Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы

библиотека
материалов

Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Біздің балалар қайда екен?

Мақсаты: Топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:балабақшаның суреті, орамал

Биленгвальді компонент:жиһаз.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық











Балаларға біз таңертең балабақшаға келеміз дей отыра балабақшаны суреттен таныстыру.

-Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең.Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілдерін топ бөлмесінің ішіне аудару.

-Мынау-орындық, мынау-терезе,үстел,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықтар жинайсыңдар,топта тағы бөлмелер бар.Мынау шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер.Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады.Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.

Мынау-ұйықтайтын бөлме,онда сендер жататын кереуеттер тұрады.Тобымыз үлкен ,әрі жарық.

- Балалар топқа қызыға қарайды.





Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалардың көңілің ормалға аудару. «Орамал кімді жасырады екен?»,-деп,бір баланың бетіне бір сәтке жабу.Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қойу.Осылай әр баламен ойнау.Әрқайсысына өз аттарын айтқызу.Тағыда сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйрету.

-Сен қайда тұрасын?Сен атыңды айтшы?

-Кімннің қасында тұрсын?Ол баланың атын білесің бе?

«Біздің балалар қайда екен?»дидактикалық ойыны.Үлестірмелі материалдарда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып тұрғаның тапқызу.

-Орамалға күлімдей қарайды.Көңілді болуға тырысады.Сұрақтарға жауап беруге тырысады.Орамалмен беті жабылған бала өз атын айтады.Қасында тұрған баланың атын айтады.

-Милена үстелдің астында тығылып жатыр.

-Дания үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың көңіл-күйлеріне қарап мақтап, мадақтау.Балаларды сөйлеуге үйрету.








Балалар қуаныш сезімдерін танытады.Балалар сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:өздерінің,көшелерінің атын айтуды.

Игереді:топ туралы түсінікті.

Меңгереді:сұрақтарға жауап береді.





Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Менің сүйікті ойыншығым

Мақсаты: Ойыншықтарды сипаттап айтуға үйрету.Қандай? сұрағына жауап беруге және жалғау, жұрнақтарды сөздерге дұрыс жалғап айтуға үйрету. Ұқыптылыққа баулу.

Биленгвальді компонент:ботақан,қошақан

Құрал-жабдықтар:Ойыншықтар, үлістірмелі суреттер(ат, ботқан, мысық)

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық

қозғаушылық









М.Әлімбаевтың

«Ойыншықтар»өлеңін өқып беру:

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы, құлыншақ,

Оиыншықтар тыңдайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Өлеңнің мазмұнын түсіндіріп, өлең жолдарын жаттауға ұсыныс жасау.Балаларға ойыншықтармен танысатындарын айтып, балалардан топта ,үйлерінде қандай ойыншықтар барын сұрау.

-Сенің қандай ойыншығын бар?

-Қандай?(Үлкен ,кішкентай)

-Сен онымен ойнап болған соң, орнына жинайсың ба? ұқыпты ойнау керектігін айту.

Балалар өлеңді қызығушылықпен тыңдайды.


Жаттауға талпынады.

Сұрақтарға жауап береді.

Ойыншықпен ұқыпты ойнауды түсінеді.



Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт: «Сиқырлы сандық».

-Кәне, сандықта не бар екен. деп балалардың көңілін аудару.

-Ботақан,мысық, құлыншақ бар екен.

-Енді осы ойыншықтарға әңгіме құрастырайық. Әңгіме құрастыруға көмектесу.

Ботақан, құлыншақ туралы түсіндіру.

Сергіту сәті:

Тікірейіп құлағы,

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті-қолын жуады

Үлестірмелі суреттермен «тез көрсет!» ойынын ойнау.

Ойыншықтардың аттары бар өлең оқыған кезде өлеңде айтылған жануарлардың суреттерін жылдам көрсету керек.

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды шабады.

Жылтылдаған жұлдызым

Құстай қанат қағады.

Тәй-тәй тұрған ботақан,

Аяқты қалт-құлт басасың.

«Не артық?» дидактикалық ойыны.Суреттен не артық екенін табады.

Балалар сандыққа қызығушылық танытады.

Ойыншықтарды балалар қуана қабылдайды.

-Менің ойыншық мысығым бар.Мысықтың екі құлағы, төрт аяғы,құйрығы бар.

Мысығым аппақ.

Ол сүтті өте жақсы көреді.

Менде құлыншақ бар.

-Құлыншақ кішкентай,әдемі.Мен құлыншақты жақсы көремін.

Балалар қимыл-қозғалыс жасайды.Ойынды түсініп ойнауға тырысады.

Балалар жылқыны көрсетеді.Балалар мысықты көрсетеді.

Өлең жолдарын бірнеше рет қайталап жаттайды.

Суретте гүл артық, өйткені ол ойыншық емес.



Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға сұрақ қойып, қайталау.

Балалардың түсінгендерін, қимыл –қозғалыстарын,жақсы ойнаған балаларды мадақтау

Балалар қайталайды.

Балалар түрлі қимыл-қозғалыстар жасайды.

Біледі:ойыншықты сипаттауды.

Игереді:ойыншық туралы түсінікті.

Меңгереді:өлең жолдарын жаттауды.


Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Самат нені үрлей алады?

Мақсаты: Балаларды тауықтың қауырсынымен таныстыру.Сұраққа қысқаша жауап беруге

дағдыландыру.Тыныс алу дағдысын қалыптастыру.

Құрал-жабдықтар:тауық пен қауырсынның суреті,қауырсын,түрлі-түсті шарлар.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық










Балаларды шеңберге тұрғызып:

Бала-бала, балақан

Кәне қайсы алақан,

Саусақтарын әйбат

Былай-былай ойнап,-деп сәйкес қимыл-қозғалыстар жасатылады.Тауықтың суретіне балалардың көңілдерін аударып,тауық туралы түсінік беру.

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.

Балалар суретке қызығушылық танытып, тыңдайды,тауық туралы білуге тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт.Жіпке байланған қауырсынды қарауды ұсына отырып, қауырсын туралы түсіндіріледі. «Қауырсын үлпілдек, жеңіл». Қауырсын,үлпілдек сөздеріне сөздік жұмыс жүргізу.

Дыбыстық жаттығу

Қа-қа қауырсын

Ү-ү үлпілдек.

Қауырсынмен ойнауға ұсыныс жасау.Қауырсынға үрлесек ұшады деп, үрлеуді ұсыну.Қауырсын кімнің үстіне қонса,қонған жерден тағы да,қонған қауырсынға үрлеуді үйрету.Қауырсынды ұқыпты ұстауға,онымен жұмыс істегенде ұқыпты болуға үйрету.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз.

1. «Кім жылдам?»дидактикалық ойын.

Үрленген әртүрлі шарларды кім қатты үрлеп, алысқа ұшырса сол бала жылдам болады.


Балалар қауырсынға қызығушылық танытады.


Дыбыстарды, сөздерді қайталайды.

Қауырсынмен ойнауға, оны үрлеуге талпынады.Барлығы үрлеуге асығады.


Балалар қуана қимыл-қозғалыс жасайды.

Тәрбиешінің қөмегімен сұрақтарға жауап береді.

Дидактикалық ойынды қуанышпен көңілдене ойнайды.


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың нені үйренгендерін сұрау, тілдерін дамытуға көмектеседі.


Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.Үрлеу арқылы тыныс алу жаттығуын жасап үйренеді

Біледі:қауырсын туралы білімін толықтырады.

Игереді:тауық туралы түсінікті.

Меңгереді:қауырсынға үрлеуді.



Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Ғажайып қалта.

Мақсаты:көкөністер,жемістер туралы түсінік беру.Оларды сипаттап айтуға үйрету.Сөздік қорын молайту,сөз тіркестерін үйрету.Ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекіліктер:көкөністер, жемістердің мүсіндері.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық





Балаларды шеңберге тұрғызып:

-Арайлап атқан таңымыз аппақ,

Арайлап атқан таңымыз ашық,

Арайлап атқан таңымыз жарқын,

Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сиқырлы сәт: «Ғажайып қалта».

Балаларға «Ғажайып қалта» ойынын ойнауды ұсыну.Ойынның шартын түсіндіру.Қалтада көкөністер мен жемістер болады.Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызу.Аттарын айтқызып,көкөніс не, жеміс екенін ажыратып беруді сұрау. «Қандай?»деген сұраққа жауап берулерін күту.Олардың үлкен-кішкентай,тәтті-ащы екенін,түстерін және қайда өсетінін айтады,сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйрету.

Дыбыстық жаттығу жасату.

Ті-ті-тәтті.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды көтеріп,

Алма ағашындай жайқалып,

Әдемі болып өсеміз.

«Кім жылдам?»дидактикалық ойыны.

Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды.Шапшандыққа, жылдамдыққа үйретеді.

Балалар сиқырлы сәтке таң қалады. Ойын ойнауды қуана қабылдайды.

көкөністер мен жемістерді ажыратады.

Көк,қызыл деп жауап береді.




Балалар қимыл-қозғалыспен өлең сөздерін бірге қайталайды.





Балалар қуана жинайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың не үйренгендерін сұрау, тілдерін дамытуға көмектесу.

Сұрақтарға жауап беруге, тілдерін дамытуға талпынады.

Біледі:көкөністер мен жемістердің атауын.

Игереді:көкөніс,жемістер туралы түсінікті.

Меңгереді:сөз тіркестерін дұрыс айтуды.




Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Ұшады-ұшпайды.

Мақсаты:заттардың қасиеттеріне қарай талдауға, олардың аттарын атай білуге үйрету.Табиғатта ненің ұшатыны,ненің ұшпайтыны туралы түсіндіру арқылы зейіндері мен ойлау қабілеттерін дамыту.Ұйымшылдыққа баулу.

Көрнекіліктер:үй құстарының суреттері, дорбаға салынған ойыншықтар

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық











Балаларды жартылай шеңберге тұрғызып:

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды соғамыз,

Жоғары-төмен қараймыз,

Топылдатып басамыз-дей отырып, қимыл-қозғалыстар жасату.

Үй құстарының суреттерін көрсетіп, олардың аттарын айтып, қайталатқызу.

-Бұлар- үй құстары.Себебі оларды адамдар күтеді, бағады.Олардың жұмыртқасы, еті-тағам, жүнің жастыққа салады.

Әтеш қандай?

-Тауықтың түсі қандай?

Қаз туралы тақпақ оқу.

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.




Балалар суретке қызыға қарайды.




Балалар сұрақтарға жауап береді.

Балалар қызыға тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

«Ұшады-ұшпайды»дидактикалық ойыны.Шарты:дорбаға салынған ойыншықтарды үстел үстіне шашып қою. Ішінен біреуін алып:

-Ұшады-ұшпайды?-деп сұрау.

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Қолымызды жаямыз.Құстарға ұқсап,

Ұшып-ұшып аламыз.

Қаз, үйрек сөздерін айтқыздырып, үйрету.

«Топтастыр»дидактикалық ойыны.

«Не ұшпайды?»тапсырмасын орындау.Суреттен ұшатын, ұшпайтын заттарды ажыратып, аттарын ататқызу.

Қуыршақ ұшпайды,-деп қолдарын көтермейді.

-Торғай ұшады,-деп қолдарын көтереді.


Қимыл-қозғалыстар жасайды.








Ойншықтарды бір бөлек, құстарды бір бөлек топтастырады.

