Инфоурок Классному руководителю Рабочие программыЖыры қалды жанының ұшқынындай

Жыры қалды жанының ұшқынындай

Скачать материал

                                                                     

Тәрбие  сағаты:

Тақырыбы: «Жыры  қалды жанының  ұшқынындай»

Мақсаты: Қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «Маржан»поэзиясымен тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең - жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

 1-жүргізуші: Армысыздар   ардақты  да  аяулы   ұстаздар мен оқушылар ,қазақ елі орны толмас қазаға ұшырады. Қазақ поэзиясына құбылыс әкелген ақын халық жазушысы Қазақстан  Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері 75-жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап-ақ, бүгінгі қазақ  поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылығына  арнаған аяулымыз мәңгілік  мекеніне сапар шекті.№

                      Мен де бір толғаныс бар,

                   Кейде өзім де түсінбеймін.

                   Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір,

                   Сонау біздің қырдағы тұяқты  тілген.

                   Бәйге алаңы секілді  дүсірлеймін.

2-жүргізуші: Бар сияқты менде де сана шыдам,

                    Жығылғанды  демеуге тағы асығам.

                    Жасайын-ақ десем де бір астамдық,

                    Қорқам  ардың  айбалта жазасынан.

Иә ардың айбалтасынан қорқамын  дейтін халқының сүйікті ақыны Фариза Оңғарсынова еді.Ол қара қылды қақ жарып,әділдікті жақтайтын. Өтірік    айтқан жанға бүйрегі бұрылмайтын. Тағы бір ерке тән қайсар мінезі бар-ды.Жырларында халқының тұрмыс тіршілігі моншақтай тізіліп,  оқырман     жүрегіне бірден жол тартатын,-дей келекелесі кезекті Фариза апамызды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін тыңдайық.Олай болса, Фариза Оңғарсынованың рухына бас иіп, құрметтеп 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

1-жүргізуші: Бүгінгі Фариза Оңғарсыноваға арналған «Жыры қалды жанының ұшқынындай»атты ашық тәрбие сағатымыздың жоспарымен таныстырып кетейін.

1.      «Елігі еркін даланың» (ақын өмірбаяны туралы)

2.      «Поэзия падишасы» (ақын өлеңдері туралы) (ақын құрдастары)

3.      Ақын құрдастары сыр шертеді.

4.      «Фариза» деп жырлайды жүрегіміз. (ақынға арнау)

2-жүргізуші: Фариза 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. Фаризаның жырларынан  жайықтың суындай таза, жағаның соққан адуындай көңіл күйі сезіледі.                            Сөзің семсер, ойың орда бұзады,

                                          Өзің едің өлең-жырдың қыраны.

                                         Кітабыңда көрген сәтте сөреден,

                                         Желкілдеді көңілімнің құрағы.

                                         Көк парағыңның  сиясы әлі кетпеген.

                                         Оқымақ боп қолыма алдым еппенен.

                                          Оқығанда атойлаған жырыңды,

                                         Жүзім жылып, болып кетті от денем.,-дей келе  тәрбие сағатымыздың бірінші бөлімі «Елігі еркін даланың» деп аталады.Бұл бөлімде ақын өмірбаяны туралы сыр шертеміз.

Нұргүл

Нұрлан

Тойған

Бекжан

Ән. «Фаризажан»

Орындайтын: Юсупова  Назгүл

1-жүргізуші: Әркімнің туған жері,туған өлкесі бар. Туған жерге, туған елге деген махаббат әр адамның жүрегінен орын алады. Оған ақындар өлең жазса, сазгерлер ән арнаған. Сол сияқты Фаризада өзінің туған жерге деген ыстық ықыласын өз өлеңдері арқылы бере білді.

                                      Ауыл десе жайлайды жанымды үміт,

                                     Сонда ғана атардай таңым күліп.

                                     Жасыл шардың бетінде жалғыз ноқат,

                                      Мені мәңгі тартатын сағындырып-деп туған ауылына деген махаббатын білдіреді.

2-жүргізуші: Фариза өлеңдері оқырмандардың жан азығына айналған қымбат дүние. Ол –мұғалім үшін тәрбие құралы.Көркемсөз майданында ақынға, жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық сияқты адамгершілік –азаматтық қасиеттердің асқар биігінен көрінген ақын.Фариза жырлары кейінгі ұрпақты ерлікке, нәзіктікке,ананы, әкені, туған жерін сүюге бастап апаратын ақ жол іспетті.Олай болса, екінші бөліміміз «Поэзия падишасы» деп аталады, ақын өлеңдеріне кезек береміз.

Елдос

Назгүл

Қуаныш

Ақбота

Мирас 

1-жүргізуші: Фариза Оңғарсынова есімін естігенде жыр сүйер қауымның бір елеңдемей қалғаны болған емес. Поэзияға келумен оның көркемдік әлемінен ойып алудың арасы жер мен көктей, мұның біріншісі-бірталай қаламгерлердің еншісі болғанмен, ал екіншісі-сирек те болса шынайы таланттардың заңды ырыс-несібесі, ақындық тағдыры,Фариза ақынның мына бір жырына көз жіберсек.

                                     Жыр менің жалғыз тарланым,

                                     Аялап өтер ардағым.

                                     Талықсып атар таңдарым,

                                      Айымдай жалқы арман үн ,-дейді.

2-жүргізуші: Ақын орны қаламы қандай биікке көтеріп шығарса,сол жерде ондай орын әсіресе биікте көп ,-деп Ғабит Мүсірепов айтқандай, әрдайым біздің ақын апамыз Фаризаның қаламы мұқалмай ,әлі де сан-салалы тың тақырыптағы еңбектерімен оқырман жүрегіне жол таба берсін дейміз. Олай болса, Фариза туралы ақын-жазушыларымыз не дейді екен.

Есбол

Асия

Мұхаммеджан

Жангелді

Ән:

Орындайтын:

1-жүргізуші: Фаризаның атақты «Өлең» атты өлеңінен ақынның әлденеден мұңайған кезінде,біреудің пысықтығынан жүрегі мұздаған кезде, кешегі досының бүгін жерігенін көргенде,Фаризаның досы,мұңдасы, сырласы, атар оғы, берер дәрі-дауасыпоэзиясы болғанын көреміз.Бұл мына өлең жолдарынан анық көрініс тапқан.

                                         Дала күндерімнің,

                                         Нала түндерімнің.

                                         Серігі болғаның үшін,

                                         Сенімі болғаның үшін,

                                         Мен сені аялаймын.

                                         Көңілді жайлы күнімді.

                                         Азапты,қайғы-мұңымды,

                                         Өзіңмен бөліскенің үшін.

                                         Қапам мен жеңістерім үшін,

                                         Менің мынау қиындау тағдырым болып.

                                          О,баста көріскенің үшін,

                                          Өлең, мен сені аялап өтем.

2-жүргізуші:Ақынның беріліп, шабытпен кең жырлаған тақырыбы –махаббат, сүйіспешілік.

Ақын жырлары алғашқы сезімді, құмартуды,адамның басындағы кейбір сәтсіз сезімдер біреуі адал, екіншісі опасыз сияқты құлап-жығылу сәттерін бейнелейді.Ақынның махаббат лирикасы  шипа ем, жанына дауа болары анық.Ақын сезім жайлы мына өлеңінде.

                                Табынған боп, сүйген боп көндігер ем,

                                  Көнер емес жүрегім, сорлы денем.

                                  Сыйлағаннан махаббат  тумайды екен,

                                 Сирек келер сезім ғой ол бір ерен,-деп жырласа  тыңдаушының  сезімін баурап, аққу арманның үніндей, сағыныштың сазындай естілетін махаббат жайлы әсем де әсерлі өлеңдер, сезім айдынындағы ғашықтардың назды сырына айналды.

1-жүргізуші:Фариза Оңғарсынова –биік сезімнің ақыны. Оның көңіл-күйі ырқына тез берілетіні , жаны тез жараланатыны да осыдан.Бүгінгі адам жанына ,сезіміне оқыс әсер ететін жағдайлардың көптігі өлгендердің ғана жанын ауыртпайды.Фариза көңілін жайлаған адалдық,әсемдік, жақсылықты ғана мұрат тұтқан арман-тілек күнделікті өмір қайшылықтарымен үйлесімге келмейді де, ақын  сезіміне кері әсер етеді.

2-жүргізуші: Фариза апамыздың өлеңдері әр тыңдаушының жүрегіне терең  ой салып шабыттандырады. Қаншама жанды қара өлеңмен жұбатып, халықтың сүйіспеншілігіне  бөленіп жүрген сондай қайталанбас тұлға, поэзия падишасы ақын Фариза Оңғарсынова жаны да ,ары да  таза ерлерге лайық  биіктерде ғана көрінген ақын,қашанда сол биігінен көріне берсін дейміз.Келесі  Фариза деп жырлайды жүрегіміз ,-деп аталады. Бұл бөлімде Фаризаға арнау өлеңдерімізді оқимыз.

Сымбат

Ермұханбеткәрім

Айғаным

Көшкінбай

Ән:

Орындайтын:

1-жүргізуші: Жалпы,Фариза ақынның жырға қоспаған тақырыбы,өмір туралы толғақты ойларының ұшы-қиыры жоқ деп айтуымыз керек. Соның ішінде сөз соңына қарай болса да, өсиет сөздерін өлеңдеріне өзек еткені жөнінде бірер сөз айтпай қалу айып болар еді. Бұлар жеке-жеке талдауға лайық көркем туындылар.
2-жүргізуші: Қорыта айтқанда ,Фариза ақынның адам жанын баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді.Құрметті ұстаздар. Осындай жан дүниемізді байытатын, қиналғанда рухани байлығымызды кеңейтетін поэзияның падишасы болып,халықтың сүйікті ақыны болып жүрген, өмірін өлең деп ұққан, қазақ жырында өзіндік ақындық әлемімен аты шыққан Қазақстанның халық ақыны Фариза апамызға арналған кешімізде өз мәресіне жетті.Келесі сөз кезегін 63сынып жетекшіміз Қалжан апайға береміз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жыры қалды жанының ұшқынындай"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тәрбие сағаты:

Тақырыбы: «Жыры қалды жанының ұшқынындай»

Мақсаты: Қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «Маржан»поэзиясымен тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең - жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.

1-жүргізуші: Армысыздар ардақты да аяулы ұстаздар мен оқушылар ,қазақ елі орны толмас қазаға ұшырады. Қазақ поэзиясына құбылыс әкелген ақын халық жазушысы Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті қоғам қайраткері 75-жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Поэзияға қанат қағып алғаш қосылған кезден бастап-ақ, бүгінгі қазақ поэзиясының падишасына айналып, бүкіл өмірін шығармашылығына арнаған аяулымыз мәңгілік мекеніне сапар шекті.№

Мен де бір толғаныс бар,

Кейде өзім де түсінбеймін.

Дауыл күнгі дарияның күшіндей бір,

Сонау біздің қырдағы тұяқты тілген.

Бәйге алаңы секілді дүсірлеймін.

2-жүргізуші: Бар сияқты менде де сана шыдам,

Жығылғанды демеуге тағы асығам.

Жасайын-ақ десем де бір астамдық,

Қорқам ардың айбалта жазасынан.

Иә ардың айбалтасынан қорқамын дейтін халқының сүйікті ақыны Фариза Оңғарсынова еді.Ол қара қылды қақ жарып,әділдікті жақтайтын. Өтірік айтқан жанға бүйрегі бұрылмайтын. Тағы бір ерке тән қайсар мінезі бар-ды.Жырларында халқының тұрмыс тіршілігі моншақтай тізіліп, оқырман жүрегіне бірден жол тартатын,-дей келекелесі кезекті Фариза апамызды ақтық сапарға шығарып салу рәсімін тыңдайық.Олай болса, Фариза Оңғарсынованың рухына бас иіп, құрметтеп 1 минут үнсіздік жариялаймыз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 032 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 241
    • DOCX 19 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Гульназ Рахметуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 18140
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 215 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Курс повышения квалификации

Работа классного руководителя по организации взаимодействия семьи и школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 403 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 549 человек

Мини-курс

ФАОП: индивидуализированное образование и коррекционная работа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе