Меня зовут Меруерт. Мне 39 лет. Замужем. Имею два сына и две дочки. Я счастливая мама. Люблю свою работу. Мой педагогический стаж 20 лет. Я учитель казахского языка и литературы. Закончила ПаУ с отличием. В 2013 году получила сертификат первого уровня.
Заманымыздың заңғар ойшылы лингвист- ғалым Ахмет Байтұрсынов "Мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы. Мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шығады "деген екен. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогикалық әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Еліміздің ертеңі жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздар сан түрлі әдіс- тәсілдер қолдануда.Мұғалімнің білім беруі мен оқытудың қазіргі замандағы әдістері негізгі жеті модульге бөлінетіндегі баршамызға аян. Күнделікті тәжірибеміздегі сабақтарда жеті модульді де қолдануға тырысамыз.
Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті, тартымды, тиімді өткізу. Білімді әрі сауатты адамдар ─ бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасында басталады. Қазіргі мектептердегі оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа әдіс-тәсілдерден, технологиялардан құралады. Демек, баланың білімі ерекше болуы, ол білімнің нәтижелі болуы пән мұғалімінен жауапкершілікті талап етеді.
Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни жаңа әдіс- тәсілдерді толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.
Менің алдымдағы басты мақсатым- шығармашылығы жоғары тұлғаны қалыптастыру. Осы мақсатыма жету үшін озық тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесі, озық педагогикалық техногияларды басшылыққа алу көп нәтиже береді.