-Үй ұшпайды.

Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетінде алған білімдерін бекіту.

Сұрақтарға жауап береді.

Біледі:табиғатта ұшатын,ұшпайтынын.

Игереді:ұшатын,ұшпайтын заттарды топтастыруды.

Меңгереді:үй құстарының аттарын.




Ұйымдастырылған оқ іс -әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Не қалай дыбыстайды?

Мақсаты:құстардың сайраған дыбыстарын тыңдату арқылы әр құстың дыбысын ажырата білуге үйрету.Дидактикалық ойын арқылы сұрақтарға жауап беруге дағдыландыру.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер:құстардың суреттері,ойыншық құстар,құстардың дауысы жазылған үнтаспа.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті



Мотивациялық-қозғаушылық







Балаларды шеңберге тұрғызып,бір-біріне күлімдеуді сұрау.

Бала,бала баламыз,

Бақшамызға барамыз.

Күні бойы қызыққа

Батамыз да қаламыз.

Балалардың назарын суретке аударып. сұрақтар қою:

-Мынау не?

-Ол қандай құс?

-Түсі қандай?

-Торғай үй құсы ма,дала құсы ма?

-Қайда ұшады?

Балалар қуана қимыл-қозғалыспен өлеңді қайталайды.




Балалар суретке қызыға қарайды.


Балалар сұрақтарға жауап береді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Сиқырлы сәт:Құстардың дауыстарын үнтаспадан тыңдау.Дискіні тыңдап болған соң,қораптан ойыншық қаз,торғай,тауық, әтешті алып,енді осыларды жаңағы тыңдағандарымыз бойынша ажыратып, дауыстарын айтып жаттығамыз деу.

-Қаз «қаңқ-қаңқ»деп қаңқылдайды,қайталайды.

- Торғай «шық-шық-шық» деп шықылдайды.

-Әтеш «ку-ка ре-ку»дейді.

-Тауық,қыт,қыт деп, айтқыздырып қайталатып үйрету.

Сергіту сәті:

Кәне қанат жазайық

Торғайларға ұқсайық,

Ұшып,ұшып алайық.

Дидактикалық ойын: «Дауысын сал!» Құстардың суретін таратып беру.Кімде қандай құстың суреті, соның дауысын салады.

Қимылды ойын: «Түлкі мен құстар»Бір бала түлкі,қалғаны құстар.Түлкі ұйықтап отырады.Құстар ұшып жүреді. Түлкі оянып кетіп, құстарды қуады.

Құстардың дауысына таңғалып, қуанышпен, қызыға тыңдайды.Ойыншықтарға қызығушылық танытады.



Балалар дауыстарын салып қайталайды.





Қимыл-қозғалыс жасайды.




Ойынды қызыға ойнайды.


Түлкіге ұсталмауға тырысады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын бағалау.

Ғай-ғай-торғай,

Ә-ә-әтеш.

Құстардың дауыстарын салып үйренеді

Сөздерді айтып үйренеді.

Біледі:құстарды ажырата алуды.

Игереді:құстар туралы жалпы түсініктері болады.

Меңгереді:құстардың дауысын салуды біледі.

Ұйымдастырылға оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Қоян, қонжық.

Мақсаты:аю мен қоянның балаларымен, олардың сыртқы түрлерімен таныстыру.Суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеулерін дамыту.Жануарларға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Көрнекіліктер:қоян көжегімен,аю қонжығымен бейнеленген суреттер ойыншықтар.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық







Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

-Бір-бірімізге қарап жылы сөздер айтайық.Күніміз жарқын, әдемі, ашық, қуанышты болсын!

Топта қандай ойыншықтар бар екен деп,ойыншықтарды қарауға ұсыныс жасау.Балалар ойыншықтарды қарап, аттарын атайды.Қандай ойыншықтар жұмсақ,қандай ойыншықтар қатты екенің ажыратады.Жұмсақ ойыншықтарды бір бөлек қатты ойыншықтарды бір бөлек қояды.

