Широглазова Ольга – шәкірт жүрегіне із қалдыра білген, өз ісінің шебері, тынымсыз еңбегінің арқасында ұжым мақтанышына айналған ұстаздардың бірі. Ұстаз сабағын қызықты өткізіп қана қоймай, шәкіртінің жүрегіне жол тауып, шығармашыл тұлға қалыптастыра білген, педагогикалық техниканың қыр-сырын жете меңгерген, үнемі ізденіс үстінде жүретін білікті де жаңашыл маман. Ұстаздың педагогикалық қызметіне шығармашылық ізденіс пен өзіндік әдістемелік тән. Карлгаш Газизулловна орыс тілі пәні негізінде оқушының өмір талабына сай білімді, ой- санасының терең болуын, жеке шығармашылық тұлға қалаптастыруды басты мақсат етіп ұстанады.
Ұстаз тәжірибе алмасу семинарларында «Применение ИКТ на уроках русского языка и литературы» атты баяндамасы, «Имя числительное» (8- сынып, Шипов ОМ) ашық сабағы мен «Сложноподчиненные предложения с придаточными обстоятельственными» (9-сынып, Семиглавый ОМ) тақырыбындағы панорамалық сабақтары жоғары деңгейде өтіп, әріптестерінің көңілінен шыға білді.
Мектепттегі ӘБ отырыстары мен педагогикалық кеңесте «Об эффективных методах и приемах работы над повышением качества знаний учащихся в системе подготовки к ЕНТ по русскому языку», «Развитие критического мышления на уроках», «Қыз тәрбиесі» атты тақырыптарда баяндамалар оқыды. Сонымен қатар оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеру мақсатында «Сыни тұрғыдан ойлау» курсында оқып, іс- тәжірибесінде кеңінен қолдануда.
Карлгаш Газизулловна оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық әдістерді кеңінен қолданып, қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) толық игерген.
Ұстаз жүйелі түрде мұғалімдердің аймақтық, аудандық және облыстық тәжірибе алмасу мақсатындағы жас мамандарға арналған «Оқытудағы Кембридж тәсілінің мазмұны» семинарында жаңа формат үлгісі бойынша «Фонетика» (қорытынды сабақ) ашық сабағын берді, «Групповая работа как средство активизации обучения учащихся на уроках» тақырыбындағы аймақтық семинарында «Применение групповой работы, внедрение семи модулей на уроках русского языка» атты баяндама оқып, «Білім беру жүйесіндегі жоғары сапа және көшбасшылық» тақырыбында аудандық конференцияға (куәлік 2013); «Сыныпта диалогтік оқытудың маңызы» тақырыбында өткен облыстық семинарына (куәлік, 2014); Республикалық мұғалімдердің қашықтық олимпиадасына (сертификат, №515124, Астана, 2014) қатысты.
Білікті ұстаз өз білімін жетілдіру мақсатында ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей (сертификат ІІІ № 0004844) бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсынан өтті.
Карлгаш Газизулловна 2015 жылы «Сәулет» МЛ және Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ базасында өткен үш деңгейлік біліктілік арттыру курсының ІІІ деңгейі (базалық) бойынша сертификатталған мұғалімдердің «45 минут: 7 модуль» атты ашық сабақтар байқауына қатысып, «Патриоттық рухты ұстаз» аталымына ие болды..
«Бұлақ көрсең, көзін аш» демекші, Карлгаш Газизулловна өзі білім беретін дарынды шәкірттерінің өзін-өзі басқаруына, ғылыми жұмыспен айнылысуына бағыт-бағдар беріп жетекшілік етуде. Мысалы: аудандық пән олимпиадасында Баймағамбетова М. жүлделі ІІІ орын (2010), Абилова З. аудандық Пушкин оқуларында ынталандыру сыйлығына (2010), 9-сынып оқушысы Избанова А. - Республикалық пәнаралық олимпиадада аудандық кезеңінде жүлделі І орын (2012), 3-сынып оқушысы Избанова Г. - «Бірлігіміз жарасқан халықпыз!» атты аудандық шығармалар байқауында І орын (Тасқала 2012), 8-сынып оқушысы Бисембеева А. – аудандық пән олимпиадасында жүлделі ІІІ орын (2013), 8-сынып оқушысы Сатыбалдиева Алтынай «Олжас Сулейменов- Человек века» тақырыбымен аудандық ғылыми жобалар байқауында қатысып жүлделі ІІІ орын (2014) иеленді.
Ұстаз еңбегі шәкірт білімімен өлшенеді» демекші, орыс тілі пәнінен 2012 жылғы ҰБТ көрсеткіші аудан бойынша – 21,2 (ІІ); 2014 жылы -18 (ІV) орындардан көрінді.
Ұстаздың 5-сыныптағы «Фонетика» сабағы «Орыс тілі Қазақстан мектебінде» атты Республикалық әдістемелік журналының алдағы сандарында (2015ж.) жарық көрсе, бастауыш сынып оқушыларына арналған «Орыс тілінен тесттер» жинақ кітапшасы аудан мектептері арасында іс-тәжірибе таратуға ұсынылса, «Мои коллеги» атты мақаласы аудандық «Екпін» газетіне жіберілді.
Үздіксіз еңбегі елеусіз қалмай, қажырлық пен еңбексүйгіштік сынды ұстазға тән асыл қасиеттерді бойына сіңіре білгені үшін Карлгаш Газизулловна «Мамандыққа адалдық» номинациясы бойынша аудандық білім бөлімінінің Алғыс хатымен (2010), Құрмет грамотасымен (2012) марапатталды.
Қарапайым, мейірімді әрі білікті ұстаз – ұжым арасында, ата-аналар алдында зор беделге ие.