Сабақтың рефлексивтік есебі
Ақтөбе қаласындағы №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің технология пәні мұғалімі Рыспағанбет Сымбат Терекқызының «Шығармашылық жоба.Дайындық саты.Жеңі тұтас пішілген көйлек » тақырыбына өткізген сабағы «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік, ол – жаңадан табылатын өнер» Ж.Аймауытов Қазіргі таңда оқыту үдерісінде білім берудің сапасын жақсарту мақсатында жаңа әдіс-тәсілдер жиі енгізіліп, қолданылуда.Бұрынғы оқыту мен оқу үдерісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазіргі білім беру үдерісінде оқушы белсенділік танытуға тиіс,бұл жағдайда мұғалім көбіне бағыт-бағдар беруші рөлін атқарып отырады. Мектептегі тәжірибе кезеңінде күнтізбелік жоспар бойынша тізбектелген сабақтар топтамасын Бағдарламаның идеяларын пайдалана отырып, жоспарладым. Оларды өткізу барысында Бағдарламаның жеті модулі аясында оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді барлық сабақтарда қолдануға тырыстым. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім . Сондықтан мұғалімнің міндеті оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білуі және мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Осындай сабақтар тиімді әрі нәтижелі болуы үшін ынтымақтастық ортаны қалыптастыру аса маңызды болып саналады. Осы себептен де мен әр сабағымда сыныптағы оқушыларды топқа бөлу және ұжымдастыру арқылы «жақын арада даму аймағын» жүзеге асыруға тырыстым. Себебі, Выготскийдің пайымдауынша, «ЖАДА» -да жұмыс жасау арқылы оқушылар мұғалімнің көмегімен және өздерінің анағұрлым қабілетті құрдастарымен өзара қарым –қатынас жасау арқылы қабілеті төмен оқушылардың оқу дағдылары мен қабілеттері дами алады. Курстың бірінші «Бетпе-бет» кезеңінде қарастырылған бағдарламаның түйінді идеяларын тізбектелген сабақтар топтамасында жеті модульді ықпалдастыра отырып жоспарлап, іс жүзінде жүзеге асыруды көздедім. Бұл бағдарламаның зерттеушілік негізгі идеялары сындарлы оқыту теориясына негізделген . Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту; алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайларда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Бұл жағдайда оқушыға білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім- біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастырылуын талап етеді. Осы идеяларды басшылыққа ала отырып, Ақтөбе қаласы № 33 орта мектебінде технология пәні бойынша 7 «Ә» сыныбына сындарлы оқыту бағдарламасы аясында сабақ жүргіздім. Мақсатым - өзімнің күнделікті оқыту тәжірибемде тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және оны өткізу барысында жаңа технологиялық әдістермен бағдарламада қарастырылған 7 модульді пайдалануға тырыстым. Тізбектелген сабақтар топтамасындағы орта мерзімді жоспарымды технология пәні бойынша құрдым. Жоспарымның жалпы мақсаты: жеті модульді қолдана отырып, оқушыларға сән, иықты бұйымдар ( түнгі көйлек, камзол), жоба кезеңдері туралы түсініктер беру.Топтық жұмыс жасау арқылы шығармашылық ой қиялын дамыту. Өз ойын еркін ашық жеткізе білуге, бірін -бірі бағалауға үйрету.Сапалы оқыту - мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс деп айтылғандай, мен мақсатқа жету жолдарында мектептегі тәжірибемнің төрт сабағына Кембридж бағдарламасының жеті модулін кіріктіре отырып, бірнеше әдіс – тәсілдермен ықпалдастырдым. арқылы қабілеті төмен оқушылардың оқу дағдылары мен қабілеттері дами алады. Мектептегі тәжірибе кезеңінде 7 «Ә» сыныбында өткізген сабағымның тақырыбы « Жеңі тұтас пішілген түнгі көйлек. Шығармашылық жоба. Дайындық саты» болатын. Осыған байланысты сабағымның мақсаты : оқушыларға шығармашылық жоба сатыларын меңгеру;сән,мата таңдау,өлшем түрлері,қауіпсіздік ережелері және құрал-жабдықтар жайлы түсінік беру;ақпаратты өз бетінше менгеруге; сыни ойлауға үйрену; Күтілетін нәтижесі: Жеңі тұтас пішілген түнгі көйлек эскизімен таныса отырып,оларды салыстырады,сипаттайды;Мәтінді тапсырма тұрғысынан саралай оқи алады; өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады.Сыни тұрғыдан ойлана отырып , дербес пайымдаулар жасауға төселеді ; Түйінді идеясы: Талаппен бастап,талғаммен аяқта. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» ойыны арқылы бір біріне тілек айтып, сәттілік тіледі. Оқушыларға ары қарай аса қызығушылықпен ,көтеріңкі көңіл күймен өтуіне жағдай жасап, назарларын шоғырландырдым. Ине, қайшы , сантиметрлік таспа, сызғыш тәрізді құралдардың суретін көрсете отырып , жұмбақтар шешкізу арқылы 4 топқа бөлдім. Оқушылар арасында топқа бөлінуде шу болды. Топқа бөлінуде топтық ережені есте сақтау керектігін ,ойларына салдым. Жұмбақтар айтып,жауабын табуда Сандуғаш , Насиба , Нурия , Гүлмереке сынды қыздар шапшаң сөйлеп , белсенділік көрсетті. Оқушыларға «жарайсыңдар!» деп, 3 қол шапалақ білдіріп, сабақтың келесі кезеңіне өттім. Сабақ барысында оқушылар ойын ашық еркін жеткізуде сындарлы сөйлей білуге жетеледім , тек қана дайын білімді беріп қоймай оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуге бағыттап , бақылаушы болдым .Қызығушылығын оятуда және бұрынғы білімдерін еске түсіру мақсатында «Шығармашылық жоба» тарауын , шығармашылық жоба сөзіне ассоциация құрып , таныстырылымдарын жасаттым . Бірінші топ шығармашылық жобаны орындаудағы жұмыстар тізімін жазса , ал, төртінші топ жұмысты орындау барысындағы жұмыстар тізімімен қоса өз бойларынан табылатын қасиеттер жиынтығын жазған. Әр топ өз таныстырылымдары бойынша «Екі жұлдыз , бір тілек» арқылы бағалауды ұсындым. Осы таныстырылым арқылы «Шығармашылық жоба» тарауының кезеңдері мен мақсаттары анықталды. Мағынаны тану кезеңінде сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде «Біреуі үйде, үшеуі қонақта» әдісті қолдана отырып, әр топқа тапсырмалар бөліп бердім. Бірінші топқа «Сән таңдау» және оған сипаттама беру; екінші топқа «Мата таңдау» және оған сипаттама беру; үшінші топқа «Өлшем алу ережесі» және өлшем бірліктерге анықтама беру; төртінші топқа «Техникалық - қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелері» және құралдар туралы түсінік беру. .Л.Выготский оқушының өз бетімен қол жеткізе алмайтын оқу деңгейін ересек адамның қамтамасыз етудегі рөлі туралы жазады. Осы пікірге сүйене отырып, оқушылардың тапсырмаларды орындауына бағыт-бағдар беріп қолдау көрсетіп отырдым. Бірінші топ жұмысы бірнеше көйлек үлгілері болса ,соның ішінен бір сән (модель) таңдай отырып немесе өз ойындағы модель бойынша эскиз сызып , сол модельге сипаттама береді. Екінші топта мата тарихы, түрлері,таңдаған матасына сипаттама береді.Үшінші топ өлшем алу ережелеріне сүйене отырып ,өлшем бірліктерін жазып, анықтамаларын сипаттайды. Төртінші топ техникалық-қауіпсіздік және санитарлық-гигиеналық ережелер. Керекті құралдар жайында мәліметтерді баяндады. Берілген таратпа мәтін бойынша оқушылар әуелі жұптасып , кейін топтасып , пікірлерін ортаға салып , бір шешімге келді.. Мерсер 2005 құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсеткен зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылдады. Бұл тапсырманы орындау барысында үлгерімі жақсы оқушым Сандуғаш топқа басшылық жасап , өзінің тобындағы оқушыларды ортаға тарта білді. Соның ішінде үлгерімі төмен оқушы ( үнсіз ) Зарина ұялы телефон арқылы интернет желісін пайдаланып , кейбір құралдардың (жіптің) тарихын таба білгені мені таң қалдырды. Әдістің ережесі бойынша оқушылар басқа топқа барып , өздерінің міндеттерін орындады. Түсіндіру барысында кейбір Жаңылсын, Айнажан сияқты үнсіз оқушыларға өздерінің білгендерін жеткізу қиынға соқты. Жаңылсын тұйық болса , ал Айнажанның мінезі ұялшақ болатын. Бұл оқушыларға кедергі болған еркін тіл табыса алмауы немесе осы әрекеттегі мақсаттарын түсінбегендері . Бұл кедергіден шығу үшін мен олардың өз-өздеріне деген сенімділіктерін ояту қажет деген пікірде болдым . Оқушылармен жұмыс жүргізуде қиындықтар кездесті. Қиындық – әркімнің басында болатын нәрсе, тек « оны жеңудің кілті – жүректе » дегендей осы тапсырмаларды орындауда ізденушілік психологиялық қарым қатынас жақсартуға ерекше көңіл бөлу керектігін түсіндім. Алдағы уақытқа кездескен кедергіні жоюды мақсат еттім. Осы кезеңнің қаншалықты өткенін білу мақсатында «бармақпен» бағалауды жүргіздім. Бұдан білім алуды бағалайтын жалғыз мұғалім емес,оқушылардың да негізгі роль атқаратындығын байқауға болады. Адам бойына қажетті қасиеттердің бірі, ол өздерін өздері бағалай алуы. Осы ретте мен оқушының өзіне деген көзқарасын қалыптастырып , сенімдерін нығайту мақсатында өз сабағымда бағалаудың осы әдісін пайдаландым ,яғни оқушылар өздерін өздері бағалады. Бармақпен бағалаттым. Оқушыларды шаршатып алмау үшін сергіту сәтін өткізуді жөн көрдім. Мақсатымыз білім алу Міндетіміз еңбектену Барлығымыз жұмыла «4» пен «5»-ке қол жеткізу- дей отырып жанарымызбен сәттілік тілейік - деп сергіту сәтінде оқушылар белсене атсалысып , өздерін емін-еркін сезінді. Басқаша айтқанда, оқушылар өзін- өзі ынталандыра алады және осыған орай , оларда қызығушылық пайда болды . ( Райан мен Деки (2009) « ішкі уәж » Нұсқаулық ,4 ) « Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады , себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп , оны жақсарта және кеңейте алады » ( Нұсқаулық 41бет). « Қар үйіндісі » әдісін қолдануда тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін әр топқа екі сұрақтан дайындаттым . Әр оқушы тақырыпты менгере отырып , бір-біріне сұрақтар қойды . Оқушыларды диалогқа түсіру мақсатында дайындаған сұрақтар бойынша сұрақ-жауаппен алмасты . Әр топ мүшелері жауап беріп , бірін –бірі толықтырып отырды . Сандуғаштың өз-өзіне сенімділігі басым , жауапкершілігі мол , сабаққа ынтасы жоғары, жан-жақты оқушы, ал Нурия берілген тапсырманы бар ынтасымен орындайды, бірақ ойын жинақтап айта алмайтын болғандықтан көп сабақ айтпайды. Сұрақ қою барысында оқушылардың төмен дәрежелі сұрақтар қоюын байқадым. Алдағы уақытта оқушылардың жоғары дәрежелі сұрақ қоюларына бағыттадым. Сабақты қорытындылау үшін ой толғау кезеңінде « Синкуейн » әдісін пайдаландым . Балалардың ерекшеліктерін, қабілетін жететінін көрдім. Не үйрендіңдер? Қандай қиындықтар болды? Сабақта не ұнады? Сұрақтары арқылы кері байланыс жасадым . Кері байланыс жасау оқушының оқуын жақсарту үшін қажет нәрсе екенін ұқтым . Бұл жерде оқушылар өздерінің нені жақсы менгере алғандығын көрсете білді . Осы сұрақтар бойынша оқушылар өз пікірлерін стикерге жазып , тақтаға ілді өзгенің жетістігін бағалап ,түзету мақсатында ұсыныс айтуға бағытталдығын ,нені меңгере алмағандығын ашық жазды.. Алдағы уақытта жеті модуль идеясын негізге ала отырып, шығармашылық жұмыс жасайтын оқушыларға сыни ойлана алатын тапсырмалар түрін дайындауды өз міндетім деп есептеймін. Ғаламтор желісін орынды қолдана білуде үнсіз оқушыларым өз ойын жеткізе алды . Оқушылардың болашақта өз пікірін еркін жеткізе алатынына , сыни ойлану арқылы білімдерінің тереңдігін көрсете алатынына сенім білдіремін. Бағалау үлгілерін үйренуде де оқушыларым бір –бірін әділ бағалауды,өз білімдерін дұрыс бағалауды түсінді. Бір – бірінің жұмысын бағалау арқылы өздерінің қателерін түсіне алды. Сабақ барысында орындалған жұмыстар арқылы оқушыларымның дарындылық, таланттылық қасиеттерін де анықтай алдым. Болашақта өз деңгейлерін өздері анықтай алатын, өзіндік пікірі қалыптасқан оқушы болады деп сенім білдіре аламын. Қорытындылай келе, бұл жобаның негізгі идеясы «үйренуді үйрету » . Алдағы уақытта жеті модульде қарастырылған әдіс-тәсілдерді қамту арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағытталған , оқушылардың жас ерекшелігіне сай жоспар құру.

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.