Балалар қуана шаттық шеңберін жасайды. Тілекті бірге қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт:

-Бізге қонаққа көжек пен қонжық келді.Қоянның құлағы,аяқтары,денесі қандай?Бұл жануар қалай жүреді? көрсетіңдерші.Қоянның баласын көжек дейміз.Көжек сәбіз жегенді жақсы көреді.Мынау-қонжық.Ол- аюдың баласы.Аю балды жақсы көреді.Қонжықтың түсі қандай?Қонжық қалай жүреді?Сергіту сәті.

Қоянша секіріп,қонжықша қорбандап жүреді.

Дидактикалық ойын: «Не жоқ?»

Шарты:ойыншықтарды қатар-қатар қойып,балалардың назарын ойыншықтарға аудару.Осыдан кейін балалар көздерін жұмып,отырады.Осы кезде ойыншықтардың біреуін алып қою.Балалар көздерін ашып, қай ойыншықтың жоқ екенін табады.

«Ненің баласы екенің тап?»дидактикалық ойыны:Үлестірмелі материалда берілген суреттен қоян мен аюды олардың балаларымен сәйкестендіреді.

Қоян мен қонжыққа таңғалып қуанады. Сұрақтарға жауап береді.


-Аю үлкен,қонжық кішкентай.


Секіріп, қорбаңдап, сергіту сәтін жасайды.




Жоқ ойыншықты табуға тырысады.




Қоянды қөжекпен, аюды қонжықпен сәйкестендіріп сы

зады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Оқу іс- әрекетінде алған білімдері пысықталады.

Сұрақтарға жауап береді.

-Қоянның баласы-көжек.

-Аюдың баласы-қонжық.

Біледі:аю мен қоянның балаларын ажыратуды.

Игереді:суреттер арқылы 2-3 сөзден тұратын сөйлем құрауды.

Меңгереді:аю мен қоянның тіршілігі туралы мәліметтерді.


Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Шырша.

Мақсаты:балаларға өлеңнің мазмұнын түсіндіре отырып,бір шумағын жаттату.Заттарды жекеше,көпше түрде айтуға үйрету.Эстетикалық талғамдарын ояту.

Көрнекіліктер:безендірілген шыршаның суреті.Шырша,шырша ойыншықтары.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық












Балаларды,жартылай шеңберге отырғызу.Көңілдерін безендірілген шыршаға аударып:

-Мен бүгін сендерді шыршамен таныстырамын.Шырша қысы-жазы бір түсте болады.Шыршаны безендіріп,әсемдеп,Жаңа жылды қарсы алады.Міне, мына суретте балалар шыршаны айналып,би билеп Жаңа жылды тойлап жатыр.Шыршаға түрлі ойыншықтар ілінген.Ойыншықтарға қарап көңілің көтеріледі.Ойыншықтарымыз көп,ал шыршамыз біреу.Балаларға көп, аз ұғымын түсіндіріп кету.Ойыншықтардың қандай әдемі және көп екенін айту.

Балалар суретке қуана қарады.Балалар мұқият тыңдайды.






Аз ,көп ұғымын түсінеді.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Шырша,қорапқа салынған ойыншықтар.

Тауда туып,тауда өскен

Шырша келді ортаға деп,шыршаны көрсету.Шыршаны қолдармен ұстап көруге ұсыныс жасау.Шыршаның түсін сұрау.Шыршаның жапырақтары ине сияқты,қатты.

Қораптардағы ойыншықтарды шыршаға іліп,бәріміз шырша әнін айтайық деп,бірге шыршаны айналып,ән айту.

Жаңа жыл, жаңа жыл,

Жаңа жылда жаңа жыр

Жасыл шырша жанында

Билеп барлық бала жүр,-өлеңінің мазмұны

түсіндіріп,балалармен қайталап,жаттауға үйрету. «Жаңа жыл,жаңа жыр»сөздерін қайталатып айтқызып,екеуі екі мағына беретінін түсіндіру.

