Кабиев Ерболат Максотұлы – өз ісінің нағыз маманы, шәкірттерінің сүйіктісі. Ол – ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Ол өз сабақтарында «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша және «БиС» жаңа педагогикалық технологияларын қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын және тамымдық қабілеттерін арттыруда көптеген жұмыс атқарды.
Ерболат Максотұлы 2014 жылы Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің ІІІ (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілік курсын аяқтап, сертификатқа ие болды.
Ерболат Максотұлы өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмысына деген зор қабілетін көрсете білді. Оның оқушысы Максотов Дарын 2013 жылы «Менің өмірімдегі географияның орны» атты облыстық ғылыми жоба байқауының жүлдегері. Аталған оқушы 2012 жылы география пәнінен өткен облыстық олимпиаданың жеңімпазы.
Өз тәжірибесін қалалық, облыстық ақпараттар құралдарында, ғылыми-әдістемелік порталдарында жариялап келеді. Мектептегі іс-шаралардың барлығына да белсенді қатысады. Мұғалімнің ерік жігері күшті дамыған, алдына қойған мақсатына жету үшін бар күшін салады. Эмоциялары: сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Мінезі ашық, салмақты, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Адамдармен тез тіл табыса алады, үлкенді құрметтеп, кішіні сыйлайды. Мектеп ішіндегі әдістемелік конференцияларда, педагогикалық кеңестерде бірнеше рет баяндама жасады. Баспасөз беттерінде мақалалары жарық көрді.
Отбасында төрт баласы бар. Жолдасы Айнұр Сапуанқызы Қадырова - қазақ тілі және әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі.