Инфоурок География Другие методич. материалы«1001 мақал , 101 жұмбақ» атты танымдық ойыны

«1001 мақал , 101 жұмбақ» атты танымдық ойыны

Скачать материал

Құрметті ұстаздар мен оқушылар «1001 мақал , 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға қош келдіңіздер.

Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

Айтқан ата – бабам да

Арпа бидай ас екен,

Ас болмайтын адамға

Алтын күміс тас екен.

 

Алғыс сөз көп халықта

Іле жүрер құлаққа,

Ізденген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа – деп бүгінгі болғалы отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынына қатысатын мақалшылар мен жұмбақшыларды қарсы алайық;

Мақалшылар:

1) Боллысбай Әлиасқар

2) Жанқуат Айзат

3) Жанболатова Үміт

Жұмбақшылар:

1) Ерғали Ұлдана

2) Жұмабаев Аталық

3) Жамалов Нұрболат

Ойынның ережесімен әр тур барысында таныстырамын.

1-тур

1-айналым

Мақалшылар менің оқыған мақалымды жалғастырады.Ең аз ұпай жинаған мақалшы, осы айналымнан кейін ойыннан шығарылады.

1) Боллысбай Әлиасқар

2) Жанқуат Айзат

3) Жанболатова Үміт

Мақалдар:

1)      Оқу білім бұлағы........(Білім өмір шырағы)

2)      Жаңбыр бір жауса,......(Терек екі жауады)

3)      Өнерлінің қолы алтын.......(Өлеңшінің сөзі алтын)

4)      Еңбек етсең ерінбей.......(Тяды қарның тіленбей)

5)      Отан – қуат ........(Отбасы шуақ)

6)      Ұланы бар елдің ........(Ұраны бар)

7)      Болат қайнауда шынығады ........(Батыр майданда шынығады)

8)      Ақылды адам айтқызбай білер,............

      Ақсұңқар қаққызбай ілер

9)Адал еңбек аздырмас,............

Арамдық бойды жаздырмас

10Адам қатесіз болмас,.....................

Көл бақасыз болмас  

11).Қатты жерде қақ тұрар,....................

Қайратты ерге бақ тұрар 

12)Сөзің қысқа болсын,..................

Қолың ұзын болсын

13)Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,..................

Жаманмен жолдас болсаң,қаларсың ұятқа

 

Қалған екі мақалшы, бірінің мақалындағы сөзге екіншісі мақал айтады. Мысалы: Отан тобасынан басталады.Осындағы Отан, от, бас – деген сөздерді қатыстырып, мақал айтады.Екі мақалшы бес – бес мақалдан айтады.Екінші айналымнан кейін ұпайы көп ойыншы жеңімпаз болады.

 

Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге мақалдың бір жолын айтамын, олар мақалды жалғастырады, көп тапқаны сыйлыққа ие болады.

1)      Ер жігіт ел үшін туады.......(Ел үшін өледі)

2)      Әдепті бала-арлы бала.......(Әдепсіз бала сорлы бала)

3)      Білекті бірді жығады,........(Білімді мыңды жығады)

4)      Атаңның баласы болма.........(Адамның баласы бол)

5)      Әдептілік белгісі.........(И»л»п сәлем бергені)

6)      Қыз өссе елдің көркі...........(Гүл өссе жердің көркі)

7)      Жері байдың .........(Елі бай)

8)      Жақсыдан үйрен........(Жаманнан жирен)

9)      Ердің атын..........(Еңбек шығарады)

2-тур.

1-айналым.

Ортаға жүмбақшылар шығады.

1) Ерғали Ұлдана

2) Жұмабаев Аталық

3) Жамалов Нұрболат

Мен жасырған жұмбақты шешесіңдер.Ең аз жұмбақ шешкен ойыншы осы айналымнан кейін ойыннан шығарылады.

1)Жерді көрдім қаласы бар

Үйлері жоқ мекендейтін.

Көлді көрдім, өзен көрдім

Сулары жоқ терең дейтін (карта)

 

2)Жұмбақ шешкіш кім екен?

Сыртқа шықсам түн екен

Моншақтарын шашып ап,

Бір сары қыз тұр екен. (ай,жұлдыздар)

 

3)Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама. (Кітап)

 

4)Жезге ұқсас сабағы

Дәні халық тағамы. (Бидай)

 

5)Екі аяқты бір басты

Жүгіреді тым қатты. (Велосипед)

 

6)Күндіз білінбейді

Түнде күлімдейді. (Жұлдыздар)

 

7)Балалар суға салған жіп

Тереңнен іліп алар жүк. (Қармақ)

 

8)Шөміші жоқ теңізді сапырады

Кебісі жоқ егінді жапырады. (Дауыл)

 

9)Бұрап қойған сағаттай

Айғайлайды таң атпай. (Әтеш)

 

10Жеген асы желкесінен шығады.    

                                                       (Сүргі)

11)Бір аяқты,

Жалғыз басты.

Бастан ұрсаң жүреді,

Жүрген сайын кіреді.       

                               (Шеге)

12)Арқасында азығы бар, бауырында қазығы бар.

                                                             (Үстел)

13)Он, он бесі жиылды, бір белдікке буылды.

                                                                       (Сыпырғыш) 

14) Оқу – білім бағдары,

Заманының бағбаны.        

                                                  (Ұстаз)

2-айналым

Қалған екі жұмбақшы бір-біріне бес-бес жұмбақтан жасырады.Ұпайы көп жеңімпаз атанады.

1)

2)

Көрермендер көрімдігі. Көрермендерге жұмбақ жасырамын, көп тапқан оқушы сыйлыққа ие болады.

1)Ақ жібек асыл көрпедей,

Қыс болса жерді жабады.

Жазғы тұрым болғанда

Су болсып сайға ағады. (Қар)

 

2)Қалың киімді ұнатады

Шешіндірсең жылатады. (Пияз)

 

3)Асты тас, үсті тас

Ортасында жанды бас. (Тасбақа)

 

4)Тіріден өлі туады

Өліден тірі туады. (Жұмыртқа)

 

5)Тал басында түндіксіз отау. (Ұя)

 

3-тур.

Жеңімпаз жұмбақшы мен мақалшы шығады.

1)

2)

Мен жұмбақ жасырамын, оны жұмбақшы шешеді,жұмбақтың шешуіне мақалшы мақал айтады.Ұпайы аз ойыншы жеңіледі.

1)Отыз екі батыр,

Екіге бөлініп жатыр (Тіс)

 

Отыз екі тістен шыққан сөз

Отыз рулы елге тарайды.

 

2)Бір беткейде екі көл (Көз)

 

Көзің ауырса қолыңды тый

Ішің ауырса аузыңды тый.

 

3)Еш тесікте тұрмайды

Ол жоқта жер құрғайды (Су)

 

Тау мен тасты су бұзар

Адамзатты сөз бұзар.

 

4)Білімнің дәнін тереді

Балаға тәлім береді  (Ұстаз)

 

Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.

 

5)Аспаннан домалап

Көп моншақ төгілді.

Бусанып жон алап

Терледі керілді. (Жаңбыр)

 

Жаңбыр жауса жер ырысы

Батыр туса ел ырысы.

 

Сайыстың жеңімпаздарын анықтап марапаттау.

«Анамыздың ақ сүтінен боймызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген екен Б.Момышұлы атамыз. Ендеше өз тілімізді қастерлейік дей отыра бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз.Жеңісті күндеріміз көп болсын!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«1001 мақал , 101 жұмбақ» атты танымдық ойыны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар «1001 мақал , 101 жұмбақ» атты танымдық ойынға қош келдіңіздер.

Мақал – мәтел, жұмбақ, шешендік өнер ата-бабамыздан қалған өшпес мұра.Көлемі жағынан шағын болғанымен, мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал – мәтел, шешендік сөздердің тәрбиелік мәні зор, рухани байлық.

Айтқан ата – бабам да

Арпа бидай ас екен,

Ас болмайтын адамға

Алтын күміс тас екен.

Алғыс сөз көп халықта

Іле жүрер құлаққа,

Ізденген жетер мұратқа,

Ізденуден жалықпа – деп бүгінгі болғалы отырған «1001 мақал, 101 жұмбақ» ойынына қатысатын мақалшылар мен жұмбақшыларды қарсы алайық; 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.02.2015 2428
    • DOCX 47 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карткожаев Талгат Есетбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карткожаев Талгат Есетбаевич
    Карткожаев Талгат Есетбаевич
    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37636
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 70 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 761 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «География» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 220 человек

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 731 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе