Акбергенова Макпал Казихановна
8 лет назад

қазақ тілі 7 класс

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 7 сынып

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің сөйлемдегі қызметі

Мақсаты: Етістіктің сөйлемдегі қызметін ажырата алады.

Күтілетін нәтиже : Қосымша деректер арқылы ізденуге, тақырыты кеңінен ашуға, білуге, түсінуге дағдыланады.

Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОЖЕ (оқушылардың жас ерекшеліктері), ТжДОЖ (талантты және дарынды оқушылармен жұмыс). ОБжК (оқытуды басқару және көшбасшылық), ОҮБжОБ (оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау), ДО (диалогтық оқыту)

Бағалау: Өзін өзі (ӨӨБ), жұптық (ЖБ), топтық (ТБ), жиынтық (ЖБағ)

ресурстар: стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары

Әдіс- тәсілдер: Жигсо.Конверттегі сұрақтар,Тізбектелген сұрақтар,Екі шындық, бір жалған әдісі, Блум таксономиясы.

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

ресурстар

Білім

Қызығушылық

тарын ояту

2мин

Үй тапсырмасын ішкі және сыртқы шеңбер тәсілі арқылы сұрау

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы сұрау арқылы оқушыларды диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау

Мұғалім берген тапсырмасын орындау арқылы оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру

Түсіну

7мин

«Етістіктің сөйлемдегі қызметі» тақырыбын «Жигсо» әдісі арқылы меңгерту.

Жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру.

Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында оқушыларға сұрақ арқылы диалогқа түсіру.Өз ойларын, пікірлерін ашық айту.

.Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой-пікірлерімен санаса білу

Топпен жұмыс жасау: Оқушылар көлемді мәтінді әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылады.Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, түсіндіру керек.

Флипчарт,маркер, стикер

Қолдану

10мин

«Конверттегі сұрақтар» әдісімен етістіктерді табу, сұрақ қою арқылы сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғанын тапқызамын.

Топтарға жаңа тақырып бойынша толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін қорғайды, ол үшін конвертке салынған сұрақтар таратылады

Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту

Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады.

Кітаппен жұмыс

Сергіту сәті

1 мин

«Кірпі биі» атты жаттығу жасау

Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау

Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды.

АКТ

Талдау

15мин

«Тізбектелген моншақтар» әдісі бойынша сөйлемнен етістіктерді тауып, сөйлем мүшесіне қарай талдау.

Оқушыларға сөйлемдердегі етістіктерді тауып, сөйлем мүшесіне талдатады.

Кезекпен шығып, сөйлемдердегі етістіктерді тауып, сөйлем мүшесіне талдайды.

Тақта

Жинақтау

6 мин

«Екі шындық, бір жалған» әдісі бойынша өтілген тақырып бойынша екі шындық бір жалған сұрақтар дайындайды.

«Екі шындық, бір жалған» әдісі бойынша өтілген тақырып бойынша жұп жұппен бір-біріне сұрақтар дайындайды.

Оқушылар тақырып бойынша дайындалған екі шындық, бір жалған сұрақтар бір- біріне оқып, қайсысы дұрыс, қайсысы бұрыс екеніне жауап береді.

карточкалар

Бағалау

2 мин

«Бес саусақ» әдісі бойынша екі топ бір- бірін бағалау.

Өзін өзі бағалау парағы

Бағалауды басқару

Жауаптарын қабылдап, бағыт беру.

Оқушылардың бағалау парағына өз білімдерін бағалауын қадағалау.

Бүгін орындаған жұмыстары бойынша үш топ бір-бірін бес саусақ әдісі арқылы бағалайды.

Бағалау парағындағы критерийлер бойынша өздерін бағалайды.

Бағалау парағы

Рефлексия

2 мин

Стикерлерді толтыру

Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну

Ұсынылған стикерді толтыру

стикерлер

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.