Бигельдиева Айткүл Амантұрлықызы

  • учитель начальных классов
  • СШ №24
  • Казахстан
  • 22.10.1980

Категории по интересам:

2002/2003 оқу жылынан бастап еңбек жолын Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «№13 жалпы білім беретін бастауыш мектеп» мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі болып қазіргі таңға дейін жұмыс жасайды. Бұл мектепке «Жас маман» мұғалімі болып қабылданды. Жас маман болса да, қалалық « Жас маман» слетіне қатысып, өзінің ізденімпаз, шығармашыл ұстаз екенін көрсете білді. 2006/2007 оқу жылында «Жыл мұғалімі-2007» сайысына қатысып «Ізденімпаз» номинациясына иеленді. Осы жылы II біліктілік санатына арыз беріп, II біліктілік санатына лайықты болды. Жыл сайын гимназия сыныптарын оқытып келеді. Оқушылары қала және облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Атап айтар болсақ 2010/2011 оқу жылдарында қалалық бастауыш сыныптар олимпиадасына 6 оқушысы қатысып, 2 оқушысы жүлделі орынға ие болды. Олар Боранбаева Айдана әдебиеттік оқу пәнінен III орынға, ал Қоңыратбаева Қарлығаш математика пәнінен II орынға ие болып, облыстан IY орын алды. «Жаңа әлемде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу мақсатында оқу- тәрбие үрдісіндегі жаңа технологияларды кеңінен қолдану» тақырыбындағы проблемамен жұмыстануда. Айткүл сонымен қатар «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақ береді. 2009/2010,2010/2011,2011/2012 оқу жылындарында озық тәжірибе мектебінде қалалық семинар сабақтары «өте жақсы» деп бағаланды.Осы жылдары ол I біліктілік санат алды. Осындай елеулі еңбектерінің нәтижесінде Қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар 2012/2013 оқу жылында «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Үшінші (негізгі) деңгей» курсын оқыды.Осы жаңа бағдарлама бойынша сабақ беріп келеді.2012/2013 оқу жылында «Дарынды балалар Қазақстанның болашағы» энцеклопедиясы атты кітабына шықты. 2013/2014 оқу жылында Сағынышқали Дәмеш атты оқушысы «Зерде» республикалық ғылымилық жұмысынан қалалық сайысына қатысып 4- орынға ие болса,облыс көлемінен ынталандыру номенациясына ие болды. Айткүл ұжымдастар арасында кішіпейіл, жақсы қарым-қатынаста жүретін ізетті ұстаздардың бірі.

В друзьях у автора: 0

Автор в друзьях: 0

  • Материалы: 6
  • Просмотры: 1693
  • Коментарии автора: 0
  • Коментарии автору: 0