Найзабекова Гульфайруз Абдималиккызы 1974 жылы 19 қыркүйекте дүниеге келген,білімі жоғары,1993 жылы Түркістан педагогикалық училищесін бітіріп,бастауыш сынып мұғалімі мамандығы алып шыққан.Шымкент Университетін 2005 жылы аяқтап,бастауыш сынып мұғалімі мамандығын алған.1993 жылдан бастап №122 Ақжар жалпы орта мектебінде үздіксіз бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеп келеді. 2014 ж.Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның бірінші (ілгері) деңгейін оқып,сертификатын алды. Еңбек өтілі -22 жыл.
Найзабекова Гульфайруз Абдималиккызы осы уақыт ішінде өзін беделді,шығармашылық ізденісте жүретін тәжірибелі ұстаз ретінде танытып келеді.Уақыт талабына сай жұмыс істейтін жаңашыл ұстаз.Мектептегі қоғамдық жұмыстарға қатысып,оларды ұйымдастыруға белсене қатысады.Оқушыларға сапалы білім,саналы тәрбие беруде еңбегі бар.Әрбір сабағын сас қызығушылықпен шығармашылық тұрғыдан жоспарлап жүйелі түрде өтеді. Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның 7 модульін сабақтарында тиімді пайдалана біледі.
Ол өз білімін үнемі жетілдіріп отыратын,көп ізденетін,өз мамандығын сүйетін,оқушылармен жақсы жұмыс істей алатын,ұқыпты ұстаз.Атқарған еңбектерінің жетістіктері үшін бірнеше рет марапатталған.Жаңа ғасырдың нағыз саналы да,білімді,білікті ұстазы.
Найзабекова Гульфайруз Абдималиккызы 1974 жылы 19 қыркүйекте дүниеге келген,білімі жоғары,1993 жылы Түркістан педагогикалық училищесін бітіріп,бастауыш сынып мұғалімі мамандығы алып ш...