Инфоурок Сайты учителей Ерланова Роза Ерланқызы Блог Мектепте Blender 3D -модельдеу бағдарламасын оқыту қандай дәрежеде? Оқытудағы қиыншылықтар қандай?
Ерланова Роза Ерланқызы
7 лет назад

Мектепте Blender 3D -модельдеу бағдарламасын оқыту қандай дәрежеде? Оқытудағы қиыншылықтар қандай?

Информатиканы оқыту есептеуіш техникадан дербес компьютерге дейінгі тарихынан бастап, заман талабына сай ғылымның жаңа жетістіктерін оқытуда жаңа міндеттерді қояды. Сондай жаңа міндеттердің бірі – үшөлшемді, яғни 3D технологияны оқып-үйрену болып табылады.

Осындай міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес 10 сынып информатика пәнін оқытуда «Ақпараттық технологиялар» бөлімінде 3D-модельдеу тақырыбына 8 сағат арналған.

3D-модельдеу арқылы оқушылардың көркемдік ойлау қабілеттерін дамытуға және геометрия, сызу, технология сияқты пәндерді терең меңгеруіне себеп бола алады. 3D-модельдеу тақырыбы оқушыларға дамытушылық, шығармашылық тұрғысынан еркіндік береді. Бұл тұрғыда оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық және ойлау қабілетін дамытуға, информатикаға қызығушылығын арттыруға және ең бастысы – осы ғылым негізімен тікелей байланысты мамандықтарды таңдауына негіз бола алады.

2013 жылғы бекітілген оқу бағдарламасына сәйкес 3D-модельдеу тақырыптарын Blender 3D-модельдеу бағдарламасы көмегімен оқытылу керек. Blender 3D-модельдеу бағдарламасын оқыту үрдісіне енгізудің бірден-бір ұтымды тұсы, бағдарлама лицензиясының ашық кодпен тегін таратылуында және Blender бағдарламасы мүмкіндігі басқа коммерциялық бағдарламалардан еш кем түспейтіндігінде. Дегенмен, отандық пән мұғалімдеріне қиындық тудырып отырған мәселе – қазақ мектептерінеде осы Blender бағдарламасы оқыту үрдісіне енгізілгендіктен, бағдарламаны оқыту жайлы қазақ тіліндегі әдістемелік нұсқаулықтың, дидактикалық материалдар мен зертханалық жұмыстар кешенінің жоқтығы.Бүгінде ұстаздарымыз тек оқулықта берілген мәліметпен шектелуде. Қолданысқа Б.Қ.Сапарғалиева, Н.Е.Масалимова және Г.А.Тезекбаеваавторлар тобымен құрастырылған, жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытының 10-сыныбына арналған «Информатика» оқулығы ұсынылған. Алайда, оқулықта берілген мәліметтер бағдарламамен жұмыс жасауға жеткіліксіз.

Бұл мәселені шешу үшін келесідей ұсыныстар:

  • оқытушыларды бағдарламаны үйрететін курстардан өткізіп даярлап алу;
  • қазақша оқыту оқұралдарын (дидактикалық материалдар мен зертханалықтар жинағы) әзірлеп, тарату;
  • бағдарлама интерфейсі ағылшын тілді және толық сенсорлы болмағандықтан видео түріндегі практикалық тапсырмалар кешенін құру;
  • мектеп компьютерлерінің толық аппараттық жабдықтау.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.