Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
4 дня назад

Махамбетова Дина Бахаубеденована

учитель информатики

Казахстан средняя школа №25 имени Г.Титова

Материалов: 5 Просмотров: 1054 Комментарии автора: 0 Комментарии автору: 0


Категории по интересам: Информатика
Инфоурок / Сайты учителей / Махамбетова Дина Бахаубеденована

Бұрын математикадан есеп шығара білсе, негізгі мәселе шешілді деп ойлайтынбыз. Барлық тақырыптарға барып нәтиже көрсете алмағанда, ол пікірдің қате екеніне, есеп шығару – ол математикалық іс - әрекеттің басы ғана екенін түсіндім. Сабақ барысында бірлесіп жұмыс жасау, өзі білгісі келетін мәселеге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу бүгінгі оқушылардың дағдысына айналуда. Қай сыныпта болсын геометрия пәніне деген салғырттық, қызығушылықтары төмен екендігін байқайтынмын. Сондықтан, мен өзімнің алдыма мынадай мақсат қойдым: оқушылар қалай болғанда да тақырыптарды, теоремаларды өздері талдап, дәлелдей білуі керек, ал мен сол үшін орта құруым керек, әрине, бірінші сабақтың сұрақтары мен нұсқаулары арқылы мен проблеманы анықтаймын. Сонда ғана олар өздеріндегі белгісіз қорқыныштан, сенімсіздіктен арылып, жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндіктер алады деп ойладым. Оқушылар мен күткен ойдан шығып келеді. Себебі, сабақ барысында білгісі келу қажеттілігі туды, өз бетімен үйрену сенімділігі артты, топтарда белгілі математикалық орта пайда болды. Оқушыларға өмірге қажетті есептеулер, нағыз заттарды ұстап көріп, оларды өлшеу, бағалау, сұрыптау бағытындағы есептермен жұмыс жасау керек. Сонда ғана оқушыда ой талқысына салу, елестету әдеті қалыптасады, нәтижесінде енжар оқушыдан ізденушілер және мәнді іс - әрекет жасайтын қоғам мүшесін дайындауға болады. Сонымен қатар, оқушылардың қиялдары ұшан - теңіз екенін байқадым. Менің түйгенім, біріншіден, жаңа бағдарламамен өтілген әр сабақ, оқушы жүрегінен жол тапты деп ойлаймын. Екіншіден, «Жақсы оқитын баланы мадақтама, мақтама өр көкірек болады, нашар оқитын баланың еңсесін түсірме» деп Мағжан Жұмабаев айтқандай әр оқушының жүрегінен жол таба білу керек. Оқушылардың математикаға деген қызығушылығын оятуда сабақтағы оқушы жұмыстарының әдістемелік деңгейде ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие болады. Оқытудың осындай идеяларын ұстанған сабақтарда оқушылар өз ойын еркін айтатын болғандықтан, әр түрлі пікірлер пайда болады. Олардың қандай да болмасын – мүмкін, қате немесе толымсыз – ойларын шыдамдылықпен тыңдап, оқушыларды сенімділікке бастауды өзімнің басты міндеттерімнің бірі деп есептеймін. Осы күнге дейін өзімнің және оқушыларымның бойындағы өзгерістер: 1. Сабақты жаңашыл түрде жоспарлауым; 2. Оқушыларымның жаңашыл болуы; 3. Балалар ретімен кезектесіп сөйлейді, бірлесе дамиды; 4. Баға үшін емес, ой даму үшін оқи бастайды, бірақ әлі толық өзгеріске енген жоқпыз, себебі жаңашыл бағалауды да енді үйреніп келемін; 5. Сабақ барысында жаңа әдіс - тәсілдерді өз жанымнан қосуға мүмкіндік аламын; 6. Өз сабағыма өзім баға беремін және кемшілігімді түзеймін, жаңа жол іздеп, жаңаша талқылауды да үйреніп келемін. 7. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам сұрақтар қоя біледі: - Мен не білемін? - Мен жаңаша нені білдім? - Менің білімім қалай өзгерді? - Мен осы біліммен не істей аламын? Әр оқушымның білімге деген құштарлығы мен ынтасын арттыруға көмектесу – осы Бағдарлама аясында алып отырған кәсіби білімімді шыңдап жетілдіру барысындағы жеті модульді әр сабағымда ықпалдастыра өткізіп, әр оқушымның жеке даму траекториясына шығу мен үшін жаңа парадигмаға сәйкес ізденісті қажетсінетін, үнемі үздіксіз даму үстіндегі жаңашыл ұстаз ретіндегі түйінді әрі ең маңызды аспект болып табылатынын ерекше атап өткім келеді. Қорыта айтатын болсам, осы жоғарыда айтылғандардың негізінде сабақты жаңа технология әдістерін қолдану арқылы жүргізу - оқушының өзін - өзі дамытуына, өз біліміндегі олқылықтарды өзі тауып, өз сұрағына өзі жауап іздеп жан – жақты білім алуына көмектеседі

  • 5 материалов

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх