Мақсаты: технология сабағында инновациялық технологияларды енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу.
Міндеттері:
1.Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы олардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
2.Мектепте өтіліп жатқан сыныптан тыс іс-шаралар, технология пәнімен қатар өзге сабақтарда да инновациялық педагогиканың қолданылу дәрежесін бақылай жүріп, ұсыныстар жасау.
3.Оқушылардың ептілік,шеберлік қабілеттерін шыңдау.
ХХ ғасыр – ғылым мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы-білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.XXI ғасырда ақпараттанған қоғам үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр:компьютерлік техниканы, интернет,компьютерлік желі,электрондық және теле коммуникациялық құралдарды,электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру.Ақпараттық технологияны негізгі пәндерде беруде қолданумен бірге технология пәнінде де сабақ барысында қолдана білу тиімді тәсілдердің бірі.Бағдарламаға сай тақырыптық бөлімдерде істелетін жұмыстардың технологиясын презентация жасау арқылы беру,технология пәнінде оқушылардың жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын арттырып,сабаққа деген белсенділік қабілеттерін дамытады.