Мурзабулатова Айғанша Нұрғалиқызы – «Қазақ тілі сабақтарында грамматиканы оқыту және жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану» әдістемелік тақырыппен жұмыстанады. Сабақтарын жаңа әдістемелік деңгейде өткізеді.
Оның сабақтары әртүлілігімен ерекшеленеді, сабағын ұғынықты түрде түсіндіреді. Сабақ мақсатына жету үшін оқушыларға қолайлы жағдай жасайды. Алға қойған мақсатын педагогикалық тиімділіктермен ұштастырып, сабақтарында кестелер, кластерлер, топшамалар, перфокарталар, тірек-сызбалар сияқты оқу көрнекілік құралдарын пайдаланады. Оқушылардың сөздік қорын молайтып, грамматикалық сауатын ашу мақсатында өз беттерімен орындауға, логикалық ойлау қабілеттерін тереңдетіп, шығармашылықпен жұмыстануға бейімдейді. Оқу материалдарын дұрыс қабылдап, мәтіннің негізгі ойын бөліп алуы, мазмұнының терең айтылуы, өз ойын, пікірін айтуға, оқиғаға қорытынды жасау, не болмаса жалғастыруға, сауатты, мәнерлеп оқуға баулу оның жиі жүргізіп отыратын жұмысы.
Жыл сайын ашық сабақтар беретін Айғанша Нұрғалиқызының өткізген ашық сабақтары қызықты да тартымды болып өтеді. Атап айтсақ, 3бсыныбында өткізілген «Интеллектуалдық марафон», 7-сыныпта «Аңшылық. Етістіктің болымсыз түрі»,
3бсыныбында ««Адам». «Уақыт». Менің үйім. «Отбасы». «Қыс»», 9-сыныпта «Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. Нүкте, сұрау белгісі», 3-сыныпта «Мен – Тәуелсіз Қазақстанның азаматымын». Сабақтан тыс шаралар: «Жыл басы - Наурыз» 1-9 сыныптар арасында, «Қазақ еліне саяхат» 5-сыныпта, 5-7 сыныптар арасында Тілдер күні мерекесіне арналған «Біздің мерекелеріміз бен салт-дәстүрлеріміз».
Айғанша Нұрғалиқызы аудандық семинарда 3бсыныбында «Интеллектуалдық марафон» атты ашық сабақ берді. Мұғалімнің сабақ өткізу барысы, өзін-өзі ұстауы, оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы. Оқушылар сабаққа белсенді қатысады. Айғанша Нұрғалиқызының сабағының сәтті өтуі мұғалімнің әдістемелік шеберлігі, оқушыларының үздік білімдері, интерактивті тақтаны пайдалануы және басқа да көрнекі құралдарды қолдануы болып табылады. Мұғалімнің сабағының негізінде оқушылармен қатынасы және оқушылардың өзара қарым-қатынастары, оқушылардың мұғалімді тыңдай білуі, оқушылардың сұрақ-жауаптары мен әңгімелесу мазмұнына көңілдерін аударта білу, айтқандарын толықтыру, талдауын айтып жеткізе білдіруде жатыр. Осылардың барлығы мұғалімнің мақсатқа жету үшін үлкен белсенді үздіксіз ізденісін көрсетеді. Айғанша Нұрғалиқызы сабағында қызығушылық тудырып, алған білімдерін өмірде ұштастыруға үлкен көмегін тигізеді.
Айғанша Нұрғалиқызы үнемі өзінің ғылыми-әдістемелік деңгейінде жұмыстанып, тәжірибе алмасу мақсатымен ӘБ отырыстарында, аудандық семинарларда өзінің баяндамаларын оқыды. 2007-2008 оқу жылында «Адамгершілік нормалары мен халқымыздың салт-дәстүрі орыс мектептерінде білім алушы оқушылардың даму сапасын көтерудің басты факторы» тақырыбымен тамыз маслихатына қатысты. 2010 жылдың тамыз айында өткізілген аудандық конференцияға «ҰБТ-ға дайындалуды тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама дайындап сертификат иеленді. 11.03.2011 ж. «Жаңа технологияны пайдалануды негізге ала отырып тұлғалық – бағдарлы оқыту» тақырыбында өткен аудандық семинарда шығармашылық есебі ретінде іс-тәжірибесінен жинақталған «Орыс тілді сыныптардағы қазақ тілі пәні бойынша Мурзабулатова Айғанша Нұрғалиқызының іс-тәжірибесінен» және «Тест жинағы» кітапшаларын ұсынды.
Қазақ тілі пәні бойынша білім сапасы: 2008-2009 оқу жылы - 61%, 2009-2010 оқу жылы - 58%,
2010-2011 оқу жылы (І жж) - 62%.
ҰБТ-ның көрсеткіштері: 2007-2008 жж. білім сапасы- 82%, орташа балл-15,5 (барлығы 15 оқушы: «5» - 3, «4» - 8); 2008-2009 жж. білім сапасы- 100%, орташа балл-17,3 (барлығы 9 оқушы: «5» - 5, «4» - 4); 2009-2010жж. білім сапасы- 80%, орташа балл-15,6 (барлығы 15 оқушы: «5» - 5, «4» - 7);
МАБ көрсеткіштері: барлығы – 15 оқушы, орташа балл – 27,4, соның ішінде Орынгалиева А,
Мендыгазиева Т, Байгиреева С, Жильгильдиев М жоғарғы 30 баллдан жинады.
Айғанша Нұрғалиқызының оқушылары жыл сайын интеллектуалдық марафондарға қатысады. 2007 жылы республикалық интеллектуалдық «Ақбота» марафонына қатысып, қазақ тілі пәнінен Сергеева О – 20 балл, Акжеисова А.-24 балл, Жангалиев К.-25 балл;
Айғанша Нұрғалиқызы тамаша ұйымдастырушы және сынып жетекшісі. 2006 жылдың қорытындысы бойынша мектептің «Ең үздік сынып жетекшісі» болды. Сол жылы Зеленов аудандық білім бөлімі атынан «Ең үздік сынып жетекшісі» сайысына белсене қатысқаны үшін Мақтау Грамотасы марапатталды. Ол балалар театрын ұйымдастырып, «Балбұлақ» аудандық байқауынан 2008 жылы ІІ орынғы ие болды. 2010 жылы аталмыш байқаудан І орынға ие болып, облыстық «Балбұлақ» байқауына жолдама алып, Алғыс хатпен марапатталды. Айғанша Нұрғалиқызының оқушылары Гебель Юлия 2008 жылы аудандық «Полиглот» байқауына қатысқаны үшін Мадақтамаға ие болса, 2010 жылы «Мемлекеттік тіл-менің тілім» атты аудандық байқауға белсене қатысқаны үшін Зеленов аудандық білім бөлімі атынан Мадақтамамен марапатталды.
Айғанша Нұрғалиқызының бастамасымен өте қызықты да маңызды, тәрбиелік мәні зор, ұлттық салт-дәстүрді, халықтар достығын дәріптейтін мынадай мектепішілік шаралар «Біздің мерекелеріміз бен салт-дәстүрлеріміз» (22.09.2010), Наурыз мерекесіне байланысты «Біз – достық бірлігімізбен күштіміз» (19.03.2011) атты ұйымдастырып, оның жетекшілігіндегі
5б сыныбы І орынды жеңіп алды.
Айғанша Нұрғалиқызы әріптестері мен ата-аналар арасында беделге ие. Өзіне және айналасындағыларға талап қоя білетін, қайырымды да өнерлі ұстаз.