі мен тиімділігі болып отыр. Мұндағы оқушылардың нәтижеге жету үшін бірлесіп жұмыс жасауы: бірлесіп талдау, ойлау, салыстыру, бірін-бірі оқыту, мақсат қою, іс-әрекетін жоспарлауы, бір-біріне сенім артып, қолдау көрсетуі, ситуация тудыруы, одан бірлесіп шығуы сияқты әрекеттері.    Сондай-ақ, (Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылғандай, 39-бет) Мерсер мен Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып,  оқыту барысында диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:

·        оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

·        басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;

·        оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;

·        мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

         Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады.  Яғни, бұл сабақтардың ұтымды жағы бұрынғы дәстүрлі әдісіндегідей емес, оқушылардан сабақтың оқылуын талап ету арқылы емес, талаптандыруда, ынталандыруда, олармен бірлесе жұмыс жасауда, қарым-қатынсата болып отыр.

         Және бір себебім, өзім қызмет ететін мектебімде, осы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы бойынша кембридждік оқыту курсына келместен бұрын да, мен осы бағдарламаның мазмұнынмен біршама танысып, осы бағдарламаға негізделген сабақтар өтіп, әсіресе диалогтік оқыту бағытында жұмыстар жасаған болатынмын. Оны маған осы бағдарламаның І (ілгері) деңгейі бойынша курстан өткен мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісінің коучингтер өткізіп, таныстырған болатын. Мен өз тарапымнан қызығушылық танытып, ІІ (негізгі) деңгейлік курсты оқуға дайындалған болатынмын.

         Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модуліндегі диалог арқылы оқудың пайдасына келер болсам, жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларыма қоса диалогтік оқыту арқылы тақырыпты және оқушылардың қабілеттерін (Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылғандай, 40-бет) танып, зерттеп, дамытуға болатындығында және басқа модулдермен тығыз байланыстылығында болып отыр.

          Диалог арқылы оқыту – мұғалімдер мен оқушылар үшін де білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты ой. Бұл модуль мұғалімнің мен оқушының қарым-қатынасын, ойлау қабілетін, ортақ шешімге келу, сын тұрғысынан ойлау, таланты мен дарынын, көшбасшылық қабілетін дамыта отырып, іс-оқиғаны саналы түрде және оймен қабылдауын көздейді.

         Мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда өтуге, тәжірибе жасауға бекітілген бірінші сабағымда сынып төрт топқа бөлінді: а. Тәж, ә. Қалқан, б. Садақ, в. Найза. Осы жоғарыда аталған топтарға бөліну үшін стикерлерге тәж, қалқан, садақ және найзаның суретін бойынша топқа бөлдім. Сол суреттер арқылы жаңа сабақ кезінде оқуы тиіс тақырыпшаларды анықтады. Бірінші сабақта "крестиктер-нөлдіктер" ойыны барысында, ойынның шарты түсіндіріліп: 1 мен 3 топтар және 2 мен 4 топтар жұптасқан топ болып, жауап берген топ кестеге өз таңбасын "Х" таңбасын, жауап бере алмаса, келесі топ жауап беріп, "0" таңбасын белгілейтінін, және келесі сандағы сұрақты таңдау құқын түсіндірдім. Жеребе бойынша қай топ бірінші жауап беретіні анықталып, 1 мен 9 санның біреуін таңдауды тапсырдым. Бастаушы топқа 1 сұрақ қойылды: "Шыңғыс ханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек екеуінің де таққа отыруға құқы болды. Бірақ таққа неге Керей отырды?" Оқушылар топ болып шешімін тапты: "Сол кездегі тәртіп бойынша, мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген". Олардың білімін тиянақтау мақсатымен "Сонда қайсысы үлкен?" деген қосымша сыншыл сұрақтар да қойып отырдым. Осы ойын барысында мынандай сұрақтар қойылды: "Керей мен Жәнібек бір-біріне кім болған? (Жәнібек кімнің ұлы?, Керей кімнің ұлы?)", "ХV ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс тепкен Жетісу жеріне екі жүз мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы нені қажет етті? (Кең өріс-қоныс деген не?)", "Дешті Қыпшақ даласында қай өзен бойындағы қалалардың стратегиялық маңызы болды? (Не себепті?, Ол жерлерде қандай сала жақсы дамыды?)", "Қазақ хандары Сырдария мен Қаратау өңірін қай уақытта басып алды? (Неге осы кезде басып алды?)", "Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін кіммен соғысты? (Мұхаммед Шайбани қай ел билеушісі?)",-деген т.б. сұрақтар қойылды. Оқушылар қызығушылық танытып, сабаққа белсене қатысып, ойланып, бір-біріне көмектесіп отырды.

         Бұл ойын барысында диалогтік оқытуда сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау техникалары қолданылды. Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы бойынша, оқушылар: оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырды; оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтады; оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті; сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті; оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектесті; оқушылардың сабаққа және білімге құштарлығын оятып, қызығушылығын оятты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық. 42-бет) Рэгг және Браун (2001) көрсеткендей, оқушылардың жауабын елемей жауап беруге тиіс топтағы басқа оқушылардың жауап беруіне назарымды басқаға аударған кезімде болды, жауапты мойындап, оны келесі қосымша сұхбатқа негіз ете алдым, жауапты мадақтап отырдым. Бұл ойын оқушылардың қызығушылығын арттырғанымен, оқушылар алдында өтілген тақырыпқа дайын емес екендіктерін байқадым.

         Одан соң сол сабақта "сұрақ-жауап" әдісі арқылы үй тапсырмасын қорытындыладым, оқушылар өз топтарымен бірлесе отырып, басқа топтарға арнап 6 сұрақтан дайындайды, өзге топтармен сұрақ-жауап  алмасу барысында, әр топтан келген 2 сұрақа жауап беру арқылы, әр топ 6 сұраққа жауап береді. Оқушылар топ болып сұрақтар жазып, тапсырманы орындауда әр түрлі сұрақтар дайындау барысында, олардың маңыздылығына және күрделілігіне назарын аудару арқылы бірін-бірі оқыту, жақын арада даму аймағында жұмыс жасады. Сұрақтарын дайындап болған соң, топтар бір-бірімен сұрақ-жауап алмасып, топ болып ойлану арқылы топтық диалог байқалды.

         Келесі кезекте "джигсо" әдісін қолдандым. Жаңа сабаққа қалай оқу керектігін үйрету бойынша дереккөздерде келтірілген мәліметтер бойынша көрсетілім оқушылардың есте сақтау қабілеті 30 пайызға артады деп көрсеткендей, Қасым хан туралы бейне роликті пайдаланып, көру сезім мүшелеріне әсер ете отырып, ақпарат алмасуда, талдауларды диалогтық қарым-қатынасқа негіздеп отырдым. Оқушылар бейне роликтен көргендерін джигсо арқылы оқулықтың тақырыпшаларын жоғарыда көрсетілгендей келтірілген мәліметтерді салыстыра отырып, топтық таңбаларға сәйкес "тәж" - Қасым ханның билікке келу мен тарихи тұлғасы туралы, "садақ" - Қасым ханның қасқа жолы заңдары туралы, "қалқан" - Қасым ханның ішкі саясаты туралы, "найза" - Қасым ханның сырты саясаты туралы оқып танысу арқылы талқылады, сабақты бірлесіп оқу және бірін-бірі оқыту арқылы меңгереді.

         Бұл әдіс барысында диалогтық оқытуда "жақын арада даму аймағында" жұмыс істей отырып, бірін-бірі оқыту нәтижесінде диалогтық қарым-қатынас жасап үйренді, пікірін дәлелдеді, өзгенің көз-қарасын бағалады, сын түрғысынан ойлау қабілеті қалыптасты, ұстанымы қалыптасады, шешім шығарды. Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етті; сыни тұрғыдан ойлауға көмектесті; оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектесті; оқушылардың сабаққа және білімге құштарлығын оятып, қызығушылығын оятты, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модулімен ықпалдасты.

