Инфоурок Сайты учителей Калиева Гульназ Рахметуллаевна Блог Сарапшы жүйелердің қолданылу облыстары
Калиева Гульназ Рахметуллаевна
9 лет назад

Сарапшы жүйелердің қолданылу облыстары

Сарапшы жүйелердің қолданылу облыстары Білімге негізделген жүйенің қолданылуы облысы бірнеше негізгі кластарға топталуы мүмкін: медициналық диагностика, бақылау және басқару, электрлік және механикалық құрылғыларда диагностика, оқу. 1) Медициналық диагностика. Диагностикалық жүйелер – ағзаның қызметінің бұзылуы мен оның себептерінің арасындағы байланысты анықтау үшін қолданылады. Диагностика және бақылау үшін бактериалды инфекцияларда және менингитте науқас жағдайымен көрсетілген. Мысалы: MYCIN – дәрігерге диагноз қоюға және қанның бактериалды қызметін көрсету үшін құрылған сарапшы жүйе. ANGY – қан тамырының тарылуын диагностикалау. CASNET – көз ауруларын емдеуге арналған сарапшы жүйе. 2) Болжау. Болжаушы сарапшы жүйелер объектінің қазіргі күйіне қарап, қолда бар мәліметтерге сүйене отырып, мүмкін болатын оқиғалар мен қорытындылар туралы болжам айтады. Мысалы: WILLARD – ауа-райын алдын-ала болжау. PLANT – болашақтағы өнімнің бағаларын анықтауға сарапшы жүйе. ЕСОN – экономика саласын болжау. 3) Жоспарлау. Жоспарлаушы жүйелер көп санды айнымалылары бар есептерді шешу кезінде нақты мақсатқа жету үшін арналған. Boeing компаниясы әлемдік станцияның жобалануы үшін сонымен қатар тікұшақ қозғауыштарын және ұшақтың жөндеуінің қарсылық себебінің анықтауышы үшін сарапшы жүйені қолданады. DЕС фирмасымен құрылған XCON сарапшы жүйесі компьютерлік жүйенің VAX түрімен кескін үйлесімінің өзгерісі үшін және сатып алушы талаптарымен сәйкестігінде немесе анықтама үшін қызмет етеді. DЕС фирмасы XCON жүйесінде XSEL жүйесінің айырмашылығы, оның интерактивтілігінде болып келеді. Мысалы: XCON (или R1) – ЭВМ VAX – 1/780/ конфигурациясын жоспарлау. 4) Интерпретация. Интерпретациялаушы сарапшы жүйелер бақылаулардың нәтижелері негізінде белгілі бір қорытынды жасай алады. HASP/SIAP жүйесі берілген акустикалық құрылу жүйесі бойынша тынық мұхиттағы орнын анықтайды. Мысалы: АВТАНТЕСТ, МИКРОЛЮШЕР жүйелерінде психодиагностикалық тестілеу нәтижесі бойынша адамның негізгі қасиеттерін анықтау. DENDRAL – химиялық құрылымын тану. Бұл көне жүйе, оны сарапшы жүйе деп айта алмаймыз. Қолданушы DENDRAL жүйесіне қандай да бір зат туралы және спектрометриялық мәліметтері (инфрақызыл, ядролық магниттік резонанс) туралы қандай да бір ақпаратты береді, ал жүйе осы заттың химиялық құрылымын анықтайды. PROSPECTOR — пайдалы кен орындарын іздеуге көмек көрсететін сарапшы жүйе. 5) Бақылау және басқару. Білімге негізделген жүйелер, бақылаудың интеллектуалды жүйесі ретінде қолданылады және бірнеше жақтан келіп түскен мәліметтерді талдау арқылы шешім қабылдай алады. Мұндай жүйелер қазірдің өзінде атомдық электр станциясында жұмыс істейді, әуе кеңістігіндегі қозғалысты басқарады және медициналық бақылау жүргізеді. Мұндай жүйелердің сонымен қатар, кәсіпорынның финанстық іс-әрекетін реттеуде, критикалық жағдайларда шешім қабылдағанда пайдасы зор. 6) Механикалық және электрлік құрылғыларда ақауларды диагностикалау Бұл сферада білімге негізделген жүйелер механикалық және электрлік машиналарды (автомобильдер, дизельді локомотивтер, т.б.) жөндеуде ғана емес, сонымен қатар компьютердің ақпараттық және программалық жабдықтарының ақауларын жөндеуде арналған құрал. Мысалы: CRIB – ЭВМ математикалық қамтамасыз ету және аппараттардың қателерін диагностикалау. 7) Оқыту. Білімге негізделген жүйелер оқытудың компьютерлік жүйесінің құрамдық бөлігі бола алады. Сарапшы жүйелердің қызықты оқытудың бір түрі Д.Ленаттың зерттеуімен қарапайым эвристикаларды қолданатын EURISCO жүйесі болып табылады. УЧИТЕЛЬ ЛИСПА жүйесінде Лисп программалау тіліне үйрету. PROUST – Паскаль программалау тіліне үйрету

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.