Инфоурок Другое Научные работыЖОҒАРЫ КЛАСС ОҚУШЫСЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН –ЖЫРАУЛАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

ЖОҒАРЫ КЛАСС ОҚУШЫСЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН –ЖЫРАУЛАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ

Скачать материал

ЖОҒАРЫ КЛАСС ОҚУШЫСЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН  ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ  ҚАЗАҚ АҚЫН –ЖЫРАУЛАРЫ  ЕҢБЕКТЕРІНІҢ  МАҢЫЗЫ

 

Р.Т. Сагадатов

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, педагогика ғылымның магистрі

А.Б.Берік

Ақтөбе қаласы №13 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Қазіргі заман – төртінші индустриялық революция басталған адамзат тарихының жаңа бір дәуірі.

Мемлекет басшысы 2018 жылғы Жолдауында «Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды», – деп біздің мемлекет пен қоғам алдындағы мақсат, міндеттерімізді нақты анықтай келіп, Қазақстан жаңғыруының базалық үш бағыты басталғандығын (экономика, саясат және сана) айтқан болатын /1/.

Осы аталған үш жаңғырудың бірі – рухани жаңғыру. Болашаққа бағдар беретін рухани жаңғыруға бет алған бұл қоғамдық дамудың тұжырымдамалық тарихи құжатында көрсетілген межелер өте өзекті. Біздің пайымдауымызша қоғам санасының жаңғыруы, жастар бойында ұлттық тіл, ұлттық сана, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерінің сақталуы – ұлтқа, жалпы мемлекетке төнген қат-қабат қауіп-қатерден құтылудың, сақтанудың жолы. Себебі қазіргі әлемдегі төртінші нидустриялық революция экономика мен саясаттан бөлек әлеуметтік жүйені де түгел қамтиды.

Дүниежүзілік Давос экономикалық форумының президенті Клаус Шваб өзінің «Төртінші индустриялық революция» атты еңбегінде: «Оның әрекет ету ауқымы одан әлдеқайда кең. Бір мезетте алуан түрлі салада: адам генінде жазылып қойылған ақпараттарды ашудан бастап – нанотехнологияға дейін, жаңартылған энергоресурстардан бастап – кваттық есептеуге дейінгі бұзып-жарып, буырқана алға ұмтылған технологиялық толқындар пайда болады. Дәл осы технологиялардың тоғысы мен олардың физикалық, цифрлық және биологиялық доменде өзара әсерлесуі төртінші индустриялық революцияның барлық алдыңғы революциялардан ауқымды айырмашылығын танытады», - деген тұжырым айтады /2/. Бұдан шығатын қорытынды әлемге мүмкіндік берген алапат индустриялық дамудың қатері – баршамыздың өмірімізді, адамдардың болмысы мен күнделікті қарым-қатынасымызды түбегейлі өзгертпек. Бұл өзерістер гуманитарлық ғылымдарға адам тәрбиесі, адам бойындағы адами құндылықтар мен әр ұлттың ерекшеліктерінің сақталуы деген сияқты мәселелерді қайтадан қарау қажеттілігін көрсетеді.

Осы орайда, Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы: «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды. Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйлесімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғырнамасы», - деген сөзін жадымыздан шығармаумыз керек /3/.

Осы айтылғандар бізге қазіргі уақытта жастардың, сонын ішінде оқушы-жастардың бүгінгі уақыт талабына сай тұлғалық сапалары мен қажеттіліктерін, соның ішінде комуникативтік мәдениетін ұлттық тұрғыдан қалыптастырудың маңызы мен  өзектілігін аңғартады.

Оған дәлел жан-жақты жетілген тұлға қалыптастыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  2015 жылдың «22» сәуірдегі  № 227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» атты мемлекеттік құжатта бүгінгі «тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды, адам өмірі мен денсаулығын, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизм, еңбексүйгіштік, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді». Сонымен қоса аталған құжатта «жаһандану дәуірінде қазіргі адамда қоршаған әлемге технократтық және тұтынушылық көзқарас үстем болатын заманауи қоғам дамуының ерекшеліктерін» ескерте келіп, осыған байланысты «адамзатты ұлттың тұрақты дамуының, рухани әлеуетінің артуына кепіл болатын прогрестің рухани-адамгершілік құндылықтарына, ана тілі мен ұлттық менталитеттің маңыздылығын нығайтуға қайта бағдарлау қажеттілігі» айқындалып,  нақты атап көрсетіледі .

Сонымен қатар осы құжат мазмұнында жеке тұлғаның «Туған жерін, халқын сүю және құрметтеу, отбасылық құндылықтарды қастерлеу, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттылық – қазақ халқының діл ерекшелігі болып табылатындығы» сөз етіледі  /4, 3 б./. Қазақ халқының жоғарыда аталған ең биік рухани-адамгершілік қасиеттерін оқушыларға меңгертудің ең бір мәдени-рухани баға жетпес құралы, негізгі жолы – түрлі тарихи кезеңдерде ұлы дала ұстаздары болған ақын-жыраулар еңбектері деп білеміз.

Ақын-жыраулар еңбектері – жастардың тұлғалық түрлі сапалары мен қажеттіліктерін, әсіресе тілдік, комуникативтік мәдениетін қалыптастырудағы қажетті ұлттық мазмұндағы тәрбиелік ойларға тұнып тұр. Сонымен қоса олардың шығармаларында ұлттың ерекшеліктері, психологиясы, ұлтымыздың мәдени құндылықтары, рухани-адамгершілік әлеуетінің ара-жігі ажыратылып, нақты көрсетілген.

Оқушылардың бойында біздің халыққа тән адалдық, патриотизм, гуманизм, еңбек сүйгіштік, мейірімділік, достыққа деген беріктілік, батылдық секілді тұлғалық қасиеттерді қалыптасутырудың бірден бір жолы өз өңірімізден шыққан ақын-жыраулардың еңбектері мен шығармалары. Сонымен қатар адамзат болмысына тән алғаш рет қатынас құралы ретінде тілдің танылған барлық дерлік функцияларын атқара алатын – ана тілімізді толық меңгерудің бірден бірі жолы да, өз өңірімізден шыққан осы ақын-жыраулардың тағылымға толы туындылары.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Сананың ашықтығы» деп аталатын тарауында: «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуі тиіс» деген тұжырыммен біз толықтай келісеміз және өзіміздің педагогикалық тәжірибемізде негізге аламыз /3/. Осы орайда, біздің ғылыми ізденістеріміз бен педагогикалық тәжірибемізде ЖОО оқушыерінің тұлғалық сапалары мен қасиеттерін, рухани-мәдени қажеттіліктерін, комуникативтік мәдениетін өз өлкеміз, яғни Ақтөбе өңірінің ақын-жыраулар еңбектері негізінде қалыптастырудың маңыздылығы айқындалады.

Ақтөбе өңірі – ертеден батырлар мен ақындардың елі атанған, тамыры терең тарихы, жомарт жері мен еңбеккер елі бар қасиетті мекен. Әбілқайыр ханның ордасы қонған, Қобылынды батырдың қонысы болған осы топырақ – небір щайырлар мен билердің, сөз зергерлерінің кіндік қаны тамған жер деп мақтан аламыз. Енді біз осы ғылыми мақала мазмұнында өз ізденістерімізге негіздей отырып, халықтық тәрбие қағидаларымен астарласып жатқан педагогикалық идеялардың иелері, ел тарихындағы  17-19 ғасырларда өмір сүрген бірқатар қазақ әдебиеті саласы өкілдері: Мөңке Тілеуұлы, Шернияз Жарылғасұлы, Ақтан Керейұлы, Сарышолақ Боранбайұлы және т.б. есімдерін ерекше атай аламыз.

Осы Батыс өңірінде танымал тағылымдық-тәрбиелік ой-пікірлердің көшбасшысы ретінде Мөңке Тілеуұлы есімі көпшілікке кеңінен таныс. Ол                 1675 жылы қазіргі Шалқар ауданының Қопасор маңында дүниеге келген. Белгілі би, көреген ойшыл, Әбілқайыр хан кеңесші болған, қазақ жырау өнерінің бір өкілі. Әбілқайыр дүние салған соң Нұралы ханның билігін тану туралы Елизавета  Петровнаға жазылған хатқа Орта жүздің белгілі адамдары Жәнібек тархан мен  Керей Наурыз би бастаған топпен, сондай-ақ Кіші жүздің 30 би, батырларымен бірге қол қойған. Ұлы дала тарихының ғана емес, далалық діл мен танымның, философияның, эстетиканың, поэзияның Асан Қайғыдан бері қарайғы  дәстүрлі жолын жалғаған Мөңке бидің дала поэзиясы мен ұлттық философияда алар орны ерекше. Мөңке би бабамыз айтқан:

«Құрамалы, қорғанды үйің болады,

Айнымалы, төкпелі биің болады,

Халыққа бір тиын пайдасы жоқ,

Күнде бас қосқан жиын болады», -

деп басталатын шешендік толғауы қазақ әдебиетінде профессор Серік Негимовтың «Шешендік өнер» атты оқу құралына енді. «Алдымен, Мөңке бидің бұл тақпақтап айтылған толғамы келер заман кейпін кемел көрегендікпен сипаттаумен ерекшеленеді, – дейді ғалым. Кесек ойлар кестелі, ұйқасты тілмен өрнектелген. Болжаудың әрбір сөзінде суреткерлік сипат бар. Түйінді тұжырым, бейнелі ой, сұлу сурет, эмоциялық-экспрессивтік қуат бар» /5, 125 б./. Профессор-ғалымның осы тұжырымынан біз  Мөңке сөздерінің, болжауларының бүгінгі жастар тәрбиесінде алар орны бек жоғары екендігін айқын көреміз. 

Келесі бір болмысы бөлек тарихи тұлға – Шернияз Жарылғасұлы. Шернияз Жарылғасұлы қазіргі Ойыл ауданы топырағында 1807 жылы туып, 1867 жылы қайтыс болған. Ол Исатай Тайманов бастаған  Кіші жүз қазақтарының көтерілісіне қатысқан жауынгер тұлға. Исатай қазаға ұшырап, көтеріліске қатысқандар жазаға тартыла бастағаннан кейін, Шернияз  Баймағамбет сұлтанның қудалауына  түседі. Сөйтсе де ол Исатаймен жолдас болған кезін аңсап, Махамбет ақынмен қатынасын үзбеген. Өз заманындағы қорқау хан, сұлтандарға, жемқор билерге көзқарасын айқын танытады.

Ақынның:

«Ай, жігіттер, жігіттер,

Жердің жүзін қарасаң,

Мұнша неге кең болған,

Жеті мүше денеміз,

Бір-біріне тең болған,

Төрт аяқты айуандар,

Неге адамнан кем болған,

Жарық үшін күн қылған,

Тыным үшін түн қылған,

Тамашалап қарасаң, ай мен жұлдыз,

Күн мен түн, орман, тоғай, от пен су, таң тамаша кім қылған?», -

деп жырлаған өлең жолдарынан біз  кайрымдылық пен зұлымдықты, ерлік пен ездікті, мырзалық пен сараңдықты, достық пен қастықты салыстырып, тыңдаушысына жеткізген тағылымдық ойларын көреміз. Ақынның жыр шумақтары бүгінгі жас ұрпаққа өнегелі тағылымға толы тұжырымдарымен құнды.        

Ендігі бір тарихи тұлға, шешен, сазгер, әрі ақын Сарышолақ Боранбайұлы. Сарышолақ Боранбайұлы Шалқар жерінде дүниеге келген, ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ ақындарының ең көрнектілерінің бірі.  Суырып салма ақындығымен қатар шешендік, домбырашылық, әншілік-сазгерлік өнері болған. «Әридаш-ай», «Қарағым-ай», «Тама қыз», «Ұлықұм» атты әндері бүгінде бірқатар тыңдаушыларына таныс. Ақын:

Ұлы Құм-ау, Ұлы Құм,

Түйе бойлы шілігің.

Аңқып көкірек ашатын,

Жидекті бал шырының.

Айналайын, Ұлы Құм,

Жаз болғанда тербеліп,

Шәушілдейді шыбығың.

Бәйшешегің көкке сермеліп

Қыздай еді қылығың.

Қоянның қойдай өретін,

Шіл құлдырай жөнетін.

Қарсағың қашып қырқадан.

Әр төбеден түлкі өнетін...

...Тіршілігім – Ұлы Құм,

Құм да болса – Алтын Бақ! –

деген өлең жолдарымен жастарды туған жерін, оның ұшқан құс, жүгірген аңын, шалқыған өзен-көлін жан-тәнімен сүюдің ерекше үлгісін көрсетеді. Бұл өлең жолдарындағы ел мен жерге деген сүйіспеншілік қазіргі жастарға қежет ең асыл қасиеттерді дәріптейді.  /6,7/

Әр өлкенің ақын-жырауларының өмір жолы, еңбектері мен идеяларын бүгінгі оқушылар аудиториясында білім мен тәрбие берудің мақсат, міндеттеріне сай, білім мазмұнының ерекшелігін ескере отырып пайдалану мен дәріптеудің танымдық-тәрбиелік маңызы өте жоғары. Тұтас бір аймақтың ақын-жырауларын танып білу егеменді ел жастарының бойында Ұлы Дала құндылықтарын терең тануға, туған жерін, халқын сүю мен құрметтеуге, отбасылық құндылықтарды қастерлеп, үлкенді сыйлау, кең пейілділік, бауырмалдық, ашықтық, қонақжайлылық, толеранттық қасиеттерін тәрбиелеумен қатар, ана тілінің нәрімен сусындап, тіл мәдениетін меңгеруде баға жетпес таным мен тәрбиенің құралы.

Тұжырымдай келе айтқанда төртінші индустриялық революция жағдайында оқушы-жастар тұлғасының негізі жан-жақты адами биік тұлғалық қасиеттерді меңгерген, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін бойына сіңірген ұлтжанды азаматтар болуы керек. Сол кезде ғана біз әлемдегі кез-келген техникалық, индустирялдық өзгерістер мен алпауыт сын-қатерлерді игеріп, халықтық болмысымызды сақтап қала аламыз. Демек, бүгін ең өзекті мәселе ол халықтық қалпымызды сақтап қалу.

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері. 2018ж., 10 қаңтар. http://www.akorda.kz/                                      ҚР президентінің ресми сайты.

2. Шваб Клаус. Төртінші индустриялық революция. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 200 бет.

3. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы. 12 сәуір 2017 - http://www.akorda.kz/  ҚР президентінің ресми сайты. 

4. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылдың «22» сәуірдегі  № 227 бұйрығымен бекітілген. – Астана, 2015.

5.   Адамбаев Б. Шешендік сөздер. – Алматы: Отау, 1992

6. Асыл қазына: Жинақ. /Құраст. Ж.Асанов. – Ақтөбе: «Полиграф-услуги», 2001. – 129 б.

7.  Адырна: Т.1 Ежелгі жыраулар. /Құраст. Ж.Асанов. – Ақтөбе: «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС, 2011. – 235 б.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ЖОҒАРЫ КЛАСС ОҚУШЫСЫНЫҢ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҚАЗАҚ АҚЫН –ЖЫРАУЛАРЫ ЕҢБЕКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 600 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.06.2021 204
    • DOCX 30.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Берік Ақмарал Берікқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Берік Ақмарал Берікқызы
    Берік Ақмарал Берікқызы
    • На сайте: 2 года и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2823
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 500 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 335 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 22 регионов

Мини-курс

Карьерный навигатор: эффективный поиск работы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 18 регионов

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе