Инфоурок Другое СтатьиҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

Скачать материал

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

 

Тіл дамыту жұмыстарының негізгі мақсаты - өзге тілді жастардың өз ойын қазақ тілінде ауызша не жазбаша түрде толық жеткізуге, қазақ тілінде сөйлеген сөзді жақсы түсінуге үйрету. Орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытудың алғашқы кезеңінде оқушылардың ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға баса көңіл аударылады.

Оқу тілі орыс тілінде жүретін сыныптарда тіл дамыту жұмысына мынандай талаптар қойылады: тіл дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру; тіліміздегі сөздерді орфоэпиялық ережелерге сай айта білуін  қалыптастыру; сөздерді дұрыс байланыстырып, өз ойын дұрыс, жүйелі жеткізе білуге үйрету, т.б.

Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударылады. Мұғалім әр оқушының ауызша жауабын тыңдай отырып, оның қандай қате жібергенін анықтап, сол қателерді жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргізуі тиіс. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелету, мәтінге ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, белгі адамдар өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелету, т.б. жұмыс түрлерін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет.

Оқушының сөздік қорын дамыту, грамматикалық дағдыларды қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыра білу қабілеттерін дамыту – байланыстырып сөйлеуге үйретудің шарты. Бұған Ы.Мамановтың: «Сөздердің бір-бірімен байланысып, сөз тіркесін құрауда грамматикалық формалардың басты рөл атқаратынын, ендеше грамматикасыз тіл үйрету мүмкін емес ...», - деген тұжырымы  дәлел бола алады.

Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру олардың дұрыс жазу дағдысын меңгеруіне негіз болады. Оқушыны қазақ тілінде сөйлеуге үйретуді тілімізге тән дыбыстарды меңгертуден бастаған жөн. Қазақ тіліне тән дыбыстардың емлесін меңгерген оқушы тіліміздегі сөздерді дұрыс айтып, жаза білетін болады. Тілімізге тән дыбыстарды жекелей айтқызу арқылы кез келген сөз құрамында осы дыбыстардың  дұрыс айтылуын меңгертуге дайындаймыз. Қазақ тіліне тән дыбыстарды өткенде жаңа сөздерді меңгертіп отырамыз. Бұл  қазақ тілінің фонетикасын оқып үйренудің лексикамен тығыз байланысын айқындайды.

Қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйретудің басты шарты – үндестік заңын меңгерту болып табылады. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын, сөздердің байланысу жолдарын  білмей тұрып, сөйлем құрату мүмкін емес.

Оқушылардың қазақ тілін меңгерту үшін мынандай жұмыстарды ұйымдастыру тиімді:

1.    Фонетика, лексика, синтаксис мәселелерін салыстыра отырып, ережелерді меңгерту.

2.    Сабақта сұрақ-жауап әдісін жиі қолдана отырып, оқушылардың қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға тырысу.

3.    Мәтінмен жұмыс. Мәтін бойынша жұмысты түрлі жолмен өткізуге болады:

·      мәнерлеп оқыту;

·      түсінуге қиын сөздердің мағынасын ашу;

·      мәтіннен жаңа сөздерді тапқызу, олардың айтылуы мен жазылуын, мағынасын меңгерту;

·      мәтін бойынша сұрақтар қойып, оған жауап алу;

·      мәтінге тақырып қойғызу;

·      мәтін бойынша жоспар жасату;

·      мәтін мазмұнын әңгімелету;

·      мәтін мазмұны бойынша оқушыларға сұрақ дайындату, т.б.

4.     Жаттығу жұмысы. Жаттығу – грамматиканың теориялық курсы бойынша білімді бекіту мақсатындағы  оқушының белгілі бір оқу тапсырмасын орындауы. Сыныпта орындалатын жаттығулар алуан түрлі болып келеді. Әсіресе, түсірілген сөздерді табу, сөйлемдерді өзгерту, сөйлемді аяқтау, сөйлемді кеңейту, сөйлемді тарылту, көп нүктенің орнына тілдік тұлғаларды қою, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сөйлемді толықтыру, т.б. жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың қазақша сөйлеу қабілеттін дамытуға болады. Мұнда оқушылардың грамматикалық материалдарды бағдарламаға сай меңгеру, сөздерді ауызша сөйлеу барысында дұрыс қолдануы үшін тілдік тұлғалардың қолданылу заңдылықтарын білуі қажет.  Грамматиканың заңдылықтарын меңгеріп, оны сөйлеуде қолдану арқылы  тиянақты ойды білдіруге болады. Алайда грамматиканың заңдылықтарын жатқа білгенмен, оны сөйлеуде қолдана алмаса, ол тіл білгенге жатпайды. Сөйлемді толықтыру жаттығуларында берілген сөздерден сөйлем құрату, әр сөздің мағынасын орысша, қазақша түсіндіру, дәптерге, тақтаға жаздыру жұмыстары жүргізіледі.

5.           Қайталау – тіл үйретудің негізгі шарты. Сабақ барысында меңгерген сөздерді қазақша көбірек қайталату, сөйлетіп жаттықтыра беру қажет. Сөздерді жиі қайталату сол сөзді ұмытпау үшін керек. Мұндай жұмыс түрінде орыс тілінде жеке сөзді атап, қазақ тіліндегі аудармасын оқушыларға айтқызу арқылы тексеруге болады.

6.     Мәнерлеп оқу немесе жаттау. Белгілі бір мәтінді, сөйлемді мәнерлеп оқыту тілді меңгертуге септігін тигізеді. Өлеңдер, жұмбақтар мен мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар жаттатудың да маңызы зор.

7.     Жаңа сөздермен жұмыс тіл дамыту барысында ерекше орын алады. Оқушы әр сабақ барысында белгілі бір мөлшерде жаңа сөздерді меңгеруі тиіс.

оқушылардың тілді белсенді меңгеруі үшін ол сөздерді ауызекі сөйлеу тілінде қолдануы керек. Сабақ барысында сөздерді жеке дара емес, белгілі бір жағдайға байланысты тақырып аясында қолдануға мүмкіндік жасалуы тиіс. Ахмет Байтұрсынұлының: «Тіл дамыту мәселесі тек қана грамматика заңдарына үйреніп, не болмаса, сөздерді балаға үйретіп қана емес, сөзді тіршілігінде көрсету барысында  ғана шешуге болады», – деген тұжырымы бұған дәлел бола алады.

Сөздік қордың жүйелі болуы тақырыптың дұрыс таңдалуымен тікелей байланысты.  Тақырып аясына тиісті сөздерді топтау  басқа ұлт өкілдерінің қазақ тіліндегі сөздік қорын арттырып, бір-бірімен осы тілде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді.

Сонымен қатар жеке сөздің өз бойындағы бар мүмкіндігін толық бере алмайтындығын үнемі ескерген жөн. Тіліміздегі лексикалық мағынасы бар сөздердің өзін бір ғана мағынамен шектеуге болмайды.

Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын, көп мағыналы сөздерді, омоноим, синоним, антоним сөздерді меңгерту олардың қазақша сөйлеу тілінің қалыптасуына, өз ойларын нақты, жүйелі, әсерлі жеткізе білуіне ықпалын тигізеді.

Білім беру саласындағы түбегейлі өзгерістер елімізге қазақшаға жетік, сауатты, білікті мамандар қажет екендігін көрсетіп отыр. Сондықтан тіл үйретудің тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруымыз керек.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Маманов Ы. Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту. Алматы, 1980

2.   Текучев А.В. Методика преподавание русского языка. М., 1980

3.   Байтұрсынұлы А.Тіл тағылымы. Алматы, 1989

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 236 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2022 180
    • DOCX 20.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Антаева Тансулу Рахимжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Антаева Тансулу Рахимжановна
    Антаева Тансулу Рахимжановна
    • На сайте: 2 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 254
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 17 регионов