Шыршаға,ойыншыққа қызығушылық танытады.



Шыршаны ұстап көреді,түсін айтады.



Ойыншықтарды шыршаға іледі.Әнді бірге айтып,жаттауға тырысады.





Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың өлеңді жаттауға құлшыныстарын бағалау.

Балалар өлеңді үйренеді.

Біледі:заттың аз, көп екенің;

Игереді:жаңа сөздердің мағыналарын;

Меңгереді:шырша туралы өлеңнің мазмұнын меңгереді, жаттайды.

Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Киім дүкені.

Мақсаты:балаларды киім түрлерімен таныстыру,ұл мен қыздың киімін ажырата білуге үйрету.Ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:ұл бала және қыз бала бейнеленген сурет,қуыршақтың киімдері.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық










Балаларды жартылай шеңберге отырғызып,бір-біріне жақсы сөздер айтқызу.

Суретке көңіл бөліп,ұл баланың киімдерін және қыз баланың киімдерін атау.Ұл балада қандай,қыз балада қандай киім болатының ажыратады.

-Балалар,кәне,бәріміз үстіміздегі киімдердің аттарын айтайықшы.Даниа,сенің үстінде қандай киімдер бар?

-Мирас,сенде қандай киімдер бар?

Жақсы сөздер айтады.

Суретке қызығушылық танытады.

Балалар үстеріндегі киімдерді қуанышпен жарыса айтуға тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балаларға қуыршақтар таратып беріп,бүгін киімдер дүкеніне баратынымызды айту. «Киімдер дүкенінен»қуыршақтарына киім сатып алып берулерін сұрау.Балалар дүкенге келіп:

-Мен мына киімді аламын,-деп сатып алады.Қандай киім сатып алғанын,оны не себепті ағаның, және түстері туралы әңгімелейді.Балаларды сұраққа жауап беруге, әңгімелесуге тарту.

Сергіту сәті.

Бір,екі үш деп

Алақанды соғамыз.

Жоғары-төмен қараймыз,

Орнымызды табамыз.

«Бұл не?»дидактикалық ойын.Шарты:киімдердің суреттерін көрсетеді.

Балалар дүкенге баратындарына қуанады.

-Мен көйлек кигіземін,себебі қуыршағым қыз бала.Көйлектің түсі қызыл.Көйлегі әдемі.

-Мен шалбар кигіземін, өйткені қуыршағым ұл бала.


Қимыл-қозғалыстармен көрсетеді.

Суреттегі киімдердің атын атайды.








Қысқы, жазғы киімдерді ажыратуға тырысады.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балаларға сөйлеуге, тіл байлықтарын дамытуға көмектесу.Әңгімелеуге талпынғандарын бағалау.

Балалар сөйлеп үйренеді.

Біледі:киімді сипаттай алуды.

Игереді:жазғы және қысқы киімдерді ажыратуды.

Меңгереді:әңгіме құрастыруды.



Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Қуыршақты шомылдырып,ұйықтатамыз.

Мақсаты:балаларға дұрыс жуыну ережелерін үйрету,киімдерді ретімен шешуді,киімдердің атын атай білуге үйрету.Қимыл-әрекетті білдіретін сөздерді меңгерту.Еңбекқорлыққа,тазалыққа баулу.

Көрнекіліктер:шомылдыруға арналған заттар, су, сабын,сүлгі.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық








Балалармен сәлемдесіп,шаттық шеңберін жасау.

-Топ,топ басайық,

Жалаудан күн жасайық!

Жаса,жаса алтын күн!

Жаса,жаса жарқын күн!

-Сабын су,сүлгі,айна,тарақ. «Сү-сү-сүлгі»деген буын-сөздің айтылуын қайталап айтқызып үйрету.

Балалар қимыл-қозғалыспен шаттық шеңберің жасайды.

Балалар тыңдайды,білуге талпынады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт.

-Балалар бізге қуыршақ Айгүл қонаққа келді.(Қуыршақ Айгүлдің үстінің кір болып кеткенін айтып,менен өзін шомылдыруды өтінеді)

Кәне, балалар,Айгүлді бірге шомылдырайық. Киім шешу ретін көрсету.Шешіп отырып,киімдерінің аттарын атап отыру.Шешіп болған соң,шомылдыру.Ыдысқа су құйып,сабынмен денесін сабындап,одаң соң таза сумен жуындырамыз,болған соң сүлгімен сүртіп, денесін құрғатып,таза киімдерін кигіземіз.Киіндірерде- киіну ретін көрсету.Айгүл рақмет айтады.

Оның ұйқысы келді,әлдилеп ұйықтатайық. «Бесік жырын» айтып,Айгүлді ұйықтату.Қуыршақ балалардың әлдиіне ұйықтап қалады.

Сергіту сәті.

«Не жоқ?» дидактикалық ойыны.(киімдердің суреттерімен)Киімдерді тізіп қойып жоқ киімді табу.


Қуыршақ Айгүлге таңғалады.Айгүлдің кір болғанына аяушылық танытады.



Киім шешуге,шомылдыруға көмектеседі.Қамқорлық көрсетуге ұмтылады.Киімінің шешу ретін,киімнің аттарын білуге, үйренуге тырысады.




Ойынды қуана ойнайды. Балалардың көңілдері көтеріледі.Жоқ киімді табуға тырысады.



Жуындыруға қажетті заттарды айтуға тырысады.




Рефлексиялық-түзетушілік

Сұрақ-жауап арқылы оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Шешінерде,бірінші неден бастап шешінеміз?

-Киінерде,бірінші неден бастап киінеміз?

-Жуыну үшін қандай заттар керек?

-Қандай киімдерді білесіңдер?

Балалардың қамқорлығын бағалау.

Сұрақтарға жауап беріп үйренеді.Киімдердің аттарын атап үйренеді.Жуынуға қажетті заттарды біледі.


Біледі:киімдердің аттарын;

Игереді:тазалық туралы түсініктерді;

Меңгереді:киінудің, шешінудің ретін.




Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы


Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Тазалық-таза баланың досы.

Мақсаты:тазалық бұйымдарымен таныстыру.Сүлгі,сабын сөздерін қатыстырып,2-3 сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге үйрету.Балаларды таза жүруге үйрету.

Көрнекіліктер:қуыршақ,үлестірмелі суреттер,тазалық заттары:сабын,сүлгі,тарақ,айна.

Іс-әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық








Балаларды жартылай шеңберге отырғызып,С.Қалиұлының «Үлгі»өлеңін оқып береді:

-Кім жек көрер пысықты,

«Ылғи бетін жуады»,-

Деп,тәтеміз мысықты

Бізге үлгі қылады.

Үлгі сөзіне сөздік жұмыс жасайды.

Дыбыстық жаттығу.

Ү-ү-үлгі.

-Балалар,мысық ылғи бетін жуады,тазалықты сақтайды.Ал сендер тазалықты жақсы көресіңдер ме?

Таза болуымыз,тазалықты сүюіміз керек.Таза жүрсек ауырмаймыз.

Өлеңді қызыға тыңдайды.



Өлеңді түсінуге тырысады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Ғажайып сәт:

Қолында сөмкесі бар қуыршақ қонаққа келеді.Қуыршақ өзін Әйгерім деп таныстырады.Қуыршақтың сөмкесінде не бар екен деп қызықтырады.Тазалық заттары:сабын,сүлгі,тарақ,айна бар екен деп олардың аттарын,түсін,құрылысын,не үшін керек екенін сипаттауды ұсыну. Сабынмен жуынамыз,тарақпен шашымызды тараймыз,сүлгімен сүртінеміз деп айтып түсіндіру.

Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,

Бетімді жуамын,

Тісімді тазалаймын,

Шашымды тараймын,

Тап-таза боламын.

«Не артық?»дидактикалық ойыны.

Шарты:Артық затты табу.Не себепті артық екенің айтады.


Балалар қуыршаққа,оның сөмкесіне қызығушылық танытады.




Тазалық заттарымен танысады.Оларды сипаттауға ұмтылады.



Өлең жолдарына сәйкес қимыл-қозғалыстар жасайды.








Балалар ойнауға қызығушылық танытады.

Рефлексиялық-түзетушілік


Балаларға тазалық туралы сұрақтар қойып,қорытындылау.

Сұрақтарға жауап беріп үйренеді.


Біледі:тазалық заттарын;

Игереді:тазалық туралы түсінікті;

Меңгереді:таза жүруді.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Ұйымдастырылған оқ іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру аймағы: «Қатынас»

Бөлімі:Тіл дамыту

Тақырыбы:Біздің балалар қайда екен?

Мақсаты: Топпен таныстыру, бөлмелердің аттарын үйрету. Сұрақтарға жауап беруге үйрету.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар:балабақшаның суреті, орамал

Билингвальді компонент:жиһаз.

Іс-әрекет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық-қозғаушылық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға біз таңертең балабақшаға келеміз дей отыра балабақшаны суреттен таныстыру.

-Балабақшамыз үлкен, әдемі, ауласы кең.Балалар, біз қазір топ бөлмесінде тұрмыз деп,балалардың көңілдерін топ бөлмесінің ішіне аудару.

-Мынау-орындық, мынау-терезе,үстел,мынау-ойыншықтар тұратын жиһаз,онда ойыншықтар жинайсыңдар,топта тағы бөлмелер бар.Мынау шешінетін бөлме,онда шешінесіңдер.Ас бөлмесінде ыдыстар тұрады.Ол ыдыстармен тамақ ішесіңдер.

Мынау-ұйықтайтын бөлме,онда сендер жататын кереуеттер тұрады.Тобымыз үлкен ,әрі жарық.

- Балалар  топқа қызыға қарайды.

 

 

 

 

Заттармен танысуға құлшыныс танытады. Тәрбиешіні тыңдайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

-Балалардың көңілің ормалға аудару. «Орамал кімді жасырады екен?»,-деп,бір баланың бетіне бір сәтке жабу.Орамалды қайта ашып: «Бұл кім болды екен?» деген сұрақ қойу.Осылай әр баламен ойнау.Әрқайсысына өз аттарын айтқызу.Тағыда сұрақтар қойып, сұрақтарға жауап беруге, сөйлетуге үйрету.

-Сен қайда тұрасын?Сен атыңды айтшы?

-Кімннің қасында тұрсын?Ол баланың атын білесің бе?

«Біздің балалар қайда екен?»дидактикалық ойыны.Үлестірмелі материалдарда берілген сурет бойынша балалардың қайда тығылып тұрғаның тапқызу.

-Орамалға күлімдей қарайды.Көңілді болуға тырысады.Сұрақтарға жауап беруге тырысады.Орамалмен беті жабылған бала өз атын айтады.Қасында тұрған баланың атын айтады.

-Милена үстелдің астында тығылып жатыр.

-Дания үлкен ойыншық қонжықтың артында отыр.

 

 

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалардың көңіл-күйлеріне қарап мақтап, мадақтау.Балаларды сөйлеуге үйрету.

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қуаныш сезімдерін танытады.Балалар сөйлеп үйренеді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі:өздерінің,көшелерінің атын айтуды.

Игереді:топ туралы түсінікті.

Меңгереді:сұрақтарға жауап береді.

 

Автор
Дата добавления 14.04.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров11234
Номер материала 483250
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх