ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ – МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ
Қазіргі ақпараттық комуникативті технологиялардың қарқынды даму аясында орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі мұғалімнің кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы мектеп мұғалімдерінің кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осыған сәйкес «Оқытудың Кембридж тәсілі» бойынша республика педагогтері біліктіліктерін артыруда. Аталған бағдарламаның негізгі мақсаты оқытудың конструктивті тәсіліне бағытталады. Сындарлы оқыту теориясына сәйкес оқу...