         Мен өзімнің тізбектелген сабақтар топтамамда өтуге, тәжірибе жасауға бекітілген екінші сабағымда "топта жұмыс" жасау үшін флипчартта үй тапсырмасын орындады. Осы тапсырма арқылы диалогтік оқыту модулін жүргізе отырып, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін ықпалдастыру мақсатында флипчартарға қосымша тарихи тұлғалардың суреттерін беріп, оларды қалай қолдануға болатынын ойластыруы арқылы үй тапсырмасын толық түсіндіру керектігін тапсырдым. Оқушылар суреттерді пайдалана отырып, бір-бірімен бұл суреттерде кімдердің бейнеленгеніне назарларын аударып, суреттердің өткен сабаққа қатысты екенін анықтады, суреттерде бейнеленген Ә.Х. Марғұлан, Қ. Жалайыр, М.Х. Дулати және ҚР Конституциясына қатысты не білетіндіктерін ортаға салып, оларды үй тапсырмасына қатысты қалай үйлестіруге болатындықтыры туралы пікір алмаса отырып, бір-бірінің көзқарастарымен таныса отырып, өз идеяларын толықтыра,  дамыта отырып ортаға тастау арқылы туындаған ортақ идеяларды флипчарта орындап шықты. Оқушылар постер қорғауда кімнің, қалай қорғайтыны туралы келісе отырып, тапсырма тақырыбын аша білді. Постер арқылы топтар арасында диалог қалыптасып, өзге топтардың көзқарастарымен өз тобының ортақ көзқарасын, өзіндік көзқарастарын салыстыра білді. Осы әдіс арқылы өткен сабақтағы түсінбеген сұрақтарын қорытындылай алды деп ойлаймын. Бұл сабағым сыни тұрғыдан ойлауды үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерімен басым ықпалдастырылды, қалған модульдер жанамалай енгізілді.

         Мозайка әдісін қолдану арқылы берілген тапсырмада топтар Айша бибі, Арыстан баб, Қожа Ахмет Йассауи, Қарахан кесенелерінің суреттерін құрастыру арқылы жаңа сабақты қорытындылады. Кесенелердің суреттерін құрастыру барысында топтарға арналған тапсырмалар: "Хақназар ханның Моғол хандығымен жасаған қатынастары қандай жағдайда болды?", "Хақназар хан өзбек ханы ІІ Абдаллахпен және Баба сұлтанмен екі жақты "достық одақ" құруда не мақсатты көздеді?", "Ноғай Ордасымен және Орыс патшасымен жасаған қарым-қатынастары туралы айтып беріңдер",  "Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы қалай күшейді?" - деген сұрақтарға жауап алынды. Бұл тапсырманы орындауда және сұрақтарға жауап беруде  оқушылар топ болып қызығушылықпен белсене атсалысты. Топ болып бірлесіп суреті сәйкестендіріріп, шыққан сұраққа топ болып кезектесіп айтып орындады. Бұл әдісте оқыту мен оқудағы жаңа әдіс тәсілдер модулі топтық диалог қалыптастыру мақсатымен толығымен айқындалды, сонымен қатар басымдық танытқан модульдер оқытуды басқару және көшбасшылық, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету.

         Үшінші сабағымда осы диалогтік басымдық танытқан үй тапсырмасын қорытындылау үшін алынған жұптық "шатасқан оқиғалар" тесті. Бұл жерде оқушыларды жұпқа бөліп, оларға шатасып орналасқан тарихи оқиғалар жазылған парақшалар бердім. Оқушылар бір-екіге санап жұпқа бөлініп, берілген парақшалардағы тарихи оқиғаларды жұптарымен бірлесе отырып, ойланды, талдады, талқылады, нәтижесінде болған оқиғалардың тұсына реттік санын ретімен қойып шығып  және олай жасау себебін түсіндірді. Мен оқушыларды мейілінше жас ерекшелігіне және жақсы оқитын оқушымен нашар оқытын оқушыларды бірлесіп жұмыс жасату үшін оларды жұптастыру арқылы орындатуға тырыстым. Оқушылар сабақта өз жұбын ұятқа қалдырмау үшін тырысып, сабаққа белсене қатысуының арқасында оқытуды басқару және көшбасшылық модулі байқалды. Бұл жерде жақын арадығы даму аймағы жақсы оқитын оқушымен нашар оқитын оқушының бірге жұмыс жасауы арқылы көрініс тапты. Сондай-ақ, жұптардың бірін-бірі оқытуы нәтижесінде жұптық диалог айқын көрініс тапты.

         Келесі кезекте үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың арасында оқушылардың шаршағанын басып, сабаққа деген ынтасын арттыру, және топтық диалогті қалыптастырып, бір-біріне сенімділік қалыптастыру мақсатында "сергіту сәтін" ұйымдастырдым. Топтарға бес стикерден таратып, оған кез-келген үй жануарының атын жазуды сұрадым, жазып болған соң стикерлерін алмастырып, мимика арқылы топ болып стикерде жазылған жануарды іс-қимылы арқылы сомдау керектігін түсіндірдім. Оқушылар бейнелеп көрсетуі керек жануардың іс-қимылын, іс-әрекетін топ бойынша ақылдаса отырып, ортаға шығып өзідеріне тиесілі жануарды бейнелеп көрсетті. Сергіту сәтінде топтық диалог қалыптасып, оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы, сенімі нығая түсті деп ойлаймын. Бұл әдісімнің нәтижесінде сыни тұрғыдан ойлауды үйрету, талантты және дарынды балаларды  оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық модульі басымдырақ айқындалды.

         Осы сабағымды бекіту мақсатында және оқушылардың бір-бірін оқытуын ұйымдастыру мақсатында және жаңа сабақты меңгергендігін анықтау мақсатында, әр топқа "хронологиялық кесте" таратып, топ бойынша орындауға бердім. Оқушыларға интерактивті тақтадағы кестеде келтірілген даталарға сәйкесінше тарихи оқиғаларды жазып шығу керектігін түсіндіріп, әр топқа үлестірмелі кестелер тараттым. Оқушылар бірлесіп жұмыс істеу арқылы және жақсы оқитын оқушылар мен нашар оқитын оқушылар бір-бірімен әрекеттесу арқасында сабақты жақсы меңгереді. Бұл тапсырма топтық диалогқа негізделгендіктен оқушылар берілген кестені бірлесе отырып, талдап, талқылай отырып, салыстыра келіп кестені толтырып шықты. (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет) Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдады. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ. Кестеде өздері келтірілген мәліметтерге күмән келтіре отырып, топаралық талдау ұйымдастырдым. Оқушылар талдау барысында сабақты жақсы меңгерді. Сабақты бекіту барысында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулімен қатар, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері кіріктірілді.

         Төртінші және соңғы сабағым мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде өтілген тақырыбымды қорытындылау мақсатында "Қайталау сабағы" тақырыбында өттім. Бұл сабағымды оқушылардың қызығушылығын арттыру және үй тапсырмасын сұрау мақсатымен ұйымдастыру кезеңінен кейін, бірінші ойыннан бастауды жөн көріп, карта ойнаттым. Карта ойыны қарапайым алтылық ойыны ретінде ойналатынын, әр жүріс сайын қарсы топқа бір сұрақтан қою керектігін түсіндірдім. Топ басшысы және топ болып мұқият стретегия жасау керектігін ескерттім. Ойынға қатысушы бірінші мен үшінші және екінші мен төртінші топтар жұп болады. Оқушылар ойын барысын басқаратын топ басшысын сайлап алады.Ойынды козер алтылығы бар топ бастайды. Әр топ 6 картадан алады, әр картаны жүрген сайын 1 сұрақтан қарсы топқа қояды. Қарсы топағы картаны баса алатын оқушы сұраққа жауап береді, бере алмаса топ болып шешімін табады, онда да таппаса жұптасқан тобы жауап беруге көмектесе алады. Баса алмаса картаны көтереді. Ойынды бастаған және оған жауап берген топтар қолында 6 карта болғанша алтылық ойынының шарты бойынша жерден жаңа карта алады.

         Бұл ойынның барысында топтық диалог қалыптасып, айқын көрінгендері сыни тұрғыдан ойлауға үйрету және оқытуды басқару және көшбасшылық модульдері.

         (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет) "Выготский кіші жастағы балаларды когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъект ретінде суреттейді"-дегеніндей оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, әсіресе диалог арқылы оқыту оқушының оқушымен қарым-қатынас жасауы арқылы оқуы анағұрлым жемісті болмақ деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Мұғалімге арналған нұсқаулық - "Назарбаев Зияткерлік мектебі" ДББҰ, 2012

2.     Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (оқулық өңделген 2-басылымы) - "Атамұра" Алматы, 2012

3.     Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (Оқыту әдістемесі) - "Атамұра" Алматы 2012

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 610 196 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.11.2014 8027
    • DOCX 471.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жарылкасынов Бахытжан Ержанович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11054
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 455 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

4920 руб. 2950 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе