Мен ұстаз ретінде балаларымызды 1 сыныпқа қабылдаған кезінен бастап танимын. ОМен байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адаммын. Қатал ұстаз болғанымен, оқушыларға әділ және мұқият қараймын. ОМен сабырлымын және салмақтымын, әрбір баланың адамгершілік құндылықтарын құрметтеймін. Мен өзімнің жұмысымды жақсы көремін және бар жан-тәніммен беріліп жұмыс істеймін. Өз пәніме деген сүйіспеншілігімді балаларға да жеткізе аламын. Өз білімімді, балаларға беруге аянбаймын. Сабақтарымды әр түрлі және қызықты етіп өтуге тырысамын. Мұндай сабақтардан балаларымыздың пәнге деген қызығушылығының артта түсетінін көруге болады.
Ата-аналар сабағыма, сыныптан тыс іс-шараларыма белсене қатысады. Сабақтарын түсінікті, қызықты өткізуге тырысамын. Сабақтарымда әр оқушы жұмыс істейді, санайды, оқиды, есеп шығарады. Үнемі танымдылық қызметін қалыптастыру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытып отырамын: зерттеме, пікір сайыстар, экскурсиялар т.б. шаралар өткіземін.
Әр баламен тіл табыса білемін, өз ойларын жоғары бағалаймын.
Оқушының әрбір жағымды және жағымсыз жасаған қылықтары, назарымнан тыс қалмайды. Әр жағдайға мұқият және сауатты қараймын.
Мен балаларды үлкендерді сыйлауға, Отанды, туған жерді, туған-туысқандарын сүюге, достықты бағалай білуге тәрбиелеймін.
Мен ұстаз ретінде балаларымызды 1 сыныпқа қабылдаған кезінен бастап танимын. ОМен байсалды, тыным таппайтын, адамгершілігі мол адаммын. Қатал ұстаз болғанымен, оқушыларға әділ және мұқият қараймын....