Инфоурок Сайты учителей Лекерова Асылгул Асылхановна
Был(-а) онлайн: 2024-02-09 22:06
19.103

Лекерова Асылгул Асылхановна

  • учительница
  • Казахстан
  • 24.08.1990

Категории по интересам:

Мен Лекерова Асылгул Асылхановна 1990 жылы 24 тамызда дүниеге келдім. Мақсатым өмірден, білім атты өнерден өз орнын табу. Ұстанымым: Білгенім тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз. Мағжан ақын атында ме...
Статьи пользователя

Елбасыға мың алғыс!

Елбасыға мың алғыс!

Қуанышты бөлістіңіз рахмет,

Қаламгер қыз жыр арнады жақын деп.

Ұлы тойлар үйіңізде көп болсын,

Тілегіме жаратқаным рахым ет...

Ашық болсын аспаныңыз әрдайым,

Байлық баққа болы болсын жағдайың.

Ұрпағыңыз абыройды көтерсін,

Тек өмірдің татыңыз тәтті, балдайын.

Сіз секілді бастық болса сенімді,

Бұлт баспасын мөлдіреген көңілді.

Сіз бар кезде бізге бейқам тыныштық,

Сіз отырған жерде бізге көңілді.

Халық болып құттықтаймыз бүгін біз,

Құтты болсын төл мереке күніңіз.

...

Қазақ тілі

Қазақ тілі

Тілсіз адам өмір сүрмес баласы,

Тілменен жетілер сөздің данасы,

Ата – баба тарих қылып ұрпаққа,

Сөйлей білсең, шешілер істің ақ пен қарасы.

Бір сөзбенен жауды тиып тастағам,

Бір сөзбенен халқымды айтып мақтанам.

Тіл мен дінді құрметтесек ағайын,

Ұрпағыңа мәз болар сенің ата – анаң.

Авторы: Асылгул Асылханқызы

Тәуелсіз ел – Қазақстан

Тәуелсіз ел – Қазақстан

1. 25 жыл егеменді ел болды,

Бүгінде міне төрт құбыласы тең болды.

«Доспын» деген қол ұсынған елдерге,

Қазақ елім мейірімге кең болды.

2. Екі мүшел артқа тастап еліміз,

Өркендеуде шар тарапты жеріміз.

Қала, ауыл дами берсін көркейіп,

Бұлт баспасын, ашық аспан көгіміз.

3. Қасиетті қазақ тілім айбыным,

Шарықтасын көк жиекке айдының.

Біздің тілге шет елдіктер бас иіп,

Мәртебелі тілмен атсын әр күнім.

4. Тарихтың қиыр-қиыр жолы да көп,

Ұлт көшінен көрінеді қып-қызыл шоқ

...