Аймағамбетова Кәмшат Әбдірқызы Ақтөбе педагогикалық институтының түлегі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ол еңбек еткен тоғыз жылда талай жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық, республикалық сайыстарға қатысып, мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз.
Аудандық «Жырлайды жүрек» атты байқауға жүлдегер дайындағаны үшін Мадақтамамен, «Үздік ауыл мұғалімі – 2013» байқауында «Үміт» номинациясымен, 2014 жылы «Үздік әдістемелік құрал» байқауында, ІІІ орынмен, 2014 жылы «Үздік сабақ жоспары» байқауына қатысып Алғыс хатпен марапатталды. 2015 жылы облыстық «Үздік замануи сабақ жоспары» байқауында ІІІ орынды, республикалық қашықтық олимпиадасында І орынға ие болды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Осындай іздену мен оқытудың нәтижесінде шәкірттері де биік белестерден көрініп жүр. Өмірбаева Гүлсая аудандық «Жырлайды жүрек» атты мәнерлеп оқу байқауында Іорынды, аудандық пәндік кіші олипиадасында Аманғали Әли, Төлегенова Ақбота ІІІ орынды, аудандық «Ер есімі – ел есінде» шығармалар байқауына қатысқан Таубаева Ақнұр ІІ орынды, облыстық «Ұлтына ғұмырын арнаған ұлы тұлға» білім байқауында Өмірбаева Гүлсая, Қойшықараева Ақсезім, Мамбетжанов Бекбол, Жұмабеков Нұржан І орынды, «Үш бәйтерек» интеллектуалық ойын байқауында Байназарова Әдемі І орынды, республикалық «Ақ бота» марафонында Өмірбаева Гүлсая, Қойшықараева Ақсезім, Қабидоллаева Ақмерей, Мамбетжанов Бекбол, Аманғали Әли ІІ, ІІІ орындарды, Төлегенова Ақбота қашықтық олимпиадасына қатысып І орынды иеленген болатын.
Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі иен өнегесін оқушыларына арнап, бойындағы бар күш жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Кәмшат Әбдірқызының еңбегі ерекше. Аудандық «Шежірелі өлке» газетіне бірнеше мақалалары, 2014 жылы облыстан «Тілдік бірліктердің түрлі деңгейлердегі сипатын меңгерту арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту» тақырыбындағы мұғалімдерге арналған әдістемелік құралы жарық көрді. Сонымен бірге өз тәжірибесін бөлісу мақсатында «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жолдары» тақырыбындағы баяндамасы облыстық тамыз кеңесінің баяндамар жинағына енді. Кәмшат Әбдірқызы сыныптан тыс шаралары мен сабақтарында инновациялық технологияларды қолданып, оқушыларды шығармашылыққа жетелеп, үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Сонымен қатар Кәмшат Әбдірқызы мектебіміздегі гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі, сынып жетекшісі, кәсіподақ комитетінің төрайымы қызметін атқарып жүрген педагог.
Кәмшат Әбдірқызы ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, тіл табысқыш, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың анасы, аяулы жар.