Инфоурок Классному руководителю КонспектыУрок на тема "Кісілік келбет"

Урок на тема "Кісілік келбет"

Скачать материал

Кісілік  келбет

Мақсаты:  оқушыларға қоғам және мемлекет қайраткері Д.А.Қонаевтың  өмірін таныстыра отырып, оның өмір жолының кейінгі ұрпаққа үлгі – өнеге екенін ұғындыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көркенікігі: суреттер слайд

Кіріспе: мұғалім сөзі

1 – жүргізуші: - Аса құрметті қауым! Көрнекті және ұлтымыздың ардақты азаматы, мемлекет қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған танымдық кешімізге қош келдіңіздер!

2 – жүргізуші: - Бүгінгі танымдық кешіміздің жоспары:

1.      Елу жыл ел ағасы

2.      Дінмұхамед даналығы

3.      Өнегелі өмір

4.      Түйір тамшыларда – көл көсір құрмет!

1 – жүргізуші: - Үнді мемлекетінің негізін қалаушы Неру «Мейірім шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық – қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халықта бақытты. Сол перзент – Дінмұхамед Қонаев» деген екен.

2 – жүргізуші : - Иә, елу жыл ел тағдырына араласып, жауапты қызметті абыроймен атқарған Д. Ахметұлы өте парасатты, өз ұлтының адал ұлы, шынайы көшбасшысы бола білді.

1 – жүргізуші : - Ендігі кезекті елу жыл ел ағасының елге жасаған игі істеріне тоқталып өтсек. Сөз кезегі Гүлнұрға беріледі.

2 – жүргізуші : - Жұлдыз боп шындығында жарқырадың,

                              Елден ерек жасадың жарқын адым.

                             Халқым деп тынбай соққан ақ жүрегің,

                             Алдында ұрпағыңның аппақ арың.

1 – жүргізуші : - Д. Ахметұлыны коммунистік партия кезеңімен байланысты өткен өмірінде кім қалай қараса да, ол – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Яғни, Д. Ахметұлының Қазақстанның өнеркәсіптік және шикізаттық базасын, ғылым – білімін, мәдениетін өркендетуге сіңірген еңбегі ұланғайыр.

2 – жүргізуші : - Сонымен қатар оның баға жетпес кісілік келбеті мен адами зор қасиетті де уақыт өткен сайын мейлінше тұлғалана түсуде.

1 – жүргізуші : - Ол туралы том – том кітап жазып, бүкіл ел – жұрт жабылып, күні – түні шежіре шертсе де сағынышты сырдың түгелмесі анық. Сондықтан ендігі әңгіме ел ағасының жекелеген қырлары туралы болмақ. Сөз кезегін оқушыларға берсек.

2 – жүргізуші : - Дінмұхамед Қонаев туралы « Естен кетпес есімдер» атты жинақ шыққан болатын. Сол кітап беттерінен белгілі қоғам қайраткерлерінің ол кісі жайлы айтқан ыстық лебіздерін келтіре кетсек.

1 – жүргізуші : - Қазақстанның халық әртісі Н.Нүсіпжанов өзінің естелігінде былай дейді « Сол кездегі өнер адамдарының көбі Димекең десе жанын беруге даяр еді. Талайы ол кісіге арнап ән де, күй де жазғысы келіп еді, бірақ  Дінмұхамед аға ондайга қатал болатын. Нұрғиса Тілендиев ән арнамақ болғанда көмекшісіне «Нұрғиса ініге айт, ықыласына рахмет! Бірақ әнін маған емес, аялап отырған халқына, еліне арнасын» депті. Нұрғиса ағаның «Өз елім» әнінің шығу тарихы осындай екен.

2 – жүргізуші : - Әнші – композитор Ескендір Хасанғалиев өзінің бір сұхбатында «Димаш аға кез – келген әннің сөзін жазған ақынды да, әнін жазған композиторды да ұмытпайтын» деп еске алады.

