Тәттібаева Кулбану Елшібайқызы
8 лет назад

Уроки по теме "Етістік" (4 класс)

Сыныбы: 4 сынып

Сабақ тақырыбы: «Етістік»

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға сөйлем ішінен етістікті табу, оның басқа сөзбен байланысын анықтауға және сұрақ қоюға үйрету.
  • Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін оятып, сөз таптарын жылдам ажырата білуін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Оқушыларды кең пейілділікке, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу және әдемі, жылдам, сауатты жазуға баулу.

Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ

Сабақ типі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, ішінара іздену, тест тапсырмалары.

Көрнекілігі: сөзжұмбақ, интерактивті тақта, слайд, мағыналы суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Психологиялық дайындық 2 мин

Назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Үй тапсырмасы 107- жаттығу.

Дәрігер сөзіне жалғанған жалғаулардың түрлерін жаз.

мін жекеше І-жақ

Дәрігер сің жекеше ІІ-жақ

ге барыс септігі

ден шығыс септігі

ІІІ. Өткенді қайталау кезеңі

Зат есімнің жіктелуі дегеніміз не?

Оқушылардан зат есімнің жіктелуі туралы ережені сұрау.

Жекеше Көпше

І-жақ. бын, бін. ІІ-жақ быз, біз

мын, мін мыз, міз

пын, пін пыз, піз

ІІ-жақ. сың, сің сыңдар, сіңдер

Мысал келтіру жігіт әнші сөзін жекеше, көпше түрде жіктеу.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Етістік». Сабағымыздың мақсаты сөйлем ішінен етістікті табу, оның басқа сөзбен байланысын анықтауға және сұрақ қоюға үйрену.

Ү. Жаңа сабақ

Тақтадан ребусты көрсету.

Ребустың шешуі «Етістік»

Етістіктің қандай түрлерін білесіңдер?

Дара

Негізгі

Болымды

Күрделі

Туынды

Болымсыз

Оқушылар өздері етістіктің түрлерін атап, қағазға жазылған сөздерді тақтаға іледі.

Әр етістіктің түрінің ережесін айта отырып, мысалдар келтіру.

Ереже: Заттың іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Етістіктің сұрақтары Не істеді? Қайтті? Не қылды?

  • Дәптермен жұмыс.
  • Тақтамен жұмыс

Өте жақсы, балалар! Олай болса бүгінгі күннің ретін жазамыз.

Көркем жазу

Оқулықтың 146 бетіндегі 2-жаттығу. Жұмбақты оқып, жатқа жаз, шекшуін тап.

Суда қалқиды,

Жылыда балқиды. (Мұз)

Етістіктің дара және күрделі екенін анықтату.

Интерактивті тақтадан сөздер шығады , сол сөздердің ішінен туынды сөздерді тауып жазғызу.

Оқы, жүрді.

Жырла, жүзді, көрген, ақылдас, биле.

Ойла, сүзді, ұсақта, болды, керілме, тұзда.

Дәлелдеу: туынды етістікті атау.

Әр сөздің мағынасыен айта отырып, сө құрамына талдау.

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан сергіту сәтін көрсете отырып, оқушыларға қайталату.

-Жақсы, олай болса 4-жаттығуға назар аударайық!

Тыйым сөздерді жаттап алу және басқа қандай сөздерді білеміз болымды, болымсыз етістігі бар.

Болымды, болымсыз етістікті қайталау.

Жаз, күл, бар -ба, -бе, -ма, -ме, -па, -пе

6-жаттығу. Етістікті оқып, мағынасын түсіндір, тақтаға болымды, болымсыз түрін қатар жазғызу.

Сыз-сызба Тула-тулама Мүжі-мүжіме

Теже-тежеме Үз-үзбе Күл-күлме

ҮІ. Жаңа сабақты түсінгендерін тексеру кезеңі

Тест сұрақтары:

Дара етістік неше сөзден тұрады?

а) 2 ә) 1 б) 3

2. Күрделі етістікті тап.

а) Бала кітапты оқып келе жатыр.

ә) Мен ойнап жүрмін

б) Құс ұшты.

3. Етістіктің болымсыз түрін тап

а) көрме жақсы

ә) Көне жазба табылды.

б)Қарсы сөйлеме

4. Етістік дегеніміз не?

а) Заттың атын білдіретін сздер

ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер

б) Заттың ретін білдіретін сөздер.

5. Етістіктің сұрақтарын көрсет.

а) қанша? неше? нешінші?

ә) кім? не? кімдер? Нелер?

б) не істеді? не қылды? қайтті?

6. Туынды етістікті тап.

а) кітап ә)ақылдас б) оқы

7. «Отыр» қандай етістік?

а)дара ә) күрделі б)болымсыз

8. Күрделі етістік неше сөзден тұрады?

а) бір ә) үш б) бірнеше

9. Етістіктің қанша түрі бар?

а) 9 ә) 7 б) 6

10. Негізгі етістікті көрсет.

а) терле ә) тырмала б) күт

Тақтадан дұрыс жауабын шығару, оқушылар бір-бірінікін өздері тексереді.

ҮІІ. Қорытындылау кезеңі

Тақтадағы киелі ағашқа оқушылар әтістіктің түрлері жазылған қағазды іледі.

Балалар, бүгінгі сабақтан нені білдік?

Нені үйрендік?

Қандай етістіктердің түрлерін есімізге түсірдік?

Маған қоятын сұрақтарың бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру, бағалау кезеңі

Үйге тапсырма: 147 беттегі 7- жаттығуды көшіріп жазып, болымды, болымсыз етістіктің астын сызу.

Поделиться:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.