Инфоурок Другое Видеоуроки"Жасыл шырша жанында" (1-сынып)

"Жасыл шырша жанында" (1-сынып)

Скачать материал

 

Жасыл  шырша  жанында.

 

 1-жүргізуші:  Құрметті  оқушылар,  ұстаздар,  ата-аналар! Жаңа  жылдарыңыз  құтты  болсын!

2-жүргізуші:   Жаңа  жыл  әрбіріңіздің  отбасыңызға  жаңа нұр, жаңа  шуақ, табыс пен  береке, қуаныш  пен  мереке алып  келсін. 

  1-жүргізуші:   Бүгін  сізге  жырдан  алқа  тағайын

  Шат  күлкіге  толы  болсын  маңайың

  Көргендер  де  көрмеген де  арманда

 Жаңа  жылың құтты болсын  ағайын.

2-жүргізуші:   Бүгінгі жаңа жылдық кешіміздің алғашқы шашуы     Тоғжан  мен  Арайлымның   орындауындағы   орындауындағы    «Жаңа  жыл»   әнін  қабыл  алыңыздар!

 

1-жүргізуші:  Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,

 Баратын болашаққа білек түріп.

 Әдемі тілектерге қол соғамыз,

 Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып,  дей  отырып  оқушылардың  құттықтауларына   кезек  береміз.

 

1- оқушы:  Жаңа жылға арналады жаңа жыр

Ырысбек    Жаңа жылда шақырады бар өмір.

                    Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

                    Құтты болсын, құтты болсын  Жаңа жыл .

 

2-оқушы:            Жаңа жылда жол болсын!

 Тоғжан               Әрбір үйде той болсын!

     Берекелі жыл болсын!

     Ақ  дастарқан мол болсын!

 

3-оқушы:           Жаңа-жылмен, жаңа-жылмен,
Еркебұлан          Құттықтаймыз әрине.
                           Әкемізді, анамызды
                            Қонақтардың бәрін де!

 

4-оқушы:            Тілеймін мен бар әлемге
Сағынғали          Дос көп болсын жанашыр
                            Ата- әже, ата- әже
                            Құтты болсын жаңа жыл.

                           

5-оқушы:           Тілеймін мен бар адамға 
Мереке               Жаңа бақыт, жаңа жыр
                            Әке- ана, әке –ана
                            Құтты болсын жаңа жыл.

 

6-оқушы:            Жаңа жылың құтты болсын,

Анель                 Мейірімді ата - анам.
                            Шалқып шығып келе жатыр
                            Жаңа бір күн жотадан!

 

7-оқушы:       Келді  міне,  жаңа  жыл

Арайлым       Тамаша  жыл  болса екен

Бар баланы  қуантып,

Бақыт  құсы  қонса екен.

 

8-оқушы:      Жаңа жылды бәрің мендей тойлаңдар, 

Әділет             Туған елге жақсы тілек ойлаңдар.

 Қаңтар айын жаңа жылдай қабылдап

Бұрқыраған  боранменен  ойнаңдар.

 

 9-оқушы:     Азаймасын  ән  мен  жыр

Ағырыс          Ел  көңілін  көтерсін.

Құтты  болсын  келген  жыл

Бақыт,  дәулет  әкелсін.

 

Алдар көсе: Мен Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдадым.
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдаймын.
Еее… Ту алыста болайын деп жатқан Жаңа жыл мерекесіне қалай жетсем екен? Мыстанның алдап сыпыртқысын алып алу керек еді. Оны қалай алдасам екен? (Сол кезде мыстан ұшып  келеді)
О,өзі де келді, бәрекелді!
Мыстан:Сенсің, бе Алдар?       (Алдар екі қолын қосып ішіне қарап тұрады)
Алдар: Иә, Мыстан кемпір, мазалама мені.
Мыстан: Не болыпты? Не істеп тұрсың?
Алдар: Ой, мына сиқырлы тесіктен Жаңа жыл мерекесі қалай өтіп жатқанын көріп тұрмын.
Мыстан: Ей, Алдеке, мені жаңа жылға ешкім шақырған жоқ,берші маған мен де көрейін!
Алдар: Ал жарайды,көрсең көр.(Алдар мыстанға тесікті көрсетеді,мыстан тесікке қарап тұрғанда Алдар сыпыртқысына мініп ұшып кетеді)
Мыстан: Ей, Алдар,мені алдап кеттің ғой! Мен саған көрсетейін Жаңа Жылды! (Ашуланып кетіп қалады)

1-жүргізуші :  Жаңа жылың құтты болсын, аналар, 
                         Бүлдіршіндер өздеріңнен нәр алар . 
                         Сендер барда дүниеге келеді 
                         Ұлы ақындар , дүр ғалымдар,  даналар,-  дей  отырып  келесі  жолданар  ән осында  отырған  барша  анамыз  бен  әкелерімізге  арналады.

Ән:  Қос  бәйтерегім

Орындайтын:  Әбді  Сағыныш

 

(Сол кезде Алдар көсе сыпыртқымен ұшып келеді де әнін айтады)
Алдар: Мен Алдармын, Алдармын,
Шайтанды да алдадым.
Алдау деген түк емес,
Мыстанды да алдадым.
1- жүргізуші: Біздің мейрамымызға қош келдіңіз,Алдеке! Кімді алдадым деп айттыңыз?
Алдар: Оу, мыстанның өзін алдап,сыпыртқысымен ұшып келдім.А, айтпақшы ол өте ашулы болды. «Жаңа жыл шыршасына ешкім шақырмады» дейді.
2- жүргізуші: Сен мыстанды алдадың, ал кесірі бізге тимей ме?
Алдар: Ол жағын білмеймін,  мен өзім концерт көруге келдім. Бастайық.   (Ол жайғасып отырады)
1-жүргізуші: Ал ендеше бастайық. Ортаға…
Сол кезде мыстан кіріп:   Ал ортаға мен шығамын. Мені шақырмағасын өзім келдім. Ал Алдармен басқаша сөйлесемін… Алдар қайда… Қашып кетті.
2-жүргізуші: Мыстан апа ашуланбаңыз. Бізбен бірге Жаңа жылды қарсы алыңыз.
Мыстан: Менде сендерге айтатын бір жаңалығым бар.Сіз күтіп жүрген Аяз ата мен Ақшақарды мен ұстап отырмын.
1-жүргізуші: Оныңыз қалай? Аяз атасыз мереке қалай өтеді? Кәнеки, балалар ,
мыстанның  көңілін табуға тырысып  көрелік. Мыстан  апаға  арнап  «Шөжаларым»  биін  билеп  берейік.

Мыстан кемпір: Билерің ұнады.  Жарайды,  Аяз  ата  мен  Ақшақарды  ертіп  келейін.

1-жүргізуші: Қане  балалар,  Аяз  атаны  бәріміз  шақырайық.

Барлығы: Аяз ата, Ақшақар!

Аяз ата:   Амансың ба, балдарым?!
Қандай жарқын жүздерің,
Қандай әсем билерің!
Аталарың сендерге,
Асау желмен алысып
Шаршап келді алыстан.
Қаршақыз бен жаңа  жыл,
Олар да жүр қасымда,
Өздеріңдей балалармен
Сағынысып табысқан.

Өздерің  сияқты  балалардың шат  күлкілі  думан  тойын аралап  келемін. Міне , сендердің орталарыңа әзер жеттім.  Өткен жылға ризамын. Адамзат баласын қуантар көптеген жақсы оқиғалар өтті.  Өздерің де тағы бір жылды артқа тастап, бір жасқа өскелі тұрсыңдар.  Жаңа жылдарың құтты болсын!  

Ақшақар:      Армысыздар, оқушылар, ата-ана,

Жаңа жылдарыңыз құтты болсын.
Жаңа жыл бірлік пен татулық жылы болсын,
Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын.

 

Жаңа  жыл:   Жақсылыққа бағыт алған

Тауықпын мен  Жаңа  жыл

 Жаңа жылда барлығыңыз

 Жаңа үміт таба біл.

Жаңа жылдың мерекесін

Мерекеге жалғаймын

 Елде, жерде, табиғатта

                        Бақыт   жолды қолдаймын.

 

1-жүргізуші:      Аяз ата,  ақшақар,  жаңа  жыл  қош келдіңіздер.    Біз сізді сағынып көптен күтіп жүрміз. Біздің балаларымыз   өзіңізбен бірге би-билеп, ән салып, қуанып қалатын болды. 

2-жүргізуші:   Ендеше, балалар ары қарай өнерлерімізді Аяз атаға көресетейік.  Аяз ата біздің балалардың сізге дайындаған тақпақтарын тыңдаңыз.

  1-оқушы:      Жаңа  жыл  келді  міне  жерімізге,

Сағыныш        Әкелсін  құт-береке  елімізге.

Жақсылық  пен  қуаныш  жылы  болып,

Қиындық  жолатпасын  бәрімізге.

 

2-оқушы:   Жаңа  жылда  жаңа  белден  асамыз

Ақниет       Жаңа  жылға  жырмен  шашу  шашамыз.

       Бейбітшілік  ұранымен  жеңіспен

       Жаңа  жылда  тағы  да  алға басамыз.

 

3-оқушы:        Кел, Жаңа жыл жеріме,

Бекжан           Ырыс, бақыт  арқалап.

Ұлан-байтақ еліме,

Таратайық  арбалап.

 

4-оқушы:        Келді  міне,  Жаңа  жыл

Айкөркем       Қуанайық  қарсы  алып.

Асыр  салып  ойнайық

                        Шырша  айналып,  ән  салып.

                          

5-оқушы:         Төрлет  қане, Жаңа  жыл

 Аяулым          Үлестір  құт  береке.

                         Көп  қуаныш  ала  жүр,

                         Көп  болсыншы  мереке.

 

6-оқушы:       Жүзімізде  күлкі  ойнап,

Ғизат               Қанаттанды  жанымыз

Жаңа  жылды  біз  тойлап

Шаттанамыз  бәріміз.

 

2-жүргізуші :  Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
                          К
өңілдене қосыл сен ән мен жырға.
                         Қыс қызығы басылмай ұласады,
                         Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

 

1-жүргізуші :  Қуаныш пен шаттыққа кенелейік , 
                       Жадырап ән шырқап тербелейік 
                       Төрле төрле халқымның құтты жылы ! 
                       Бәріміз дөңгелене би билейік . 
Би:  __Вальс______________________________

1-жүргізуші :  Армысыздар, балалардың жақсы анасы , 
                         Жайнасын көңіліңіздің жасыл бағы . 
                         Сіздер үшін бүгінгі сән менен сый , 
                         Сіздер үшін бүгінгі ән менен күй . 

Жақсылық  Ырысбектің  орындауындағы  «Ана-Әке» әнін  қабыл  алыңыздар.

 

1-жүргізуші :   Сыныбымыздың  бишілерін шақырамыз 
                          Қошеметпен, құрметпен қарсы аламыз 
                          Бишілерді ырғалтып би билетіп 
                          Қол соғып биік шыңға самғатамыз, -деп бишілерді ортаға шақырамыз. 

Би:   Флешмоб  

1-жүргізуші :   Барлық жандар бір білекке қосқан үн,

                           Бақытты боп бастады жыл дастанын.

                           Қуанышпен келді той боп  жаңа жыл,

                           Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

Мұханбет  Әділеттің  орындауындағы  «Шыршаға  бардық»  әнін  қабыл  алыңыздар.

Аяз ата:  Жарайсыңдар балаларым! Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Киген киімдерің қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Қош болыңдар!(қолдарын бұлғап шығып кетеді.)
Ақшақар: Сау болыңдар, оқушылар, келесі жаңа жылда кездескенше!
Балалар: Сау болыңыздар! Рақмет сіздерге!

Жүргізуші:    Бүгінгі  кеш  әр  үйдің  той  басы  деп  саналар,

Балалардың  есімі  әулеттерге  таралар

Ырым  етіп сондықтан  ертеңгілік  соңында,

Ақ  тілекпен  баршаға  тілек  айтар  қонақтар- дей  отырып,  балаларға  тілек  айтып,

жылы  лебізін білдіруге ортаға  ата-аналарды  шақырамыз.

Жүргізуші: Ал,  балалар  өздеріңе  арналған  жасыл шырша мерекесі  тамаша  болды  емес пе? Ризасыңдар ғой? 

(Барлығы:      Ризамыз! Ризамыз!)

1-жүргізуші:    Құрметті қонақтар, балалар!  Жаңа   жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды. Осындай керемет өтуге ат салысып жүрген ата - аналар, балалар  сіздерге  мың алғыс!  

2-жүргізуші:   Көріп тамашалағандарыңа рахмет. Жаңа жыл құтты болсын, отбасыларыңызға тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жасыл шырша жанында" (1-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 043 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.04.2017 1097
    • DOCX 31.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Елхондиева Карлыгаш Саттибаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4053
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой