Гүлнар Өкенқызы-теориялық білімін өзінің іс-тәжірибесімен шебер ұштастыра алған педагог. Көп жылғы еңбегін жас ұрпақтың болашағына арнаған ұстаз әлі де шығармашылық ізденісте. Білім көзі –бастауышта екенін ескерген мұғалім, жас бүлдіршіндерге білім беруге көп көңіл бөледі. Шығармашылығы шыңдалған ол бүгінгі күнгі оқытудың жаңашылдығына айырықша көңіл аударады. Оқытудағы жаңашылдық әдіс-тәсілдерді өз сабағында кеңінен қолданады. Мұғалім сабақтары мазмұндылығымен, оқушылардың өздіктерінен жұмыс жасауын шебер ұйымдастыруымен, жоғары деңгейде жоспарлануымен ерекшеленеді.
Мұғалімнің білімдену тақырыбы: «Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін дамытуда жаңа технологиялардың тиімділігі». Осы тақырып бойынша ол өзінің ізденіс жұмыстарын жүргізді. Бүгінгі күндегі жаңашылдықты зерттеп, шығармашылдық ізденістегі мұғалім жаңа технологияларды меңгеріп өз іс-тәжірибесіне кіргізіп отыр. Қазіргі кезде оқушылардың өздігінен тақырыпты меңгеруге жағдай жасау үшін түрлі әдіс-тәсілді қолданады. ІІІ деңгейлі (негізгі) бағдарлама бойынша курстан өткен педагог өзінің оқып-үйренгенін өз тәжірибесінде кеңінен қолданады. Мұндағы жұптық, топтық жұмыстарды ұйымдастыру, жеті модульді қолданудың маңыздылығын, тиімділігін танып оқытуда пайдалануда.
Гүлнар Өкенқызы-теориялық білімін өзінің іс-тәжірибесімен шебер ұштастыра алған педагог. Көп жылғы еңбегін жас ұрпақтың болашағына арнаған ұстаз әлі де шығармашылық ізденісте. Білім көзі –бастауышт...