1 – жүргізуші : - Енді назарларыңызға осындай ұлы тұлғаның артында қалған, бүгінде нақылға айналып кеткен аталы сөздерін ұсынамыз.

2 – жүргізуші : - Д. Ахметұлы «Музыка – адамзаттың әмбебап тілі» деген екен. Ол кісі Шәмші әндерін ерекше ұнатқан. Қазіргі әнұранымыз «Менің Қазақстаным» әнін 1974 жылы Үндістанда іссапарда жүргенде радиодан естиді. Сапардан оралған соң Шәмшіні іздестіріп, ілтипат білдіріп, жаңа пәтер бергізіп, әндерін кітап етіп шығаруға уәде береді. Ұлы сазгер «Менің әндерімнің ішінен «Бақыт құщағында», «Ақерке – Ақжайық», «Отырардағы той» әндерін сүйіп тыңдайтын» дейді.

1 – жүргізуші : - Қарсы алыңыздар, Мерейдің орындауында «Бақыт құшағында» әні.

2 – жүргізуші : - Дінмұхамед Қонаевтың атқарған қызметі туралы біздің президентіміз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Ғасырлар тарихында» кітабында өз бағасын берді. «Д. А. Қонаев есімі Қазақстан халқымен бірге жасары анық ақиқат. Ол кісі бәрімізге ұстаз болған ұлы адам» дейді елбасы Н. Назарбаев.

1 – жүргізуші : - Елу жыл ел ағасы болған Д. Қонаев тәрізді ірі тұлға жөнінде айтылар сөз де бір кештің аясында шектеліп қалмақ емес. Ол мәңгілік тақырып.

2 – жүргізуші : - 1994 жылы 24 ақпанда Қазақстан президенті Н. Назарбаевтын « Дінмұхамед Қонаевтың атын мәңгі есте қалдыру туралы» қаулысы шықты.

1 – жүргізуші : - Қазақтың  көгіндегі жарық жұлдыз,

                              Тұлпарың күнде сенің таң асқандай,

Мөлдірсің, биіксің сен көк аспандай.

Сүйемін сен отырған кабинетті,

О дағы жақсы ойларға жол ашқандай.

Күледі ел, қуанады ел, құлпырады ел,

Қой қоздап, бие туып, шұрқұра бел!

Қазақтың үмітіндей жарық жұлдыз,

Көгінде жап – жарық боп сен тұра бер!

2 – жүргізуші : - Атаның баласы боп бөлінбедің

                              Ілеспей жетегіне көрінгеннің.

 Үш атаның ұрпағын өгейсітпей,

 Аялап жүрегіңнің төрін бердің.

Аңсаушы ең қазағыңның еркіндігін,

Мінеки туған халқың еркін бүгін.

Бар елменен терезе теңестірдік,

Арманың жүзеге асты кетпей тегін.

Қорытынды: Дінмұхамед Қонаев – шын мәнісінде еліміздің іргесін нықтап, еңсесін тіктеп, бүгінгідей қуатты мемлекетке айналдырып кеткен жан. Сондықтан ол туралы том – том кітап жазып, күні – түні шежіре шертсе де аз.

Осымен ұлы тұлғаны ұлықтауға арналған кешімізді Д. Қонаевтын сөзімен аяқтасақ.  « Адамдық қалыпты биік ұстау – кімге де болса үлкен сын. Адамгершілік деген асыл қасиетті арасартып  алмасақ екен. Өмір өзегі осы, азаматтық жол да осы.»

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тема "Кісілік келбет""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.04.2015 1135
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайнарбаева Дамегул Собаловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайнарбаева Дамегул Собаловна
    Кайнарбаева Дамегул Собаловна
    • На сайте: 9 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3713
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Современные технологии профилактики зависимого поведения среди подростков и молодежи

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 112 человек

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 219 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 553 человека

Мини-курс

Финансовое руководство: от планирования до успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 15 регионов

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека