Инфоурок Сайты учителей Тәттібаева Кулбану Елшібайқызы Блог Баяндама "Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі" (бастауыш сынып)
Тәттібаева Кулбану Елшібайқызы
8 лет назад

Баяндама "Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі" (бастауыш сынып)

Сыни тұрғысынан ойлау технологиясын сабақтарда қолданудың тиімділігі

Тәуелсіз еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан мектеп оқушыларының сапалы білім мен саналы тәрбие алуы ең басты мәселе. Бүгінгі ғылым мен техниканың дамыған ғасырында жас ұрпақты ізденімпаздыққа, білімділікке және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру үшін заман талабына сай сапалы білім беру мұғалімнің ең басты міндеті. Қандай пәнді оқыса да оқушы білімі сапалы, нәтижелі болуы керек. Ендеше оқушы білімін бүгінгі күн талабына сай дамыту, тереңдету ғылыми түрде құзіреттілік деп түсіндіріледі.Информатиканы оқытудың мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологияларды тиімді пайдалану қажет информтика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі. Есептерді өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет. Информатика пәні күнделкті жаңараып, ақапарттық ағымдар заманауи үлгіде тез өзгеріске ұшырайтын пән екеніне ешкімнің де дауы жоқ. Заман ағымына ілесе отырып, оқушы қызығушылығын арттыруда әр түрлі ойлардан кейін бала жүрегіне жол тауып, білімге жетелеу үшін мұғалім оқушыларды қызықтыратындай әр түрлі әдіс — тәсілдерді қолдануы тиіс.

Соның бірі «Сыни тұрғысынан ойлау» технологиясының әр түрлі стратегияларын өз сабақтарымда

қолданып отырамын. Нәтижесінде:

— сабақтың мазмұны, сапасы артады;

— жауапкершілік, шығармашылық қабілеті қалыптасады;

— оқушы өзін-өзі бағалап, білім деңгейін арттыра алады;

— пәнге деген қызығушылығы артады.

Сабақ сыни тұрғысынан ойлау (СТО) – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл бағдарламаны бірнеше стратегиямен жұмыс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл әдіс мынандай мақсат қоя алады:

-оқушыларды ойландыруға;

-өз ойларын ашық айтуға;

-пікір таластыруға /дебат/;

-дұрыс сөйлей білуге;

-өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге;

-оқушылар шығармашылығын дамытуға;

Сабақ СТО бағдарламасы 3 кезеңнен тұрады:

I. Қызығушылықты ояту

II. Мағынаны тану

III. Ой толғаныс

Қызығушылықты ояту кезеңінде – мұнда өткен тақырыптан не біледі, не айта алады, өткенді еске түсіру, ой қозғап, әсер ету кезеңі болады.

Мағынаны тану кезеңінде – нақты тақырыпты мұғалім сұрақ-жауап арқылы түсіндіре отырып, өз беттерімен ойларын ортаға салып, жаңа сабақ, жаңа идеяны жүзеге асыруға талпынады. Яғни оқушыға ескі мен жаңаны ұштастырып ойын кеңейтеді.

Ой толғаныс кезеңінде -оқушы не білгенін қорытып, саралап, бекіту арқылы білімін жинақтайды.

Оқу және жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлау технологиясы жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден – бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым – қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымымен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.