Қазақ тілі мен әдебиет пәні 5 сынып.
Сабақтың тақырыбы : Емханада .
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: өткен материалдармен байланыстыра отырып жаңа сабақты, ондағы жаңа сөздерді игерту, сөздермен сөйлем құрастырып, оларды тілдік қатынаста пайдалануға үйрету. Лексикалық тақырып көлемінде сөйлей білу.
2. Дамытушылық: тіл байлығын, сөздік қорын молайтып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: тілге деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыруға баулу.
Күтілетін нәтиже;
• Топпен жұмыс істеуге дағдыланды.
• Тақырып бойынша мағлұмат бере отырып, практикалық жұмысқа баулу
• Еңбекқорлық түсініктері қалыптасты.
• АКТ- ны тиімді қолдана алады.
сыни ойлаулары қалыптасты
Қолданылатын модульдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқыту үшін бағалаужәне оқуды бағалау, Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаландым. Сабақ барысында мына әдіс –тәсілдерді «Миға шабуыл», «БББ», жұптық топтық жұмыс, рефлексия, сергіту сәті, « Жұбынды тексер, бағала» қолдандым.