Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Школьному психологу / Другие методич. материалы / Жеткіншектің темпераментін,мамандыққа бейімін анықтауға арналған әдістеме
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Школьному психологу

Жеткіншектің темпераментін,мамандыққа бейімін анықтауға арналған әдістеме

библиотека
материалов

Темперамент және мамандық

Күнделікті өмірдің қуанышы мен қайғысында сангвиник,

Ал,өмірдің маңызды жаңалықтарында – меланхолик,

Біздің қызығушылығымызды тереңдететін мүмкіндікте – холерик,

және тілектеріміздің орындалуында флегматик болу керек.

В.Вундт

Темперамент – биологиялық сапа, ол уақыт өте келе емес, дүниеге келген кезден бастап қылыптасады. Темперамент біздің реакциямыздың күшін және тұрақтылығын анықтап, жылдамдығын қамтамасыз етеді. Ол ойлауда, біздің сөзімізде, қарым- қатынас манерасында көрінеді.

Берілген бірнеше тұжырымдаманы оқып шығыңыз. Егер әртүрлі жағдайда сіздің сезіміңізге, реакцияңызға қатысты сұрақтарға ия деп жауап берсеңіз « +» немесе керісінше жоқ болса « - » белгісін қойыңыз.

Сауалнама

  1. Мен жаңа өзгерістерге қажеттілікті жиі сезінемін

  2. Маған өз жоспарларымнан бас тарту қынға соғады

  3. Мен көбіне ұзақ ойланбастан сөйлеп, тез іс- әрекет жасаймын

  4. Кейде мен еш себепсіз өзімді бақытсыз сезінемін

  5. Мен бәстесіп, беймәлім іс әрекетке бара аламын

  6. Кейде мен өз уәдемді бұзамын

  7. Менің көңіл – күйім жиі өзгеріп тұрады

  8. Маған азартты ойындар ұнайды

  9. Менде жүрек соғысы жиі болады

  10. Мен дұрыс айтпағаным немесе іс-әрекет жасамағыным үшін жиі уайымдаймын

  11. Маған жылдамдықты талап ететін жұмыстар ұнайды

  12. Маған өз таныстарым туралы жаман сөз айтуға тура келді

  13. Менің ренжіту, көңілімді қалдыру оңай

  14. Аз досың болғанша, көп танысың болғаны жақсы

  15. Кейде менің күш- қуатым тасып, ал кейде құрығандай боп көрінеді

  16. Маған жалғыздықта қалғаннан көрі, топпен болған ұнайды

  17. Мен сәтсіздікті ұзақ уайымдаймын

  18. Менің басқалардан жасырғым келетін ойларым болады

  19. Мен өз сезімдеріме ерік беріп, топта шын ниетпен көңіл көтере аламын

  20. Менің жүйке жүйем көбіне шектен тыс жоғары (нервы напределе)

  21. Мені көңілді адам деп ойлайды

  22. Мен көбіне уақытылы айтылған немесе айтылмаған сөздер туралы уайымдаймын

  23. Мен тұрпайылыққа тұрпайылықпен жауап беремін (отвечаю на грубость грубостью)

  24. Менің кешігуім мүмкін

  25. Негізінен маған шулы топта ыңғайлы және көңілді

  26. Кейде маған әртүрлі ойлар ұйықтауға кедергі жасайды

  27. Маған өзім оқып алғаннан көрі, басқалардан сұрап алған оңайырақ

  28. Мен көбіне кінәні сеземін

  29. Маған көңіл бөлу ортасында болған ұнайды(быть в центре внимания)

  30. Кейде мен өзім түсінбейтін заттар туралы айтамын

  31. Мен қорқынышты түстерді жиі көремін

  32. Маған танымайтын адаммен сөйлесіп кету оңай

  33. Кейде мен өзімді басқаларға қарағанда нашар (хуже других) сезінемін

  34. Мен өзіме сенімдімін

  35. Мені сынаған көңіліме келеді

  36. Менің кейбір зиянды әдеттерім бар

  37. Мен зеріккен топтың көңілін аулай аламын

  38. Мен өз денсаулығым туралы мазаланамын

  39. Мен басқалармен ойнағанды(подшучивать над другими) жақсы көремін

  40. Маған өтініш жасағанда « жоқ» деп жауап беру қиынға соғады

Өзіңіздің жауабыңызды санаңыз - 6, 12, 18, 24, 30, 36 сұрақтарға «жоқ» жауабына бір балдан есептеледі. Бал қосындысын шынайылық бағанына жазыңыз. Бал саны қаншалықты төмен болса , тесті қорытындысының шынайылық деңгейі жоғары болады. Егер сіз үш балдан жоғары жинасаңыз, сіздің еріксіз «жақсы», «дұрыс» жауап беруге тырысқаныңыз көрінеді.

1, 3, 5, 8, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 25, 27, 29, 32, 34, 37, 39 нөмірлі сұрақтарға «ия» деген жауабыңызды есептеңіз. Қосындысын ашықтық(открытость) «Экстраверсия» бағанына жазыңыз.

Енді осы ашықтық (открытость)бағанына жазған балыңызға байланысты тұжырымдамамен танысыңыз:

1-5 бал. Егер сіз 6 балдан төмен жинасаңыз онда сіз- интровертсіз. Интроверт («intro» латын тілінен аударғанда «ішке» дегенді білдіреді) өзінің ішкі жан дүниесіне бағытталған, ол өз сезімдерімен, ойларымен өмір сүріп, сыртқы ортадағы адамдармен қарым-қатынас жасауға қажеттілігі болмайды. Сондықтан тығыз қарым- қатынасты талап ететін дәрігер, мұғалім, сатушы, заңгер, тілші менеджер сияқты мамандықтар шаршатып жіберуі мүмкін. Өз назарыңызды адамдармен ұзақ қарым- қатынасты қажет етпейтін қызмет түрлеріне аударыңыз: жоспарлау, конструкциялау, шығармашылық, текстпен, өсімдіктермен, жан- жануарлармен жұмыстар. Сізде талант болса ұқыптылық пен нақтылықты талап ететін ғылымдарда, өнер қызметтерінде сіз жетістікке жетесіз.

6-11 бал. Бұл типтегі адамдарға психологияда арнайы термин бар – амбиверт («ambi» латын тілінен алғанда - қосарланған). Бұл тұлғаның универсальды типі, алтын ортасы . Сіз қарым-қатынаста талғампазсыз. Сізге адамдармен бірге болаған ұнайды, бірақ қоршаған ортаңыздағы адамдардың кім екендігі маңызды. Сіз ортада өзіңізді жақсы сезінесіз, бірақ бұдан тез бас тартуыңыз да мүмкін. Жалғыздық сізді қорқытпайды. Сізге қарым- қатынас жасайтын мамандықтар, сонымен қатар жалғыздықта да жұмыс жасауға болатын мамандықтар сай келеді.

12- 17 бал. Егер сіз 12 балдан жоғары жинасаңыз, сіз- экстравертсіз. Экстраверт («extra» латын тілінен аударғанда «сырт» , «үстіртін» білдіреді) – бұндай адам сыртқы жағдайларға, заттарған бағыттады. Мүмкін сізге айналаңыздағы адамдардың ортасында, назарында болған ұнайды. Айналаңыз үшін сіз өз істеріңізден де бас тартуыңыз мүмкін. Сізге тұрақтылықты, шыдамдылықты талап ететін қызметтерді орындау қиынға соғуы мүмкін. Сізге сатып алушымен, клиенттермен, пациенттермен оқушылармен, студенттермен , жолаушылармен қарым- қатынаста болатын қызметтер сай келуі мүмкін. Шыдамдылық пен тұрақтылықты талап ететін мамандықтар (компьютерде жұмыс жасау, зерттеу жұмыстары, есептеу) сізден жоғары күш қуатыңызды , ден қоюыңызды талап етеді.

2,4,7,9,10,13,15,17,20,22,26,28,31,33,35,38,40 сұрақтарға «ия» жауабын санаңыз. Шыққан санды тұрақтылық «стабильность» сызығына жазыңыз. Осыған байланысты тұжырымдамамен танысыңыз:

1-5 бал. Сізді тепетеңдіктен шығару қиын. Сіз суыққанды, қатаңсыз. Өзге адамдардың мазалығы сізге түсініксіз. Сіз өз көңіліңізді сөзбен айтқаннан көрі, ісіңізбен көрсетесіз. Өз-өзін ұстауға, тәуекелге баруды талап ететін мамандықтар сізге арналғандай.

Сіз жоғары эмоциялы жүктемелерді көтере аласыз. Хирург, әскери, заң қорғау органдарының, тәжірибеші техник, құтқарушы мамандықтарына көңіл аударыңыз.

6-11 бал. Эмоция тұрақтылығы. Сізде шыдамдылық пен сезімталдық сәтті ұштасқан. Сіз басқаларына қарағанда өмір қиындықтарын жеңіл өткересіз, сонымен қатар басқа адамның эмоциялық жағдайын түсініп,сезініп, қолдау жасай аласыз. Егер сізде адамдармен қарым-қатынас жасауға қажеттілік болса, мындай қызметтер сферасына назар аударыңыз, қызмет көрсету, оқыту, тәрбие, медицина, басқару.

12-17 бал. Мүмкін сіз өз қиындықтарыңызбен қатар, өзгелердің де қиыншылықтарын жүрегіңізге жақын қабылдайсыз. Сіздің өзге адамдарға көмекке келуге дайындығыңыз, басқаларға ұнауы мүмкін . Мұндай қасиеттің профессионалды маңыздылығын талап ететін көптеген мамандықтар бар. Мысалы, әлеуметтік сфераның барлық мамандықтары. Өнер адамдары да ерекше қабылдау, жанашырлық қасиетке ие. Табиғат оларды басқа адамдарға қарағында, жүйке жүйесінің нәзіктігімен ерекшелендіреді. Егер мұны есте сақтасақ қоршаған ортаны қабылдау жеңілдеу болар еді. Сіздің ақ көңілдігіңіз , көмекке дәру адамдарды тартуы мүмкін. Бірақ бірінші орында сіз өзіңіз сенімділік пен күшке ие болуыңыз керек.

Көлденең (горизонтальды) өске «Экстраверсия» шкаласының бал қосындысын жазыңыз, ал тік (вертикальды) өске тұрақтылық «Стабильность» шкаласының бал қосындысын жазыңыз. (14 сурет ).

Өс координаттарына екі нүктені белгілеп алғасын сіз өз темпераментіңізді оңай анықтайсыз. Ортадан сіз қаншалықта алыс болған сайын берілген 4 темпераменттің ішінде сіздің анықталған темпераментіңіз басымдырақ, айқындырақ болады. Егер сіздің белгілеген нүктеңіз берілген өстің бірінің бойында көрсетілсе, онда сіз 2 темперамент қосындысын өзіңіздың бойыңыздан табасыз. Ал егер сіз дәл ортасына түссеңіз, яғни сіз 4 темпераментте берілген мінез- құлыққа ие екеніңіз анықталады.


Жоғары оң төртбұрыш. Холериктік темперамент


Холерик – ұшып –қонып тұратын, күйгелек, шамданғыш, тынымсыз, көңіл -күйі құбылмалы, қарым- қатынас жасағанда мінезі аумалы- төкпелі, тұрақсыз, пысық, ашуланшақ адам. Қолына алған жұмысы өнбей жатса , күйіп- пісіп, жылдам ашуланады. Ұстамсыз, ұшқалақ тип. Қимыл - әрекетті сүйеді. Әдетте оның қимыл-қозғалысы батыл шапшаң болады. Ол қызыққан жұмысына әбден беріліп, барлық ынтасын салып орындайды. Ой - әрекетінің белсенділігі оқу тапсырмаларын орындауынан көрінеді. Спорт, әсіресе, қозғалыс ойындарына бар ықыласымен қатысады. Мінезі сотқар, шалудар келеді. Өз эмоциялары мен қимыл- қозғалыстарын билей алмай, қабынып, күйіп пісуге дайын тұрады. Бұлардың сөзі жылдам, интонациялары толқымалы, кейде қызу сөйлеп, төңірегіндегілерді тез ұйытады. Олар өте сезімтал, түрлі әсерлерге тез беріледі, ызақор, ашушаң келеді. Оның мұндай мінез ерекшеліктері өткір көзінен, тез және оңтайлы қозғалыстарынан жақсы байқалады. Холериктерге – әртіс, дипломат, журналист, кәсіпкер, хирург, ұшқыш, диспечер, жүргізуші, тренер, менеджер, құрылысшы, режиссер, аспазшы, геолог, электрик т.б. мамандықтар жарасады.





Төменгі сол жақтағы төртбұрыш. Флегматикалық темперамент


Флегматик - өте сақ, ұяң, байсалды, сенімді, тұрақты, салқынқанды жұртқа жақсылық тілеумен жүретін жандар. Бастаған ісін аяғына жеткізбей тастап кетпейді, іске келгенде өте мұқият, асықпайды. Адамдармен қарым- қатынас жасағанда, мінездері тұрақты, біркелкі. Олардың сезімдері терең, бірақ сырт көзден жасырын. Оларды қиын.Флегматикалық темпераментқа ие адамдарға шыдамдылықты, салқынқандылықты, салмақтылықты оңай жаттықтыруға болады. Бірақ флегматикке өзіне жетіспейтін мынадай сапаларды шынықтырған жөн – жоғары қозғалғыштықты, белсенділік, білгілі бір жағдайларда қалыптасуы мүмкін, өз қызметіне қатысты солғындық, инерттілікпен, немқұрайлықпен қарамау. Флегамтиктерде жүйелік қызметтерге ыңғайлары бар, қойылған тапсырмаға ойланып, жан- жағынан қарастыру – зерттеуші, ғалымның мамандық сапалары. Олар механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, ғылыми- ботаник, астроном, физик, математик т.б.


Төменгі оң жақтағы төртбұрыш. Сангвиникалық темперамент


Сангвиник- ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, жаны жомарт, оптимист, өмірге құштар, қуатты адамдар, бір қызмет түрінен екіншісіне тез ауыса алады, бірақ бір қалыпты жұмыты даны сүймейді. Олар өз эмоциясын оңай басқара алады, жаңа орынға тез бейімделеді, қарым- қатынас жасағанды ұнатады. Басшылық етуге, жетекшілікке құмар. Сангвиниктерде қуаныш, қайғы сезімі, бауыр басу немесе жек көру сезімдері тез пайда болады , бірақ тереңге бойламайды, райынан тез қайтады. Көңіл – күйлері өзгермелі, құбылып тұрады, бірақ көбіне жақсы көңіл- күй басым болады. Бұл адам эмоциясын ішінде ұстап қала алмайды, қандай жағдайда да, әсерін сыртқы ортамен бөлісе береді. Олар жұрттың назарын өздеріне аударта алатын белсенді жандар. Сангвиниктік темпераментке жататын адамдар мамандық таңдағанда еш кедергілер қоймайды.Олар жақсы менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы, инженер- технолог т.б. мамандықтарды иелене алады.



Жоғары мол жақтағы төртбұрыш . Меланхоликалық темперамент

Меланхолик- пессимист, тұйық, сөзге сараң, аса баяу қозғалатын, ұялшақ, қыңыр, жайбасар, қисық адам. Кез келген қоршаған ортада болып жатырған құбылыстарға бей- жай қарап, сезімін үнемі ішінде сақтап жүреді. Жалғыздықты сүйеді. Меланхолик типіне жататын адамдардың эмоциялық жағдайы мен сезімдері тереңдігімен, күштілігімен және ұзақтығымен ерекшеленеді. Олар ренішті, кедергілерді, қайғыны сырт көзге байқалмаса да, ауыр өткереді. Олар өздерін көп таныс емес адамдардан алшақ ұстайды, жиі ұялып, таныс емес орында ыңғайсыздық танытады. Барлық жаңа, түсініксіздер меланхоликтерде жасырын қарсылық тудырады. Бірақ тыныш, таныс орында мұндай темпераментке ие адамдар өзерін ыңғайлы сезінеді және өнімді жұмыс жасайды. Меланхоликтерге тұңғиықтық пен тұрақтылық тән, сырт құбылыстарға өте сезімтал. Меланхоликтерге – педагог, суретші, тігінші- модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник, есепші, радиомеханик т.б. мамандықтар.



Қорытынды: Темпераменттер таза түрінде өте сирек кездеседі. Әр адамда холериктен, сангвиниктен, флегматиктен және меланхоликтен кездеседі. Осыдан сұрақ туындайды , қайсысы жақсы, жылдың қай мезгілі жақсы- деген сұрақ сияқты, мұндай сауалдың еш мағынасы жоқ. Әрқайсының өзінің жақсы да, жаман да жақтары бар. Бастысы соны біліп, әрекет жасау қажет, жағдайға қарай іс- әрекеттің тиімді моделін таңдап, табиғи мінез-құлыққа бой алдырмай, оларды дамытып , ұштау керек. Темпераменттердің ерекшеліктерін мамандық таңдағанда ескерген жөн.





Темперамент және мамандық


Аты- жөні ________________________________________________________сынып_______________


hello_html_m1e8b799a.png

Шынайылық ___________


Ашықтық ___________


Тұрақтылық __________


Темперамент және мамандық


Аты-жөні ____________________________________________________________Сынып_______________

hello_html_m1e8b799a.png

Шынайылық __________

Ашықтық __________

Тұрақтылық _________















Темперамент және мамандық


Аты- жөні ____________________________________________________________Сынып ______________

hello_html_m1e8b799a.png

Шынайылық ___________

Ашықтық ___________


Тұрақтылық __________



Краткое описание документа:

           Жеткіншектің темпераментін және соған байланысты  мамандыққа бейімін анықтау.

Темперамент –биологиялық сапа, олуақыт өте келе емес, дүниеге келген кезден бастап қылыптасады.  Темперамент  біздің реакциямыздың күшін және тұрақтылығын анықтап,  жылдамдығын қамтамасыз етеді.Ол ойлауда, біздің сөзімізде, қарым- қатынас манерасында көрінеді. 

Темпераменттер таза түрінде өте сирек кездеседі. Әр адамда холериктен, сангвиниктен, флегматиктен және меланхоликтен кездеседі. Осыдан сұрақ туындайды , қайсысы  жақсы, жылдың қай мезгілі жақсы- деген  сұрақ сияқты, мұндай сауалдың  еш мағынасы жоқ. Әрқайсының өзінің жақсы да, жаман да жақтары бар. Бастысы соны біліп, әрекет жасау қажет, жағдайға қарай іс- әрекеттің тиімді моделін таңдап, табиғи мінез-құлыққа бой алдырмай, оларды дамытып , ұштау  керек. Темпераменттердің ерекшеліктерін мамандық таңдағанда ескерген жөн. 

Автор
Дата добавления 21.11.2014
Раздел Школьному психологу
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1669
Номер материала 142570
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх