Гумарова Агзия Зулхарнаевна
8 лет назад

Менің меншікті мекенім

"Дүние деген - жәрмеңке: келдің бе - көріп кет, алдың ба - беріп кет" деген екен алаштың ардақты ұлы Ә.Кекілбаев. Біздің мақсат: Жақсыны үйрену, жаңалықты меңгеру, заман талабынан көріну; Өзгенің ойына түрткі болу, өзімнің ойыма шабыт алу.

"Ешкімнен ешқашан ештеңе сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді" (Т.Фуллер)

Баршаңызға жетістік тілеймін!

18.02.16.

Бір жұлдызды құтқару (аңыз)

Кіріспе: Ер жігіт көлді қотарып, тауды қопарып тастамағанмен, жұрттың жағдайын жақсарту үшін қарлығаштың қанатымен су сепкеніндей сеп бола алса, тамшының тасты тескені емес пе?

Аңыз: Теңіз жағасын жағалап келе жатқан бір кісі бір нәрселерді жерден алып теңізге лақтырып жатқан бір баланы көреді. Жақындағанда оның толқынмен жағаға шығып қалған теңіз жұлдыздарын құтқармақ болып жатқанын байқайды. Ал көкжиекке дейін созылып жатқан жаға болса, теңіз жұлдыздарына толып-ақ қалған екен.

-Сен не істеп жатырсың?-деп сұрайды әлгі кісі.

-Бұлар ертең су қайтқанға дейін жағада қалып қойса, өліп қалады ғой,-дейді бала таңырқап.

-Бұл ақымақтық қой!,-дейді қызбаланып әлгі адам, -қарашы олар қаншама, жағада мың емес, миллионы жатыр. Бір өзің ештеңе өзгерте алмайсың, сенің осы жасап жатқан тірлігіңнің мәні бар ма?

Бала жерден келесі теңіз жұлдызын қолына алып, шамалы ойланып тұрып, былай депті:

-Менің жасаған тірлігімнің мәні мен маңызы өте зор, әсіресе … мына бір теңіз жұлдызы үшін.

Түйін: Халық айтқандай, төбе түйірден, теңіз тамшыдан құралады. Өзгелер үшін жақсы нәрсенің бәрін бірден жасау мүмкіндігін күткен адам ештеңе жасамайды, өйткені ондай мүмкіндік сирек кездеседі.

Оқушылар арасында достық, жолдастық тақырыбында ой бөлісіп, ой түюіне керемет таптырмайтын тәмсіл. Керек десеңіз пайдаланып көріңіз. (Ой-пікіріңізді бөлісе отырайық, кері байланыс күтем)

  • Өкпесіз өмір сүейік

Шəкірті ұстазына айтыпты: - Сіз үнемі көңілді жүресіз. Ешкімге ашуланбайсыз, ренжімейсіз. Менің де сіз сияқты болғым келеді. Көмектесіңізші. Шəкіртінің өтінішіне келісім берген ұстазы картоп пен қалта əкелуін бұйырыпты. - Егер біреуге ашуланып, ызаланып, ренжісең, бір картопты ал да, соған ренжіткен адамның атын жаз. - Сол-ақ па? - дейді шəкірті. - Жоқ, сол қалтаны үнемі өзіңмен бірге алып жүруің керек. Біреуге ренжіген сайын бір картоптан қосып отырасың. Шəкірті келіседі. Біраз уақыт өткен соң қалтасы картопқа толып, өзімен бірге алып жүру қиындайды. Алғаш салған картоптары шіріп, саси бастайды. Шыдамай кеткен шəкірті ұстазына келіп: - Ұстаз, мына қалта ауыр болып кетті. Əрі шірігендерінің сасық иісіне шыдау мүмкін емес. Ашуланбаудың басқа жолын үйретіңізші, - дейді. - Мұны саған не үшін істеттім? Біреуге ренжіген сайын ішкі жан-дүниеңде де осы құбылыс болады. Жүрегің ауырлап, таза ниетің бұзылып, жаман ойларың саси бастайды. Оны сен байқамауың мүмкін. Бірақ, ісің - əдетке, əдетің - мінезге айналады. Біреуге ренжімес бұрын не біреуді ренжітпес бұрын "үнемі өзіңмен бірге артық жүк арқалап жүру" керек пе, керек емес пе, ойлан, - депті ұстазы

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.