Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: Таным
Бөлімдері: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Тақырыбы: «+», «-» таңбалары.
Мақсаты:
а)Білімділігі: Балаларды математикалық есептермен таныстыру. 5 көлемінде қосу және азайтуға берілген есептерді шығару. Өз бетінше есептер құрастыра білуге үйрету. Сандар мен цифрлар туралы білімдерін жетілдіру. Логикалық есептерді шығару дағдыларын дамыту. Ертегілер элементтерін пайдалану арқылы балалардың танымдық жан қуаттарының оянуына ықпал ету, білім деңгейін жетілдіру жүйелі жүргізілетін жұмыстардың нәтижесінде қалыптастыру.
ә) Дамытушылығы:Ертегілерді пайдаланып, балалардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, ақыл-ой, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту .
б) Тәрбиелігі: Балаларды қайрымдылыққа, мейрімділікке, әрқашан көмектерін аямауға сыпайы болуға өз-өзін ұстай білуге ұжыммен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Әдіс- тәсәлдері: Ой қозғау, ғажайып сәт, түіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
сұрақ-жауап,әңгіме.
Пән аралық байланыс: Ертегілер елінде, музыка, жапсыру,сурет.
Көрнекілігі: Слайд, ертегі кейіпкерлері, оқу -құралдар.
Қостілдік компонент:Қызыл телпек-красная шапчка.
Қосу-плюс
Азайту-минус
Қоян-заяц
Тиін-белка